ҚР инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 14:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................2
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инфляция түсінігі және мәні...................................................................3
1.2. Инфляцияның түрлері мен факторлары.................................................7
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
2.1. ҚР-да инфляцияның пайда болу себептері...........................................13
2.2. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары...........................17
ІІІ. ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовоой.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

   Мазмұны 

   КІРІСПЕ.....................................................................................................2

   І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

   1.1. Инфляция  түсінігі және мәні...................................................................3

   1.2. Инфляцияның  түрлері мен факторлары.................................................7

   ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ

   2.1. ҚР-да  инфляцияның пайда болу себептері...........................................13

   2.2. Инфляцияның  әлеуметтік – экономикалық салдары...........................17

   ІІІ. ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................................................................24

   ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................30

   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кіріспе 
 

   Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда  инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2009 жылы айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, несие-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі  - ақша-несие саясаты Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын. 2005-2008 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

   Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның  пайда болатын себептерін толығымен  анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

   Курстық жұмыстың міндеттері:

   - инфляцияның әлеуметтік-экономикалық  құбылысқа әсерін анықтау;

   - ҚР инфляциялық жағдайын талдау;

   - инфляция мәселелерін талдаудағы  перспективаларын қарастыру.

   Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.

   Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан  Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық  ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ  МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

   1.1. Инфляция  түсінігі және мәні 
 

   Экономикалық  құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт  өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflation - вздутие, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ – ғасырда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ – ғасырларда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес – өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде ХХ – жылдардың орта кезінде көрінді .

   Инфляция  дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.

   Инфляция  – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар  себепші болады:

  • Айналысқа ақшаның артық шығуы
  • Қолайсыз төлем балансы
  • Үкіметке сенімнің жоғалуы

   Инфляцияның көріну нысандары:

  • тауарлар мен қызметкерлерге бағаның өсуі, оның үстінде бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;
  • Ұлттық ақша бірлігіне қатысты бағамның төмендеуі;
  • Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көрінуі.

   Инфляциялық процестің қуаттылығы бағалауды  және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:

  • баяу – баға  жылына 10 пайызға өскенде.
  • өшірмелі – баға  100 пайыз шегінде өскенде
  • әсіре – баға жүздеген пайызға өскенде

   Бағаның өсу шарттары кезінде, халықтың әлеуметтік дифференциялауын күшейтеді

   Жиналу  қаблетін азайтады, ликвидті формадағы  жинаулар қысқарылады, олар натуралды түрге айналады, жинау және жұмсау қатынасы тұтыну жағына қарай жылжиды.

   Ұлттық  табыстың тепе-тең емес өсуі халықтың шын табысының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Инфляциямен басқару  эканомикалық және ақша-несие саясатының ең басты қиыншылығы болып табылады. Сонымен қатар инфляцияның көп қырлы, көп факторлы мінезін қарастыру керек. Оның негізінде тек монетарлық қана емес, сонымен біргеде басқа факторлар кіреді. Мемлекеттік шығындар толық мағынасындағы қысқарылуы, ақша эммиссясының бірте-бірте таратылуы кең көлемдегі антиинфлияциялық шараларды өткізуді талап етеді.

   Солардың  ішінде өндірістік тұрақтылық пен жандандыру, салық жүйесінің қайталанбастығы, ақшаның айырбастау курсының өзгеруі.

   Экономикасы ауыспалы мемлекеттерде инфляциялық  процестер өсу темпімен өзгереді. Осы өзгерістер инфляцияның ең ауыр, әрі басқарылмайтын қасиеті.

   Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2009 жылдағы жолдауында былай деп кеткен: «Ақша – несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамассыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар».

   Инфляцияның өрістеп, күшеюі эканомикалық және қарама-қайшылықтарды  асқындырып жіберетіндігінен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.

   Инфляция  кезінде мемлекет іс-қимылының екі  нұсқасы болады:

   1. Бейімделу саясат жүргізу немесе  инфляцияға бейімделу; бұл кезде  табыстарды, жалақыны, компаниялар  мен фирмаларды қысқа мерзімде  жобаларды өткізеді.

   2. Инфляцияны төмендету немесе  басу жөнініде инфляцияға қарсы  шаралардың кешенін жүргізу.

   Инфляцияға  қарсы саясат - инфляциямен күрес  бағытталған эканомиканы мемелекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.

   1. Дефляциялық саясат

   2. Кірістер саясаты

   Инфляция  – сұранымға қатысты ұзақ уақыт  теңсіздік нәтижесінде елдегі жалпы  баға деңгейінің өсуі. Яғни инфляция жиынтық  ұсынымның сәйкес келмеуі .

   Инфляция  дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

     Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады.  Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді, ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б байланысты.

   ХХ  – ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік  нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік  тұрақтылығы әлемнің бірде –  бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.

   Мемлекет  сұранымды шектеу  мақсатында  инфляцияға  қарсы  іс – шаралар  жүргізуі қажет.  Жаңа классикалық  экономистердің айтуынша  өндірістің  өсуін ынталандыру  және жұмыссыздықты  қысқарту  саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция  осы күнгі  нарықтық  экономиканың  табиғатына  сай келеді, инфляция жағдайларын  (бюджет тапшылығы,  монополия, қағаз ақша, т.б.) толық  жою мүмкін емес. Осыған байланысты  инфляцияны толық жою  мүмкін  еместігі өзінен - өзі  және алдын ала  белгілі. Сондықтан  да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

   Батыс  елдерінде жинақталған  тәжірибе  көрсеткендей,  инфляцияға  қарсы  ұзақ  және қысқа  мерзімдік іс – шаралар  саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің ұзақ  мерзімдік саясаты:

   Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген  үкімет инфляцияға  қарсы саясатты үздіксіз  де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің  белсенді іс  шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай  саясаты  тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

   Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Ұлттық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

   Үшіншіден, ақша  айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық  ақша  көлемінің  өсуіне  шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға  мүмкіндік береді.

   Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру  үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын  инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті  мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады. 

   Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.

   Инфляция  сыртқы экономикалық қызмет тарапынан  арандатылуы мүмкін, бұл - импортталатын  жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер Ұлттық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және несиетік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

   Экспортталатын  инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және Ұлттық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

Информация о работе ҚР инфляция