қоршаған ортаны қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 04:02, реферат

Описание работы

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі заманауи уақыттың ең көккейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Жиырма бірінші жүзжылдық халық санынынң қарқынды өсуімен, ғылыми – техникалық прогрестің бұрын соңды болмаған дамуы деңгейімен сипатталады, ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуатациялауға алып келеді. Өзінің даму процесінде қоғам экологиялық жағдайдың шиеленісуімен тап болып отыр – табиғи ресуростардың сарқылмас қорлары азайып, қоршаған орта ластануда, ол адамдардың денсаулығына әсер етіп және барлық тірі организмдердің биологиялық негіздері қиын жағдайға жақындап келуде.

Работа содержит 1 файл

Қоршаған ортаны қорғау.docx

— 17.59 Кб (Скачать)

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі заманауи уақыттың ең көккейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Жиырма бірінші жүзжылдық халық санынынң қарқынды өсуімен, ғылыми – техникалық прогрестің бұрын соңды болмаған дамуы деңгейімен сипатталады, ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуатациялауға алып келеді. Өзінің даму процесінде қоғам экологиялық жағдайдың шиеленісуімен тап болып отыр – табиғи ресуростардың сарқылмас қорлары азайып, қоршаған орта ластануда, ол адамдардың денсаулығына әсер етіп және барлық тірі организмдердің биологиялық негіздері қиын жағдайға жақындап келуде.

 Жақында ьҚазақстан Республикасының Үкіметі екі маңызды құжаттаманы қабылдады «Тұрақты дамуға өту концепциясы және ҚР Экологиялық кодексі» олар біздің қоғамымызға қазақстандық халықтардың өмір сапасын жақсарту жне табиғатты пайдалануды стимулдау және қоршаған ортаның ластануын төмендетуге мақсатты бағытталған міндеттерді қойды.

 Экологиялық кодекс – бұл атқарылуға міндетті заң және экологиялық заңнамалардың реформаторы ретінде қазірдің өзінде негізгі ережелермен жұмыс істеуде. Және бұл тұрақты даму процесіне өту үшін жасалған соңғы нүкте деп айтуға болмайды.

 Қазіргі уақытта Қазақстан энергияны тұтыну бойынша көш басшы болып отыр, ал ол құр көңіл аудармай қоя салатын жағдай емес. Ғылым өзінің үлесін қосып, және қалдықсыз технологияларды өңдеу бойынша жаңа технологиялрды құрып, энергияның альтернативтті көздерін ойлап тауып және қоршаған ортаны сақтау үшін көмегін тигізетін көптеген міндеттерді шешуі қажет. Осы сұрақтарды экологиялық кодекс шешуге әрекет салуда, бірақ оны пайдалану бойынша жұмыстарды барлығым өз орнымызда жүргізуіміз қажет. Осыдан келетін Қазақстандықтардың барлығы үшін пайда орасан зор.

 Бүгінде экология туралы айтып, жазып және теледидар бойынша көрсетуде. Экология ғылыми түсінік аясынан шығып кетіп және әрбір мемлекеттің және әрбір тұлғаның ойлауын және сол туралы қобалжуын тудыратын зат болып отыр. Біздің өзімізден басқа ешкім табиғатты, қоршаған ортаны, әлемді құтқарып қала алмайды. Көпшілік жағдай біздің өзімізге, біздің түсінігімізге және қоршаған ортаның сапысн сақтау құндылығына байланысты болып отыр.

Жабайы табиғатты бағындырып адамдар өздерін жердің «иесіндей» сезінді. Бірақ ұқыпты иеленуші болу қажет екнін бірден ұғына қоймады. Табиғат байлықтарының шектеулі екенін, кейбіреуінің қалпына өздігінен келмейтінін , табиғаттың байлығын сақтауға,

 молайтуға қамқорлық қажет екнін, олай етпеген жағдайда адамдар өздерін қоршаған ортаны, оның байлығын жойып алатынын түсіну үшін қаншама уақыт өтті. Табиғат ресурстарын қалпына келтірмей, өсіріп сақтамай табиғи ортаның бұзылуына, ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Ол адамдардың биялогиялық түрі ретінде өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмай, өмір сүруін тоқтату мүмкін деген сөз.

 Табиғатты ұқыпты пайдалану адамдардың өздерінің өмір сүру шарты екенін түсінген соң ғана олар табиғатты қаншалықты, қандай шамада пайдалануға болатынын қарастыра бастады.

 Тұтыну шегін анықтау өте қиын мәселе . Өйткені, кезінде Г.Гегель айтқандай «нақты қажеттіліктің шегін анықтаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ, қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа құралы ашылды, ол өз кезегінде жаңа тұтыным тудырады , жаңа қажеттілік тудырады».Ұдайы артып отыратын қажеттілік пен табиғаттың үйлесімділігіне қалай жетуге болады? Тұтыну шегі не? Тұтыну шегінен асқанды қалай білуге болады ? Егер Гегельмен келісетін болсақ , тұтыну шегі өзің өндірген өнімдер, өндіргеннен артық тұтыну артықшылық.Қазір мұны анықтау мүмкін емес, қазіргі адамдардың өндірісі мен тұтынымы табиғатын өндіргеніңді – тұтыну сипатын жоғалтып, қоғамдық сипат алған: бір затты өндіруге көптеген адам қатысады.

 Сонымен тұтынудың қажетті және мүмкін шегі қандай?

 Бұл сұрақтың бірден – бір дұрыс жауабы жоқ. Әрбір нақты жағдайға байланысты : біріншіден, жеке адамдардың немесе адамзат қоғамының қажеттілігін оның дамуы, ұдайы өндірісі қамтамасыз ете ала ма? (төменгі және жоғары шектері ) ; екіншіден, адамдардың тұтынымы, өздері өмір сүретін биосфераның қалыпты жағдайына, дамуына қарсы болмай ма? (ең жоғарғы шегі ) ; осыларды анықтау керек . Әрбір жеке адам мен бүкіл қоғам жеткілікті пайымды тұтыну принципін ұстану керек.Мәселе мүмкіндікке сәйкес өмір сүріп, қажеттілікті тежеп, тұтынуды шектей білуде. Бұл жеке адамдардың шешімі емес. Жердің мүмкіндігінің шегіне байланысты табиғи заңдылыққа мойынсыну.


Информация о работе қоршаған ортаны қорғау