Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 19:36, реферат

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіздігіне Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар алғашқы негізін жасады. 1985 жылы жарияланған жариялық халықтар арасында өз тарихына, өз дәстүріне сыйластық сезімін оятты. Адамдарда үлкен бір еуразиялық континентте бірге тұрып жатқан халықтар мен ұлыстарды иесіздіктен ажыратуға қарсы наразылық тудырды. 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар Қазақстан тарихында тәуелсіздік мемлекет құрудың басы, халық тағдырының бұрылыс кезеңі болды.

Работа содержит 1 файл

жулдыз реферат.doc

— 182.50 Кб (Скачать)

Бет 4 . Барлығы 4 бет

мың-мыңдап таралуы, шіркін, бір жан қуантар серпіліс халық жанының тамаша көрінісіндей еді! Әлі есімде, «Жұлдыз» журналының тиражы 70 жылдардың басында 22 мыңға жеткен еді. Сонда өзі қатар бүкіл одақ әдеби журналдары таңдайын қаққан болатын. «Қазақ халқы қайта өрлеу (ренессанс) дәуірінде тұр екен» дескен. Міне, баспасөз таратылу сапасының биіктігі - сол халықтың рухани дәрежесінің көрінісі деген осы. Біз бұған кейде мән бере бермейміз. Жоғарыдан таратып келе жатқан сөзіміз - Егемендіктің мән-мағынасы және оның рухани-мәдени өмірімізге жасайтын ықпалы жайында еді ғой... Біздіңше, бүгінгі танда Егемендіктің арқасында қол жетер үлкен тұлғалы мәселелердің бірі - осы рухани қуаңшылықты жеңу, ақыл, ой, тіл, сөз еркіндік алған сәтте - қауырт өркендеу мәселесі. Егер біз тездетсек - осы мәселені тездету керек. Рас, соңғы бір-екі жылда Егемендіктің, демократия мен жариялылықтың арқасында талай асылдың, қазынаның көзі ашылды, ұлттық рухани мұраларымыз қайтып орнына келе бастады. Тарихымыз да, әдебиетіміз де солармен байып, дәулеттенетүсті. Ел, халық мақтанышы - ерлер, батырлар, билер мен шешендер, көсемдер аруағы қайта тіріледі. Қазақ халқына бұл дәуірдің бұл олжасын айтпау мүмкін емес.

Ұлттық, елдік мақтаныш, ар, намыс оянды. Бұл - тарихи жеңіс еді. Енді осы жеңіске өріс керек. Әдетте, жаңару, жаңғыру процесінің үстінде бұрынғы болып келген, өлі де жойылу қарқыны баяу ескі-құсқы, көң- қоңыр, ылай-батпақтардың тасқын айдап жоғарғы қабатқа бадырайып шығып жататыны болады. Бұл ең соңғы жаманат, дерттің құрып-біту алдындағы жантала- сы (агониясы) деп қарау керек. Осы күнгі ұрлық-қарлық, кісі өлтіру, тонау, ғайбат-қиянат, өсек-лақап берберісі сол қоқыр-қоқыстар. Осыған қарсы аянбай күрес ашатын - Еркін қоғам, Егемендік парасат мемлекеті, оның өмір заңы болмақ.  Осы егемендік жолындағы ең мықты, пәрменді құрал - баспасөз, газет-журналдар мен радио-теледи- дар. Осы құралдарды барынша бірлікпен, әділеттілік, алғырлық, қырағылық, ақыл-ой таразысымен күшті пайдалансақ керек. Айтайын деп отырған басты мәселе - қазіргі таңда баспасөз тарату мәселесі. Қазір бүкіл республикада бас- пасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр. Бұл - Егемендік алу жылының жазылу науқаны. Науқан деген сөзден қашудың керегі жоқ. Дәл осы жерде ол жақсы мағынасында тұр. Ал енді осы жұмыстың нәтижесі, біздің күтуімізше, биыл өзге жылдардан қарқыны айрықша болуға тиіс еді. Бірақ алғашқы мәлімет онша Жан қуантып тұрған жоқ. Оған қарасаң, жылдағыдан да баяу секілді көрінеді. Ал осының себебі не? Әрине, оған басты себеп нарықтық экономика жағдайында баспасөздің бағасы тым асқақтап кетуінде болып отыр дегенге саяды. Екінші себеп - қазір әсіресе газеттердің саны тым көбейіп кетуі. Осыған байланысты олардың басылым ретінде өмір сүру күресі, барынша үгіт-наси- хат құралын пайдалану, бәсеке-шеберлік тайталасының өрістеуі. Бұл, бір жағынан, қуанышты құбылыс екені де рас. Әр облыс, аудан, әр бейресім қоғамдық ұйымдар, толып жатқан кәсіптік мекемелер мен профсоюз, жастар газеті, экономикалық, экологиялық жарияланымдар, сайып келгенде, журналистика саласыны өрістеуіне, жазу мәдениетінің өмір шындықтарының мол қамтылуына үлкен ықпал етеді. Оны да жариялылықтың, егемендіктің нәтижесі деп қарау керек. Сонымен бірге газет-журналдардың бәрінің қадірі де бірдей емес, бөрінің де ұлттық мәдениетке, тілге, білімге қосатын үлесі де бірдей емес. Әрине, әр газет, журналдың өз оқушысы бар, оған талас жоқ. «Сонда да олардың бар таңдамасы» дегендей, біздің көзімізге де, көңілімізге де ыстық бұрынғы аға газет-журналдар. Олардың ең басывда «Егеменді Қазақстан» тұрады. Бұл - біздің баспасөзіміздің қара шаңырағы. Мемлекетіміздің тұңғыш үні, алғашқы дауысы. Соңғы екі-үш жылдың ішінде «Соц. Қазақстан» өзінің еркін дауысын, қашан да мол ауқымын одан сайын ұлғайтты, егемендік статустан да бұрын өмірдің толғақты мәселелерін қозғап үлгірген, бұрынғы жайдақ мәлімет, жадау тілден бірден айығуға қадам басты да, газет өзінің ең алғашқы идеясы - шешуші сөздің иесі, елдің киелі алқасы, кеншісі есебіндегі міндетіне тез ауысты. «Егеменді Қазақстан» қордалы мәселелерді қопара жазып, жалтақсыз да, жарамсақсыз да тура сөзге, дуалы ауызға айналды. Мұны республика оқырмандары бірыңғай мойындады. Ол өзінің баспасөзіміздегі отағасылық билігін түбегейлі түрде түптеп қолға алды. «Егеменді Қазақстан» сөзіне бұрын да жүгініп, тоқтап келген, бұдан былай да орнықты сез сенікі деп біледі. Біздің келесі қадірлейтін әдеби басылымдар - «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналы. Әдебиетте, мәдениетте не жаңалық бар, нендей талант дүниеге келді, әдебиетіміз қандай халде? - деген басты сұрақтарға осы басылымдар өз шамасымен жауап беріп келеді. Сондықтан бұлардың баяғы тілектестері қайта оралар. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») өзінің жастық қайраты, батылдығы, шапшаң жеделдігі жағынан баяғыдан бері ерекшеленетін газет.Қазіргі жас ұрпақ проблемасы, соларды тәрбиелееу, есіру, адамдыққа баулу мәселесі өте толғақты, аса маңызды болып тұрған сәтте «Жас Алаш» бастаған жастар баспасөзі толассыз қайрат көрсетуге тура келді. Журналистиканың бай тәжірбиесі, үлгі-өнегесі, эсте- тикалық өрісі, шеберлік дәрежесі, жалпы адамдық, гуманистік сипаты жөнінен «Егеменді Қазақстанның» ағалық мектебінен, біздіңше, жақсы үйреніп келе жат- қан «Жас Алаштың» іс-қадамына сүйсінеміз.

Ешқандай ала-құлалықсыз айтарымыз «Халық кеңесі» бастаған жаңа басылымдар төңірегіне де таланты да, тәжірбиелі жақсы журналистер жиналған. Осылардың көбі «Егеменді Қазақстанның» ұсталық көрігінен шындалып шыққан қаламгерлер.

Қысқасы, баспасөз құралдары қаулап өскен Қазақстан егемендігі жайлы жырлайтын қаламгерлерін сайлап шығады десе болғандай. Біздің аландайтынымыз - енді осы басылымдарға жазылу барысының қанағаттанғысыз болуы. Бұл - халықтық намысқа шабатын шаруа. Егеменді болғандағысы - болмағандағысынан төмен деген сөз - намыс емей немене? Қазір бір көйлектің бағасы он газетке жазылғаннан қымбат екен. Оған қарап, намысты құрбан етуге бола ма? «Құдай несібесінен айырмасын, жанымның азығы таусылмасын» дейтін бұрынғылар әлі де бар шығар. «Газет, журнал оқымаған көз құрсын» дейтін ер көңіл азамат-жастар ел айнасына үңілмей тұрар ма! Қауырт шаруа қол тигізбейтіні рас, алыс жайлаудан төмен оралып келгенше қалдырып кеткен қаражаты әлдекімнің тартпасында не қалтасында жататын жағдай болады дейсің. Дегенмен бір қимылдап кетсе, баудай түсіретін бауырлар әлі де мол болса керек. Жасқаншақ, тартыншақ заман өтті, өзін-өзі төрбиелеп, қатарынан қалуды қорлық көрген

намыскерлер шықсын жұрт алдына! Ауызбірлік, береке, тірлік жасасын! Сонда ғана бүгінгі «Егеменді Қазақстан» туы биіктей түспек

Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілеттіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқФедеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:

1.      территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика);

2.      ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан);

аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария). Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу.[1] Германия – федеративті мем­лекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жер­ден тұрады. Негізгі заңы – конс­ти­туциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қа­зір­гі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамы­рында сайланған.

Германия парламенті екі па­ла­тадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бун­десратты жер үкіметі өкілдері­нің 68 мүшесі құрайды. Егер феде­ралдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мер­зімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасы­рын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құ­рамына германдық Бундестагта сай­ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.

Германия Федеративті Рес­пуб­ликасында бірқатар саяси партия­лар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты пар­тияны бөле-жара атаған жөн. Реті­не қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демо­кра­тиялық одағы. Бұл партияны Фе­де­ралдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық эконо­ми­ка. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демокра­тия­лық пар­тиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыр­күйекте өткен Бундестаг сай­лауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демо­кра­тиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасыл­дар”, 47-сін Еркін де­мо­кратиялық пар­тиясы, ал 2 орын­ды Демо­кра­тиялық социализм партиясы алды.

Германия экономикасы дамы­ған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мә­ши­не жасау, электр техникасы, ме­тал­лургия, химия және фармацев­тика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Со­ны­мен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гам­бург пен Бремен, Балтық теңі­зіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді.

Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты­сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтар­лықтай қаржы және кадр ресурс­тарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған ба­сым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Гер­манияның Орталық Азия ел­де­ріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық са­ла­лар­да мүмкіндігіне қарай ынтымақ­тас­тық жасау.

Федеративті мемлекеттің унитарлы елден айырмашы­лығы биліктің жоғарғы органдарының екі жүйесі (фе­де­ралдық және федерацияның субъектілері) болады. Яғни федерация құрамындағы субъектілердің өз астанасы, өз азаматтығы, өз заңдары, конституциясы, елтаңбасы, мемлекеттік суверенитеті болуы мүмкін. Әлемдегі федеративтік мемлекеттердің қатарына Австрия, Ресей Федерациясы, Германия, Швейцарлық Конфедерация, Бельгия корольдығы, Босния және Герцеговина, Пәкістан, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Ирак, Непал, Комор Одағы, Эфиопия, Нигерия, Судан, Аргентина, Венесуэла, Канада, Мексикалық Құрама Штаттар, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Сент-Кристофер және Невис, Австралия және Океания, Австралиялық Одақ, Микронезия Федеративті Штаттары.

ГЕРМАНИЯ

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған.
Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.
Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған "Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін "Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.
Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.
Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді.
Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.
Әр сапардың, әр кездесудің өзіндік орны бар. Әсіресе, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петербургте өткен "Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездескен еді. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президентіне Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақырту түскен болатын.
Сарапшылардың болжамы бойынша, бүгінде Қазақстан мен Германия арасында түсініспеушілік тудыратын проблемалар жоқ, халықаралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған позициялары жақын. Мысалы, Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан.
Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы орында тұрған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді.
Мемлекеттерді бір-бірімен жақын байланыстыратын мәселелердің тағы бірі – бірлескен кәсіпорындар. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың басым бөлігі сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық берік орныққан. Бұл Қазақстан-Германия мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның іс-шаралары негізінде үйлесім тауып келеді.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстанда 220 мыңнан астам неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді. Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан-Германия университетінің өкілдіктері ашылды. Сонымен бірге, қазіргі кезде "Болашақ” бағдарламасы бойынша Германияның жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық студент оқып жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, жаңа сатыға көтеретін болады.
Германия Федеративті Республикасы "үлкен сегіздік” құрамына кіреді. Еуропалық Одақта Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы болып табылады. Ал 1990 жылдың басынан бастап Германия басшылығы Қазақстанмен, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның өзге де мемлекеттерімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақстанмен. Өйткені, ГФР елімізді Орталық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді.
Жалпы, неміс дипломатиясының біздің еліміз жөніндегі мақсаты мейлінше айқын. Оны мынадан байқауға болады. Саяси салада – Астанамен тұрақты диалог арқылы Орталық Азия аймағына өздерінің тереңдеп енуі, экономика саласында – Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.
Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қазақстан мен Германияның экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банктері жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал "Мерседес-Бенц”, "Сименс”, Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т.б. бар.
ГФР-дің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударуының негізінде тек экономикалық қана емес, саяси мүдделердің де бар екенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, Германия ЕҚЫҰ аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүзеге асуына мүдделі. Сондай-ақ, ГФР Каспий аймағында еуропалық қауіпсіздік тұтқаларын нығайту болашақта Еуропа Одағының саясатында негізгі бағыттардың бірі болуы мүмкін деп есептейді. Екіншіден, Германия Орталық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақтарынан бөліп тұрған "тұрақтылық белдеуі” аймағына айналдыру ниетін көздейді. Үшіншіден, Германия Каспий аймағында оны әлемнің жетекші елдерінің саяси және экономикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын "үлкен ойын” айла-шарғысының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына ресми сапарының негізгі бөлігі бүгін болады. Мемлекет басшысы алдымен "DZ” банкінің ғимаратында Н.Назарбаевтың "Еуразия жүрегінде” кітабының тұсаукесер салтанатына және Астана қаласына арналған фото-көрменің ашылу рәсіміне қатысады. Елбасы одан кейін Германия Федеративті Республикасының канцлері Ангела Меркельмен және ГФР қоғамдық-саяси және іскер топтарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Мемлекет басшысы, сондай-ақ осы күні "Франкфуртер Альгемайне” жалпыгермандық газетінің басшысына сұхбат береді деп күтілуде. Карл Эрнст Браунер, Қазақстан-Герман сауда-экономикалық жұмысшы тобының тең төрағасы Евродақтың да осы пікірді ұстанып отырғанына кәміл сенімдімін. Евродақтың Орталық Азияға қатысты жасаған стратегиясы да соның айғағы. Осы елдердің ішінде Қазақстан шешуші әрі басты орынға шығатыны даусыз. Біз сіздердің кластерлік саясат жүргізу бағыттарыңызды толық қолдаймыз. Қазақстанның шикізаттық емес саланы дамытуға да толық мүмкіндігі бар екендігін атап өткім келеді.
Экономикалық мәліметтер тізбегіне көз жүгіртер болсақ, Германия Қазақстанға тауар шығарушы мемлекеттердің қатарынан нық орын алады. Тіпті, неміс тауары ұлттық экономикамызға елеулі ықпал жасап отырған қозғаушы күш деп айтуға болады. Федеративтік республика бес жылдан бері әлем бойынша тауар шығару жөнінен алдына өзге елді салған емес. АҚШ-тың өзі тізімде немістерден кейін тұр. Көлік, электр тауарлары, өндіріске қажет сан алуан жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сыртқа шығарылады. Тауар шығаруды негізінен орта және шағын бизнес міндетіне алған. Жылдар бойы нақтылы бір жабдық шығаруға дағдыланған отбасылық бизнестер де Германияда белең алған.Бұл ел Қазақстаннан мұнай, металл, химиялық шикізаттарды сатып алып отыр.
Инвестициялық саясатта екі елдің де мүддесі бір арнаға тоғысады.Қазақстан кәсіпкерлері Герман экономикасына 1 миллард АҚШ долларынан астам қаржы салса, немістер Қазақстанға 2 миллардқа жуық инвестиция салған.Екі ортадағы алыс-беріс негізінен ауылшаруашылығы саласына, тау –кен өндірісі, құрылыс индустриясы, көлік және коммуникацияға бағытталып отыр. Форумға қатысушылар бұл байланыстың аясын одан әрі кеңейтуге болатынын айтты. Нақты ұсыныс жасады.Мәселен, жоғарғы технологиялар бойынша Германияның мүмкіндігі мол. Неміс жетістігін кластер ретінде индустриялық аймақтарға, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға енгізуге әбден болады.
Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының көмекшісі Әсет Есекешов экономиканы ырықтандыру мақсатында осы форумда Қазақстанның әр аймағының мүмкіндігін барынша немістің бизнес ортасына көрсетіп қалуға шақырды. Тиімділігін, оның мүмкіндігін шетелдік инвесторлар өздері өлшеп-пішеді. Немістер әсіресе Каспий теңізі маңында мұнай өңдеу өндірісін салу жобасына қатысты ерекше қызығушылық танытты. «Самұрық» мемлекеттік холдингінің басқарама төрағасы Қанат Бозымбаев бұл форумда неміс кәсіпкерлерінің Қазақстанның бизнесіне қалай кіретіні туралы толық мәлімет алғанын жеткізді. Көз ұзамай форумда өз нәтижесін берді. Түс ауа қазақстандық делегация жетекшілері қандай жобаларды бірлесе жүзеге асыратыны туралы мәлімдеме жасады.
Ал, осы елдегі Дойчебанк пен Қазақстан Республикасы мемлекет басшысы жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Петер Тиллс Қазақстанның қаржы саласына неміс банктерінің жетістіктерін енгізуге ұсыныс жасап отыр.
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар да өз мүмкіндіктері мен инвестиция салуда жасалатын жеңілдіктерін бизнес ортаға түсіндірді. Форумға немістер жағынан 150 ден астам компания қатысты. Қазақстан Республикасының Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов экономика саласында ғана емес саяси бағытта да немістердің ықпалы қажеттігін айтты. Федеративтік Республика Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда Ұйымына мүшелікке өтуіне тілектес. Соны саяси мәселелер шешілетін алқалы жиындарда Германия өз тарапынан жие көтергені жөн. Германияның Евроодаққа энергетикалық сұранысын қамтып отырғанын ескерсек саясат пен экономиканың жолы бір арнаға тоқайласатын аңдау қиын емес. Жақын күндері Гамбургте Қазақстанның экономика күндері өтеді. Ал маусым айының басында Германияның экономика министрлігі Астанада өтетін форумға қатысады. Бірнеше облысқа сапар жасайды.
Сонымен бірге Қазақстанға Германияның президенті Хорст Келер келеді деп жоспарланып отыр

 

 



Информация о работе Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және құрылымы