Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының сонымен қатар салалық қаржының ролінің артуына ықпалын тигізді.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді. Осы аталғандар экономиканы жалпы басқару процесінде қаржыны басқарудың ролін артуына ықпал етті.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

І. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар.

І.1. Қаржы менеджментінің мазмұны,
мағынасы және атқаратын қызметі ……..................................…...................5
I.2. Қаржы менеджментінің мақсаты және міндеті …………..........8

II –бөлім Қаржы менеджментінің негізгі (базалық) көрсеткіштері.

II.1. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің
анықталуы. Дюпон формуласы…………………………………........11
II .2. Қаржы нарқы конъюнктурасын
сипаттаушы көрсеткіштер……………………………………......16

III-бөлім. Қаржы шешімдері: кәсіпорын каражаттарының көзі

III.1. Қарыз қаражатын қатыстыру саясаты…………………….........18
ІІІ. 2. Қарыз капиталының жекелеген
элементтерінің құнын бағалау…………………………………......22

Қорытынды.......................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа содержит 1 файл

қаржы менеджментінің мәні.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

Көрсетілген жіктеулерге  байланысты қарыз қаражаттарын қатыстыруды басқару ұйымдастырылады, ол кәсіпорынның әртүрлі кезеңдегі дамуына байланысты қарыз капиталын әртүрлі көздерден және әртүрлі түрінен сәйікестендіруді мақсатты қалыптастыру процесі.

Бұл процесті басқаруда  шешілетін көптеген сұрақтар осы салада кәсіпорындарға арнайы қаржы саясатын жасауды қажет етеді.

Қарыз қаражатын қатыстыру  саясаты кәсіпорындардың даму қажеттілігіне  сәйкес ең тиімді қарыз капиталын  әртүрлі көздерден қатыстыруды  қамтамасыз етудегі қаржы стратегиясының бір бөлігі болып  есептелінеді. Кәсіпорындардың қарыз қаражатты қатыстыру саясатын қалыптастыру процесі келесі негізгі кезендерді қамтиды:

  • өткен кезеңдердегі қарыз қаражаттарын қатыстыруды және пайдалануды талдау. Мұндай талдауды мақсаты кәсіпорынның  қатыстырған қарыз қаражатының түрін көлемін, құрымын анықтау, сондай-ақ  оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау.

Талдаудың бірінші кезеңінде  қаралған кезеңдегі қатыстырған  қарыз    қаражатының жалпы  көлемінің серпіні зерттеледі:  бұл серпін  қарқыны кәсіпорынның меншік қаржы ресурстарының өсу қарқынымен салыстырылады.

Талдаудың екінші кезеңінде  қарыз қаражаттарын қатыстырудың негізгі  түрлері анықталады, қалыптастырылған қаржы несиесі, тауар несиесінің және ішкі несиелік қарыздардың кәсіпорынның пайдаланған жалпы қарыз қаражаттарына үлесті салмағы талданылады.

Талдаудың үшінші кезеніңде  кәсіпорынның нақтылы несие берушілерінің  құрамы және олардың несие беру түрлерінің жағдайы зерттелінеді.

Талдаудың соңғы кезеңінде  кәсіпорын пайдаланған қарыз  қаражаттарының тиімділігі зерттелінеді.

Жасалынған талдаудың  нәтижесі кәсіпорындағы қарыз қаражатын  пайдаланудың қажеттілігін бағалауға  негіз болады. Алдағы кезенде қарыз қаражатын қатыстырудың мақсатын анықтау. Бұл қаражаттар кәсіпорынмен қатаң белгілі бір мақсатына сай қатыстырылады, бұл оларды тиімді пайдалануға негіз болады. Кәсіпорынның қарыз қаражаттарын қатыстырудың негізгі мақсаты болып:

а) қажетті көлемде  айналым активтерінің тұрақты бөлігін  толықтыру. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың   өндіріс әрекетін орындауы үшін, айналым активтерінің осы бөлігін меншік капиталы есебінен қаржыландыру мүмкіншілігі бола бермейді. Қаржыландырудың біршама белігі қарыз   қаражаттарын есебінен орындалады.

б) айналым активтерінің өзгермелі  бөлігін қалыптастыруды қамтамасыз ету. Кәсіпорын активтер, қаржьшаңдыруды қандай модельді қолданғанына қарамастан, барлық жағдайларда айналым активтерінің өзгермелі бөлігі толық немесе жартылай қарыз қаражаттарының есебінен қаржыландырылады.

в)инвестициялық ресурстардың жетіспеген көлемін қалыптастыру. Бұл жағдайда   кәсіпорынның қарыз қаражатын қатыстыру  мақсаты  кәсіпорынға жекелеген нақтылы проектіні іске асыруды тездеуге (жаңа құрылыс,   реконструкциялау, модернизициялау); негізгі құралдарды жаңарту  (қаржы лизинг)  және т.б. үшін қажет.

г) өз қызметкерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық қажеттшікті қамтамасыз ету. Бұл жағдайда қарыз қаражаттары өз жұмысшыларына жеке меншік үй салу үшін, бақша және т.б. мақсаттарды орындауға несие беру, үшін қатыстырылады.

Қарыз қаражаттарын қатыстырудың шекті көлемін анықтау. Бұл қатыстырудың ең жоғарғы шегінің көлемі екі негізгі жағдайға негізделінеді:

а)  қаржы левериджінің жоғарғы тиімділігі. Меншікті қаржы  ресурстарының көлемі өткен  кезенде қалыптасқандықтан,  пайдаланған  меншік капиталының жалпы   сапасын   алдын   ала   анықтауға   болады.   Соған қатысты қаржы леверидж коэффициенті (қаржыландыру Коэффициенті) есептелінеді, оның нәтижесі ең жоғарға шекте болады.

Алдағы   кезендегі   меншік   капиталын   есепке   ала отырып және қаржы левериджі  коэффициенттін есептеу нәтижесіне байланысты меншік капиталын тиімді пайдалануды   қамтамасыз  етуші   шекті  көлемдегі  қарыз қаражаты есептелінеді.

б)кәсіпорынның барынша  қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қатыстырылған қарыз қаражаттарының құнын кемітуді қамтамасыз ету үшін қаржы тұрақтылығы тек кәсіпорынның жайғасымымен бағаланып қоймай, оған несие берушінінде жайғасымымен бағалануы қажет. Кәсіпорын осы талаптарды есепке ала отырып өз шаруашылық әрекетіне  қажет қарыз   қаражатын   пайдалануға  лимит белгілейді.

Әртүрлі көздерден  қатыстырылған  қарыз капиталының құнын анықтау.

Мұндай бағалау кәсіпорынның сыртқы және ішкі көздерден қатыстырған  әртүрлі қарыз капиталы бойынша  жасалынады. Бағалаудың нәтижесі кәсіпорынның қарыз капиталына кажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге балама   қарыз қаражатын  қатыстыру   көздерін таңдауды басқару шешімін қабылдауға негіз болады. Ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыз қаражаттырының қажеттілігінің есебі — оларды алдағы кезенде пайдалану мақсатына негізделеді. Ұзақ мерзімді кезеңге (бір жылдан астам) әлбетте қарыз қаражаттарры меншікті негізгі құралдарының көлемін көбейтуге және жетіспеген инвестициялық ресурстарды қалыптастыруға қатыстырылады.

Қысқа мерзімді кезеңге  қарыз қаражаттар барлық басқадай мақсаттарды  орындауға қатыстырылады. Қажетті қарыз  қаражатының   мөлшерінің   әрбір кезеңде жекелеген мақсатты бағыттары бойынша және оларды алдағы кезеңде пайдаланудың есебі жасалынады. Бұл есептің мақсаты қатыстырылған қарыз қаражаттарды пайдалану мерзімін белгілеу арқылы ұзақ және  қысқа мерзімдегі олардың түрлерінің арақатынасын үйлестіру. Қарыз  қаражаттарын толық  пайдалану мерзімі. Қарыз қаражаттарының бастапқы    түсуімен сол қарыз сомасының  толық  өтемін   көрсететін   уақыт   кезеңін көрсетеді. Ол өзіне үш уақыт кезеңін қосады:

а)нәтижелі пайдалану мерзімі;

б)жеңілдік кезеңі;

в)өтеу мерзімі.

Қарыз қаражаттарын қатыстыру  түрін анықтау. Бұлар қаржылық несиеге; тауарлық (коммерциялық) несиеге және басқадай түрлерге жіктелінеді. Кәсіпорын  қарыз   несиені   қатыстыру   түрін   өз   алдына   қойған мақсатына және шаруашылық  ету  әрекетінің ерекшелігіне қарай таңдайды.

Негізгі несиегерлердің құрамын анықтау. Бұл құрам қарыз  қаражатын қатыстыру түріне қарай  анықталады. Кәсіпорынның негізгі несиегерлері — онымен тұрақты коммерциялық байланыс жасайтын жабдықтаушылар және оған кассалық - есептеу жұмысына қызмет көрсетуші коммерциялық банкте болып есептелінеді.

Несие қатыстырудың  тиімді  жағдайын қалыптастыру. Бұл жағдайдың  маңыздыларына жататыңдар:   несие   беру   мерзімі;   несиенің   пайыздық мөлшерлемесі; пайыздық соманы төлеу жағдайы; негізгі қарыз сомасын төлеу жағдайы және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ІІІ. 2. Қарыз капиталының жекелеген элементтерінің құнын бағалау

 

Қарыз капиталының көптүрлі көздері және ұсыным жағдайларының  болуы қарыз капиталының жекелеген түрлері бойынша оны қалыптастырудың тиімділігін салыстырмалы түрде бағалауды қажет етеді. Мұндай бағалауға тартылған капиталдың жекелеген элементтері бойынша олардын құнын анықтау негіз болады.

1. Қаржы несисеінің  құны қазіргі кезенде екі негізгі көздер негізінде бағаланады — банктік несие және қаржы лизингі:

- банк несиесінің құны  олардың көптүрлігі және жағдайларына  қарамай, несие алғаны   үшін   пайыздық мөлшерлеме негізінде  анықталады.

Қарыз  капиталының  құны,   банк  несиесі  түрінде келесі формула бойынша анықталады:

            

      БНқ = БНПм – (1-ПССм)\1-БНҚш

                                 

БНқ  -   банк   несиесі   түрінде   қатыстырылған   қарыз капиталының құны, %;

БНПм — банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесі, %;

ПССм — пайдаға салынған салық мөлшерлемесі;

БНҚш —  банк несиесін  қатыстыруға шыққан шығын деңгейі.

Қаржы    лизингінің    құны – қаржы несиенің қатыстырудың қазіргі түрінің бірі -  мөлшермесі негізінде анықталады.

    КЛМ= (Лм - Ажм)х (1-ПССм)\1- КЛКш

 

КЛК - қаржы лизинг   жағдайында қатыстырылған қарыз капиталының құны, %;

Лм — жылдық лизинг мөлшермесі, %;

Ажм- қаржы лизинг жағдайында қатыстырылған активтің амортизациясының жылдық мөлшерлемесі,%;

ПССм — пайдаға  салынған салық мелшерлемесі;

КЛКш   -   қаржы   лизинг   жағдайында   активтерді қатыстыруға кеткен шығындардың деңгейі.

Қаржы  лизингі  құнын  басқару екі критерияға негізделеді:

а) қаржы лизингінің құны банк несиесін: құнынан  аспауы  керек; 

б)  қаржы лизингін  пайдалану процесінде оның құнын  азайтатын ұсынымдар тандалынуы керек.

Қатыстырылған капиталдың құнын басқару оған сәйкес эмиссиялық саясатты жасауды қажет етеді. Кәсіпорындар ағымдағы шаруашылық әрекетіңде, шикізат, жанар  май сатып алуға қысқа мерзімді ақша қаражаттарына қажеттілік етеді. Бұл жағдайда кәсіпорындардың  айналымдағы қаражаттарын толықтыру үшін несие алуға немесе қарыз алуға мәжбүр болады. Қаржы менеджментінің алдында тұрған проблема,  кәсіпорынға қандай мөлшерде несие алу керек, онан қанша пайда түседі немесе несие алу жалпы керек  пе,   әлде  керек жоқпа,  осы проблеманы шешуі керек. Қаржы менеджментінде алынған несиенің тиімділігін сипаттаушы көрсеткіші қаржы тұтқасының нәтижелілігін анықтайды.

Қаржы тұтқасының нәтижелілігі операциялық талдаудың маңызды  элементтерінің  бірі болып есептеледі. Қаржы тұтқасы әрекетінің нәтижесінде қарыз қаражатын пайдаланушы кәсіпорын меншік қаражатының таза рентабельдігін және  өз дивидендтік мүмкіншілігін өзгертеді.

БатысЕуропалық қаржыгерлер қаржы тұтқасының нәтижелілігін кәсіпорынның  несиені пайдалану нәтижесіңде меншік  қаражатынан  алынған  таза рентабельдікке қосылған өсім арқылы анықтайды. Қаржы тұтқасының нәтижелігі—несиені пайдалану арқылы алынған    меншік    қаражатының рентабельдігіне қосылған өсім. Пайдаға салық салымының үштен бір шартты мөлшерлемесінің есебін қаралық.

 

Меншік қаражытының  таза рентабельдік есебі

Көрсеткіштер

Кәсіпорындар

 

 

 

 

А

Б

Инвестицияны пайдаланудың    нетто-нәтижесі, мың.тг

200

200

Қарыз қаражаттырының қаржылық     шығыны, мың.тг

 -

75

Салық             салынуға жататын пайда, мың.тг

200

125

Пайдаға          салынған салық  (1/3 мөлшерлеме), мың.тг

67

42

Таза пайда 

133

83

Меншік қаражатының таза рентабельдігі, %

133:1000x100=13,3

83:1000x100 = 16,6


 

Кестеде көрсетілгендей Б кәсіпорынның меншік қаражаттарының таза  рентабельдігі А-кәсіпорынмен салыстырғанда 3,3% жоғары. Салық салу  қаржы тұтқасының  нәтижесін   1/3  "кесіп тастады".

Осыған байланысты жасалатын  қорытынды:

1. Өз меншік қаражатын  пайдаланушы кәсіпорын олардың рентабельдігіне мөлшермен  экономикалық рентабельдіктің 2/3 шек қояды:

МҚР = 2/3 ЭР.

2. Несие пайдаланушы кәсіпорын, пассивтегі меншік және қарыз қаражаттарының ара қатынасы және пайыздық мөлшерлеменің көлеміне байланысты меншік қаражатының   рентабельдігін    не    ұлғайтады, немесе кемітеді. Бұл жайда қаржы тұтқасының нәтижелілігі төмеңдендегіше көрсетіледі:

МҚР = 2/3 ЭР+ҚТН

Еңді салық салудан  айырылған активтердің 1/3 экономикалық рентабельдікті қайтару үшін қаржы  тұтқасының нәтижесін іске асыруды  есептеу керек. Бұл жағдайды және басқадай көптеген сұрақтарды шешу үшін қаржы тұтқасының әсер етуші механизмін қарау қажет. Байқалғандай бұл мөлшерлеме пайызының орташа есебі (МПОЕ) нәтижесі экономикалық рентабельдік пен қарыз қаражатының айырмашылығынан пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорын несие пайызын төлеуге жететіндей экономикалық рентабельдікпен жұмыс істеу керек.

Ескеретін жай, мөлшерлеме пайызының орташа есебі (МПОЕ), әлбетте  несие келісім-шартынан алына салған мөлшерлеме пайызына сәйкес келмейді.

 

                                Барлық несие бойынша тіиіданған

Мөлшерлеме          кезендегі барлық нақты қаржы

пайызының =         шығындары______________________х 100

орташа есебі         Талданған кезенде қолданылған  қарыз

                               қаражатының    жалпы сомасы

 

Бұл практикада қолданылып жүрген орташа бағаны есептеу формуласы. Осы формула арқылы кәсіпорынға  қарыз қаражатының қаншалыққа түсетіндігін анықтауға болады.

Мұнанда басқа есептеу әдістері бар. Мысалы, ұл көлемді орташа арифметиқалық әдістен басқа,  әртүрлі несиелер және қарыздарды  өлшенген    орташа құн арқылы  есептеуге  болады. Кәсіпорындар өздеріне қолайлы әдісті таңдай алады.

Кәсіпорындардың ағымды  шығындарын басқару.

Нарықтық экономикада  кәсіпкерлікпен айналысу процесінде шаруашылықпен айналысушы субъектілер өндірісті ұйымдастыруға және өнімдерді сатуға әртүрлі шығындар шығарады. Кәсіпорынның барлық шығындарын олардың экономикалық мағынасына, жұмсалған мақсатына қарай үш топқа бөледі:

  • ағымдағы шығындар;
  • ағымдағы шығыстар;
  • күрделі салымдар.

Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар