Қаржы нарығының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 20:44, доклад

Описание работы

Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған , орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады.

Работа содержит 1 файл

kajy praktika molika.docx

— 24.43 Кб (Скачать)

      Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған , орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.

      Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір  сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.

           Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін  қаржының көмегімен  қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша  қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.

      Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді.Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:

      жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады;

      құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға арналған;

      қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астасып жатады.

      Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттай көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорында – бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процестері мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.

      Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.

      Бюджет  экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі- мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.

      Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты- елдің негізгі қаржы  жоспарында  бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары- мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика үкіметінің  «Мемлекеттік бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.

      Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен, өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.

      Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке /жеке кәсіпорындар шеңберінде/ және қоғамдық /бүкіл халық шаруашылығы ауқымында/  қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдар мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне мүмкіндік береді.

            Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.


Информация о работе Қаржы нарығының мәні