Қазақстандағы орта және шағын бизнестері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 03:11, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады.

Содержание

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................................................................3-4
І Бөлім Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы.................5-19
1.1 Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы алатын рөлі............5-13
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны..................................................................14-19
ІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық – несиелік қолдау механизмін талдау..................................................................................................................20-23
2.1 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау...............................................................................20-23
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау........................................................................................................................24
ІІІ Бөлім Экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде шағын және орта бизнес...................................................................................................................25-31
3.1 Экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде шағын және орта бизнес...................................................................................................................25-31
Қорытынды........................................................................................................32-33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................34

Работа содержит 1 файл

kursovoi(ET)Қазақстандағы орта және шағын бизнестің дамуы.doc

— 204.50 Кб (Скачать)
 

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе.....................................................................................................................3-4 

І Бөлім Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы.................5-19

1.1 Шағын  және орта бизнестің экономика  дамуындағы алатын рөлі............5-13

1.2  Қазақстан  Республикасындағы шағын және  орта бизнестің дамуындағы банктік  несиелеудің алатын орны..................................................................14-19 

ІІ  Бөлім Қазақстан  Республикасындағы  шағын бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық – несиелік қолдау механизмін талдау..................................................................................................................20-23

2.1 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес  және оны қаржыландырудың  заңдылық негіздерін талдау...............................................................................20-23

2.2  Шағын   бизнесті  несиелендірудің     қалыптасқан     механизмін  талдау........................................................................................................................24 

ІІІ Бөлім Экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде шағын және орта бизнес...................................................................................................................25-31

3.1 Экономикалық  зерттеулердің объектісі ретінде  шағын және орта бизнес...................................................................................................................25-31 

Қорытынды........................................................................................................32-33 

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................34 
 
 
 
 

Кіріспе.

     Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі болып - банктік несие табылады. Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.

     Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің  артуы көрініс табады. Отандық  банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, проценттік ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелерді бөліп отыр. Себебі, әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың методикасын жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін сауатты анықтауда қолдануы қажет.

     Тақырыптың  өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi,  қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржы жеткiлiктiлiгі жағдайларының болғаны  дұрыс.

     Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау, несиелеу процесінің теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу процесінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

     Курстық жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден  тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І Бөлім Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы.

1.1 Шағын және орта  бизнестің экономика  дамуындағы алатын рөлі.

     Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін  ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу  көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисті Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функцйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

     Кейбіреулері  болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

     Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі  сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына  тура келеді, бұл бір қатар экономистер  мен студенттерді дұрыс емес бағытта  талқылауды қорғайды.

     Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.

     Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы  құрамдас элементтерге шартты бөлудің  дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

     Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

     Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп  көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

     Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі  өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика  «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың  базисі.

     Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

     Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің  тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар  және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

     Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

     Нарықтық  экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра  отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.

     Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес»  түсініктері  экономикалық тұрғыдан қарастырғанда  синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

     Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне  сәйкес « кәсіпкерлік – азаматтар  мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады ».

     Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік  » пен « бизнес » терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік  » және « шағын бизнес » бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

     Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты  табыстарының бірі – орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.

     Шаруашылық  жүргізудің жаңа формаларын қолданбай  еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.

     Шағын және орта бизнестің мәнi мен мағынасын  тереңірек бiлу үшiн, ең алдымен сол  шағын және орта бизнестi алып жүрушi субъект – кәсiпкер кәсіпкерлік  терминiне  тоқталып өтелік. Кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес негiздерi теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, кейінрек И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист - ғалымдар негiзiн қалаған.

Информация о работе Қазақстандағы орта және шағын бизнестері