Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

Дата добавления: 23 Октября 2013 в 19:34
Автор: r******@mail.ru
Тип работы: дипломная работа
Скачать полностью (100.71 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

диплом.doc

  —  508.50 Кб

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Абай атындағы Қазақ  Ұлттық Педагогикалық университеті

 

 

«Есеп, аудит және қаржы  нарығының индикаторлары» кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

 

 

Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының

күндізгі оқу бөлімінің 4-курс студенті

Оментаев Қ.Қ.

 

Ғылыми жетекші:

ҰҒА акдемигі Нарибаев К.Н.

 

 

Диплом жұмысы Мемлекеттік  Аттестациялық Комиссиясының алдына қорғауға жіберілді

 

«Е,А және ҚНИ» кафедрасының

меңгерушісі, э.ғ.д., профессор                                                            Айманова Л.Б.

 

                                                  

Алматы, 2008

 

 

 

                                                Жоспар:

              Кіріспе...........................................................................................................-3

 

I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері                     

1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5

1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7

 

II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі

2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24

2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26

 

III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті

3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53

3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69

        

         Қорытынды......................................................................................................-76

         Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................-78

         Қосымша беттер

 

Кіріспе

        Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің дипломдық жұмысым осы капитал жайында болмақ.

Мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капита- лының есебі, талдауы және аудиті» деп таңдаған себебім – ұйымның шаруа- шылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден-бір экономикалық категория ол-меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кә- сіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі үйым- ның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгал- терлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қыз- метін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол – ұйымның мен- шікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу – меншікті капи- талдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақ- тап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын мәселе – шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының жеткіліктілігі, бос тұрған ақша-қаражаттарын айналысқа жібере отырып, эконмикалық өсуге жағдай жа- сау. Бұл мәселе дипломдық жұмысымда зерттеген «Байсерке Агро» ЖШС-гі үшін және де қазіргі кризистік жағдайда барлық ұйымдар үшін үлкен мәселе болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  – «Байсерке Агро» ЖШС-гі туралы мәлі- меттерді пайдалана отырып, ұйымның меншікті капиталының есебін, талдауын және аудитін зерттеу.

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

1.Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;

2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;

4. «Байсерке Агро» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

5. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;

6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.

         Дипломдық жұмысты жазу барысында ҚР заңнамалық актілерін, отандық және шетелдік экономистердің осы тақырыпқа арналған еңбектерін және өзім өндірістік іс-тәжірибеден өткен «Байсерке Агро» ЖШС-гі жайлы мәліметтерді пайдаландым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Ұйымның  меншікті капиталының теориялық  аспектілері

1.1 Меншікті  капиталдың экономикалық мәні  және элементтеріне сипаттама

          Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылған- дағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын ал- ғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қарал- ған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшылары- ның, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға үлестері- нен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

         Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қыз-мет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

         Кәсіпорын мүлкінің құрамы. Ұйымның барлық  мүлкі (қызмет атқару- шы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөліне- ді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналыстан тыс) актив- тер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөлінеді.

        Негізгі активтер (айналымнан тыс) негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның мате- риалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

        Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша-қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебитор- лық борыштар және басқа активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген табыс;

        Кәсіпорынның жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

        Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құралады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қыз- метін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрыл- тайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

        Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

         Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жар- ғылық капиталы мынадай түрлерге бөлінеді:

        Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

        Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).

        Жарғылық капитал мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрыл- тайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тір- келуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгі- зілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

         Қосымша төленген капитал – ұйымның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

         Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншітіндегі не- гізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құ- нының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

         Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның жарғысында қаралады (көрсетіледі).

         Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағытарға пайдаланған сомаларын шегеріп таста- ғандағы қалған бөлігі болып табылады.

 

1.2 Меншікті  капиталдың есебін ұйымдастыру

         Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жай және артықшы- лығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның серіктестіктердің, өндірістік кооператив- тердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқығы бар.

         Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салым- дары, ақша да, бағалы қағащдар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интелектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқын да қоса ал- ғанда) болуы мүмкін.

          Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдар- дың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі ке- рек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

         Шаруашылық жүгізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылар- дың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

         Осындай бағалау кезінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

         Егер де салым ретінде субъектіге пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

         Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке са- лым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептеуге жатқызуына болмайды.

          Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең бо- лады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берілген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

         Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25℅-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жар- ғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жина- лыстың шемімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

         Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктің қатысушылары белгіленген мер- зімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзі- нің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жар- ғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

         Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атау- лы) құнына тең болады. Ұйым өзінің шығады деп жариялап қойған акция- ларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25℅ тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

        Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акцио- нерлік қоғам үшін – бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Описание работы
Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің дипломдық жұмысым осы капитал жайында болмақ.
Содержание
Кіріспе...........................................................................................................-3

I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7

II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26

III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69

Қорытынды......................................................................................................-76
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................-78
Қосымша беттер