Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 18:20, реферат

Описание работы

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарыңда қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б. Сан алуан түрлері реттеледі.

Работа содержит 1 файл

Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі.doc

— 57.00 Кб (Скачать)

Қаржы саясатының мемлекеттік  экономиканы реттеудегі рөлі 

 Мемлекет  тарапынан экономикалық процестерді  реттеу кез келген қоғамдық  жүйенің, соның ішінде қаржыны  басқарудың ажырағысыз элементі  болып табылады. 

   Экономиканы  реттеу әдетте екі нысанда  — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі  қоғамдық өндірістің түрлі буындарыңда қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б. Сан алуан түрлері реттеледі. 

   Экономиканы  мемлекеттік қаржылық реттеу  бұл макроэкономикалық тепе-тендікке  және экономиканың жұмыс істеуінің  әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мүндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады. 

   Мына  бастапқы негіздемелер мемлекеттік  қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын  есепке алу.

Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген  стратегиялық багдарламасын әзірлеу.  Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі қүрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады.Ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, үлттық топтары-ның мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылган заңнамалық жүйенің болуы. 

   Қаржылық  реттеудің көмегімен мемлекет  халықтың төлем қабілеттігінің  сұранымына, қорланудың қарқынына,  тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен  капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық қүрылымына ықпал етеді. 

   Сонымен  бірге қаржы тұтқаларының көмегімен  мынадай негізгі мөселелер шешіледі:

материалдық өндіріс  сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының  жалпы деңгейін реттеу;

өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;

кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың қүқықтық және келісімшарт  тәртібін қамтамасыз ету;

кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай  ресурстарын бөлудің ішкіп өндірістік арақатысын реттеу;

ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма келемінде  инвестициялық және инновациялық процестерді  реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады. 

   Нәтижелікке,  яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің  нақтылы қорытындысына оны жүзеге  асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мүндай шарттарға мыналар жатады: 

а) экономиканы  құрылымдық жағынан қайта қүру; 

   ә) басқарудың  барлық деңгейлерінде және меншіктің  барлық нысандарында шаруашылық  процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру; 

   б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, зандағы

 ескертпелерден  басқа қызметтің бірдей барлық  түрлеріне еркіндік 

 беретін барлық  шаруашылық жүргізуші субъектілер  меншігінің бүкіл нысандарының  шынайы тендігін жасау негізінде  бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту. 

   в) жоғарыда  айтылған шарттардан туындайтын  мемлекет шеңберінде де, халықаралық  кооперация мен еңбек бөлінісінің  артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты  дамыту жөніңцегі экономикалық  одаққа бірігетін бірнеше елдердің  бірыңғай интефациялық кеңістігі  шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының  әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік қүқықтарының және т.б. Еркін кедергісіз ауысу мумкіндігі. 

   Әдетте  реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жүмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор. 

   Реттеудің  екі типі бар: ол экономикалық  (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік,  валюталық, еңбекке ақы төлеу  бөліктерімен) және әкімшілік реттеу. 

   Қаржылық  реттеудің турлері салықтық, бюджеттік,  мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық  ішіндегі (фирма ішіндегі,  кәсіпорын, ұйым, кор-порация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің  осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте —қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер),  салықта—тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда—сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш.  Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады. Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме  іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді әдістерді жасады. Салық салуда - салықтар-дың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану, амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аудары-латын аударымдардың нормативтері, әлуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бүл реттеушілер ақша (қолма-қол және Қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен үлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады. 

Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықпен реттеу  кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіліктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бүған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді. 

   Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жагы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дорежесі  болып табылады. 

   Валюталық-қаржылық  реттеудегі негізгі әдістер мыналар  болып табылады: валюталық бағам,  ақша капиталының пайыз-дық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен ба-ғалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері. 

   Реттеудің  ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық  немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды  нормалау әдістері, қаржы қорларына  аударылатын аударымдардың нормативтері  және оларды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді. 

   Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сүраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жүмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларьшда тепе-тендікті тудыратыны анық. 

  Қаржы теориясында  мемлекет қаржыларының ұлттық  өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске  әсерін түсіндіру үшін "мулътипликатор  "  ұғымы пайдаланылады. 

   Мультипликатордың  тұжырымдамасы жалпы үлттық өнімнің  (ЖҮӨ) ауқымын екі өдіспен анықтаудан  барып шығады:

шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;

кірістер (немесе бөліс) бойынша,  яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары түрғысынан. 

   Тепе-тенді  ұлттық өнім және шығыстардағы  ұлттық өнімдердің осы өзгерісін  тудырған бастапқы өзгерістен  ауытқудың арақатынасын шығыстардың  мулътипликаторы,  ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі үлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мулътипликаторы деп атайды.[1]  

   Қаржы  саясаты - аса маңызды саясаттардың  бірі. Оның мемлекеттік маңызы  өте  жоғары. Дағдарыстан шығу  болсын, экономиканың «қызып» кетуінің алдын алу болсын, барлық жағдайда қаржы саясаты негізгі  экономикалық тетік ретінде қарастырылады. Дискредициялық және дискредициялық емес фискалдық саясат түрлерінің де ерекшеліктерін байқап отырмыз. Фискалдық саясаттың халық тұрмысындағы алатын орны да ерекше. Салық, мемлекеттік шығыстар, Орталық банктің қызметі, мұның бәрі қаржы саясатының тұтқалары. Ал олардың экономикаға әсерін асырып айту мүмкін емес.

Информация о работе Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі