Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 11:46, реферат

Описание работы

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішінде маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі – мәдени әрекет. Әрекеттану – жалпы адм мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс – қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.

Работа содержит 1 файл

мәдениет түрлері.docx

— 15.78 Кб (Скачать)

Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат

 
 
     Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішінде маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі – мәдени әрекет. Әрекеттану – жалпы адм мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс – қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. 
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық – материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Мәдениет өзінің кең мағынада бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт – дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Ал салт – дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынадай баға береді: «олар терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». 
    Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет - адам әлемі. Сонымен бірге мәдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл – Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, мәдениетті жан. 
Адам – табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер – анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Мәдениет пен табиғатты қарама – қарсы қоюдың бір түрі – адамның табиғи антимәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді. ХХ ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бұл ілімнің негізіндегі мынадай идеяларды атап өткен жөн: 
а). Академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера туралы ілімі, 
ә). Рим клубының экологиялық тұжырымдары. 
б). Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволюциялық теориясы, 
в). Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б. 
    Мәдениет – адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны » емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл – көпір . Осы үндестікті \гармонияны\ одан әрі жетілдіру - адамзаттың алдындағы келелі міндет. 
    Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық және идеалдыққа жатады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мғынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді.


Информация о работе Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат