қаражаттар мен есептесу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 20:43, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»-деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың,яғни субъектілерінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушылардың түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі,кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның ,яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді»делінген.Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар,субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа ) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге)тапсырады»делінге.

Работа содержит 1 файл

Қаражаттар мен есептесу есебі.docx

— 18.44 Кб (Скачать)

                            Қаражаттар мен есептесу есебі

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит  әдістемесі департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»-деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың,яғни субъектілерінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушылардың түрлі операциялық және инвестициялық  қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі,кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның ,яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді»делінген.Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар,субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа ) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге)тапсырады»делінге.      

 Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында,сондай-ақ материалдық құндылықтарды,негізгі құралдарды,тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі байланысты түрлі операциялар пайда болады.Әрбір кәсіпорын,ұйым,мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп,жабдықтаушы ретінде болатын болса,екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың,фирмалардың арасында алашақ және берешек  операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі.Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс.Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  • 1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.
  • 2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс,тиімді пайдалануды бақылау.
  • 3. Есеп айырысу,төлеу тәртібін бақылау,кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
 

  

Барлық   шаруашылық   жүргізуші  субъектілер  өз  ақша  қаражаттарын  банкі  мекемелерінің  тиісті  шоттарында  сақтап  және  міндеттемелері  бойынша  төлемдерін,  әдетте,  осы  мекемелер  арқылы  ақшасыз  нысанда,  ал  қажет  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкісінің  нормативті  құжаттарымен  белгіленген  шегінде  нақты  ақщамен  есептесуді  жүзеге  асырады.  Егер де  заңды  тұлғалардың  арасындағы  төлем  сомасы  4000 айлық  

есептік  көрсеткішпен  алып  түссе, онда  олар  тек  ақшасыз тәртіптеайырысуларды  жүзеге  асырады.  Бұл  келтірілген  мәлімет  заңды  тұлғалардың  арасындағы  әрбір  мәміле  бойынша  шартты  түрде  пайдаланылады. Егерде  контракт  сомасы  көрсетілген  лимиттен  асатын  болса,  онда  төлем  ақшасыз  тәртіпте  орындалуы  керек, тіптен  олар  жартылай  орындалса  да,  әрбір  төлемнің  сомасы  4000  айлық  есептік  көрсеткіштен  аспауы  керек.            

 Ақша  қаражаттары  сақтау  үшіе  және  заңды  тұлғалар  арасындағы  есеп  айырысу  үшін  Қазақстан  Республикасының  банк  мекемелерінде  банк  шоттарын  ашады.  Банк  шоттар- бұл  банк  мен  клиентер  арасындағы  келісім-шарттың  қатнастарын  көрсететін  әдіс.  Банк  шоттары  теңгемен  де,  шетелдік  валютамен  де  жүргізіледі  және  ол  ағымдық,  жинақтық  және  корреспонденттік  болып  бөлінеді.

Информация о работе қаражаттар мен есептесу есебі