Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 09:54, сочинение

Описание работы

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.

Содержание

Жоспар:

1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың

ақпараттық негізі

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

финансовый анализ.docx

— 35.68 Кб (Скачать)

   ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойын-ша 1996 жылы 12 қарашада №2 каржылық есепті дайындау және тапсыруға қа-жетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қар-жылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтер-дің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.                                                                                                                     

   Табыстар  мен шығындар баптарынын арасына  койылған шектеулер тәжіри-беде жалпы  қабылданған болып табылады. Бұл  шектеу, баптың қалыптасу көзі осы  субъектінің ақша қаражаттарын болашақта  айналдыру мүмкіндігін бағалау  барысында белгілі бір маңызға  ие болады деген негізде жүргізіледі.                                                                                                                          

 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есеп-те кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықтала-ды және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезе-ңіндегі қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушьшарды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпа-раттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.                                                                                       

   Ақша  қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.                                                                                                                

   Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу  жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне  қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.                                                                                                   

   Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.                                              

   Қаржылық  қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражатта-рының  құрамы мен мөлшері өзгеріске  ұшырайтын субъектінің қызметі  болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізгі  арналары болып табылады.                                                                                                                

   Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері  ғана емес сонымен бірге басқа  да қаржылық есеп беру ны-сандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп беруде-гі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды. 

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық талдаудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.

   Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы  осы кәсіпорынның белгілі бір  кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.                                                                                  

   Қаржылық  талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:                                                                                                                                        

1) көлденең  талдау;                    

2) тікелей  талдау;                                                                                                                    

3) трендтік  талдау;                                                                                                              

4) салыстырмалы  талдау;                                                                                                     

5) факторлық  талдау;                                                                                                                  

6) қаржылық  коэффициенттер әдісі.                                                                                                                                                                  

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың логикалық  жалғасы оның қызметінің тиімділігін  сақтап тұру және кемшіліктерін жою  бойынша іс- шара-лар дайындау болып  табылады. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруда  ішкі жә-не сыртқы көздер пайдаланылуы мүмкін.

   Сыртқы  көздерге жаңа акциялар мен облигациялар шығару, дәрменсіз кә-сіпорындардың  басқа кәсіпорындармен қосылуы, банктік несиелер мен дота-циялар, лизинг, факторинг, дивидендтер төлеуді  уақытша тоқтату жатады. Ал қаржылық жағдайды сауықтырудың  ішкі көздеріне  өнімдердің сапасы мен бә-секе қабілеттілігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын  төмендету, тұрақты шығын-дар мөлшерін азайту, өндіріс қуаттылығын толық  пайдалану және пайдаланыл-майтын активтерді сату болып табылады. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1. Дүйсенбаев  К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева  Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.

2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.

3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.

4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995.

5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.

6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.

7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 1994.

Информация о работе Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты