Эконом қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 09:15, лекция

Описание работы

Экономикалық қауіпсіздік – экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау. Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі буындарының құлдырауы, ұлттық байлыққа нұқсан келу, технологиялық артта қалушылық, қаржы - несие, валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми әлеуметтік регресс, қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз ете алмау сияқты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын қауіптің мүмкіндігі. Экономикалылық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады.

Работа содержит 1 файл

срс экономикалық қауіпсіздік.docx

— 13.68 Кб (Скачать)

Экономикалық қауіпсіздік – экономикалық тәуелсіздігі  мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау. Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі буындарының құлдырауы, ұлттық байлыққа нұқсан келу, технологиялық артта қалушылық, қаржы - несие, валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми әлеуметтік регресс, қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз ете алмау сияқты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын қауіптің мүмкіндігі.  Экономикалылық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау.

Экономикалық  қауіпсіздік пен тәуелсіздік  қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер туындайды:

1. Республикада  экономикалық қызметтің тұрақты  заңды базасын құру.

2.Валюта - қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету, ішкі және сыртқы       қарызды реттеу.

3. Өндіріс,  экспорт,импортты оңтайландыру.

4. Шетел  капиталын пайдаланатын кәсіпорындардың  құрылуы мен қызмет істеуін  реттеу.

5. Жабық,  құпия, комерциялық құпияны және  басқа да ақпаратты, меншіктік  зияткерлікті қорғау жүйесін  құру.

6. Экономикалық  қауіпсіздік пен тәуелсіздікті  қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік  басқару органдарының   жүйесін  құру.

Қазақтан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:

   - горизонтальді және вертикальді  түрдегі шаруашылық байланыстардың  бұзылуы;

- шаруашылықтың  техника-технологиялық базасының  азаюы;

- жұмыссыздық;

- инфляция;

- салық  салудан көпшіліктің қашуы;

- экономиканың  және қоғамның қылмысы;

- ішкі  және сыртқы қарыздың ірі көлемділігі;

- валюталық  ресурстардың азаюы.

Қазақстандық экономиканың сыртқы экономикалық қатерлеріне келесілерді  жатқызамыз:

  • импорттық тәуелділіктің өсуі;
  • экономиканың тым ашық болуы;
  • экономикалық  динамиканың жаһандануы;
  • халықаралық ұйымдар мен байланыстардың ролі;
  • халықаралық еңбек бөлінісі мен сауданың динамикасы мен құрылымы.

Информация о работе Эконом қауіпсіздік