Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:57, лекция

Описание работы

Дәрістер тақырыпқа: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері

Работа содержит 1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 759.50 Кб (Скачать)

Несиелік ақшалар  өз дамуында бірнеше сатылардан өтті. Несиелік ақшаның алғашқы тарихи түрі бұл вексель. Вексель бұл  бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген  соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме.

XIV ғасырдың  соңында несиелік ақшаның тағы бір түрі банкнота пайда болды. Алғашқыда банкнотаны кез-келген банк эмиссиялады, кейіннен эмиссиялау ролын мемлекет өзіне алды.

XVI-XVII ғасырларда  қолма-қолсыз есеп айырысу пайда  болды. Несиелік ақшаның жаңа  формасы – чек пайда болды.  Чек бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар.

Ақша келесідей  қызметтерді атқарады:

  • құн өлшемі;
  • айналыс құралы;
  • төлем құралы;
  • қор жинақтау құралы;
  • дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның қызметтерінен  ақша нарығының келесі қызметтері анықталады:

    • Төлем қызмет і- нарық қатысушылары арасында есеп айырысу операциялары жүзеге асырылады;
    • Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемелерді рәсімдеу, яғни вексельдер шаруашылық субъектілерін коммерциялық несиелеуді жүзеге асырады;
    • Тіркеу қызметі және т.б. 

Ақша нарығының  құралдарынан және Қазақстан қаржы  нарығының ерекшеліктерінен ақша нарығы келесі сегменттерге бөлінеді (2-сурет).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыскөзі: Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқу құралы, А.:2008

2-сурет. Қазақстанда ақша қаражаттары нарығының негізгі сегменттері.

 

Қазақстан Республикасының аймағында  ақша нарығының қаржылық құралдарымен айналыста келейсідей операциялар  жүзеге асырылады:

  • Қолма-қол ақшалар берілуі (банкнота);
  • Чектердің берілуі;
  • Вексельдердің берілуі немесе олардың индоссамент бойынша берілуі;
  • Төлем карточкаларының қолданылуы;
  • Міндеттемелік қолхаттар айналысы.

 

Ақша нарығының төлем құралдары (қолма-қолсыз есеп айырысу формалары). Қазіргі кезде ақша қаражаттарының айналысында қолма-қолсыз ақша айналысы дамуда. Ол коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қолма-қолсыз ақшалар арқылы есеп айырысудың мынадай негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылды:

  • Төлем тапсырмалары;
  • Төлем талап-тапсырмасы;
  • Аккредитивтер;
  • Чектер;
  • Вексельдер;
  • Пластикалық карточкалар.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар есеп айырысудың формаларын шаруашылық келісім шартында өздері анықтайды. Есеп айырысу бойынша бір-біріне қоятын талаптарды екі жақ банкті қатыстырмай өздері қарастырады.

Төлем тапсырмасы шот иесінің өз шотынан алушының шотына тапсырмада көрсетілген белгілі бір соманы аудару туралы банкке беретін жазбаша өкімін білдіреді. Төлем тапсырмаларымен алынған тауарлармен көрсетілген қызмет үшін, барлық тауарлық емес операциялар бойынша, келісімшартта қарастырылған жағдайда аванстық төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізіледі. Есеп айырысудың бұл формасы Қазақстанда кеңінен тараған.

Төлем талап-тапсырмасы. Сатушының талабы бойынша сатып алушыға тауар келісімшарты бойынша көрсетілген соманы шотына аудару туралы жазбаша өкімін білдіреді.

Аккредитив сатып алушы банкінің сатып алушының тапсырмасы бойынша жөнетілген тауарларды, сондай-ақ аккредитивтік өтініште қарастырылған басқа жағдайларды растайтын құжаттарды негізге ала отырып жабдықтаушыға төлем аудару турасындағы жабдықтаушының банкіне беретін тапсырманы білдіреді. Аккредитивтер жабық (депозиттік) және ашық (кепілдікті), қайтарып алынатын және қайтарып алынбайтын боп бөлінеді.

Төлеушінің  жабдықтаушы есеп айырысу үшін қаражатты  алдын-ала сақтап қоятын, әрекет яғни алғашқысының қаражатты өз есеп айырысу  шотынан жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке аударатын әрекеті жабық  аккредитив деп саналады.

Ашық аккредитив орындаушы банктен өзінің шотын  жүргізетін эмитент-банктен аккредитивтің  барлық сомасын есептен шығарып  тастауын білдіреді.

Қайтарылып  алынбайтын аккредитив жабдықтаушының қаражатты алушының келісімінсіз күшін  жоймайды немесе өзгертілмейді. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда аккредитив қайтарып алынатын деп саналады.

Чек берушінің  чекті ұстаушыға чекте көрсетілген  ақша сомасын төлеу туралы төлеушіге  беретін сөзсіз жазбаша ұсынысы чек деп аталады.  Чек беруші – бұл тауар үшін төлемдерді төлейтін немесе толтырылып, қол қойылатын чек арқылы төлемдерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға. Чек ұстаушы-бұл чек бойынша төлемді алатын тұлға. Чектер есеп айырысу чегі және ақшалай чек болып бөлінеді. Есеп айырысу чегі төлем тапсырмасы сияқты төлеушімен рәсімделеді, алайда төлем тапсырмасынан айырмашылығы чек төлеушіден заңды тұлғаға – төлемді алушыға шаруашылық операциялар іс жүзінде асырыған сәтте беріледі. Содан кейін чек төлемді жүзеге асыратын банкке беріледі.

Ақшалай чектер чекті ұстаушыға банктен қолма-қол ақша алу мүмкіндігін береді. Мысалы: еңбек ақы, шаруашылық қажеттіліктер үшін, іс сапар шығындар және т.б.

  Вексель бұл бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай (соло) вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта) – вексель  беруші кредитордың (трассант) қарыз  алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельдік және аллонжда (аваль ретінде есептеу деген жазумен рәсімделеді).

Банк қызметіне  механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік есеп айырысу тәжірибесінде  ЭЕМ мен компьютерлерді кең қолдануға  өту электрондық ақшалардың пайда  болуына ықпал етті, яғни компьютер  жадындағы шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік карточкалармен алмастыру. Ол клиенттің шоты негізінде орнатылған микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.

 

4-тақырып: Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері

 

1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі. Депозиттердің типтері.

2.Депозиттер коммерциялық банктердің ресурстық базасы ретінде.

   3. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі.

 

Шаруашылық субъект  ретінде кез-келген қаржы институты  өз жарғылық қызметін іске асыру үшін қаржы ресурстарына, яғни ғимарат, құрылыс, техника мен технология сатып алу үшін, айналым капиталын жасақтау үшін, жалақы және бюджетке төлем жүргізу  т.с.с. үшін ақша көздеріне мұқтаж болып табылады. Ол шығындар өз есебінің негізінен қаржыландырылуы, не заем мен тартылған қаржының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Оның негізгі бөлігін жеке және заңды тұлғалардың түрлі салымдары немесе депозиттер құрайды.

Депозиттік операциялар  алғашқы кезде алтын монеталарды  сақтау формасы түрінде қалыптасты, оның мақсаты монеталардың жақсы сақталуы болатын. Сақтағаны үшін қожайын белгілі –бір сыйақы төлеуі тиіс болған.

Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар түрлі формаларға бөлініп, түрлі елдер бойынша әр түрлі  болып табылады. Дегенмен кез-келген қаржы институты үшін салымшыларды тарту және несиелік ресурстардың негізгі көзі ретінде депозит базасын кеңейту басты мақсат болып табылады. Ақшалар жинақтаушы функциясын орындап депозиттерге айналады, ал олар халықтың, шаруашылық субъектілердің және т.б. жинаған қаржысы болып табылады. Клиенттің барлық салымдары депозит деп түсіндіріледі. Депозиттерге салынған қаржы көздері түрлі болуы мүмкін. Ол корпоративтік клиенттердің есеп шоттарындағы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылары, жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша қолданылмай тұрған жалақылары. 

Бүгінгі таңда коммерциялық банктер депозиттердің әр түрлі  түрлерін ұсынып отыр. Қазақстанның банктік  тәжірибесінде олардың мынадай  түрлері бар:

1) Сұрағанға дейінгі  депозиттер немесе чектік депозиттер  салымшыға міндетті түрде төленетін чек жазып беру құқығын береді. Бұл түрдің ыңғайлығы чектердің қауіпсіздігі мен төлемнің жазып беру қарапайымдылығымен түсіндіріледі, сонымен қатар ол қалаған уақытында қолма-қол ақшаны алу мүмкіндігін береді. Чектік депозиттер қымбат есептік операцияларды талап етеді, сондықтан көптеген банктер оған белгілі бір төлем орнатады. Оның көлемі депозит көлемінің өзгеруімен және бір ай көлемінде жазылған чек санына байланысты өзгеріп отырады. Бірақ көп банктер төлемді алудан жиі бас тартып тұрады, ол жағдай, банк, салымшы бүкіл ай көлемінде есеп шотындағы қалған балансты жеткілікті деп есептесе жүзеге асады, ал ол қаржыны банк өз коммерциялық мақсаттарына пайдаланады (мысалы 60,90,120 күндік ссудалар береді).

     Чектік  депозиттердің негізгі түрінің бірі сұрағанға дейінгі салымдар болып табылады, оның өз ерекшеліктері бар:

  • ақшаны салу және алу бөлек-бөлек не толық, кез-келген уақытта ешқандай шектеусіз жүргізіледі;
  • есеп-шоттағы ақша қолма-қол түрінде де, не чек көмегімен алынады;
  • банк есепшот қожайынына комиссиондық сыйақыны нақты айлық ставканы қолдану немесе әр жақылған чек бойынша орнатады;
  • егер клиент алдын ала келісілген есеп шоттағы орта есептегі қаржы көлемін ұстаса оған “жасырын” пайыз төленеді, яғни банк клиенттен есеп шотты қолданғаны үшін тқлем алудан бас тартады. Бірақ, клиент ол тәртіпті бұзса онда банктің барлық операциялық шығындарын төлеуге тиіс. 

Көп клиенттер осы  депозит түріндегі ақшаның көлемін  азайтуға тырысады, себебі бұл салымдар бойынша пайыздық кіріс төленбейді.

Сұрағанға дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • заңды тұлғалардың банктік есеп шоттарындағы қаржылары, оған қоса мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджет қаржылары;
  • есептегі қаржы;
  • басқа банктердің корреспонденттік есеп шоттарындағы банктің қаржысы.

        2) Жинақтаушы салымдар. Бұл салымдар  халықпен жасалатын операцияларды  кең тараған және кішігірім  салым үшін арналған. Сұрағанға  дейінгі салымдардан тек ақшаны  төлеу және алу тәсілдері, пайызды  есептеу кезеңдері бойынша айырмашылығы  бар. Кейде оларға пайыздар бойынша салықтық жеңілдіктер беріледі.

Қазақстан банктері ұсынып отырған жинақтаушы депозиттердің  негізгі түрлеріне жинақтаушы кітапшалар, депозиттік есепшоттар жатады.

Жинақтаушы кітапшалардағы есепшоттар пайыздық пайда әкелетін және оны бірден алуға болатын салым болып табылады.

Қазақстанның депозит  нарығында мынадай жинақтаушы депозиттердің  түрлері ұсынылады:

  • мерзімді жинақтаушы салымдар, ол бойынша мерзім қойылады және сол мерзім көлемінде салым алынбайды, осы салым бойынша ең жоғары пайыздық пайда түседі;
  • мерзімді жинақтаушы салымдар қосымша жарнасымен, ол бойынша салымды сақтау мерзім көлемінде қосымша жарна төлеп тұруға болады, осылай салымның көлемі өседі;
  • жинақтаушы салым қосымша жарнамен. Бұл есепшотқа үнемі белгілі бір кезекпен келісім бойынша анықталған сома төленіп тұрады және сома бойынша пайыздық төлемдер белгілі бір кезеңде төленеді;
  • ағымдағы жинақтаушы салымдар. Ол салымдарда ақша еркін түсіп, еркін алынады. Олар көбіне пайызсыз және зейнетақы, стипендия, жәрдемақы төлеуге пайдаланылады;
  • ұтыстық, ақшалы заттай ұтыстық. Үнемі өтіп тұратын лотереядан болатын ұтыстар;
  • сыйақылар (премиялар).

3) Мерзімдік салымдар- бұл нақтыланып белгіленген мерзімге  салынған депозиттер, егер ол  мерзімінен бұрын жабылатын болса  оған айыппұл салынады, оған төленетін пайыздық сыйақы салым мерзіміне және көлеміне байланысты. Салым мерзімі бір айдан бес жылға дейін, кейде одан да ұзақ мерзімге созылады. Банктер салымның осы түріне үлкен қызығушылық танытады, себебі оның сомасы тұрақты және ұзақ мерзімді операцияларда қолдана алады. Ал салымшыларды одан жоғары пайыздық пайда табуы қызықтырады.

      Қазақстанның депозит нарығының құрылымын институттар тұрғысынан және нарықтың қаржылық құралдары тұрғысынан да көрсетуге болады.

Институционалдық құрылым – қадағалаудың реттеуші органдары және шаруашылық субъектлердің байланысы болып табылады.

Депозит нарығының қаржылық институттары болып өз қызметтерін  жүзеге асыру мақсатында салымдар тартатын ұйымдар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы несие жүйесінің жоғарғы буыны ретінде коммерциялық банктер және мамандандырылған қаржы мекемелерінің қызметін реттейді.

Банктерде тұрғындардың жинағының  өсуі, өзіндік тұрақтылық және сенімділік кепілі болып табылатын олардың  несиелік қабілеттілігі мен өтімділігін арта түсіретін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері