қаржы нарығын реттеу органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 10:59, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес қаржы нарығындағы қызметті реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті орган 2004 жылы құрылған – Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығын реттеу органдары.docx

— 36.98 Кб (Скачать)
>    Мемлекеттік реттеу жеткіліксіз болған жағдайда қаржы нарығының күрделенуі мен кеңеюіне байланысты инвестициялық бизнес қатысушыларының кәсіби қауымдастықтары пайда болады. Олар қауымдастық мүшелеріне ғана емес, биржалық сауда қатысушыларының кең шеңберде залал әкелетін жеке тұлғалардың әділетсіздігін іздеп табады. Өйткені, кәсіби адамдарға деген қоғамдық сенімділіктің төмендеуі олардың бизнестерінің негізін бұзады және пайданың азаюына әкеледі. Қаржы нарығының ішкі реттеуінде кәсіби қауымдастықтардың қызығушылықтары көбіне мемлекеттің қызығушылықтарымен сәйкес келеді.

    Өзін-өзі  реттейтін ұйым өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады. ӨӨРҰ-ның әр түрлі түрлерін лицензиялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қор биржасы, бағам белгілеуші ұйым, Орталық депозитарий өздерінің тікелей қызметтері бойынша лицензиясын алғанда ӨӨРҰ мәртебесін қабылдайды, ал қауымдастық бұл мәртебені тек өздері қауымдастық ретінде лицензия алғаннан кейін ғана алады. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құрудың мақсаты, қаржылық нарық қатысушыларының қызметтеріндегі белгілі бір бағыттардағы ішкі реттеу болып табылады.

    Бағалы  қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары өзін-өзі реттейтін ұйымдардың негізгі міндеттері:

  • бағалы қағаздар нарығының  кәсіби қатысушылары тиімді қызмет етуі үшін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету;
  • бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары клиенттерінің және бағалы қағаздар иелерінің қызығушылықтарын қорғау;
  • бағалы қағаздармен операцияларды жүргізудің ережелері мен стандарттарын жасау.

    Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кәсіби қызмет етуінде міндетті ережелерді жасап шығаруға, кадрлардың кәсіби дайындалуын жүзеге асыруға, қаржы нарығында жұмыс істеу үшін талаптарды бекітуге құқығы бар; мемлекеттік басқару органдарында, қаржы нарығы қатысушыларының байланысын және қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

    Қазақстанда өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелерін Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік бекітуі қажет.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ӨӨРҰ-ның мүшелері, өз қызметтерінің бір түрін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын кәсіби қатысушылары болып табылады. Ұйым мүшелерінің кіруі, шығуы және шығарылып тасталуы, ұйымның ішкі құжаттары негізінде жүргізіледі.

    Кәсіби  қатысушының Қазақстан Республикасының  заңнамасын бұзу фактісі табылған жағдайда немесе қойылған талаптарға нарықтағы қызметі сәйкес келмесе ӨӨРҰ оны мүшелікке қабылдамауға құқығы бар.

    Өзін-өзі реттейтін ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын былайша көрсетуге болады. ӨӨРҰ мүшелерінің жиналысы → директорлар Кеңесі → Басқару → ревизиялық комиссия.

    Кеңес өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің өкілдерінен құрылады және өз қызметін оның жарғысы мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

    ӨӨРҰ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігіне Қазақстан Республикасының заңнамаларының барлық бұзылған деп табылған бұзушылықтар туралы толық ақпарат береді. Бұл жерде қор биржаларына ерекше орын беріледі. Қор биржаларында қадағалауды ұйымдастыру формасы және бағалы қағаздар нарығын бір қалыпты реттеп отыру формалары жоғары дамыған.

    Қазақстандағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың рөлі мен міндеттері

    Қазақстанда 1999 жылға дейін жалғыз толыққанды заңды ӨӨРҰ KASE қор биржасы болды. Активтерді басқаратын және Қазақстандық тізілімді ұстаушылардың қауымдастықтары (ҚРҰҚ) 1999 жылдың ІV тоқсанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына алғаш рет 2 лицензия берді.

    1999 жылдың 13 қарашасында Ұлттық Директораттың  қаулысымен активтерді Басқару Қауымдастығына зейнетақы активтерін басқаратын компанияның қызметін тиімді қамтамасыз ету және қызмет көрсету нарығында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар еркін бәсекелестікті дамыту мақсатында № 482 ӨӨРҰ ретінде қызметін жүргізетін лицензия берілді, сонымен қатар, Қауымдастығының мүшесі болып табылатын зейнетақы активтерін басқаратын компанияның стандарттық қызметімен және кәсіби этикасымен заң жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қалыптастыру керек болды.

    Қазақстан Республикасының заңнамасымен, активтерді Басқару Қауымдастығымен бекітілген негізгі басқару органдарынан басқа, ең маңызды деген міндеттерді шешу мақсатында заң бойынша, қызметкерлері бойынша, есеп және есеп беру бойынша үш тұрақты қызмет ететін комитет құрылды. Қауымдастық өзінің мүшелерінің тізімін жүргізеді. Онда әр мүшенің мекен-жайы және фирманың аты, Қауымдастығының өкілеттілігі туралы мәліметтер, қызметкерлердің біліктілігі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары лицензияның реквизиттері туралы ақпараттар болады.

    1999 жылдың 13 қарашасында Ұлттық комиссияның  Директораты қаулысымен Қазақстандық тізілім ұстаушылар қауымдастығына ӨӨРҰ ретінде қызметін жүзеге асыру № 483 лицензиясы берілді. Ол 1998 жылдың ІІ тоқсанында тіркеушілермен құрылған. Мақсаттары:

  • қызметтерді үйлестіру және тізілім ұстаушылардың жалпы қызығушылықтарын білдіру;
  • қауымдастық мүшелерінің жалпы қызығушылықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
  • бағалы қағаз ұстаушыларының тізілімін жүргізу бойынша қызметін жүзеге асыратын ұйымның кәсіби этикасы және қызметі стандарттарын жасау;
  • Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының дамуына мемлекеттік органдардың қатысуы;
  • бағалы қағаздар нарығында айлакерлік әрекеттерді болдырмауға бағытталған әділетті тәжірибенің ережелерін жасау.

    2000 жылдың 1 қаңтарындағы ҚРҰҚ жарлығына сәйкес ӨӨРҰ-ында мыналар қалыптасты:

  • қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы;
  • қауымдастық мүшелерінің өкілдерінен құралған және оның қызметін басқару органы болып табылатын қауымдастық Кеңесі;
  • ревизиялық комиссия.

    ҚРҰҚ атқарушы органның қызметтері жалпы жиналыспен 1 жыл мерзімге сайланатын қауымдастық президентіне жүктелген.

    «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес үшінші ӨӨРҰ – KASE қор биржасы болып табылады. Өзінің экономикалық және құқықтық мәртебесі бойынша өзін-өзі өтеу қағидасына негізделген, акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен құрылатын коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым. Ол өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан тәуелсіз.

    Бүгінде Қазақстанда толыққанды үш ӨӨРҰ бар. Олардың бірі – Қор биржасы. Екіншісі – Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қауымдастығы – ҚРҰҚ және Активтерді басқару қауымдастығы болып табылады. Нарықтық базаның жеткілікті болуына қарамастан, ӨӨРҰ-ында нақты өкілеттер жоқ. Дегенмен олардың дамуына орай, Ұлттық банкпен оларға берілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін бақылау функциялары әлі де кеңейтілуде.

Информация о работе қаржы нарығын реттеу органдары