Қаржы ресурстарын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2012 в 08:04, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I Бөлім. Қазақстан Республиканың қаржы ресурстарының ұғымы, мәні ..........................................................................................................................5
1.1 Мемлекттеік қаржы ресурстарының құрылымы................................5
1.2 Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыру қағидалары........12

II Бөлім. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының ахуалдары .............................................................................16
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері ........................................................................16
2.2 Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау...22
2.3 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары................................25

III Бөлім. Қаржы ресурстарының даму жолдары ....................................28
3.1 Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамудағы ерекшеліктері ......................................................................................................28

Қорытынды .........................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер................................................................................. 36

Работа содержит 1 файл

kursovka.docx

— 507.94 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

Кіріспе

Еліміздің   жағдайын  жақсарту,  экономикалық  дағдарыстан  шығу  мемлекеттік  тұрғыдан  бақылауға  салынған  мәселелер  бойынша   күн  тәртібінде  бірінші  кезекке  қойылып  отыр.  Бұған  Қазақстан  Републикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақcтан  2030»  атты   стратегиялық  бағдарламасында  «Еліміздің  экономикалық    саясатының  бірден–бір басымды  бағыты  - шағын  және  орта  бизнесті  дамыту»  - деп  атап  көрсетуі   дәлел  бола  алады.  Нарықтық  қатынастардың   құрылымында  да, мемлекет  тарапынан  оларды  реттеу  механизмінде  де  қаржы  зор  рөл  атқарады. Қаржы  - нарықтық  қатынастардың  құрамды  бөлігі  және  мемлекеттік   саясатты жүзеге  асырудың  құралы.  Бұл  орайда  қаржының  әлеуметтік-экономикалық  мәнін  түсіне   білудің, оның  іс-әрекет  етуінін  ерекшеліктерін  терең  ұғынудың,  Қазақстан  экономикасын  ойдағыдай  дамыту  мақсатымен   қаржы  ресурстарын  неғұрлым  толық  және  ұтымды  пайдаланудың  әдістері   мен  амалдарын  көре  білудін  маңызы  зор.

Қоғамдық  өнімді  бөлумен  және  осының  негізінде  ақшалай  қорланымдарды,  табыстарды  және  қорларды  жасаумен,  оларды  ұлғаймалы  ұдайы  өндірістін   мақсаттарына  және  қоғамдық  дамудың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  пайдаланумен  байланысты   болатын  экономикалық  қатынастар   қаржы  туралы  ғылымының  мән – мағынасы   болып  табылады.

Қаржы  ресурстары  мен  мақсатты  ақша  қорлары, олардың  қалыптасуы,  қозғалысы  және  пайдаланылуы   қаржының  объектісі,  ол  қоғамдық  өмірдің  ұйымдастырушысы    ретіндегі  мемлекетті  қоса  алғанда  қызметтін  өндірістік   және  өндірістік  емес    сфераларының    сан-алуан   шаруашылық, қоғамдық  және  ұйымдары  оның    субъектілері  болып  табылады. [9]

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.

Ақша  қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

Мемлекеттік қаржы – қаржы жүйесінің басты буыны, оның қалыптасуы мемлекеттің пайда болумен байланысты. Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар Факторларға:

  • қоғам дамуының таңдап алған үлесіне
  • саяси құрылымына
  • қалыптасұан дәстүрлерге
  • сыртқы факторларға ұарай экономикалық қызметке қатысады.

Мемлекеттің экономикалық өмірге қатысуы мына функциялармен анықталады:

    • монополиялық қызметті шектеумен бәсекелесті қорғау мен дамыту
    • экономиканың тұрақты деңгейіне жету үшін және оны дамыту үшін тиісті құқықтық базасын құру
    • қоғамда табылған табыстар мен байлықтарды қайта бөлу
    • мемлекеттің қарамағындағы қаржы ресурстарын қайта бөлу
    • экономиканы тұрақтандыру.

Нарықтық  жүйе табыстар мен байлықты бастапқы бөлуде теңсіздік туғызғандықтан мемлекет оларды қайта бөлуді жүзеге асырады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру қызметіне конъюктураның ауытқуына  байланысты пайда болатын инфляция және жұмыспен қамту деңгейіне бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру  шаралары кіреді.

Экономикалық  мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді.

Бұл  курстық    жұмысымда   мен  қаржының  әр  ресурсына  тоқталамын  және  Қазақстан  Реcпубликасының     қаржы  ресурстарын   өсірудің  маңызды  факторларын  қарастырамын.

I бөлім. Қазақстан  Республиканын   қаржы  ресурстарынын   ұғымы,  мәні.

    1. Қаржы  ресурстарының  құрылымы.

Қаржы  ғылымы  қаржыны  тек  экономикалық  категория, яғни  айрықшалықты  өндірістік  қатынастардың  жиынтығы  ретінде  ғана  қарастырып  қоймайды, сонымен  бірге  мақсатты  ақша  қорлары  түріндегі  олардың  материалдық  іске  асуын  баса  көрсетеді. Бұл  қорлар  қаржы  қатынастарының   тұрақты  иесі  болып  келеді. Олардың  қалыптасу  көздері  және  қорлардың  өздері  (бұл  көздерді  біріктіруші) ұлттық  шаруашылықтың  тиісті  буындарының  қаржы  ресурстары  болып  табылады. Демек, қаржы  ресурстары – бұл  жалпы  ішкі  өнім  құнының  бір  бөлігін, атап  айтқанда, ақша  нысанындағы  таза  табысты  бөлу  және  қайта  бөлу  процесінде  жасалынатын  мемлекеттің, шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  және  халықтың  қарамағындағы  ақша  қаражаттары, олар  ұлғаймалы  ұдайы  өндіріс  пен  жалпы  мемлекеттік  қажеттіліктерді  қамтамасыз  етуге  арналған. Қоғамдық  жалпы  өнім  мен  ұлттық  табысты  арттыру  қаржы  ресурстары  өсуінің  басты  шарты  болып  табылады.

Қаржы  ресурстарында  негізгі  орынды  таза  табыс  (пайда, қосылған  құнға  салынатын  салық, акциздер, кеден  төлемдері, қоғаамдық  мүдделерге  төленетін  жарналар  нысанындағы)  және  амортизациялық  аударымдар  алады. [5]

 «Қаржы   ресурстары»  ұғымындағы  оның  екі  жағын  ажырата  білген  жөн.

1.Шаруашылық  жүргізу  практикасында  «қаржы  ресурстарының»  ұғымы  деп   мемелкеттің,  кәсіпорындардың   қарамағындағы    белгілі   бір  кезендегі   барлық  ақша  қаражаттарынын  кірістері   мен  қорланымдарынын  жиынтығын,  яғни  ақша  қорларын,  кредит 

ресурстарын, ақша  қаражаттарынын  резервтерін  айтады. Бұл  шаруашылық  жүргізудін   шаруашылық  есеп  практикасы  тұрғысынан  туындаған  практикалық   тәсілдеме. Расында,  кәсіпорыннын  банктегі    онын  шотындағы  белгілі  бір  күндегі  ақша  қаражаттары,  олар  кәсіпорыннын  меншікті  немесе  қарыз  қаражаттары  болып  келетіндігіне   қарамастан  онын  барлық  нақтылы  қаржы  ресурстарын  құрайды.  Сол  секілді  мемлекеттік  бюджетте   шоғырланған  кірістер,  қорланымдар  олар  жасалынған  құнды  алғашқы  немесе  кейінгі  бөлудін  нәтижесі  болып  табылатындығына  қарамастан  мемлекеттін  әрбір  нақты  күндегі  қаржы  ресурстары  болып  саналады.

2. Егер  жиынтық  өнімнін  (с+v+m)  материалдық  – заттық  және  құндық  құрылымына, онын  бөлінісіне  және  бұл   процестегі  орнына  сүйенсек,  онда  қаржы  ресурстарынын   ұғымы  басқаша  көрінеді. Егер  қайталама  есептін   элементін   шығарып  тастасақ, онда  «қаржы  ресурстарынын»  ұғымы  тікелей   мемлекет  пен  кәсіпорындарда   оларға  жүктелінген  функцияларды  орындау  үшін  шоғырланатын  құндық  (ақша)  нысанындағы  жалпы  қоғамдық  өнім  мен  ұлттық  табыстын   бір  бөлігін  білдіреді.[11]

Қаржы  ресурстарын  пайдалану  (оларды  пайдаланудын  қор   емес  нысанынын  да  мүмкін  болғанымен)  негізінен  арнайы  мақсаттағы  арналымнын  ақша  қорлары  арқылы  жүзеге  асырылады. Қаржы  қорлары  ұлттық  шаруашылықта  іс-әрекет  ететін  ақша  қорларынын  бүкіл  жүйесінін   құрамды   бөлігі. Қаржы  ресурстарын  пайдаланудын  қор  нысаны  ұлғаймалы  ұдайы  өндірістін  қажеттері  негізінде  объективті  түрде  алдын  ала  анықталады  және  қор  емес  нысанымен  салыстырғанда  онын  бірқатар  артықшылықтары   бар.

Қаржы  мен  қаржы  ресурстары  -  бара-бар  ұғымдар  емес. Қаржы  ресурстары  өзінше  қаржының  мәнін анықтамайды, онын  ішкі  мазмұны мен мен қоғамдық   арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы  тап мұндай  ресурстарды жасау, бөлу  және  пайдалану негізінде   туындайтын   қоғамдық  қатынастарды  зерделейді: ол  қаржы қатынастары   дамуының зандылықтарын зерттейді.

Қаржы  ресурстары   жалпы  қоғамдық  өнімнін  50 %  құрай отырып,  мемлекеттің қаржылық  қуатының  көрсеткіші  болып табылады. Қоғамдық   өнім  мен ұлттық  табысты өндіру, бөлу  және  қайта бөлу  процесінде   қалыптаса отырып, олар  түпкілікті  пайдалануға,  яғни  негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға,  ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз  етуге   және  жалпымемлекеттік  қажеттерді  қанағаттандыруға  қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардын  бір бөлігінін ақша  көрінісі  болып табылады. [6] Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы. Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.

Мемлекеттік қаржы – қаржы жүйесінің басты буыны, оның қалыптасуы мемлекеттің пайда болумен байланысты. Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар Факторларға:

  • қоғам дамуының таңдап алған үлесіне
  • саяси құрылымына
  • қалыптасұан дәстүрлерге
  • сыртқы факторларға ұарай экономикалық қызметке қатысады.

Мемлекеттің экономикалық өмірге қатысуы мына функциялармен анықталады:

    • монополиялық қызметті шектеумен бәсекелесті қорғау мен дамыту
    • экономиканың тұрақты деңгейіне жету үшін және оны дамыту үшін тиісті құқықтық базасын құру
    • қоғамда табылған табыстар мен байлықтарды қайта бөлу
    • мемлекеттің қарамағындағы қаржы ресурстарын қайта бөлу
    • экономиканы тұрақтандыру.

Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты бастапқы бөлуде теңсіздік туғызғандықтан мемлекет оларды қайта бөлуді жүзеге асырады. Мемлекеттің экономиканы  тұрақтандыру қызметіне конъюктураның  ауытқуына байланысты пайда болатын  инфляция және жұмыспен қамту деңгейіне  бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру  шаралары кіреді.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттік қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың  өсуінің жалпы мемлекеттік өнімнің  өсуінен жоғары болуы сипатты  болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады. Вагнер заңы 3 факторлармен байланысты:

1)        экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;

2)        техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;

3)        мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді. 

Мемлекеттік қаржы ұғымында жеке дара звенолардың  әрқайсысы спецификалық орын алады.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттік өкімет органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты қалыптастыру мен жұмсаудың негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіреді. 
 Бюджет түсіміне - бюджет түсіміне кіреді: салықтық және салыққа жатпайтын түсімдер, капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыс, алынған ресми трансферттер, кредиттерді қайтару. 
 Бюджет шығысы - бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражат. Шығысқа шығын және кредит қосылады. Бюджеттің шығыс бөлігі функционалдық, экономикалық және ведомстволық сыныптама бойынша құрылады. 
 Салық түсімі - бюджет пайдасына төленетін міндетті, өтеусіз, қайтпайтын төлем. Салық түсімі салық, алым және басқа міндетті төлем түрлері бойынша сыныпталады.  
 Салыққа жатпайтын түсім - салыққа жатпайтын түсім салық, алым және төлем, айыппұл түсім мен ықпалшара бойынша түсім түрлері, кредиттерге байланысты сыйақы (мүдде) бойынша сыныпталады.  
 Капиталмен жасалатын операциядан түскен табыс - сатылған мүлік түрлері бойынша және басқа мемлекеттік операциядан түскен активтерді өткізуден түскен түсім капиталмен жасалатын табысқа қосылады. 
 Алынған ресми трансферттер - гранттарды қоспағанда бюджетке түсетін өтеусіз және қайтпайтын түсімдер. 
 Кредиттерді қайтару - кредиттерді қайтару-бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борыштың қайтарым сомасы, төленген мемлекет кепілдігі бойынша талаптарды қайтару, мемлекетке тиісті акцияларды елден тыс жерде сату және сыртқы кредиттерді қайтару. 
 Бюджет тапшылығы - бюджет шығысының оның кірісінен асып түсу шамасы. 
 Бюджет профициті - бюджет кірісінің оның шығысынан асып түсу шамасы.

Информация о работе Қаржы ресурстарын басқару