Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:36, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Работа содержит 1 файл

Kaz_orta_gas_tarih_umkd.doc

— 1.81 Мб (Скачать)

Бекіту сұрақтары:

1. Революцияға деген әртүрлі  қоғамның әлеуметтік топтарының  көзқарасы қандай болды?

2.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктерінатап беріңіз?

3.Алаш партиясы саяси күрестің факторы қандай болды?

4. Алаш» партиясының сьездегі қараған мәселелерін атапберіңіз?

5. «Алаш» партиясының бағдарламасы қандай болды?

6.  Кеңестердің алғашқы қадамдары және оларды қоғам қалай қабылдады?

 

   Қазақстан XX ғ. 20-30 жж. саяси-экономикалық жағдай /4 сағат/

Лекция №7 Қазақстандағы ұжымдастыру және оның зардаптары (1932-1933 жж.)

 

Негізгі ұғымдар: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, аграрлық реформа, мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесі, кооперация, индустрияландыру, әміршіл-әкімшілбасқару жүйесі,"халық жауы", контрреволюция. 

 

Мақсаты: Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы кеңестік солақай саясаты және оныңзардаптары туралы тарихихи ақиқатыменқалыпт. 1932-1933 жылдардағы аштықтың халқымызға әкелген қасыреті туралы шындықты деректер негізінде ашып көрсету.

 

Көрнекілігі:Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның саяси картасы.Қазақстандағы ұжымдастыру кезеңі тарихи деректі филмнен үзінді.

 

Жоспар:

1.20-шы жылдардағы республика  ауыл шаруашылығындағы жағдай.

2.Ауыл шаруашылығын  ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933

жылдардағы аштық.

Бекіту сұрақтары:

1.Ауыл шаруашылық өндірісінің  құлдырауының себептері неде?

2.1924 жылы сәуірде   РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтары туралы қандай жарлық шығарды?

3. Қазақстанды жайлаған 1931-1932 жж  аштықтың болуына не себеп болды

               4. Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтардың  тағдыры қалай болды?

              

             

             Лекция №8-10 Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық

             саясат (ЖЭС).

 

Негізгі ұғымдар: Кіші қазан, оппозиция, социалистік индустриализацияның принциптері, жаңа экономикалық саясат. “Кулактар”

        

         Мақсаты: Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық жағдай  және

         өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы туралы тарихи ақиқатын таныту.

 

Жоспар:

           1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.

           2. ЖЭС  жылдарында Қазақстан экономикасы.

          3. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы.

           4. Ф.И. Голощекин және “Кіші қазан” революциясы

           5. Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері.

           6.  Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы.

            7.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж).

                                                                  Мазмұны:

1. Ауыл шаруашылық өндірісінің  құлдырауы. 1921-1922 жж. Аштық. Апат аймағы. Қоғамдағы әлеуметтік қарсылықтың  өсуі және саяси дағдарыс. Шаруалардың қарсыласу қозғалыстары. Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістер.

2. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық  және саяси алғышарттары. Социалистік,  капитализмге дейінгі және стихиялық  тауар-нарықтық бағыттардың күресі: “Кімді кім деңеді?” мәселесі. Экономикада көп укладты құрылымының қалыптасуы.

3. Территориялық-әкімшілік бөлініс.  ҚАКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің  бірігуі. Демографиялық ахуал:1926 ж. санақ. 

4.Көшпелі және жартылай көшпелілерді  отырықшыландыру туралы Сталиндік саясат. Ф.Голощекин «Кіші Қазан идеясы». Қазақстанның дәстүрлі құрылымының түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптары. Қазақ ауылын күштеп кеңестендіру: Ф.И. Голощекин және оның саяси портреті. Оппозиция.

5.  ЖЭС идеясын ауытқушылықтың  басталуы. “Кулактардың” бас көтеруі: 1927-1928 жылдардағы азық-түлік дағдарысы. Ауыл шаруашылық өнімдерін күшпен дайындауға көшу. Салық тәртібінің күшеюі. Шаруаларға қарсы бағытталған жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы.

6. Индустрияландыру: сипаты, қарқыны,  ауқымы және географиясы. Бірінші бесжылдық және оның сәтсіздікке ұшырауы. Ұжымдастыру –шаруалар қасіреті. Индустрияландыру және жинақтау қорлар мәселесі. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптары.

1932-1933 жылдардағы аштық. Тұрғындардың жаппай көшіп кетуі. Шаруалардың қарсыласу қозғалысы: ауқымы және географиясы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал: идеялық және саяси қарсыластардың көзін жою. Идеологиялық саяси террордың одан әрі қанат жаюы.

7.Қазақстандағы  мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж). Республикада ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының қазақстандық базасының ашылуы маңызды қадам болды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым академиясының филиалына айналды. Мәдени даму рухани өмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.

Совет ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский, И.П.Бардин, С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А. Обручевт.б. респуб-лика халық шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын даярлауға тікелей араласты.

Қазақ Советі әдебиеті мен өнері  гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктерімен

танысты. Қазақтың әдеби  тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының тілегіне сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдени өмірінде, әлеуметтік құрылысында түбірлі өзгерістер болды.

 

Бекіту сұрақтары:

1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?

      1. жж аштықтың болуына не себеп болды?

3.Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістерболған аймақтарды картадан көрсет?

4. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын атаңыз?.    5.Экономикада көп укладты құрылымының қалыптасуы немен аяқталды?

6.Шаруаларға қарсы бағытталған жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы немен бітті?

7. Индустрияландыру неүшін қажет  болды?

 

 

Лекция №11-15 Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ  дүниежүзілік соғыс жылдарында

 

Негізгі ұғымдар: Қазақ кеңестік әдебиеті, әскери лагерь, партизан, интернационал, тыл, майдан,

 

Мақсаты: Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан әскери лагерь бөлімі, мәдениеті мен ғылымы туралы жаңа тарихи танымдық білімдерін қалыптастыру.

Жоспар:

1. Соғыстың  басталуы: Қазақстан  әскери лагерь бөлімі

2. Ленинград пен Москва түбіндегі  шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі.

3. Сталинград түбіндегі шайқаста  қазақстандықтардың ерлікпен қаза  табуы.

4. Курск түбінде неміс-фашист  әскерлерінің тасталқан болу  және оған

қазақстандықтардың қатысуы.

5. Жау қолындағы аймақатрдағы  партизандық қозғалыстар.

6.Империалистік Жапонияның талқындалуы.

7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.

8. Соғыс жылдарындағы Қазақстан  мәдениеті мен ғылымы.  

Мазмұны:

1. Фашистік Германияның КСРО-ға  шабуылы. Соғыстың басталуы, оның  сипаты. Қазақстандықтардың Ұлы  Отан соғысына қатысуы. Қазақстан-біртұтас ұрыс лагерінің құрамдас бөлігі. Өлкенің экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.

2. Қазақстан-майданның ең ірі  арсеналы. Қазақстандықтар майданда. Қазақстандықтардың Мәскеу және  Ленинград үшін шайқастардағы  қаһармандық ерлігі. Алғашқы батыр-қазақстандықтар. 28 Панфиловшылар. Б. Момышұлы (1990 ж. Кеңестер Одағының батыры). Алғашқы Кеңестер Одағының Батыры. Шығыс әйелдері: Ә.Молдағұлова, М.Мәметова.

3. Қазақстандықтар Кеңестер Одағының  Ұлы Отан соғысы барысындағы  түбегейлі бетбұрыс кезеңінде (1942-1943 жж. қараша). Қазкақстандықтардың неміс әскерлерін Сталинград түбінде талқауындағы көзсіз ерліктері.

4. Неміс-фашист әскерлерінің Курск  доғасында талқандалуы және оған  қазақстандықтардың қатысуы. 

5. Қазақстандықтардың жау қолында  қалған аудандардағы партизан қозғалысына қатысуы. Қазақстандық-партизандардың Украина, Белоруссия және РСФСР-дің солтүстік-батыс облыстары территориясын азат етудегі үлесі.

6. Империалистік Жапонияны талқандау  және оған қазақстандық жауынгерлердің  қатысуы.

7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.

8.Интеллигенцияның патриоттық, интернационалдық сезімдерді көтерудегі және КСРО халықтарының бірлігін нығайтудағы рөлі. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы халыққа білім беру ісі. Республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындары. Жаңадан құрылған және көшіріліп әкелінген жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің қызметі. Концерттік бригадалар майданда. Қазақ кеңестік әдебиетінің, өнерінің және мерзімді баспасөзінің майданға қызметі.

 

Бекіту сұрақтары:

1. Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы қалай өрбіді?

2. Б. Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова сияқты батырлармен қатар тағы басқа қандай қазақ батырларын білесіздер?

3. Неміс-фашист әскерлерінің Курск доғасында талқандалуы және оған қазақстандықтардың қатысуытуралы не білесің?

4. Украйна жерінде болған белгілі партизан қазақ жауынгері кім еді?

5.Қазақстандық-партизандардың Украина, Белоруссия және РСФСР-дің солтүстік-батыс облыстары территориясын азат етудегі үлесі қандай болды?

6. Империалистік Жапонияны талқандау және оған қазақстандық жауынгерлердің қатысуы қалай болды ?

7. Соғысқа қазақстаннан қандай көмек жіберіп отырды?

 

Лекция №16-20 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965 ж.ж.)

 

Негізгі ұғымдар: Ғылыми-техникалық прогресс, реформа, этнодемографиялық құрлым.

Мақсаты: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру тарихын таныту. Еңбек сүйгіштікке тәрбилеу.

                                                                 Жоспар:

1. Бейбіт тұрмысқа өтуі.

2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің  жаңа саларының қалыптасуы.

3.Ауыл шаруашылығы. 

4.«Тың және тыңайған» жерлерді  игеру. 

    

Мазмұны:

1. Халықаралық жағдайдың капиталистік  елдермен қатынастың

 күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда қайта ақтау процесінің басталуы. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру.

2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт  жүйесін құру. 

3. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін  басу шаралары. Ғылыми-техникалық  прогресс және 1965 ж. Шаруашылық  реформа. Ауыл-шаруашылығының жағдайы.

4. Қазақстанда тың және тыңайған  жерлерді игеру, оның әлеуметтік  – экономикалық салдары. Тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері.  

Бекіту сұрақтары:

1. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру қашан басталды?

2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру қалай әсер етті? 

3. Ауыл-шаруашылығының жағдайы қандай көріністе болды?

4. Қазақстанда тың және тыңайған  жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары және тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері қалай тиді? 

 

Лекция №21-22 КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)

 

Негізгі ұғымдар: Экология, Биресми қоғамдық қозғалыстар, Экологиялық қозғалыстарды саясаттандыру.

 

Мақсаты: КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстандағы саяси-эклогиялық жағдайлар туралы тарихи мәліметтер беру.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Жоспар:

1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси  жағдайлар

2.  1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы  жүйесінің дағдарысы.

                                                                  Мазмұны:

1. КПСС-тің Сәуір пленумы (1985 ж) Жаңа курстың жариялануы. Қазақстандағы  1986 ж. желтоқсан оқиғалары. 1987-1989 жж. саяси жағдайлар Экологиялық  қозғалыстарды саясаттандыру. Биресми  қоғамдық қозғалыстар. Бір партиялық  жүйеден көппартиялық жүйеге көшу. Қазақстанның саяси партиялары. КСРО ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

2.  Қазақстандағы реформалар. 1986-1989 ж.ж. экономикалық рефлрмалар 1990-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық  реформалар

 

Бекіту сұрақтары:

1.КСРО ыдырауының саяси себептері болды ма?

2.ТМД-ның құрылуы қандай мақсаттарда жүзеге асты?

3.1985-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық жүйесінің дағдарысының себебі неде болды?

 

Лекция №23-26 XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000 жж.)

 

Негізгі ұғымдар: Кеңестік ғылым, инфляция, валюта. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Ресейдің территориалдық талаптары.

 

Мақсаты: . Қазақстандағы  XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдайлар туралы деректер негізінде тарихи сана біліктіліктерін қалыптастыру.

Жоспар:

1.Қазақстандағы  XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы  саяси жағдай.

Информация о работе Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні