Экспорттық бақылау туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 07:41, реферат

Описание работы

МАЗМҰНЫ Осы Заң халықаралық және ұлтқ қауiпсiздiк мүддесiне орай қаружараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылымитехникалық ақпарат пен өрсетiлетiн қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырыпжоятын қаруды таратпау режимiн нығайтудың негiздерi мен тәртiбiн белгiлейдi.

Работа содержит 1 файл

Экспорттық бақылау туралы.docx

— 25.03 Кб (Скачать)

2. Өнiмнiң экспорты мен импорты  лицензиялар негiзiнде жүзеге  асырылады. 

3. Өнiмнiң экспорты мен импортын  лицензиялау Қазақстан Республикасының  лицензиялау туралы заңнамасына  әйкес жүзеге асырылады.                                                             4. Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнiмнiң керi экспорты уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша, кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының аумағына  әкелiнген өнiмнiң керi экспорты  өнiм шығарылған елдiң құзыреттi органының рұқсаты бойынша жүзеге  асырылады. 

6. Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының немесе  басқа мемлекеттердiң Қазақстан  Республикасы аумағында уақытша  орналасқан әскери құралымдарының  қаруланымында (жарақтанымында) қолданылып  жүрген жарақтарды, өнiмдердi жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан  Республикасының Мемлекеттiк шекарасы  арқылы өткiзу, сондайақ өнiмдi Қазақстан  Республикасының аумағынан тыс  жерде өңдеу уәкiлеттi органның  шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 

7. Экспорттық бақылауға жататын  шикiзат не өнеркәсiп өнiмi үлгiлерiнiң  ең аз мөлшерiн көрмелерде көрсету  үшiн, экспорттық бақылауға жататын,  коммерциялық құндылығы жоқ осы  шикiзатқа не өнеркәсiп өнiмiне  ықтимал ұранысты анықтау мақсатында  зерттеулер (сертификаттау) жүргiзу  үшiн өнiмдi, сондайақ Қазақстан  Республикасы ратификациялаған  халықаралық шарттарды орындау  үшiн халықаралық ұйымдардың инспекторлары  iрiктеп алатын сынамалар үлгiлерiн Қазақстан Республикасының аумағынан әкету лицензиясыз жүзеге асырылады.

8. Өнiмнiң Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзiлуiне  бақылау жасауды Қазақстан Республикасының  кеден органдары жүзеге асырады. 

9. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шарттарда  өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық  мәмiлелердi жүзеге асыру кезiнде  мәлiмдеушi келiсiмшарт талаптарында  Қазақстан Республикасының экспорттық  бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының  өнiмнiң түпкi пайдаланылуын тексеруге  қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi көздеуге мiндеттi.

10. Уәкiлеттi орган өнiм шығарылған  елдiң құзыреттi органы берген  ұқсаттың дұрыстығын айқындауға  құқылы. Ескерту. 9бапқа өзгерту енгiзiлдi ҚР 2010.06.30 N 297(2010.07.01 бастап қолданысқа  енгiзiледi) Заңымен. 

10бап. Тұтастай қамтитын бақылау 

1. Тұтастай қамтитын бақылау  талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер қы экономикалық қызметке  қатысушыларға (мәлiмдеушiлерге)  осы өнiм және зияткерлiк шығармашылық  қызмет нәтижелерi шет мемлекеттiң  не шетелдiктердiң немесе шетелдiк  заңды ұлғалардың жаппай қырыпжоятын  қару мен жеткiзу құралдарын  жасау мақсаттары үшiн пайдаланылатыны  анық белгiлi болса, оларға бұл  өнiммен, зияткерлiк шығармашылық  қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық  мәмiлелер жасасуға немесе оларға  өзге де кез келген түрде  қатысуға тыйым салынады.

2. Сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылар (мәлiмдеушiлер) Қазақстан  Республикасының лицензиялау туралы  заңнамасында белгiленген тәртiппен  осы Заңның 8бабының қолданылу  аясына жатпайтын өнiммен, зияткерлiк  шығармашылық қызмет нәтижелерiмен  қы экономикалық мәмiлелердi жүзеге  асыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк  органның лицензиясын: 

1) оларды Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау жүйесiнiң  уәкiлеттi органы немесе өзге де  мемлекеттiк органы аталған өнiм  мен зияткерлiк шығармашылық қызмет  нәтижелерi осы баптың бiрiншi тармағында  көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар еткен;

2) олардың аталған өнiм мен  зияткерлiк шығармашылық қызмет  нәтижелерi осы баптың бiрiншi тармағында  көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы  мүмкiн деп пайымдауларына негiз  болған жағдайларда алуға мiндеттi.

11-бап. Ұйымдардағы фирмаiшiлiк  экспорттық бақылау жүйесi 

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының  өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде  белгiленген экспорттық бақылау ережелерiнiң  орындалуын қамтамасыз ету үшiн жаппай қырыпжоятын қаруды, жеткiзу құралдарын және қаружарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерiн жасау кезiнде  пайдаланылуы мүмкiн өнiмге қатысты  сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру  кезiнде экспорттық бақылау ережелерiн  орындауды қамтамасыз ету, аталған  салада құқық бұзушылықты болғызбау  үшiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) фирмаiшiлiк  экспорттық бақылау жүйелерiн құрады.

12бап. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы  кезеңде және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттiк бақылау 

1. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы  кезеңде және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттiк бақылау  тексеру нысанында және өзге  де нысанда жүзеге асырылады. 2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттiк бақылау және қадағалау  туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес жүзеге асырылады.  Мемлекеттiк бақылаудың өзге де  нысандары осы Заңға сәйкес  жүзеге асырылады. Ескерту. 12бап  жаңа редакцияда ҚР 2009.07.17. N 188IV (қолданысқа  енгiзiлу тәртiбiн 2баптан қараңыз)  Заңымен, өзгерту енгiзiлдi ҚР 2011.01.06 N 378(алғашқы ресми жарияланғанынан  кейiн күнтiзбелiк он күн өткен  соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

13бап. Сыртқы экономикалық мәмiлелердiң  есебi

1. Сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылар (мәлiмдеушiлер) экспорттық  бақылау мақсаттары үшiн өнiммен  сыртқы экономикалық мәмiлелердiң  есебiн жүргiзуге мiндеттi.

2. Өнiммен, зияткерлiк шығармашылық  қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық  мәмiлелерге қатысты құжаттар, егер  Қазақстан Республикасының заңнамасында  неғұрлым ұзақ сақтау мерзiмi  белгiленбесе, бес жыл бойы  сақталуға тиiс. 

3. Экспорттық бақылау мақсаттары  үшiн сыртқы экономикалық мәмiлелер  есебiнiң ережелерi мен нысанын  уәкiлеттi орган айқындайды.

14бап. Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылауға байланысты  халықаралық санкцияларға қатысуы 

Қазақстан Республикасының бiр  мемлекетке немесе бiрқатар мемлекеттерге  қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы  және бұл санкциялардың қолданысқа енгiзiлуi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа да халықаралық ұйымдар  шешiмдерiнiң негiзiнде Қазақстан  Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы бiржақты қолдана  алады.

15бап. Өнiмнiң экспортын, импортын, транзитiн және Қазақстан Республикасының  аумағынан тыс жерде өңделуiн  шектеу Ескерту. 15баптың тақырыбына  өзгерту енгiзiлдi ҚР 2010.06.30 N 297(2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

1. Шет мемлекеттер Қазақстан  Республикасы алдында алған мiндеттемелерiн  бұзған жағдайда, сондайақ Қазақстан  Республикасы қатысушысы болып  табылатын халықаралық ұйымдардың  шешiмдерi бойынша өнiмнiң экспортына, импортына, транзитiне және Қазақстан  Республикасының аумағынан тыс  жерде өңделуiне Қазақстан Республикасының  шектеулер енгiзуге, оларға эмбарго  белгiлеуге дейiн құқығы бар. 

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi  ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету  және Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарын орындау  мүдделерiн негiзге ала отырып, өнiмнiң экспортына, импортына, транзитiне  және Қазақстан Республикасының  кеден аумағынан тыс жерде  өңделуiне шектеулер енгiзiлетiн  мемлекеттердiң тiзбесiн белгiлейдi және жекелеген мемлекеттер мен  ұйымдарға қатысты санкция туралы  ақпаратты сыртқы экономикалық  қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер)  назарына жыл сайын жариялап  отырады. Ескерту. 15бапқа өзгерту  енгiзiлдi ҚР 2010.06.30 N 297(2010.07.01 бастап қолданысқа  енгiзiледi) Заңымен. 

16бап. Экспорттық бақылау саласындағы  ақпаратты беру жөнiндегi мiндеттеме 

1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау жүйесiнiң  мемлекеттiк органдарынан және  шет мемлекеттердiң органдарынан, қы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлiмдеушiлерден) экспорттық бақылау  саласына жататын қажеттi құжаттар  мен ақпаратты сұратуға және  алуға құқылы.

2. Қазақстан Республикасының экспорттық  бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк  органдары уәкiлеттi органнан, Қазақстан  Республикасының экспорттық бақылау  жүйесiнiң басқа да мемлекеттiк  органдарынан және шет мемлекеттердiң  органдарынан, сыртқы экономикалық  қызметке қатысушылардан (мәлiмдеушiлерден) экспорттық бақылау саласына  қатысты қажеттi құжаттар мен  ақпаратты сұратуға және алуға  құқылы.

3. Экспорттық бақылау саласындағы  сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылар (мәлiмдеушiлер) ұсынған  құжаттар мен ақпарат тек қана  экспорттық бақылау мақсатында  пайдаланылады. 

4. Мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық  және өзге де заңмен қорғалатын  құпияны құрайтын құжаттар мен  ақпарат, сондайақ экспорттық  бақылау саласындағы сыртқы экономикалық  қызметке қатысушыларға (мәлiмдеушiлерге)  қатысты құпия ақпаратты Қазақстан  Республикасының экспорттық бақылау  жүйесiнiң уәкiлеттi органы мен  мемлекеттiк органдарының лауазымды  ұлғаларының қызметтiк емес мақсаттар  үшiн жария етуiне, қолдануына  болмайды, сондайақ Қазақстан Республикасының  заңдарында өзделген жағдайларды  қоспағанда, оны мемлекеттiк органдарға  және үшiншi тұлғаларға беруге  болмайды.

5. Сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылар (мәлiмдеушiлер) уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау жүйесiнiң  мемлекеттiк органдарының талабы  бойынша аталған органдардың осы Заңда өзделген мiндеттер мен функцияларды орындауы үшiн қажеттi құжаттар мен ақпаратты ұсынуға мiндеттi.

17бап. Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау саласындағы  халықаралық ынтымақтастығының  мақсаттары мен нысандары                                                1. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау және жаппай қырыпжоятын қаруды таратпау режимдерiн күшейту саласында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

2. Қазақстан Республикасының экспорттық  бақылау саласындағы халықаралық  ынтымақтастығы:

1) жаппай қырыпжоятын қаруды, жеткiзу  құралдарын, сондайақ оларды жасау  технологияларын таратуды болғызбау  жөнiнде шет мемлекеттермен бiрге  үшжiгердi және өзара iсқимылды  үйлестiру;

2) халықаралық қатынастардың тұрақты  және қауiпсiз жүйесiн қалыптастыруға  жәрдемдесу;

3) Қазақстан Республикасының экономикасын  әлемдiк экономикаға тең құқықты  және өзара тиiмдi негiзде ықпалдастыру  үшiн қолайлы жағдайлар жасау; 

4) Қазақстан Республикасының өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызметтiң  нәтижелерiмен, оның iшiнде зияткерлiк  шығармашылық қызмет нәтижелерiне  құқықтармен халықаралық алмасуға  қатысуын жандандыру, сыртқы экономикалық  қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң)  жоғары технологиялардың әлемдiк  нарықтарына енуi үшiн мүмкiндiктердi  ұлғайту; 

5) экспорттық бақылаудың халықаралық  және мемлекетiшiлiк тетiктерiн  жетiлдiру, Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау туралы заңнамасын  бұзу фактiлерiн және оларды  бұзған тұлғаларды анықтау мақсатында  жүзеге асырылады. 

3. Қазақстан Республикасының экспорттық  бақылау саласындағы халықаралық  ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының  халықаралық экспорттық бақылау  режимдерiне және халықаралық  форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен  және халықаралық ұйымдармен  келiссөздер мен консультациялар  жүргiзу, өзара ақпарат алмасу, сондайақ  аталған салада екiжақты және  көпжақты негiзде бiрлескен бағдарламалар  мен өзге де iсшараларды iске асыру  арқылы жүзеге асырылады. 

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  органдары экспорттық бақылау  саласында халықаралық ұйымдармен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, сондайақ шетелдiк үкiметтiк емес  ұйымдармен Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен  өз құзыретi шегiнде өзара iсқимылды  жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы  экспорттық бақылаудың мемлекетiшiлiк  тетiктерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiне  жәрдемдесудi мақсат ететiн отандық  ұйымдар мен шетелдiк үкiметтiк  емес ұйымдар арасындағы келiсiмшарттарды  дамытуға және ақпарат алмасуға  жәрдемдеседi.

18бап. Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау туралы заңнамасын  бұзғаны үшiн жауаптылық 

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

19бап. Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау жүйесiнiң  уәкiлеттi органы мен мемлекеттiк  органдары лауазымды тұлғаларының  шешiмдерiне және әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау 

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы мен мемлекеттiк органдары лауазымды  тұлғаларының экспорттық бақылауды  жүзеге асыру кезiндегi шешiмдерi мен  әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.

20бап. Осы Заңды қолданысқа  енгiзу тәртiбi                                                                                                                                  1. Осы Заң ресми жарияланған  күнiнен бастап алты ай өткеннен  кейiн қолданысқа енгiзiледi. 2. "Экспорттық  бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы  Қазақстан Республикасы Заңының  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң  Жаршысы, 1996 ж., N 89, 240құжат; 2000 ж., N 20, 377құжат; 2003 ж., N 18, 143құжат; 2004 ж., N 23, 142құжат; 2007 ж., N 2, 18құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Информация о работе Экспорттық бақылау туралы