Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:08, дипломная работа

Описание работы

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 6
Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 6
Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 16
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту 22
ҚЕ2ҰС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау 22
ҚЕ2ҰС бойынша ұзақ мерзімді активтерді трансформациялау 30
ҚЕ2ҰС бойынша міндеттемелер мен капиталды трансформациялау 36
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру 43
Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері 47
Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы 47
Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері 50
Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері 54
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Қосымша

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 887.00 Кб (Скачать)

Сондықтан, аккредитациядан өткен кәсіби аудиторлық ұйымдар арқылы аудиторлар мен бухгалтерлердің біліктілігін жоғарлату және қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ету сұрақтарын мемлекеттік масштабта шешу тек аудиторлық ұйымдар, бухгалтерлер мен Қазақстан Респуликасы қаржы министрлігі қызметтерінің нәтижелілігіне әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар компаниялар мен Қазақстан Респуликасы мемлекеттік мекемелерінің қарым-қатынасына да оң әсер етуі мүмкін.

 

3.3 Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері

 

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесі өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістер қаржылық есеп беруді жоғарлату үшін қажет.

Бухгалтерлік есептің өзгерістері ҚЕХС көшуге байланысты, ол ҚР Президенттің «Қазақстан – 2030 стратегиясы» Қазақстанның жаңа даму деңгейі – ішкі және сытрқы саясаттың 30 бағыты» Жолдауын орындаудың басты мақсатының бірі болып табылады.

ҚЕХС қаржылық есеп берудің маңызды баптарына қатысты қолдану үшін арналған.

Баптардың маңыздылығы ұйыммен ҚЕХС Концепциясы шыққан кәсіби тұжырымдамалардың  негізінде бекітіледі.

Кәсіби тұжырымдама – бұл басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз болатын қаржылық есеп беруді дайындауға жауапты тұлғаның қорытындысы.

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы ұйымдарының ҚЕХС және ҚЕҰС бойынша есеп жүйесіне көшу тәжірибесі тез шешім қабылдауды талап ететін мәселелерді туындатты.

Қазақстан Республикасында ҚЕХС және АХС құқықтық дәрежесінің анықталмағандық мәселесі оларды қолдану құқығына және қолданыстағы есеп және есеп беру жүйесінің заңдылығына сонымен қатар, аудиторлық тексерісті жүргізу барысында АХС қолдану методологиясына да күмән тудыруда.

Есеп беруді құрастырушы халықаралық стандарттарды қолдану барысында әдістемелік мәселелермен соқтығысады. Аталған дәлелдеме ҚЕХС жүйесінде кемшіліктердің бар болуымен анықталады, олар әр түрлі және барлық уақыта. Аталған жағдайлар стандарттарды қайта қарастыруды талап етеді және есеп берудің дәлдігі мен дұрыстығының төмендеуіне алып келеді.

ҚЕХС негізінде қазақстандық тәжірибеде тәуекелділік деңгейін барынша төмендету бойынша объективті есеп беруді құрастыру мәселесін шешуге жүйелік келу үшін аталған мәселелерді топтастырып, оларды жүйелік топтарға бөлу керек. ҚЕХС көрсетілген тұрғыда қарастыру біріншіден оларды қолдану мәселелері туралы білімдерін жүйелендіруге, екіншіден біртектес мәселелері бар топтарға қатысты жүйелі шешімдерді табуға мүмкіншілік береді.

Біз, бұл мәселелердің нақты бар болуына анықтамлар ұсынылып, оларды шешу жолдар қарастырамыз

Қазақстан Республикасының есеп және есеп берудің ұлттық жүйесінің нормативтік базасы. Қазақстанның халықаралық экономикаға тиімді кіруі қазақстандық заңдарға халықаралық қоғамдық ұйымдардың нормалары мен жеке құжаттарын енгізуді талап етеді және оларға Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі дәрежесін беру қажет.

Соған байланысты 28.02.07ж. ҚР №234-111 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңына 16 баптың нормасы енгізілді, онда ҚЕХС ҚР ұлттық заңдылықтарының құрамдық бөлігі болып табылсын делінген, ал Заңның 2-бабында шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беруді міндетті түрде осы стандарттардың негізінде құрастыру керектігі жазылған [10].

1.01.2009 ж. ҚР бухгалтерлік есеп және есеп берудің Ұлттық жүйесімен құрастырылған негізгі құжаттары болып төмендегілер табылады:

             28.02.2007 ж. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №234-111 заңы– ережеде бекітілген және тіркелген қаржылық есеп берудің Ұлттық стандарттары ҚЕ №1 ҰС және ҚЕ №2 ҰС.

             28.02.2007 ж. ҚР ҚМ «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бекіту туралы» №221 бұйрығы.

             23.05.2007 ж. ҚР ҚМ «Типтік шоттар, бухгалтерлік есептің шоттарын бекіту туралы» №185 бұйрығы.

             21.06.2007ж. ҚР ҚМ «Бухгалтерлік есеп регистрлерінің нысандарын бекіту туралы» №215 бұйрығы.

             21.06.2007 ж. ҚР ҚМ «Есептің бастапқы құжаттарының нысандарын бекіту туралы» №216 бұйрығы.

             Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары және оларға түсініктеме.

             Бухгалтерлік ессептің халықаралық стандарттары БЕХС (IAS).

             Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ҚЕХС (IFRS).

             Түсініктеме ПКИ (S1С) және (IFRIC).

             ҚЕХС негізінде қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру бойынша концепциялар.

             Ұйымның есеп және есеп беру жүйесін ұйымдастыру мен қолдануға қатысты ұйымдастыру-бөлу корпоративтік құжаттары, сонымен қатар есептік саясат, инструкциялар, бұйрықтар мен ережелер т.б.

             ҚЕХС инкорпорарлеу мәселелері.

Сызбадан көріп отырғанымыздай ҚЕХС мәселелері келесідей топтастырылады:

             ҚЕХС жүйесінің әдістемелік апаратының мәселелері.

             Тек қазақстандық ұйымдарға тән бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мәселелері.

             ҚЕХС және ПКИ орыс тіліне аударманың жоқ болу мәселелері.

             ҚЕХС бойынша есеп беруді құрастырудың инфраструктуралық мәселелері.

ҚЕХС жүйесінің әдістемелік аппаратының мәселелері – бұл стандарттың ережелерін қолдану кезінде қазақстандық және шет ел ұйымдары соқтығысатын ҚЕХС мәселелер жиынтығы. Айналада болып жатқан әр түрлі құбылыстар және есеп объектісінің әдістемесі туралы стандартты құрастырушылардың көзқарастарына байланысты ҚЕХС әдістемелік аппаратының теориялық аспектісіне тән мәселелер.

Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мәселелері – бұл ұйымда басқару құрылымын құрастыру кезінде болатын кемшіліктермен, бухгалтерлік есепті жүргізу нысандарын таңдаумен байланысты және ұйымдастыру мақсаты ҚЕХС қолдану арқылы есеп беруді құрастыру болып табылатын мәселелердің жиынтығы.

ҚЕХС және ПКИ орыс тіліне аударманың жоқ болу мәселелері – мекеменің негізгі қаржылық құжаттары орыс тілінде жүргізіледі, ал ҚЕХС мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару тек материалдық шығындарды ғана талап етпейді, сонымен қатар терминдер мен ұйғымдарды бертектес аударуды міндеттейді. Әр бір мекемеде аудармашының біліктілік деңгейінің әр түрлі болуына байланысты ҚЕХС мемлекеттік тілдегі немесе ағылшын тіліндегі базасын қолданса да бұл мақсатқа жету мүмкін емес.

Аударуға және баспа бетіне жариялауға ҚЕХСҚ жазбаша түрде рұқсат алған ұйымдар ҚЕХС мемлекеттік және орыс тілдеріне дұрыс аудару арқылы заңдық мәнділікке ие болады.

ҚЕХС бойынша есеп беруді құрастырудың инфраструктуралық мәселелері – бұл мемлекеттік мекемелер мен бухгалтерлік қоғаммен елдің экономикасына ҚЕХС енгізу процесінде нормативтік және ақпараттық қамсыздандырудың жетіспеушілігіне байланысты мәселелердің жиынтығы.

Қазақстандық ұйымдардағы есеп берудің сапасын бақылау мәселелері – бұл сыртқы аудит тәукелділігінің жоғары және ішкі бақылау жүйесі тиімділігінің төмен болуымен байланысты мәселелердің жиынтығы.

Сонымен, қазақстандық ұйымдарда ҚЕХС бойынша есеп және есеп беруді құрастыру мәселелерін жүйелілік шешу бір жағынан, есеп және есеп беруді ұйымдастыру процесіне ұйымның басшылығымен құрастырылған саясатқа, екінші жағынан, қаржылық есеп берудің инфрақұрылымы және сапасын бақылаумен байланысты мәселелерге қатысты мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар. Аудиторлық тексерудің соңғы этапы болып талдау табылады. Аудитор талдау жүргізу арқылы мәліметтеді қорытындылап, кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтай алады.

Нарықтық экономика жағдайында ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС қызметiнiң негiзi және түпкi мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткiштi талдауға аудару керек. Кәсіпорынның қаржы нәтижелері - ол оның табысы немесе зияны болып табылады. ҚЕ2ҰС 22-ші бөлімінде “Табыс” бойынша қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Бұл құрылтайшылардың салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі №2 «Пайда мен зиян» есебінде қарастырылады. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етудің экономикалық тиімділігі табыс табумен анықталынады. Табыстар – дегеніміз қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Қазақстан Республикасы 1995 жылы 26 желтоқсандағы “Бухгалтерлік есеп туралы” Заңында “табыстар” – дегеніміз есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы деп көрсетілген. Табыстар жинақталған түрде кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорын қызметінің басты мақсаты – табыс алу болып табылады. Нарықтық экономикада табыстар кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының негізі ретінде қарастырылады.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар өнімді өткізуден алынатын табыс, жалпы табыс, негізгі қызметтен түскен табыс, салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс және төтенше жағдайлардан алынған табыс.

Қаржылық экономика жағдайында ұйымның қызметін бағалаудағы көрсеткіштерінің бірі қаржы нәтижелері, яғни табыс немесе зиян.

Табыстың орындалуын талдаудың негізгі міндеттері:

             шаруашылық әрекеттің түпкі қаржы нәтижесі ретінде өнім өткізуден түскен табыстың орындалуын бағалау; салық салынуға дейін табысты бағалау;

             кәсіпорынның негізгі емес қызметтен түскен қаржы нәтижелерін талдау;

             табыстың арттыру резервтерін анықтау.

Табыстылық екi абсолюттi көрсеткiштермен сипаттталады. Оның бiрiншi абсолюттi көрсеткiшi өнiмдi өткiзуден алынатын табыс.

Өнiм өткiзуден түсетiн табыс соммасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиелiп жiберiлген тауарлардың жауапты сақталуындағы тиелiп жiберiлген тауарлардың өзгерiстерi белгiлi бiр әсер етедi. Қорлардың азаюы немесе керiсiнше өсуi бiрiншi жағдайда өткiзуден түсетiн табыс сомасының өсуiне, екiншiден - азаюына әсер етедi.

Қоғамдағы өнiмдi өткiзуден түскен табыс жоспарланған тауар өндiрiсiнен және бұйымдардың, сатып алушының жауапты сақталуындағы өтпеген бөлiгiнiң қалдықтарының өзгерiсiнен алынуы керек. Бiрақ өнiмдi өткiзуден түсетiн табыс көлемi жоспарының төмендеуi ауыспалы тауарлы материалдық қорлардың тым азаюы есебiнен болатын жағдайлар да кездеседi.

Жалпы табысқа әсер ететiн маңызды факторлар өзiндiк құн, сондықтан оның төмендеуi оның көлемiне көп әсерiн тигiзедi.

Табыстылықтың екiншi абсолюттi көрсеткiшi жалпы табысы. Ол өнiмдi өткiзудiң қаржылық нәтижесiн бiлдiредi және негiзгi қызмет нәтижесiнде өнiмдi өткiзуден түскен табыс пен өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құны арасындағы айырма ретiнде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететiн маңызды фактор өндiрiстiк өзiндiк құн, сондықтан оның төмендеуi оның көлемiне көп әсерiн тигiзедi.

Жалпы табыс көрсеткiшi кәсiпорынның белгiлi бiр кезеңде тапқан табысының жалпы сомасын сипаттайды, ол кәсiпорынның өндiрiстiк - шаруашылық қызметiнiң соңғы қаржылық нәтижелерiн көрсетедi.

Факторлық талдау - жалпы табысқа әсер ететiн баға, шығындар сияқты барлық факторлармен көрсеткiштердi талдау, солардың негiзiнде табыс анықталады.

Жалпы табыстың көлемiне келесi факторлар әсер етедi:

             өткiзiлген өнiм бағаларының өзгеруi;

             өткiзiлген өнiмнен түсетiн табыстың өзгеруi;

             өткiзiлген өнiмнiң бiр теңгесiне кеткен шығындардың өзгеруi.

Негiзгi қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бiр көрсеткiшi - бұл өткiзiлген өнiмнiң табыстылығы [11].

Өнiмнiң табыстылығының модификацияланған көрсеткiшi - бұл сату көлемiнiң табыстылығы, ол (1) формула бойынша анықталады:

                                                                                                 

                                                                    (1)

 

 

мұндағы, D- сату көлемiнiң табыстылығы;

D - жалпы табыс;

D - өнiмдi өткiзуден алынған табыс.

Сату көлемiнiң табыстылық деңгейiне өткiзiлген өнiмнiң құрылымының, оның өзiндiк құнының және өнiмдi сату бағаларының өзгерiсi ықпал жасайды. Ол 3.15 кестеде көрсетiледi.

Кесте 3.15

2008-2009жж. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС

сату көлемiнiң табыстылығын талдау

 

Р/с

Көрсеткiш

Өлшем бiрлiгi

Iс жүзiнде

Ауытқу (+;-)

2008ж.

2009ж.

1.

Жалпы табыс

мың тг

225536,5

167312,8

-58223,7

2.

Өнiм өткiзуден түскен табыс

мың тг

1813802,3

1824529,2

+10727,0

3.

Сату көлемiнiң табыстылығы (1:2х100)

%

12,4

9,2

-3,2

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру