Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:12, реферат

Описание работы

Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екенін кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі пайдалыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су тағы да басқа игіліктер туралы сөз болу керек.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.
Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі.
1) Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
2) Еңбек нарығы
3) Жер нарығы
4) Капитал нарығы
5) Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

эконом теория срс.docx

— 42.33 Кб (Скачать)

    5. Банктердің коммерциялық несиелері – бұл екінші деңгей банктер арасында жүзеге асырылады. Яғни коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғаларға ұзақ және орта мерзімді аралығындағы әртүрлі несиелермен қамтамасыз етудә айтамыз.

     6. Ұзақ мерзімді тұрғын ұй несиесі – бұл жағдайда түсіндіру үшін жеке тұлғаларды немесе жаңа үйлермен жанұялар үшін ұзақ мерзімді несиелермен қамтамасыз ету. Яғни бұл несие 20-25 жылға дейін беріледі. Дұған мысал ретінде ҚР ипатека және ипатка лайт несиелері көрсетілген.

     7. Ұзақ мерзімді несие және тұтыну несиелері – несинің бұл түрін тұтынушылар өз қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында немесе өндіріс процестері банкрод болған жағдайда өз ісін ары қарай жалғастыру үшін осы ұзақ мерзімді несиелерді пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер нарығы

 

    Өндірістің үшінші факторы – жер. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игіліктер капиталға жатады, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игіліктер жерге жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның ауданының шектеулілігінде. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, оның сол сияқты өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Белгілі бір жер учаскесін пайдалану әуел бастан адамның қолынан келер істің бәрі. Әр уақытта есте болатын жәйт, жер ұғымы ең кең мағынада қолданылады. Ол белгілі өлшемде табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылық, ол жердің өзі, су ресурстары немесе қазбалы байлықтары. Жер бетінің белгілі бір учаскелері адамның өндірістік қызметіне ықпал етеді. Мысалы, балық аулауда теңіздер мен өзендерді пайдалану, өндіруші өнеркәсіпте қазбалы кеңдерге бай учаскелер қажет, құрылыс үшін құрғақ жердің бір бөлігін пайдалану (мұнда талғамды табиғат емес, адам анықтайды). Алайда жер туралы әңгіме, ең алдымен оны ауыл шаруашылығында пайдаланумен байланысты болады. Фермер үшін жер белгілі бір ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің құралы. Жердің механикалық және химиялық қасиеттерімен анықталатын құнарлылығы болуы керек. Механикалық қасиеттері бойынша жер жұмсақ, бірақ суды өте еркін өткізе бермейтін болуы шарт, сондай-ақ тығыз, батпақты болмауы да маңызды, өйткені ондай жер өсімдік өсіруге жарамсыз болады. Жердің құрамында өсімдіктер өз бойына жеңіл сіңіретін органикалық емес элементтер керекті мөлшерде болуы керек. Адам механикалық өндіруді пайдаланып, органикалық және химиялық тыңайтұыштарды енгізе отырып, белгілі бір көлемде жер қыртысының сапасын өзгерте алады. Сонымен жердің қасиетін екіге бөлуге болады, табиғи және табиғи емес, яғни жасанды. Алайда учаскенің орналасуы табиғи климат жағдайын қамтитын қасиет ең бастысы, өйткені осы қасиет жер меншігі мен рента теориясына ерекше маңызды сипат береді.

    Әрине, адам белгілі бір дәрежеде жер құнарлылығына ықпал етеді, алайда ол шексіз емес. Ерте ме, кеш пе жерге жұмсалған үстеме қаржы жұмсалады. Міне енді жерге байланысты, жер құнарлылығының кеми беруі дейтін заңға тоқталуға тура келеді. Бұл заң тиімділік максималды дәрежеге жеткенде әрекет ете бастайды. Тиімділіктің төмендеу үрдісінің белгілі бір уақытта әр агротехниканы жетілдірумен байланысты тежеліп тоқтауы да мүмкін. Алайда жер өнімдеріне сұраныс шексіз өсетін болса, тиімділіктің төмендеу үрдісін тоқтату да мүмкін болмайды. Құнарлылықтың кеми беру үрдісі заңын тек жерге пайдалануға болады, өйткені оның өндірісінің басқа факторларынан айрықша қасиеті – шектеулілігі. Жерді интенсивті түрде өңдеуге болады, алайда өңдейтін жер көлемін ұлғайтуға болмайды, себебі өңдеуге жарамды жер көлемі өзгермейді, ол шексіз емес.

Жердің саны шектелген, сондықтан  жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар  әсер етеді:

  1. Жер құнарлылығы;
  2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны  пайдаланғанда осы ресурстың  иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді.

 Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Дифференциальды рентаның -  қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

  1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.

Жердің құнарлылығын жасанды  жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды.

2.  Дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

    Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның  меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда,  өндіріс «қоғамдық процесс»  саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы  қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

 

 

 

Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі

 

    Алғаш рет кәсіпкерлік  және кәсіпкер терминін XVII ғасырдың аяғы  XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон(1650 – 1734 ж.ж) енгізді. Ричард Кантильон кәсіпкер деп тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адамды сипаттайды.

    А.Смиттің  “Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы зерттеулер” еңбегінде кәсіпкердің сипаттарына көп назар аударды. Ол кәсіпкерді өзінің комерциялық идеясын өткізіп ,пайда табу мақсатында тәуекел ететін меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесінде иелік етеді.

    Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

    Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

    Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

     1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

    2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.

     3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

     4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн.

    Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

 Кәсіпкерліктің түрлері  :

    1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

    2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

    3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

     4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді

1) ұжымдық – құқықтық 

2) ұжымдық экономикалық.

 Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер – адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

 Қатысушылары серіктестік  міндеттемелері бойынша өздерінің  жарғылық қорға салымдарымен  жауап беретін, ал бұл сомалар  жеткіліксіз болған жағдайда  өздеріне тиісілі мүлікпен оған  өздері еселенген мөлшерде енгізген  салымдар арқылы жауап беретін  серіктестік қосымша жауапкершілігі  бар серіктестік деп табылады.

 Бір немесе бірнеше  адам құрған, жарғылық қоры құрылтай  құжаттарымен белгіленгенмөлшерде  үлеске бөлінген серіктестік  жауапкершілігі шектеулі серіктестік  деп аталады. 

 Толық серіктестіктің  мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда  қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері  бойынша өзіне тиесілі барлық  мүлкімен ортақ жауапкершілікте  болатын серіктестік толық серіктестік  деп аталады. 

 Жарғылық қоры акциялардың  нақты құнына тең белгілі бір  санына бөлінген серіктестік  акционерлік қоғам деп аталады,  және ашық және жабық түрде  болады.

 Қатысушылары өздеріне  тиесілі акцияларды басқа акционерлердің  келісімінсіз бөліп бере алатын  акционерлік қоғам ашық акционерлік  қоғам болып табылады. Ашық акционерлік  қоғам өзі шығаратын акцияларға  ашық түрде жазылу жүргізуге  және оларды заңдармен белгіленген  жағдайларда еркін сатуға құқылы.

 Акцияларды тек өз  құрылтайшылары немесе алдын  ала белгіленген өзге адамдар  арсында таратылатын акционерлік  қоғам жабық акционерлік қоғам  болып табылады. Жабық акционерлік  қоғамның өзі шығаратын акцияларға  ашық түрде жазылу жүргізуге  не оларды сатып алуға өзгеше  түрде адамдардың шектеусіз тобына  ұсынуға құқығы жоқ. 

 Азаматтардың бірлескен  кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік  негізде, олрадың өз еңбегімен  қатысуына және өндірістік кооператив  мүшелерінің мүліктік үлестерін  біріктіруіне негізделген ерікті  бірлестігі өндірістік кооператив  деп танылады.

 Кәсіпкерліктің  ұжымдық – экономикалық формалары. 

     1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

     2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

     3. Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

    4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

     5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

     6. Қаржы- өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

     Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын табылады.

    Кәсіпорын дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект.         Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

    Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – құқық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

    1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктістік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

    2. Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

     3. Жауапкершілігі шектелген серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

    4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

    5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.

    6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.

    7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік  құқұғы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

Информация о работе Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі