Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение

Описание работы

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.

Работа содержит 1 файл

Azkor.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзудi және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыруға;

жер сiлкiнiсiнiң күшi, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауға және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа беруге;

жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жоюды және халық тiршiлiгiнiң басқа да шараларын ұйымдастыруға мiндеттi.

7-бап. Теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң зардаптарынан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

1. Теңiздер мен iрi су айдындарының тасқындарынан, су деңгейлерiнiң көтерiлуiнен және таяздауынан қорғау жөнiндегi шаралар халықтың, шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң, инфрақұрылымның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытталған және оларға:

теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен болуы ықтимал зардаптарды ғылыми зерттеу және болжау;

гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстарын жобалау, салу және пайдалануға беру;

аумақтарда құрылыс салуды теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiн ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;

теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң, қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi жүйелерiн, жағалау аймағындағы су жайылу құбылыстары жайында халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi құлақтандыруды ұйымдастыру кiредi.

2. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, ұйымдар өз құзыретi шегiнде теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен халықты, аумақтарды қорғау, мұның экономикалық залалын азайту мақсатында:

теңiздер мен iрi су айдындары беткi деңгейiнiң құбылуына болжам жасаудың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытудың қамтамасыз етуге;

су тасқындары болуы мүмкiн аудандарда гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстар салуды ұйымдастыру мен олардың сапасын бақылауға;

су тасқындары болуы, су басып қалуы және су астында қалып қоюы мүмкiн аймақтарда жер учаскелерiнiң тиiстi нормативтiк актiлер ескерiлместен шаруашылық қажеттерiне арналған объектiлер салу үшiн бөлiнуiне жол бермеуге;

жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экологиялық талаптардың басымдық берiлетiн тәртiппен сақталуын қамтамасыз етуге;

теңiздер мен iрi су айдындарының жағалау аймақтарында жердiң, топырақ пен өсiмдiк қабатының және жерасты суларының тұрақты мониторингiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

8-бап.  Пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

Қатты, сұйық және газ тектес пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде iске асыратын шараларға:

пайдалы қазбалар өндiрудiң халыққа және қоршаған ортаға жасауы ықтимал зардаптарының қаупiн ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;

Информация о работе Азаматтық қорғаныстың міндеттері