Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазiргi экономикадағы бағалы қағаздардың дамуы, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын қарастыру. Акционерлік қоғам және бағалы қағазадар нарығының мәні мен түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау;
- Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын жетілдіру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздері
1.1 Акционерлік қоғамдардың құрылу аспектілері..........................................5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері........................................................................10
1.3 Бағалы қағаздар нарығын реттеу................................................................15
II. Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздардың дамуы....................................................21
2.2 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операциялары................................................................................................26
2.3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы
акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу..............................................32
III. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын жетілдіру
3.1 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын дамыту жолдары............................................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........

Работа содержит 1 файл

Акция.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 
 

Кіріспе......................................................................................................................3 

I. Акционерлік  қоғамдардың қызмет ету негіздері

   1.1 Акционерлік қоғамдардың құрылу  аспектілері..........................................5

   1.2 Бағалы қағаздардың түрлері........................................................................10

   1.3 Бағалы қағаздар нарығын реттеу................................................................15 

II. Қазақстандағы  акционерлік қоғамдардың қызметін талдау

   2.1 Қазақстанда бағалы қағаздардың  дамуы....................................................21

   2.2 Акционерлік  қоғамдардың бағалы қағаздармен  жасалатын 

         операциялары................................................................................................26                                                                                             

   2.3 Қазақстан Республикасының бағалы  қағаздар нарығындағы 

         акционерлік  қоғамдардың қызметін реттеу..............................................32 

III. Акционерлік  қоғамдардың бағалы қағаздармен  жасалатын 

      операцияларын жетілдіру

    3.1 Акционерлік қоғамдардың бағалы  қағаздармен жасалатын 

           операцияларын дамыту жолдары............................................................36 

Қорытынды............................................................................................................45 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................47 
 
 
 
 

Кiрiспе 

     Зерттеу жұмысының өзектілігі – акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары. Бағалы қағаздар нарығында өзiне тән қаржы институттары жүйесi қалыптасып, оларда экономикалық өрiстеудiң қаржы көздерi шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.

     Зерттеу жұмысының мақсаты -  қазiргi экономикадағы бағалы қағаздардың дамуы, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын қарастыру. Акционерлік қоғам және бағалы қағазадар нарығының мәні мен түрлерін  қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу.

      Зерттеу жұмысының міндеттері:

-   Акционерлік қоғамдардың қызмет  ету негіздерін зерттеу;

-   Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың  қызметін талдау;

- Акционерлік  қоғамдардың бағалы қағаздармен  жасалатын операцияларын жетілдіру.

      Жұмыстың  зерттеу пәні – акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар нарығы, олардың өзара байланысы.

      Жұмыстың  зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасы, оның акционерлік қоғамдары мен бағалы қағаздар нарығының операциялары.

     Бағалы  қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары  экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық  түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.

      Айтылған  мәселелердiң барлығы мемлекетiмiздiң  экономикалық дамуының бүгiнгi кездегi сатысындағы ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру мiндетi пайда болғанын айқындайды.

      Курстық жұмыстың жазылу барысында келесідей  оқу-әдістемелік құралдар қолданылыды: Б.Н. Жаналиновтың, Б.А. Көшеновтың, С. Құлпыбаевтың, Ш. Баязитованың, В.Д. Мельниковтың және В.Л. Мельниковтың оқулықтары қолданылды. О. Лердің мерзімді басылымдардағы мақалалары пайдаланылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I Акционерлік қоғамның  қызмет ету негіздері

1.1 Акционерлік қоғамның  құрылу аспектілері 

     Акционерлік қоғам – халық шаруашылығының бастапқы ұясы. Материалдық және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен, банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым-қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көңіл бөлетін нысанасы болуы керек. Бұл орайда кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру керек.

     Акционерлік қоғамда беймемлекеттендіру кезінде ең қиын іс оның әдістері мен түрлерін анықтау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және жергілікті басқару мекемелерімен кәсіпорын арасындағы қарым-қатынас механизмін жасау болып табылады. 1990 жылы мемлекетке өндірістік қорлардың 90-95% тиесілі болған. 1992 жылдан бастап беймемлекеттендіру, жекешелендіру мен бәсеке туралы, монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы заңдардың қабылдануынан мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің едәуір азайғанын байқауға болады. Сонымен қатар, орталық пен кәсіпорын қарым-қатынас механизмін, бастапқыда ойлағандай, қалыптастыру оңай болмай шықты. /1, 4б./

     Шынында, ондаған жылдар бойы орталықтың тікелей  нұсқаулары бойынша жұмыс істеген  кәсіпорындардың бағыт-бағдары орталықтың қалауына қарай келген болса, қазіргі  жағдайда, қалыптасқан ахуалды күрт өзгерту оңай шаруа емес. Мәселелердің ауқымы күткендегіден анағұрлым күрделі болды. Бұлардың ішінде басқару кадрлары мен материалдық-техникалық жабдықтау, өндірушілер монополиясы т.б. бар.

  Мамандардың есебіне қарағанда қандай да болмасын істің нәтижелілігінің 85-95%-тейі қызметкерлердің дайындық деңгейіне байланысты болдаы екен. Әңгіме ең алдымен басқарушылардың жұмыс істеу қабілеттілігіне қатысты болып отыр: біріншіден, дербестік жағдайда басшы өзі ғана шешім қабылдауы қажет, екіншіден, өз қарамағындағы қызметшілердің жаңа бастамалар көтеруін үнемі қолдап отыруы тиіс, үшіншіден, рынок жағдайында өнімі көп шығару оның өтімділігінің кепілдігі болмайтындығын ескеріп, сұранысты зерттеп отыру керек. Қысқа мерзімде нарықтық қатынас жағдайында жұмыс істейтін басшы кадрларды даярлар шығару ісі – кезек күттірмейтін мемлекеттік шаралардың бірі болуы керек.

     Материалдық – техникалық жабдықтауды орталықсыздыру – ең алдымен өндіріс құрал-жабдықтары мен көтерме сауданы тиімді ұйымдастыруды  көздейді. Бұрынғы орталықтан бөлу принципінен «кәспорын – кәсіпорынға» екі жақты өзара тиімді байланыстарға көшу қажет, тауарлардың сатылуын тауар-шикізат биржалары арқылы және әріптестерді іздеу жолымен қамтамасыз ету керек. әрине, тауарлардың бір бөлігі орталықтан бөлетін болады, бірақ та пропорциялар бұрынғыға қарағанда өзгермелі әрі қозғалмалы сипатта қалмақ.

     Маманданған ірі кәсіпорындардың маңызы туралы қате көзқарастар нәтижесінде өндірісті  монополиясыздандыру бүгін шешілуі  қиын мәселе болып отыр. Ресми мәліметтердің  көрсетуі бойынша, 1987 жылы бір кәсіпорында жұмыс істейтіндердің орташа саны өндірісі дамыған елдерде 86 адам, Венгрияда – 186, Болгарияда – 504, КСРО-да – 813 адам болған. Батыстың дамыған елдерінде шаруашылық ұйымдар санының 70-80%-і – ұсақ және орта кәсіпорындар. АҚШ-та мұндай фирмалар елдің жалпы ұлттық өнімінің 50% өндіріп және жұмыс орындарының жартысынан астамын береді. КСРО-да жұмыскер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындардың үлес салмағы, шамамен, елдегі өндірістік ұйымдардың 50%-ін құраған, бірақ өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы тек қана 5,3% шамасында болды.

     Көріп отырғанымыздай, елімізде өндірістің монополиялану дәрежесі өте жоғары. Тіпті қандай өндіріс саласы болмасын әр түрлі дәрежеде монополияланған  десек, көзқарасымыз қате болмайды. Әрине, мәселенің мұндай жағдайы беймемлекеттендіру мен монополиясыздандыру кезінде көптеген қыиндықтар келтіруде. Сондықтан аталған саясатты жүргізуде орталықтың рөлі өте жоғары, орталық өзі өзгеруімен қатар ұсақ және орта кәсіпорындар рөлін жоғарылату бағытында, рентабельділігі төмен және шығынды кәсіпорындарды жалға беру немесе ұжымдық меншікке беруде жүйелі және байыпты қадамдар жасауы қажет. Бұл процесс объективті және субъективті себептерге байланысты айқын емес, қиын да ұзақ болады. Мұнда керекті кадрлар жетіспеушілігі мен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан, қоғамдағы және жекелей өндірістегі өзара байланыстар сипаты көрінеді. Бірақ, мұнда күйректік сезімге негіз жоқ, қайта керісінше, мәселені білу мен түсіну қоғамды шешімді іс-әрекеттерге жетелейді. /1, 115 б./

     Акционерлік қоғамдар  арасында өзара қарым-қатынастардың жаңа сипаты қалыптаса бастады. Орталықтың міндетті шешімдерінің орнына өзара мүдделер мен өзара тиімділікке негізделген дербес келісімдер келді. Бұл қалыпты экономикалық қатынастар. Біздің жағдайымызда олар соншалықты жай мәселе емес, өйткені біріншіден, кәсіпорындарда көбіне таңдау мүмкіндігі жоқ, екіншіден, орталықтың билігі қажетті кепілдітер беруі үшін әлі де керек. Беймемлекеттендіру мен монополиясыздану саясатының әрі қарай жүзеге асуына сәйкес, кәсіпорындар арасында көп жақты қатынастарды нарықтық құрылымын қалыптастыру тұрақталып, тауарлардың өзара айырбас сапасы артады, өйткені екі жақта да таңдау мүмкіндігі көбейеді.

     Біртіндеп акционерлік меншіктер  мен банктер  арасында қарым-қатынастар өзгереді. Егер, банктер таяуда ғана өткен кезеңде экономикада мардымсыз рөл атқарғанын еске алсақ, бұл өте күрделі мәселе. Банктер дербестікке ие болмағандықтан, несие мекемесі ретіндегі мәртебесіне сай билік жүргізе алмады. Мысалы, несиелер анық төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға принципке сүйенген стиль пайдаланылды да, жоғары тұрған басшылар несиені беруге бұйрық беріп, оның қайтарымдылығын қамтамасыз етуді талап етпеді.

     Қазір Республикада жаңа банктік жүйе қалыптасуда. Оның элементі ретінде коммерциялық банктер пайда болуда. Олар дербестік, шығынын өзі өтеу, несие саясатында, тіпті банкроттыққа дейінгі жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеуде. Банктер, ксіпорынға несиені өз тәуекелі мен жауапкершілігіне сай беретіндіктен енді клиенттерінің экономикалық және финанс жағдайын алдын ала білуге ұмтылады. Мемлекетіміз Қазақстан территориясында банк іс-әрекетін реттейтін заңдарды қабылдап, практикалық басшылыққа алуда.

     Акционерлік қоғамдар мемлекеттік бюджетпен  қарым-қатынастар қалыптасуда. Кәсіпорынды  қаржыландыру көздері түбегейлі өзгеруде: енді қайтарымсыз бюджеттік инъекциядан арылып, қаражатты несие ретінде сатып алуға көшуде. Қазір кәсіпорын өзіне ғана сенуі керек, өйткені алған қарызды келісілген мезгілінде қайтарып, пайдаланғаны үшін процент төлеуі керек. Мұндай қарым-қатынастарда сақтандыру мекемелерінің жаңа рөлі пайда болады. Мемлекеттік сақтандыру мекемелерімен қатар банктер сияқты коммерциялық тәуекел жағдайында жұмыс істейтін жаңа сақтандыру компаниялары пайда болуда. Егер қауіп дәрежесі жоғары болса, банк, мысалы, кәсіпорынға несиені сақтандыруды ұсынуы мүмкін, сөйтіп кәсіпорын өз қауіп-қатерін сақтандыру компаниясымен бөліседі. Енді бұдан былай екі жақты бақылау қалыптасады: банк пен сақтандыру компаниясы бірлесіп кәсіпорынның төлемдік қабілеттін бағалап, несиенің мақсаты мен бағытын зерттеп, содан кейін ғана шешім қабылдайды. Егер сақтандыру компаниясы бұл коммерциялық қауіпті сақтандырудан бас тартса, несиені беру не бермеу банктің өз ісі болады.

     Қысқаша айтқанда, банктер мен сақтандыру коипанияларының жаңа рөлі кәсіпорындардың өз міндеттемелері бойынша жауапкершілігін арттыруға өз жоспарын тиянақты есептеуге және өлшеуге бағытталған. Өз кезегінде кәсіпорындар да банктер мен сақтандыру компаниялары ұсынатын қызметтердің сапасына талаптарын күшейтеді.

     Мысалы, дәлдік, оперативтік және мерзімділік принциптері банкті операциялардың кәсіпкерлік келісім-шарттардың қажетті сапасын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайларда сақтандыру компаниялары өз мойына алған қауіп сомасын үлкейтіп, ал оның төлем ақысын төмендетуі мүмкін.

     Сонымен, акционерлік қоғам – халық  шаруашылығының бастапқы ұясы. Материалдық  және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен, банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым-қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көңіл бөлетін нысанасы болуы керек. /2, 346 б./

  Жеке меншіктің гүлдену кезегінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің  өндірic тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теpic тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік - бұл билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің (иегердің өз еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы қажет болады.

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын