Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:34, дипломная работа

Описание работы

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің дипломдық жұмысым осы капитал жайында болмақ.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................-3

I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7

II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26

III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69

Қорытынды......................................................................................................-76
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................-78
Қосымша беттер

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 508.50 Кб (Скачать)

        Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған саны- ның шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесі- нің шешімен белгіленеді.

        Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шыға- рылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған жә- не жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған ак- цияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгілен- ген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

        Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орна- ластырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.  

        Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

        Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жария- ланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредитор- лар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

        Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

        Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттан- дырады:

-   дивиденттер алуын;

  • қоғамды басқаруына қатысуын;
  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатынын;

              Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазу- лы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің тізі- мінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құнын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

         Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5020-шы «Жай ак- циялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар», 5030-шы «Салымдар мен жарналар» шоттары енетін 5000-ші «Жарғылық капитал» деген шоттар бөлім- шесінде жүргізіледі.

        5000-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшесінің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

        5000-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операция- ларын қарастырайық.

        5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» шот- тарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салы- натын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші «Төленбеген капитал» шотымен корреспонденцияланады.

        Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номинал- дық құны төленсе, онда ол: 1030;1010 дебеті бойынша және 5110 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

        Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2730;2410;1310;1320;1330;1350 және 5110 шоты кредит- теледі.

        Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 1270 «Есептелген пайыз» шотының дебеті бойынша және 6110 «Акция бойын- ша дивиденттермен пайыз түріндегі табыс» шотының кредиті бойынша көр- сетіледі.

        Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіс- пей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебет- телген және 5030 шоты кредиттелген – қызылмен жазылады.

        Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сома- сы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

        Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капиталда азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де, 1030, 1010, 2730, 2410, 1310, 1320, 1330 шоттары кредиттелінеді.

        Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5020, 5010 шоттары дебеттеледі де, «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі.         Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

        Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-шы «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

        5110 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарын- да болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

       Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды  көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталды тіркейді (акцияларды, обли- гацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

        Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000-шы «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары – 5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 5030-шы «Қосқан үлестер және жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

       Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына  қарай 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

  • материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2730 шоты;
  • жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жар- ғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2410 шоты;
  • материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу ке- зінде – 1310,1320,1330;
  • ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде – 1010,1030 шоттары дебеттеледі.

       Егер де 5110 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

       5110-шы шот бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

       Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акцио- нерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең тө- менгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыру- ға міндетті.

        Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын тол- тыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүд- делі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған шот шешімдері қажет.

       Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшы- ларына олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сон- дықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

        «Қайтарып алынған капитал» шоты 5020 және 5010 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

      «Қайтарып алынған капитал» шотының дебеті акционерлердің меншігін- дегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: «Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1010,1030,1060 шоттары кредиттеледі.

       Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

        1.Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: «Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1010;1030 шоттары кредиттеледі.

        2.Сатып алынған акцияның құны номиналдық құннан төмен болған жағ- дайда:

       - сатып  алу құнына:

«Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 1030;1010;1060 шоттары кредиттеледі;

       - сома  айырмасына, яғни акциялардың құны  номиналдық құннан аз болған  жағдайда:

        «Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де және 5510 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты кредиттеледі (яғни ақша-қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосады).

        3.Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары болған жағдайда:

       - сатып  алу құнына:

        «Қайтарып алынған капитал» шоты дебеттеледі де, 1010, 1030, 1060 шот- тары кредиттеледі;

       - сома  айырмасына, яғни акцияның құны  номиналдық құнынан артық бағаға  сатып алынған жағдайда:

        5510 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты дебеттеледі де, «Қайтарып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

       Егер де акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайтып сатып алынса, онда олар мынадай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 5020, 5010 шоттары дебеттеліп, «Қайтарып алынған капитал» шоты кредитте- леді.

        Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың номиналдық құны «Қайтарып алынған капитал» шотының кредитінен 7410 «Бағалы қағаздарды сатудан алған шығыстары бойынша» шотының дебетіне жатқызылады.

        Акциялардың сатылатын құнына, олардың номиналдық құнының мөлше- ріне 6210 «Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша» шоты кре- диттеледі де, 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналды құнынан жоғары болса алын- ған айырма сомасына 1280 шоты дебеттеледі де, 5030 «Қосымша төленген капитал» шоты кредиттеледі.

        Акционерлерден сатып алынған акцияларды сатқан кезде қоғамның жар- лық капиталы өзгермейді.

        Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:

  • қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;
  • қоғамның шығарылған (төленген) жарлық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төлен- ген) жарлық капиталының минималды деңгейінен кем болса;
  • қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлам қабілеттілігі жоқ болса немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;
  • акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.

        Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған ак- циясының 25%-нан немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нан аспауы керек.

        Қоғамның акциясын сатып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналы- сында шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған ше- шімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестріне енгізеді.

        Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал деге- німіз – акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасы- нан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұн- дай капиталдың (табыстың) есебі 5030-ші «Қосымша төленген капитал» шо- тында жүргізіледі.

        Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5030 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1010, 1030.

        Сатылған акциялар бойынша шоттарды төлеуге ұсынған кезде сатылған акциялардың тұрақты құны 1280-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

        Қосымша төленбеген капиталдың есебі. Капиталдың бұл түрінің есебі үшін 5400-шы «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арнал- ған. Бұл бөлімшенің қатарына мынандай синтетикалық шоттар кіреді:

        5420-шот «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 5430-шот «Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 5460-шот «Басқа да қосымша төленбеген капи- тал» . 5400-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттарында құн- сыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа актив- терді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

        Негізгі құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей кор- респонденция жасалады.

Информация о работе Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті