Қаржылық бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:45, реферат

Описание работы

Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.

Работа содержит 1 файл

ҚАРЖЫ.doc

— 121.50 Кб (Скачать)

     в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының реттемелеу.

     Қаржылық  бақылау функциясы өндірістік ресурстарды басқару құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.

     Қаржылық  бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда  жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу  үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржы-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-эрекеті қаржы қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық құрылымдардың, мекемелелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген желілері мен контингенттерін (шектелімдерін), қаржыны белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т.б. жүзеге асырады.

     Қаржылық  ресурстарды басқару өндірістің барлық аясындағы және экономикалық субъектінің қаржылық саясатын көрсетілген  тәжірибеге сәйкесті дөрежесін анықтау үшін ғылыми негізделген әдістер жолымен жүргізіледі.

     Қаржылық  бақылау институты мелекеттің бақылау  органдарының жалпы құрылымының  құрамдық элементі ретінде және қаржылық тетіктің ең маңызды элементі ретінде  көрінеді. 

     Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталадық. Оның ішіндегі ең маңызды мыналар:

     1) мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар  алдындағы қаржылық міндеттеменің  орындалуын тексеру; 

     2) заңды және жеке тұлғаларға  салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз ет;

     3) экономикалық субъектілердің бухгалтерлік  есебі мен қаржылық есеп беруін  бақылау; 

     4) бюджеттің барлық деңгейлерінің  дұрыс құрастырылуы мен орындалуын  бақылау; 

     5) кәсіпорындар мен мекемелердің  қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;

     6) қаржылық ресурстардың резервтерінің  көбеюін, шаруашылық қаржысының  айналымын тездету, еңбек өнімділігінің,  қызметтің пайдалылығының арттыруды  анықтау; 

     7) ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені сақтануды тексеру;

     8) қаржылық тәптіпті бұзу мен  соған байланысты теріс әрекеттерді  алдын алу шаралары және оны  жоюды анықтау. 
 
 

     2 Қаржылық бақылау экономикалық

     ғылым жүйесінде

     Бақылаудың  негізгі міндеті адамдардың жұмыс  тәжрибесінде даму мен қайта жетілдіру  ұтымды пайдалану үшін оның пайда  болу заңдылығын анықтау мақсатында қандай да бір объектіні ғылыми зерттеу (затты немесе құбылысты) болып табылады.

     Ғылыми  тұжырымдасы тұрғысынан қарағанда  қаржылық бақылау теріс құбылыстарды анықтаумен жоюға, өндірістік күштерді дамытуға және қоғамға қажетті өнімді өндіруді кеңейтетін және қаржылық –  экономикалық қатынастарды өз уақытында  реттейтін экономикалық білім оның серпінді жүйесі болып табылады.

     Экономикалық  ғылымның саласы ретінде қаржылық бақылау- өндірістің кеңейтілген мәселелерін  зерделей отырып, ұлттық экономикадағы  барлық салалардағы қаржылық тетіктерді оңтайландыруға, барлық деңгейдегі елді, аймақты, мемлекеттік құрылымдарды, ұйымдарды және мекемелерді, қаржы, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді қалыптастыруды және пайдаланудың құралы ретінде қызмет етеді.

     Қаржылық  бақылау өзінінң дамуында қаржы, бағаның құралуы, ақша айналымы және кредиттеу, қаржылық менеджмент, банк ісі, экономикалық талдау, аудит, статистика, маркетинг; логистика, ұйымдастырушылық тәртіп, басқару құрамы және т.б. арқылы атқарымдық экономикалық ғылыммен тығыз бірігеді.

     Экономикалық  эдебиетте қаржылық бақылау ғылыми практикалық тәжірибенің және бухгалтерлік есеп, қаржылық менеджмент, қаржылық құқық  пен шаруашылық қызметтің талдау синтезі ретінде түсіндіріледі.

     Қаржылық  бақылау іргелі ғылымның заңдары  мен қағидаларын, оның ішінде философиясы мен экономикалық теорияның шығармашылықпен пайдалана отырып, адамдардың өмірдегі маңызды қажетін қанағаттандыру үшін өндіріс жүйесіндегі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үдерістерін оңтайландыруда, практикалық ұсыныстарды қамтамасыз етуде қоғамдық маңызды роль атқарады.

     Ғылыми  – техникалық үдеріс жағдайында іргелі, қолданбалы және салалық ғылымның ерекше тәртібі мен алдыңғы қатарлы  әдістерін пайдаланып, бақылау объектісін кешенді зерделеу қажеттілігі пайда  болады. Осындайда бақылау аясына тәуелді тексеруші бухгалтерлік есептің, қаржы-экономикалық талдаудың азаматтық құқықтың, менеджменттің, информатиканың, эконометриканың, логистиканың, маркетингтің және басқа да экономикалық, заң және техникалық ғылымдардың құралдары мен әдістерін қолданады.

     Қалыптасудағы нарықтық тетіктер бизнестің жағдайы  туралы деректерді өңдеп және жинауды  алдыңғы қатарлы әдістерге ие болу қажеттілігіне себепші болады.  

     Экономикалық  ғылымның қазіргі жіктеліміне орай және олардың ақпараттық мазмұны, есептік –талдау және шаруашылық субъектілерін басқарудың бақылаулы атқарымы үш қатардағы ғылым салаларының; бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және қаржылық бақылау түрінде бір блокты құрайды. Бұл тарихи әдіснамалық және ақпараттық аспектілерде (көзқарас) өзін-өзі ақтаған. Нарық қатынастарының әрі қарай дамуында жүйелі бақылау мен шаруашылық субъектілері мен компанияларға, корпорацияларға басқарушылық аудит пен жүйеоі бақылау тәрізді бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау мен экономикалық талдау үдерістері түрлерінің үнемі ролі артады.

     Қазіргі уақытта шаруашылық жүргізуші субъектілерді  басқаруды ақпараттық және бақылау-талдаумен  қамтамасыз етудегі еңбек саралаудың объективті үдерісі жалғасуда.

     Кенес дәуіріндегі кеңістіктің өтпелі кезеңнің басында бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылық және басқару, қаржылық бақылауды соған сәйкес басқарушылық аудит, жалпы аудит, бақылау мен қаржылық есеп берудің аудиті, сыртқы және ішкі бақылау, операциондық, атқарымды, технологиялық аудит және т.б. деп бөлінуі жақсы қабылданды. Бүл дамыған елдердің өткізілім аясын басқарудағы, талдаудағы және бухгалтерлік есептің бақылаулы атқарымындағы, қаржылық бақылаудағы экономикалық талдаудағы ұдерісті тұжырымдары мен алдыңғы қатарлы тәжірибесін молынан тиімді пайдалану қажеттілігінен туындаған.

     Кез келген бизнесті ойдағыдай ұйымдастыру- қалыптасқан жағдайды бақылаумен жүйелі талдаусыз мүмкін емес, щұрыс қабылданған  шешімдерге байланысты. Бизнесті ұйымдастыруды  жақсатуға қажетті резервтерді  анықтау үшін басқарушының шешіміне байланысты болған қаржылық ресурстардың қозғалысы туралы нақты ақпаратқа ие болу қажет. Құбылыстың өзара байланысы мен жағдайын зерделеуге экономикалық талдау мен қаржылық бақылаудың арнаулы әдістерін кешенді қолдану негізінде ғана қол жеткізуге болады. Деректерді өз уақытында бақылау мен талдау өткізу сараланған бағаны білуге мүмкіндік беріп, оған әр түрлі қатысушылардың инвесторлардың, қарыз берушілердің, жеткізушілердің, тұтынушылардың, әкімшілікпен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін есепке алып, бизнестің тиімділігін арттырудағы жолын айтады.

     Қаржылық  бақылаудың қажетті әдістерін таңдап, алу бизнесті атқарушы шешімдеріндегі оңтайлы, негізделіп қабылданған шешімдердің  қамтамасыз етудегі қойылған мақсаттарға  тез жетуге мүмкіндік береді.

     Экономикалық ақпараттарды зерттеудің іс жүзіндегі көпетеген әдістерін кещенді аудит жүргізудің негізінде тексерілген объектінің жағдай туралы дұрыс және нақты бағасын алуға болады. 

     2.1 Қаржылық бақылаудың

     түрлері мен  типтерінің жіктемесі

 

     Қаржылық  бақылаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынандай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:

     1) Бақылау қызметінің субъектісі  мен сипаты: мемлекеттік, ведомстволық  пен сыртқы ведомстволы, корпоративтік,  меншік иесінің бақылауы, комиссиялық  және жекелік;

     2) Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, техникалық, экономикалық, басқарушылық  техникалық, экологиялық, заңдылық  және т.б.;

     3) Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік,  соттық, салалық, салааралық, ішкі-шаруашылық;

     4) Бақылау нысаны: аудит, тексеру, тақырыптық тексеру, зерттеу, шолулы, талдау, қаржылық бухгалтерлік сараптама:

     5) Өткізу мерзімі: алдын ала,  жедел, ағымдағы, келесі, жылдық, тоқсандық,  ай сайынғы, он күндік және  тәуліктік; 

     6) Қамту толықтығы: толық, ішінара, кешенді, камеральдық операциялық, тақырыптық, жаппай, іріктеулі, бір және көп мәнді;

     7) Бақылаудың түрлері: орындалудың  бақылауы, сәйкестігін бақылау, есеп  беруді бақылау, тиімділігін бақылау  мен арнаулы бақылау; 

     8) Бақылау әдістері: құжаттық, нақтылық, атқарымдық, жүйелік, логикалық, ыңғайласпалық, ұйымдастырушылық, математикалық, құқықтық, компьютерлік, мониторингтік, технологиялық;

     9) Бақылаудың кезеңдгігі: бір жолғы  қайталамалы, жүйелі, жоспарлы, төтенше  және т.б. 

     Әкімшілік - әміршілдік жүйедегі жоғарғы органдар өз басқарылымындағы томенгі буындардың оларға бағыныштылығын, соған сәйкес әрбір төмен тұратын буынның берілген бұйрықты сапалы орындағаны жөнінде ақпарат жинау үшін тексеру қызметін жүргізілуін және оның өткізілген нәтижесі бойынша ұйымдық шараларды қабылдануынқатаң талап ететін.

     Нарық экономикасында сатылас есеп берудің  элементтері белгілі бір дәрежеде ол да қалады (мысалы, министрліктерде, бас ұйымның бөлімшелеріне бағынатын  салалық құрылымдар мен ведомстволарда). Бірақ, сатылас қана емес, компанияның серіктестерімен, кредиторларымен, акционерлерімен және т.б. деңгейлес байланыстарды жөнінде нақты ақпараттардың қажеттігі туындайды. Мұнда қаржылық бақылаудың басқа түрі – оның ішінде тәелсіз аудиттің қажеттігі пайда болады.

     Қаржылық  бақылаудың маңызды нысаны- тексеру мен аудит болып саналады. Оның арасында бақылауды өткізудің бір-біріне ортақ ұқсастығы бола тұра, оларда арнаулы ерекшеліктері бар. Мыналар бас ерекшеліктерінің белгілері болып қызмет етеді:

 

     Мақсат  қою;

     1) Құқықтық негіздер;

     2) Гносеологиялық тамырлар;

     3) Әдіснамалықпен келу;

     4) Басқарушылық және тәжірибелік  міндет;

     5) Принциптер;

     6) Өткізудің қорытындысы; 

     Қаржылық  бақылаудың негізгі түрлері:

     1. Ревизия- мемлекеттік, ведомстволық  және сыртқы ведомстволық жүйедегі  жетілдірілген қаржылық-шаруашылық операцияларындағы заңдылығын, сенімділігін, мақсатқа сәйкестігін және экономикалық тиімділігін анықтауға тиісті қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі.

     Субъектінің шаруашылық қызметіне және құжаттарында көрсетілуіне байланысты құбылыстар мен үдерістер ревизияның мәні болып табылады.

Информация о работе Қаржылық бақылау