Қазақстан дүниежүзілік саудаға енуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:43, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің дайындығы үстінде екені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен қиыншылығы неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс па? деген сұрақтарғажауап табу болды, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысындағы мәселерді қарастыру болды.
Мен курстық жүмысты жаза отырып алдыма міндеттер қойдым:
• ДСҰ-ның атқаратын қызметі
• ДСҰға кіру барысындағы қиыншылықтарды қарастыру.
• Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі мәселелерін шешу

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................2
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы, негізігі ережелері, қызметтері және құрылымы
1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы....................................................4
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары.................4
1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері...................................5
2. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар
2.1. Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы...........................11
2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымы кірудегі іс – шаралар, жобалар..........................11
2.3. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі( SWOT-анализ).........................12
3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
3.1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы.............................13
3.2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі қиыншылықтары........................................................................................................16
3.3. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары......................................................................................................................18
Қорытынды.................................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................22

Работа содержит 1 файл

ПОлный.docx

— 56.19 Кб (Скачать)

     ДСҰ-ға мүше елдерінің (АҚШ, Швейцария, Канада , Еуроодақ) маңызды талаптарының бірі – Қазақстанның секторлық инициативаны қабылдауы, ақпараттық технологиялар бойынша келісімге келуі, химиялық және фармацевтикалық өнімдерге тарифтердің гармониялы болуы.Алдын ала зерттеулер көрсеткендей секторлық инициатива талаптарын қабылдау бюджетке 1,8 млрд шығындарды алып келуі мүмкін.         

  Бесінші индикатор - мемлекеттік емес сектордың пайыз бойынша ЖІӨ сыртқы қарыздары, шаруашылық секторына жалпы түрде көмек көрсету. ДСҰ-ға кірген елдердің ауылшаруашылығына көмек көрсетудің жалпы өлшемі ЖІӨ 5 тен 10 %  құрайды. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі 8 % құрайды, ал тұрғындар саны 37%. Сондықтан еңбек ресурстарының ішкі миграциясы саясатын ЖІӨ-дегі үлкен үлесті алатын экономиканың секторларына бағыттау қажет.

Айта  кетсек, көршілес Қытай мемлекеті ДСҰ-ға жақында мүше болса да, үлкен табыстарға ие болып жатыр. Қытай делегациясының ДСҰ құрамына кірудегі тиімді жетістіктері ҚХР-дың «коридорларды» құруы болып табылады, яғни жұмыс күшінің бір елден екінші елдерге қозғалуына квоталар мен шектеулердің алып тасталынуы.        

 Еліміздің  прокуратурасының мәліметтері бойынша  2003 жылы Қазақстаннан Қытайға  ағылған ақша қаражаттары 700 млн АҚШ долларын құрады. Бюджетке түспеген салық соммасы – 10 млрд теңгені құрады, ол экономикамыздың қауіпсіздігіне қатер төндіруші фактор болып табылады. Сәйкесінше ДСҰ құрамына кіруден бұрын еңбек ресурстарының қозғалуына 2 жақты келісім нәтижесінде квоталар мен шектеулер енгізу қажеттігі туындауда.

Қазақстанның  ДСҰ құрамына кіруінің негізгі шарттарының бірі- субсидиялар мен компенсациялар келісімі. Субсидия саудаға кері әсерін тигізеді және экспорттаушы мен өндірушіге жеңілдіктер береді.        

 Сараптама  нәтижелері көрсеткендей экономикамыздың  бірнеше салаларында тарифтік  бақылау жүргізіледі және ол  айтылған келісімге қайшы келіп отыр.        

 Сонымен  бірге еліміздегі ішкі және  экспортты темір жол бойынша тасымалдаудағы қолданылатын дифференцияланған тарифтер ГАТТ-ың 3 және 11 статьяларына қайшы келеді, сол статьяға сәйкес – ДСҰ –ға мүше елдер импорттық тауарларға ұлттық режимді қолдану және экспортқа шектеулер қойылмауы қажет. [5]         

 Міне  ДСҰ-ға кіру барысында мемлекет  алдында осындай қайшылықтар,  қиыншылықтар кездесіп отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды келесі бөлімде айтатын боламын. 

3.3. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде  пайда болған қиыншылықтарды  шешу жолдары        

 Жоғарыдағы  тақырыпта айтылғандай мемлекет  алдында көптеген қиыншылықтар  кездеседі. Соған байланысты ДСҰ-ға  кіру үшін Қазақстан алып тастауы  қажет :

  • хабарландыру бойынша тариф дифференсациясын;
    • темір жол қызметіне экспорттық хабарландыруда берілетін төлем коэффицентін;

Сонымен қатар экспортты-импортты хабарлар бойынша тасымалданатын өнімдерге  жасалатын коэффиценттердің төмендеуі:

  • жалпы көмір тарифінің 50 %;
  • теміррудалық өнімге 15 %;
  • күкірт қышқылы 25% және ішкі хабарлама бойынша көмірге 15%, мазутқа 15%;

 

         Осының нәтижесінде  Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруі  туралы сұрақ туындайды. Егер  Қазақстан ДСҰ-ға кіретін болса,  алдында тұрған мәселелерді шешіп, одан тек экономикалық пайда алуға ұмтылуы тиіс.        

 Осыған  орай  ҚР-сының Үкіметі келесі іс-шараларды атқаруы тиіс:

  • табыс пен қызмет балансындағы үлкен теріс сальдоны төмендету;
  • төлем балансының оң сальдосын сақтап қалу;
  • жеке сектордың сыртқы қарыздарының өсуіне жол бермеу;
  • ұлттық валютаның нақты курсын тұрақтандыру;
  • Қазақстан мен Қытай арасындағы еңбек ресурстарына шектеулер қою туралы екі жақты келісім жасау;
  • елдегі валюталық операциялар заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және шетел азаматтарынан валютаны шетелге аударулары туралы салық органдарымен арнайы құжатты талап ету;
  • салық органдары мен заң органдарынан шетел азаматтарының Қазақстандағы статусын талап еткізу;
  • шетел азаматтарының отандық нарықтағы операцияларына мониторинг жүргізу;
  • шетел азаматтарының заңды тұлға болуын  заңды түрде белгілеу (Қ.Р.-да уақытша өмір сүруінде);
  • елімізден заңсыз түрде капиталды шығарудың алдын алу үшін қаржылық мониторинг құру;
  • субсидиялық және демпингтік импортты анықтау жағдайында макро және микроэкономикалық қызметті құру;
  • Қазақстанда электрондық ақпараттар базасын құру. Ол біздің экспорттаушыларымызға шетел нарығындағы өз өнімі үшін қойылатын кедендік тарифтерді біліп отыруына мүмкіндік береді. Отандық экспорттаушылар Халықаралық сауда орталығы арасында тығыз байланыс орнату;
  • ДСҰ нормаларына байланысты, еліміздің қызығушылықтарын білдіру мен оны қорғау мақсатында, антидемпингтік таластарға қарсы тұру үшін Конгресс пен Кәсіпкерлер Форумына бірігіп, «бизнес - бірлестіктерін», «экспорттаушы ұйымын» құруы қажет;
  • Қазақстандық экспортқа деген компенсациялық тергеуді болдырмау мақсатында экспорттаумен кәсіпорындарда мониторинг жүргізу керек тауарлардың құнына берілетін субсидиялар 5  % аспауы керек, қарыздар мен шығындарды өтеу мақсатындағы (бірлік, талдаманы) субсидияларды болдырмау және тағы басқа.

 

          Осындай саясат  нәтижесінде көптеген елдер өз  шығындарын минималды дәрежелерге  жеткізіп, өздерінің тұрғындарының әлеуметтік жағдайын тиімді шешуде. [9]

Жалпы, ДСҰ  – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады.Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансында көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса, активті сауда балансы дейміз. Керісінше болғанда пассивті сауда балансын құрайды.

Қазақстанның  сыртқы сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері, қара және түсті металлургия өнімдеріне бағаны төмендету әсер етті. 1998 жылы алдыңғы жылдық көрсеткішпен салыстырғанда экспорт 16 %  төмендеді. Бірақ импорттық түсім онше өзгеріске ұшыраған жоқ.        

 Қазақстанның  ДСҰ-ғы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы керек.        

 Қазақстан  Республикасы егеменді ел ретінде  қалыптасуы барысында халықаралық  экономикалық қатынастар ғылымын  қолға алып, оны оқуды жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.  
  
 

ҚОРЫТЫНДЫ        

 Курстық жұмысымның бұл бөлімінде «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымы құрамына кіру мәселелері »   атты   тақырыпқа   қорытынды жасаймын.     

 Ең алғашқы  бөлім Кіріспе, мен онда жұмысымның өзектілігін және мақсатын ашып көрсеттім. Ал келесі, яғни негізгі бөлімде жұмысымның өзекті тақырыптарын қарастырдым. Негізгі бөлім үш тараудан түрғандықтан бірінші тарауда қарастырғаным алдымен:

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымының пайда болуы;
  • заңдылық негіздері;
  • құрылымы мен қызметтері.

 

      Екінші    тарауда    Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысында жасалынып жатқан іс – шаралар мен бағдарламаларды қарастырдым.       

  Ал үшінші тарауда Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мәселелерін және кіру барысында болатын қиыншылықтарды қарастырдым және әдебиеттерге сүйене отырып оларға шешімдер ұсындым.       

Қорыта  келгенде, сарапшы мамандардың пікірінше, ДСҰ-на мүше болып кірудің Қазақстан  үшін артықшылықтары көп. Біріншіден,біз осы уақытқа дейін де халықаралық рынокқа мұнай мен металл, астық экспорттан келе жатқан елміз. Еліміздің негізгі табыс көздері осы өнімдер арқылы құралады. Демек, ДСҰ-ның мүшесі болғанымыз оларды өткізу жайын жеңілдетіп, табыс көлемі қазіргіден арта түсетіні анық, екіншіден, Қазақстан минералдық шикізат қорларына өте бай екені мәлім. Егер тиімді де орынды пайдалана білсек, жер астында жатқан бұл байлық ондаған жылдардың ішінде Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің біріне айналдырып, халықтың тұрмысымен қатар білім мен мәдениетінің жедел дамуына жол ашылады. Үшіншіден, Қазақстан секілді шағын ел үшін өзінің минералдық байлықтарын тиімді пайдаланудың ең дұрыс жолдарының бірі, оны мүмкіндігінше жеделдетіп, интеллектуалдық игілікке айналдыру, яғни адамдардың сапалық тұрғыдан өсуіне қызмет еткізу, индустриалдық инновациялық, аграрлық, азық - түлік, ауылдық аймақтарды дамыту секілді маңызды мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап және осы іске сүйреуші болатын даму қорларын құру. Ендігі кезекте өнім беруге көңіл бөліп, оны әлемдік стандарттарға сәйкестендіруді қолға алғандығына қарап, ел басшылығының осындай биік мақсатты көздеп отырғанын түсінуге болады.     

Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқына Жолдауында адам ресурстарын дамытуға нақты бағыт  ұстану қажеттігін қадап айтты. Адамның денсаулығы мен білімін жетілдіруге еңбек саласындағы бәсекелестік қабілетін арттыруға баса назар аударды.Мұндай үлкен мәселені шешу үшін елімізге көп қаржы керек. Ал ондай қаржыны біз өзіміздің ішкі қажеттілігімізді, яғни артық өнімдерімізді, әсірісе қазба байлықтарымызды сыртқы нарықтарға кедергісіз саудалай алғанда ғана табамыз. Яғни, біз қазір үлкен белестерге шығатын жолдың басындамыз, осы ДСҰ-ның әлі-ақ белді де беделді мүшесі боламыз, осы ұйымға кіретініміздің өзі киелі болашақ кепілі!          

 Осы сенімдер  мені болашақта Қазақстанда әркімнің  ар-намысы,абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани қүндылықтар ірге тепкен қоғамның орнайтындығына сендіреді.Осы қоғамда өмір сүріп, еңбек ету бақыты біздің ұрпақтың үлесіне тиетіндігіне мақтанамын! Білімді, сауатты адамдар - бұл XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Жаңа міндеттерді іске асыру осы заманғыша ойлайтындардың ғана қолынан келеді. Бүгінгі күн — талапты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік — жігері бар адамдардың уақыты. Олай болса бұл біздің -қазіргі заманның жастарының уақыты, міндеті, борышы деп ұғамын.  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 2008/www.akkorda.kz
  2. www.wto.kz/ kz
  3. малый и средний бизнес Казахстана//министерство индустрии и торговли Республики Казахстана 04.2008ж №4
  4. «Әлем экономикасы» Сахариев С. С. Сахариева А. С.
  5. www.google.kz
  6. «Аль Пари» 2005 ж 2
  7. «Деловой мир» 2005ж 4
  8. www.kazneb.kz
  9. «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» Н.Р.Күнжоқаев,Ж.Е.Сманқұлова
  10. «Вестник Университета Туран» 2005ж 1-2
  11. «Транзитная экономика»2005 5-6
  12. «Око» 2005ж 14 қаңтар

Информация о работе Қазақстан дүниежүзілік саудаға енуі