Қазақ халқы мен Корей халқының ұлттық киімдері

Автор: p*******@ngs.ru, 24 Ноября 2011 в 21:19, статья

Описание работы

Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.

Работа содержит 1 файл

Қазақ халқы мен Корей халқының ұлттық киімдері.doc

— 171.50 Кб (Скачать)

     Қазақ халқы мен Корей  халқының ұлттық киімдері

       
 

     Қазақтың  ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз. 

     Негізі, қазақ халқының да, корей халқының да киімдері этникалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.  

     Корей халқының киімдерінде  де өзіндік ерекшеліктері бар. Корейлердің ұлттық киімі, көбінесе, ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақты шалбар, күртеше, халат, әйелдер ұзын белдемше, қысқа кофта, дамбал киеді.  

     Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал,  желеткекәзекей; сырт киімдерге: шапанкүпікеудешетоншидем; сулық киімдерге: шекпенқаптал шапанкебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі.  

     Корей салтында  ерлер киімі — кең пішілген кеудеше, кең балақты шалбар. Костюм әдетте ақ матадан (қыста мақта сальшып) тігіледі. Шалбар белінен оралады, қызыл асықтан тоқыма баумен байланып, ақ шұлыққа сұғындырылып қойылады. 

     Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.  

     Корей әйелдерінің киімі жіңішке ұзын жеңі бар кофтадан, белін жалпақ белбеумен байлап қоятын кең етегі тігілген юбкадан тұрады. Балалар киімдері де пішілуі мен тігілуі жөнінен үлкендердің киімінен көп ерекшеленбейді. Ұлттық киім үлгілері осы уақытқа дейін бастапқы қалпын сақтап келеді. Әйелдері мереке күндері киетін киімдердің бояуының түрлі-түсті болуына мән берген. Қыз балалардың мерекелік киімі қызыл түсті юбка және ашық қызғылт түсті кофтадан түрады. Дегенімен қазіргі кезде киімдердің аталған үлгіде болуы міндетті саналмай, бүгінгі өмірге бейімделген. 

     Бір аңғаратын жәй  — қазақтар да, корейлер де жұмысқа еуропалық үлгідегі киімдерді киеді. 

     Қазақ халқының ұлттық киімдерінің  ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің  биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 

     Ал  Корейліктерге келетін болсақ, ерте кезде шаруалар аяқтарына жуан иірілген жіптен немесе соломнан тоқылған сандал, ал жауынды күндері өкшесі биік етіліп ағаштан ойылып жасалған аяқ-киім киетін болған. Мәселен, орыс мұжықтары шіліктен шәрке тоқып кисе, қазақтар мал терісінен жасалған шәркеш пайдаланғаны тарихтан мәлім. Корейлер былғарыдан тігілген аяқ киімдерімен қатар резинадан жасалған аяқ киімдер де киеді. 

     Қай жағынан алсақ та, екі халықтың да ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.

Информация о работе Қазақ халқы мен Корей халқының ұлттық киімдері