Қаржы менеджментінің анықтамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:33, курсовая работа

Описание работы

«Менджмент» деген сөз ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына береді, демек қаржылық менджмент – бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.
Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән «Қаржылық менджмент» қалыптасқан.

Работа содержит 1 файл

Қаржы менеджментінің анықтамасы.docx

— 28.08 Кб (Скачать)

Қаржы менеджментінің анықтамасы

Қаржы менеджментінің анықтамасы.Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты және міндеттері. 
 
«Менджмент» деген сөз ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына береді, демек қаржылық менджмент – бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.  
Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән «Қаржылық менджмент» қалыптасқан. 
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз – қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т.б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман. 
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгартер және экономисттің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі. 
Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында мүлде басқа тактика қолданылады. Үлкен капиталдың үокен ағымы және тиісті өнім қажеттілігін талап етеді. Сондықтан, үлкен бизнестің қаржысын басқару үшін қаржы бизнесі саласындағы арнайы дайындалған маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін жете меңгерген – қаржы менеджлерін, бизнестің басты тұлғалары ретінде өте қажет.  
Қаржы менеджментінің қазіргі теориясының даму кезеңдері. 
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.  
Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт. 
Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады. 
Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі. 
Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты – бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін басқарудың жалпығылыми және нақты ғылыми әдістерінің жыиынтығы.  
Фирмалардың ұйымдық құрылымындағы қаржы службасы. 
Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау. 
Фирманың қаржы службасының міндеттері: 
1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау; 
2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті; 
3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;  
4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз мүмкін еместігі. 
Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты. 
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.

Қаржылық  леверидж түсінігі, мәні және қаржы  менеджментіндегі рөлі

Кез келген кәсіпорынның құрылуы  мен оның жұмыс істеуі -  қарапайым  түрде қаржылық ресурстарды табыс  алу мақсатында ұзақ мерзімге инвестициялау  процесін білдіреді. Табыстың өсуіне бағытталған  активтерді басқару процесі қаржы  менеджментінде леверидж категориясымен сипатталады. Тікелей мағынада леверидж - шамалы күшті (тұтқаны) білдіреді, яғни оның көмегімен ауыр затттарды қозғалтуға болады. Леверидждің 3 түрі бар, олар қаржылық нәтижелердің есебінде баптарды бөлшектеу және үйлестіру арқылы анықталады.  (1-сурет)


                                           

                                              Өткізуден түскен табыс

                                             (ҚҚС мен акцизді азайтқанда)                                      

                                        

                                         -  Дайын өнімді өндіруге кеткен

          Өндірістік                  жиынтық шығындар           

            леверидж            

                                         +  Табыстар мен шығыстар

                                               сальдосы.

 

 

                                          =  Жиынтық табыс (салықтар мен                 Өндірістік – қаржылық

                                              пайыздарды төлегенге дейін)                               леверидж 

 

-  Ұзақ  мерзімді ссудалар мен

    заемдар  бойынша пайыздар

 

            Қаржылық           =  Салық салынатын табыс

              леверидж       

-  Табысқа  салынатын салық ,табыс-

    тан  төленетін міндетті төлемдер

 

= Таза пайда (табыс)

1-сурет. Табыстар мен  леверидждің өзара байланысы

Мұндай  топтастырудың  логикасы келесідей. Таза пайда -  екі  типті түсім мен шығынның (өндірістік және қаржылық сипаттағы) арасындағы айырма арқылы анықталады. Олар өзара айырбасталмайды, бірақ олардың әрқайсысының көлемі мен үлесін басқаруға болады. Табыстың факторлы құрылымын осылайша түсіну өте маңызды, өткені нарықтық экономика  жағдайында және кәсіпорынды қаржыландырудағы еркіндік жағдайында коммерциялық банктермен берілетін несиелер бойынша пайыздық ставкалар әртүрлі болады.

Таза пайданың (табыстың) көлемі көптеген  факторларға тәуелді  болады. Кәсіпорын қызметіне қаржылық басқару позициясынан қарағанда  оған әсер етеді: а) кәсіпорынға берілген қаржылық ресурстарды рационалды пайдалануға  байланысты; б) қаражат көздерінің құрылымы.

Бірінші мезетте негізгі және айналым қаражаттарының көлемі мен құрылымы және оларды пайдалану тиімділігі көрініс табады. Өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтері - өзгермелі  және тұрақты шығындар табылады. Сонымен қатар олар арасындағы қатынас әр түрлі болуы мүмкін және ол  кәсіпорын таңдаған техникалық және технологиялық саясатпен анықталады. Өзіндік құн құрылымының өзгеруі пайда мөлшеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Негізгі қорларға инвестициялау тұрақты шығындардың өсуімен және теория жүзінде өзгермелі шығындардың төмендеуімен бірге жүреді. Бірақ тәуелділік сызықтық сипатта емес, сондықтан тұрақты және өзгермелі шығындардың оңтайлы үйлесуін табу оңай емес. Осындай өзара байланыс өндірістік леверидж категориясымен сипатталады. Оның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тұрақты шығындар үлесі жоғары болады. Осы деңгей компания қызметімен негізделетін өндірістік тәуекел мөлшерін де анықтайды. 

Сонымен, компанияда қалыптасқан өндірістік леверидж деңгейі – бұл өзіндік құн мен шығару көлемінің құрылымын өзгерту арқылы пайыздар мен салық төлеуге дейінгі пайдаға әсер етудің әлеуетті мүмкіндігінің сипаттамасы.

Қаржылық тәуекел ұзақ мерзімді қаржыландыру көзі ретіндегі меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасында, қарыз қаражаттарын пайдаланудың мақсатты бағыттылығы мен тиімділігінде көрініс табады. Қарыз қаражаттарын пайдалану коммерциялық кәсіпорындар үшін белгілі бір және едәуір шығындармен байланысты. Тек осы байланыс қаржылық леверидж санатын сипаттайды.

Бұл сипаттама санды түрде қарыз және меншікті капиталдың арасындағы қатынаспен өлшенеді: қаржылық леверидж деңгейі компанияның қаржылық тәуекел дәрежесі мен акционерлер талап ететін пайда нормасына тура пропорционалды әсер етеді. Тұрақты міндетті шығындар болып табылатын төленетін пайыздар сомасы жоғары болған сайын, таза пайда да соншалықты жоғары. Осылайша, қаржылық леверидж деңгейі жоғары болған сайын, компанияның қаржылық тәуекелі де соншалықты жоғары.

Қарыз капиталының үлесі үлкен компания қаржылық леверидж жоғары деңгейдегі компания немесе қаржылық тәуелді компания деп аталады. Өз қызметін тек меншікті қаражаттары есебінен қаржыландыратын компания қаржылық тәуелсіз компания деп аталады.

Сонымен компанияда қалыптасқан қаржылық леверидж деңгейі – бұл ұзақ мерзімді пассивтерінің көлемі құрылымын өзгерту арқылы коммерциялық ұйымның таза пайдасына әсер етудің әлеуетті мүмкіндігінің сипаттамасы.


Информация о работе Қаржы менеджментінің анықтамасы