"Астана финанс" өмірді сақтандыру компаниясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 21:09, реферат

Описание работы

Адамның қоғамдағы қызметінің барлық түрлері мен бүкіл тіршілігі өмірінен, денсаулығынан және мүлкінен айырылып қалу қауіп-қатерімен ұштасады. Нарық жағдайы өзгеруінің салдарынан пайда алу есептері ақталмай қалуы мүмкін. Және де осындай жағдайлардың уақыты мен мөлшері алдын-ала есептеуге келмейді. Оларға кездейсоқ факторлардың үлкен тобы себепкер болады.

Работа содержит 1 файл

Астана сактандыру.docx

— 20.27 Кб (Скачать)

Астана финанс»  өмірді сақтандыру компаниясы 

Адамның қоғамдағы  қызметінің барлық түрлері мен бүкіл  тіршілігі өмірінен, денсаулығынан және мүлкінен айырылып қалу қауіп-қатерімен ұштасады.    Нарық жағдайы өзгеруінің салдарынан пайда алу есептері ақталмай қалуы мүмкін. Және де осындай жағдайлардың уақыты мен мөлшері алдын-ала есептеуге келмейді. Оларға кездейсоқ факторлардың үлкен тобы себепкер болады.  Осындай жағдайларда қаржы жағынан қолдау жасау үшін Өмірді сақтандыру (жеке сақтандыру) пайдаланылады.    

Денсаулықты, өмірді немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалту  жағдайларында ақшалай өтемақы төлеу арқылы және рента (аннуитет) төлеу есебінен зейнетақылардың мөлшерін ұлғайту арқылы халықтың әлеуметтік қорғалуын көтеру жеке сақтандырудың негізгі міндеті болып табылады.  Осындай қызметтерді «Астана финанс» өмірді сақтандыру компаниясы көрсетеді. 

 «Астана финанс»  өмірді сақтандыру компаниясы»  АҚ (бұдан әрі – «Астана финанс» ӨСК» АҚ) жарғылық капиталда жалғыз акционер «Астана финанс» АҚ-ның 100 пайыз қатысуымен, «Астана финанс» АҚ директорлар кеңесі мәжілісінің 2007 жылғы 13 қарашадағы хаттамасы негізінде 2008 жылғы 06 наурызда тіркелді.

 «Астана финанс»  ӨСК» АҚ ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген 2008 жылғы 28 мамырдағы № 47-1/1 өмірді сақтандыруды жүзеге асыруға арналған лицензия шеңберінде әрекет етеді.

Жеке сақтандыру:

А) Жазатайым  оқиғадан сақтандыру (бұдан әрі – ЖО);

Б) Өмірді сақтандыру;

Өмірді сақтандыру жөніндегі осындай шарт бойынша төлемнің мына жағдайларда жасалуы мүмкін болуы,  Өмірді сақтандырудың ерекшелігі болып табылады:

1)     сақтандырылғанның кез келген  себептен өлуі

2)     шартта көрсетілген мерзімге, белгілі  бір оқиғаға немесе күнге дейін өмір сүру.

Жазатайым оқиғадан сақтандыру шарты бойынша тек  қана жазатайым оқиға сақтандыру жағдайы болып табылады.  Шарттың  еккеуі де мүгедектік сияқты қосымша өтеулерді ескеруі мүмкін. 

 Біздің өнімдеріміз

1. Инвест - Life  («Профит Гарант» - Астана финанс  холдингінің қызметкерлері үшін) 

«Астана финанс»  ӨСК» АҚ сақтандыру компаниясының пайдасына  қатысып сақтандыру.

«Инвест - life»  өнімі, ерікті аннуитеттік  өмірді сақтандырудың  әмбебап бағдарламасы мақсат үшін пайдалануға (жиһаз, жылжымайтын мүлік немесе авто сатып алуға) арналған  белігілі бір қаражатты жинақтауға, отбасының шығындарын (оқу ақысы, үйлену тойы, мерей той шығындары) ұзақ мерзімге жоспарлауды жүзеге асыруға және бәрін бір мезгілде қамтып, асыраушының мүгедектігі немесе өмірден озуы жағдайында отбасының тәуелді мүшелерін қаржылай қорғауға мүмкіндік береді. Капиталдың жинақталуы максималды сақтандыру қорғауы қамтамасыз етіліп, белгілі бір мерзімнің ішінде жасалған шағын жарналармен жүзеге асырылады.  Егер Сіз сақтандыру төлемін бір жолғы капитал ретінде емес, аннуитетті түрде, белгілі бір мерзімнің ішінде немесе өмір бойы ай сайынғы төлемдермен алғыңыз келсе, осы сақтандыру бағдарламасы зейнетақы бағдарламасы болып өзгертілуі мүмкін.

Сақтандыру шарты  екі кезеңнен тұрады:

1)     жинақтау кезеңі – 10 жыл немесе  одан жоғары (клиенттің таңдауына  қарай);

2)     төлем кезеңі (клиенттің таңдауына  қарай).

Сақтандыру шарты  бойынша мыналар сақтандыру өтеуі  болып табылады:

Негізгі: 

1) Сақтандырылғанның  сақтандыру мерзімінің аяқталғанына  дейін тірі болуы;  

2) Сақтандыру  қорғауының қолданысы кезеңінде  болған, Сақтандырылғанның кез келген  себептен өлуі.    

Қосымша:

1) Сақтандыру  қорғауының қолданысы кезеңінде  болған, Сақтандырылғанның жазатайым  оқиға салдарынан өлуі; 

2) Сақтандырылғанның  мүгедектіктің бірінші немесе екінші тобына жатқызылып, мүгедектік басталған сәттен бастап, сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін (бірақ, мүгедектікті анықтау мерзімінен аспай) кейінгі сақытандыру жарналарды төлеуден босатылып,  жазатайым оқиға салдарынан еңбекке қабілеттілігін жоғалтуы; 

3) Сақтандыру  қорғауының қолданысы кезеңінде  Сақтандырылғанның жарақат алуы.

Сақтанушы өзінің ұйғарымы бойынша қосымша өтеулердің кез келген комбинациясын таңдап алуға хақылы.

Қосымша шартта

Пайдаға қатысу: жыл сайын, сақтандыру шарты қолданысының үшінші жылынан бастап, Сақтанушы Сақтандырушының пайдасына қатысады: «Астана финанс» ӨСК» АҚ-ның пайдасы сақтандыру сомасын немесе сақтандыру төлемінің мөлшерін жыл сайын ұлғайту арқылы жинақтау кезеңінде сияқты төлем кезеңінде де сақтандыру дивиденттері ретінде клиенттердің арасында үлестіріледі. 

Ерекше шарттар: Сақтандыру компаниясы келесі қаржы  жылының сақтандыру дивиденттерінің  мөлшерін әр жылдың басында белгілейді.

2. Union life - Несие  алушыларды, өмірді мерзімдік сақтандыру. 

Полистің құны шағын. Несие алушылар үшін – бұл сақтандыру жағдайы (әдетте өлім) басталғанда Сақтандырушының несиені толық өтеуге мүмкіндігі. Өмірді сақтандыру белгілі бір мерзімге жасалады және минималды жарна енгізілгенде, сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандырылғанның отбасының материалдық қорғалуына кепілдік береді.  Несие алушылар үшін сақтандыру мерзімі – қарыз шартының қолданыс мерзімі.  Сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушы сақтандыру сомасының шегінде несиені толық өтеудің тәуекелдіктерін өзіне жүктейді.   

3. Light life -  Жазатайым  оқиғадан, оның ішінде несие алушыларды  сақтандыру.

Бұл өнім жазатайым  оқиға басталғанда материалдық  көмек ретінде әзірленген, полистің құны – минималды.  Несие алушылар үшін – бұл жазатайым оқиға басталғанда несие бойынша кезекті жарналарды өтеу мүмкіндігі.  ЖО-дан сақтандыру белгілі бір мерзімге жасалады және минималды жарна енгізілгенде, сақтандыру жағдайы басталғанда материалдық қорғалуға кепілдік береді. Несие алушылар үшін сақтандыру мерзімі – қарыз шартының қолданыс мерзімі. Сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушы қарыз алушының еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе несие толық өтелгенге дейін несиені өтеудің тәуекелдіктерін өзіне жүктейді. 

4. Қызметкер  – «Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару  кезінде қызметкердің өмірі мен  денсаулығына зиян келтіргені  үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін міндетті сақтандыру  туралы» ҚР Заңына сәйкес аннуитеттік сақтандыру. 

Бұл өнім «Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде  қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатымен әзірленген.  

Заң екі кезеңдік сақтандыру процесін ескереді.  Бірінші кезеңде жұмыс беруші «жалпы сақтандыру» саласында уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жұмыс берушінің қызметкерлер алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартың жасасады.   Екінші кезеңде: сақтандыру жағдайы басталғанда – жұмыс берушінің кесірінен, қызметкердің табысын жоғалтуға апарып соққан, қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтірілгенде (мүгедектік немесе өлім), жұмыс беруші сақтандыру ұйымымен «өмірді сақтандыру» саласында қызметкердің немесе оның асырауындағы адамдардың пайдасына аннуитет шартын жасасуға міндетті.     Аннуитет шартына сәйкес қызметкер немесе оның асырауындағы адамдар сақтандыру төлемдерін жоғалтқан табыстың мөлшерінде алатын болады.   Заңға сәйкес, асыраушының өліміне байланысты зиянның өтемақысын алуға құқығы бар тұлғалар асыраудағы адамдар болып танылады.  Аннуитет шарты дүркіндік (аннуитеттік) сақтандыру төлемдер арқылы қызметкер жоғалтқан табыстың өтелуін қамтамасыз етеді.  

5. Жылдарым –  байлығым - «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру  туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнетақылық сақтандыру  

Бұл өнім «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатымен әзірленген. 

Заңға сәйкес, зейнетақылық аннуитет шартын жасау арқылы зейнетақы  жасына жеткен зейнеткерлерге жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе сақтандыру ұйымынан жинақталған зейнетақылық қорын алу құқығы беріледі.  Осы  шарт зейнетақылық жинақталған қор  жеткілікті болғанда жасалады.  

Зейнеткерге өмірінің соңына дейін зейнетақылық төлемдерді қамтамсаыз ету сақтандыру ұйымынан зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі мақсаты болып табылады.  ҰЗҚ-дан төлемдер жасалғанда зейнетақылық жинақталған қор зейнеткер 80 жасқа жеткенге дейін есептеледі, бірақ, адам аталған жастан көп жасай алатыны анық (бұл жағдайдың пайызы жоғары), бұл жағдайда оның зейнетақылық жинақталған қорының толығымен тауысылуы себебінен ҰЗҚ-дан төлем жасау тоқтатылады. Бұл жағдайда зейнеткерге тек қана өзіне және өзінің жинағына сенуіне тура келеді.   

Зейнетақылық  аннуитет шартын жасайтын тұлға сақтандыру ұйымын таңдау ісінде еркін болады.   

Заңның 31-1 бабының 1- және 2- тармақтарына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналар есебінен құрылған жинақталған зейнетақы қорын  пайдаланып, өмір соңына дейінгі мерзімге арналған зейнетақылық аннуитет шартын жасауға мыналардың құқығы бар: 

1) еркектер 63 жасқа жеткенде және әйелдер 58 жасқа жеткенде; 

2) 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 05 шілдеге дейін,  кемінде 10 жыл төтенше және  максималды радиациялық қауіп аймақтарында тұрған азаматтар:  

- кемінде 25 жыл  жалпы еңбек стажы болғанда, еркектер 50 жасқа жеткенде; 

- кемінде 20 жыл  жалпы еңбек стажы болғанда, әйелдер  45 жасқа жеткенде. 

3) 5 және одан  көп бала тапқан және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа жеткенде, 1998 жылғы 1 шілдеден бастап, тұтас алғанда 3 жылдан аспайтын болып, көрсетілген зейнеткерлік жас кейннен жыл сайын 6 айға ұлғайтылады;     

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер, егер мүгедектік мерзімсіз белгіленген болса;  

5) 55 жасқа жеткенде және жинақталған зейнетақылық қор минималды зейнетақының мөлшерінен төмен болмайтын төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда.    

Зейнеткер жасына жеткенге дейінгі (еркектер 63 жасқа дейін; әйелдер 58 жасқа дейін) мерзімге арналған зейнетақылық аннуитет шартын жасауға мыналардың құқығы бар: 

1) әскери қызметкерлер (мерзімді қызметтің әскери қызметкерлері  қосылмай), шен берілген және міндетті  зейнетақылық жарналар есебінен  құрылған өздерінің жинақталған  зейнетақылық қорын 50 пайызынан  асырмай пайдаланып, ішкі істер  органдарының қызметкерлері үшін  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіп қолданылатын, ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызметінің қызметкерлері;  

2) ерікті кәсіби  зейнетақылық жарналар есебінен  жинақталған зейнетақылық қорын  пайдаланып, 50 жасқа жеткен тұлғалар.  

Осы орайда сақтандыру ұйымынан жасалатын ай сайынғы сақтандыру төлемі зейнетақылық аннуитет шартын жасау күніндегі, тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген минималды зейнетақының мөлшерінен төмен бола алмайды.  

 

Информация о работе "Астана финанс" өмірді сақтандыру компаниясы