Қоршаған ортының адамға зияны

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 19:45, реферат

Описание работы

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Атмосфераның ластануы .......................................................................................4
Судың табиғи және антропогендік ластануы ....................................................10
Радиоактивті ластану ...........................................................................................12
Қатты және қауіпті қалдықтар ............................................................................14
Қорытынды ...........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................16

Работа содержит 1 файл

Реферат ТКН.docx

— 43.62 Кб (Скачать)

 

АҚ «Астана медицина университеті»

 

 

 

Реферат

Тақырып: Қоршаған ортының  адамға зияны

 

 

Орындады: Жумабаев А.Н.

Топ: 121 ЖМ

Тексерді: Көшерова П.А.

 

 

 

 

 

Астана 2012 жыл

Жоспар:

Кіріспе.......................................................................................................................3

Атмосфераның ластануы .......................................................................................4

Судың табиғи және антропогендік ластануы ....................................................10

Радиоактивті ластану ...........................................................................................12

Қатты және қауіпті қалдықтар ............................................................................14

Қорытынды ...........................................................................................................15

Пайдаланылған  әдебиеттер .................................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Адамның күнделікті тіршілігі  қоршаған орта жағдайларымен тығыз  байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атмосфераның  ластануы.

Атмосфераның ауа өмірсүруінің қамтамасыз ететін табиғи орта болып  табылады, және де газдар мен аэрозолдердің  қосындысы жер бетінің атмосфера  қабатын құрайды. Ол жердің даму мен  қалыптасу эволюциясында қалыптасты. Экологиялық зерттеулер нәтижесінде, жерлердің өзінде де атмосфераның ластануы  - ең күшті,   барлық уақытта адамзатпен байланысты, қоршаған ортаның тамақтану  жүйесі болып табылады. Атмосфералық ауа қабығы шектелмеген сиымдылыққа, және де тез қозғалғыштық орынға ие, ол өзара компоненттердің яғни биосфера, гидросфера және литосфераның байланыстарымен  қалыптасып дамиды. Соңғы мәліметтер бойынша атмосфералық қабықтың биосферасы азондық қабатының маңызын сақтауда, күннен шығатын ультрафиолеттің  шағылысуы тірі  организмдер үшін өте қатерлі болып тұр, 40 км аралықта жылу барьерін қалыптасытыруда, ол жер  шарының салқындасуының қорғау жүйесіне  кері әсерін тигізеді. Адамзат ауада  көп уақытын өткізеді, ол өте үлкен  маңызға ие.

Атомсфера адам мен биологиялық  өмірге өз әсерін тигізіп  қоймай, сонымен  қатар гидросфераға,  өсімдік  жамылғысына, геологиялық ортаға, ғимараттар мен құрылыс, технологиялық объектілерге өз әсерін тигізеді. Сондықтан да атмосфералық ауа қабатын қорғауға дамыған  елдерде көп көңіл бөлінуде.

 Жер бетіндегі атмосфераның  ластануы өкпенің рак аурына  ұшырауға әкеледі, тамақ және  тері қабаттарының орталық нерв  жүйесінің бұзылуын, алергиялық  және  жаңа туылған балалардың  кемістігін т.б. аурулардың тууына  әкеледі. Оның ауадағы заттардың  құрамымен анықтауға оның адамға  әсерін тигізетінін көрсетуімізге  болады. Арнайы зерттеулер нәтижесінде,  халықтың денсаулығымен атмосфералық  ауаның сапасы арасында тығыз  байланысқа ие.

Қазіргі таңда адамдардың организміне келешекте кері әсерін тигізетін негізгі мәселелердің бірі атмосфера ауасында жоғары концентрациялы улы қоспалардың түзілуі (СМОГ, қышқылдық  жауындар) және жылулану эффектісі  мен озон қабатының бұзылуы.

СМОГ- үлкен өнеркәсіп  орталықтары бар қалаларда ауаның жоғары деңгейде ластануы. СМОГ – тың  екі түрін ажыратады:

1. Атмосферада өнеркәсіптердің  газдық қалдықтары мен түтінінен  тұратын қою тұманның түзілуі.

2. Фотохимиялық СМОГ. Өнеркәсіптердің  газдық қалдықтары күннің ультракүлгін  сәулелерінің әсерінен фотохимиялық  реакцияларға түсіп, тұмансыз  газ қоспаларының өнеркәсіп орталықтары  бар қалаларда тұтылып тұруы.  Фотохимиялық СМОГ өте улы  болып келеді. Оның құрамында  ПАН (пероксиацилнитрат), Н2О2 альдегидтер  және басқа химиялық элементтер 25-40% құрайды да, О3 60-75% құрайды. Фотохимиялық  СМОГ ең алғаш рет Лос-Анджелесте 1940 жылы байқалған, қазіргі таңда  өнеркәсіпті қалаларда әлсін-әлсін  байқалып тұрады.

Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. «Қышқылдық жауын» деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус  Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н2SО4) пен азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни атмосферадағы бұл  заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары  күкірт қышқылы мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сіңеді, ауа құрамында  болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі. Жалпы  қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атылуына байланысты өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл  сайын күкірттің қосындылары 92-112 млн. тн, азот қосындылары 51- 61 млн. тонна  түседі. Күкірт қосындыларының 59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді факторлардың нәтижесі болып табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың топырағы ластанады. Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрация деңгейі 1мг/м куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап, тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді. Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі. Ал бұл аллюминий және марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр металлдардың ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде өле бастаса, РН 4,5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер ғана тірі қалады.

Қышқыл жаңбырлардың зардабын тартқан кейбір мемлекеттер бұл  мәселенің шешуін іздестіріп, белгілі  бір шаралар қолдануда. Мәселен, қышқыл жаңбырлардың зардабын катты  тартқан Швеция көміp мен мұнай  жағуды шектеді. Бұл елде құрамында  күкіpті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады. Кенді балқытқанда және отынның  қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін  зиянды заттар түгелдей дерлік сүзіледі. Швеция үкіметі күкіpт шығарындыларын шектеу туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге  керсетті.

Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос пен  жер арасындағы сәулелі жылу алмасуына  әсерін тигізеді. Жылу алмасуының нәтижесінде  биосфераның температурасы белгілі  бір деңгейде болады. Орташа шамамен +150С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап тұруда күн радиациясының  маңызы өте зор. Биосфераның температура  деңгейі 99,8% күн радиациясына, 0,18% табиғи көздер жылуына, 0,02% антропогендік көздер жылуына тәуелді. Жердің жылулық тепе-теңдігінің бұзылуы ақырғы он жылдықта антропогендік факторлардың әсері нәтижесінде туындап отыр. Көптеген газдар күн радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы, метан, озон, су буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0,38...0,77 мкм болатын күн сәулелерін жерге қарай кедергісіз өткізіп, ал жерден шағылысып космосқа шығатын 0,77-340 мкм ұзындықтағы инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Соған байланысты бұл газдардың концентрациясы және қоспалары атмосферада жоғары болған сайын жерден космосқа соншалықты аз жылу бөлінеді. Сәйкесінше ол жылу мөлшері биосферада қалып климаттың жылулануына әкеледі. Бұл үрдісте негізгі рольді СО2 атқарады. Яғни биосфера газдарының «жылулық эффектілігін» туындатуына қатысуының пайыздық көрсеткіші мынадай: СО2-50%, СН4-20%, фреон -15%, N2О-10%, О-5%. Атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясының пайыздық көрсеткіші 1900 жылы- 0,029% , 1990 жылы- 0,036% , 2000 жылы- 0,038% болса 2030 жылы- 0,045-0,06% , 2050 жылы - 0,07-0,075% болады деп болжануда. Егер бұл болжам дұрыс болса Қазақстан мен Орта Азия елдерінде   қаңтар айының орташа температурасы 6-15оС- қа жоғарылап, қыста түсетін   қар мен жауын 20-30 пайызға кемиді. Біздің онсыз да қуаң климатымыз   күрт өзгеріп, ауа райы тіпті қолайсыз болуы мүмкін.

2005 жылға дейін жер  шарының орташа температурасы  1,5-4,5 көтерілуі мүмкін. Мұндай температураның  көтерілуі поляр мұздықтарының  біртіндеп еруіне әкеледі. Ал  бұл дүниежүзілік мұхит деңгейінің 0,5-1,5 метрге көтерілуіне себепкер  болады. 2100 жылы 5 млн км2 құрғақ аймақтар  судың астында қалады деп болжам  айтылуда. Бұл барлық құрлықтың  3%, құнарлы жердің - 30 % құрайды. 1982-1988 жылдар аралығында жер серігі  арқылы жүргізілген зерттеулер  дүниежүзілік мұхиттың әр жыл  сайын 0,1оС   жылынатынын анықтаған.

Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы озон қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм  болатын және одан төменгі қысқа  толқынды ультракүлгін сәулелердің  түсуіне әкеп соғады. Бұл қысқа  толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші  дәнді дақылдылар), онкологиялық және көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі  заттарға хлор мен азот қосындылары  жатады. Хлордың бір молекуласы 105 озон молекуласын, ал азот оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын бұзады. Бұл заттардың қосындыларының атмосфераға  түсетін негізгі көздері: ұшақтар (әскери ұшақтар). Олардың шығару газдарының 0,1% азот оксидтері (NO, NO2) құрайды; ракеталар; жанартаулық газдар; фреон қолданатын өнеркәсіптер; атом жарылыстары. Бір  «Шаттл» ракетасының космосқа ұшырылуы озоның 0,3 % (100000000т озон) бұзылуымен ұштасады. Бұл жағдайда түзілетін  озон қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон қабатының техноген факторларының әсерінен 1% бұзылса, 2050 жылы озон қабатының 10% бұзылады деген  болжам айтылуда.

Бүгінгі күні кез-келген өнеркәсіп  қаласының тұрғындары ластанған  атмосфера ауасынан толық көлемде  қорғана алмайды.Әсіресе, адамға ауаның ластануы, метеорологиялық жағдайда ауаның қала үстінде тұрып қалуына  мүмкіндік туғызатын кезде ғана әсер етеді.

Қолайсыз метеорологялық жағдай (ҚМЖ) басталған кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатында ластаушы заттар жинақталады.

Өнеркәсіптік қаланың  атмосфералық ауасының басым ластауыштары: азот диоксидi, күкiрт диоксидi, көмiртегi тотығы, ауыр металдар, салынды заттар болып табылады.

Атмосфералық ауаның әр түрлі  химиялық заттармен ластануына оның құрамына байланысты халық денсаулығына  әр түрлі әсерін тигізеді.Ауаның жалпы  ластануы кезінде олардың жоғары шоғырлануы жіті улануға әкеп соғуы мүмкін. Ластанған ауа негізінен тыныс алу жолдарын бұзады, бронхит, аллергиялық демікпе тудырады, суық тию, бас ауруына әкеледі.ҚМЖ кезінде білім мен зиянды әсерлерді бейтараптандыру бойынша кешенді алдын алу шараларын қолдану ластаушы заттардың адам ағзасына әсерін біршама дәрежеде бәсеңдетіп, тіпті жоя да алады.

ҚМЖ кезінде организмді қорғаудың  алдын алу негізгі шаралары:

-  дене белсенділігін  және ашық ауада болуды шектеу, әсіресе тәуліктегі сағат 10-нан  бастап 16-ға дейінгі мерзімде;

- есік пен терезелерді  жабу керек; жайларды күнделікті  жуу керек;

- қайнатылған, тазартудан  өткізілген немесе газсыз сілтілі  минералды су не болмаса шәй  ішу керек;

- тамақтану рационына  құрамында пектині бар азық-түліктерді, мысалы: пісірілген қызылшаны, қызылшаның  шырынын, алманы, жеміс киселін,  сондай-ақ, витаминді сусындарды, шөптердің  қайнатпасын, табиғи шырындарды  қосу керек;

- тамақтану рационда ашымалы  сүт өнімдерін, ірімшікті, бауырды  пайдалануды арттыру ұсынылады;

- ҚМЖ кезеңінде мүмкіндігінше  қала сыртына немесе саябақ  аймақтарына бару.

Үлкен қаланың ауасы –  бірнеше ондаган түрлі заттар мен газдардың қоспасы. Мұндай «коктейль» сәби организмі үшін зиянсыз болуы  ғажап емес. Оларды ауа ластануынан  қалай сақтау керек?

- Сәбимен қыдыру үшін  қажеттілігінше, су қоймасы бар  саябақты таңдаңыз: су ауадағы  тұншықтырғыш улы газ құрамын  азайтады;

- Қала сыртына жиі шығыңыз,  бірақ, автомагистральдардан алыс  жүруге тырысыңыз;

- Егер де Сізге далада  демалуға ауыр екендігін сезсеңіз, серуендеуді қоя тұрыңыз. Терезелерді  ашпаңыз, балаға шөп шайын немесе  газсыз минералды суын беріңіз.

 

Пәтердің ауасы таза болу үшін ауаны қозғаласқа итермелейтін ауа баптағышты, желдеткішті пайдаланыңыз.

 

Судың табиғи және антропогендік ластануы.

Су – бұл табиғи ортаның  ең басты тіршілік көзі болып табылады. Ол жердің эвалюция барысында қалыптасты.

Ол биосфераның құрамдас бөлігі болып табылады, және де физико-химиялық, биологиялық процестердің арқасында  түзіліп, жүзеге асып жатқанын байқаймыз.

Жоғарыда атап көрсеткен  судың қасиеті онда ластану заттарының әртүрлігінде санының үлкендігі  суда жиналуына себепкер болады, сонымен  бірге потогенді микроорганизмдер.

Жер үсті суларының әрдайым  ластануы халықтың шаруашылық және ішуге  қамтамасыз ететін тек жер асты сулары өте маңызды орынға ие, ішімдік  сулары жер астынан шығуы өте  қиынға соғуды, ал көл өзендер құрамына 0,01% ғана қамтамасыз ете алады, сапалы су тек ішуге ғана емес, өндірістің түрлі салаларына қажет.

Жер асты суларының ластану  қауіпі жерасты гидросефрасының  өзі ластанудың жиналу қоры болып  табылады. Ұзақ мерзімді, көптеген жағдайда құрлықтың сужүйесі ластануы өте  қатерлі сипатқа ие, ішімдік суларының  ең басты ластануы микроорганизмдер болып табылады, ол әртүрлі эпидемиялық  ауруларды тудыруы мүмкін. Көптеген жағдайда ауру вирус немесе мивробтың ішімдік суында болып, оны пайдаланған жағдайда болады.

Адамзатқа судың әсері, оның құрамындағы ауыр металл және радионуклидтердің  әсері өте жоғары.

Информация о работе Қоршаған ортының адамға зияны