Қолданылған әдебиеттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:12, курсовая работа

Описание работы

Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Содержание

КIРIСПЕ………………………………………………………………………….….3



I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ………………………………………...5

Банк ұғымы және оның пайда болу тарихы………………………5
Банк түрлерi және олардың қызмет ету ерекшелiктерi………..10



II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ…………………….18

Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн
саясаттары………………………………………………………………… 18
Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретiнде экономикадағы рөлi мен негiзгi операциялары…………………23




ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….……………………………30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................32

Работа содержит 1 файл

БАНК 31.doc

— 307.00 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ:

 

 

КIРIСПЕ………………………………………………………………………….….3

 

 

 

I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ………………………………………...5

 

    1. Банк ұғымы және оның пайда болу тарихы………………………5
    2. Банк түрлерi және олардың қызмет ету ерекшелiктерi………..10

 

 

 

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БАНК ЖҮЙЕСІ…………………….18

 

    1. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн 

саясаттары…………………………………………………………………  18

    1. Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретiнде экономикадағы рөлi мен негiзгi операциялары…………………23

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….……………………………30

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................32

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

         Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан  берi нарықтық қатынастар күннен-күнге  дамып келедi. Бiрақ экономикада  қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады.

Экономиканы ақшалай-несиелі  реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада  екі деңгейлі болып келеді, яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы орталық банк (біздің елде Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервін басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде қызмет атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие  саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан  Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның  тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі таңда  нарықтық экономикада банктік жүйенің  рөлі ерекше. Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.

Осылайша банктік  жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді қызмет етуіне ат салысатын  басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары арқылы экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.

Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгілі. Ал біз осымен тоқтамай, банктік жүйені одан әрі дамытуымыз керек. Ол үшін банктік жүйе қызметтері туралы мамандық деңгейіміз жоғары болуы керек.

         Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  2006 жылғы 1 наурыздағы  «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы»   Қазақстан халқына Жолдауында банк ісін дамыту мен мемлекеттік қолдау  мәселелері қарастырылған.

       Тіпті соңғы уақытта біздің еліміздің банктік жүйесінен ТМД елдері тәжірибе алып жүр. Бұл әрине үлкен жетістік деуге болады.

Міне, сондықтан  курстық жұмыстың тақырыбы "Қазақстан Республикасының банк жүйесі” деп таңдалды.

Бұл тақырыптың өзектілігі - әлемдік тәжірибе көрсеткендей экономикада нарықтық қатынастардың дамуы міндетті түрде мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына байланысты болады. Ол саясаттың құрамына мемлекеттің ақша-несие саясаты, бюджеттік және валюталық саясаттары жатады. Ал бұл саясаттарды мемлекет банк жүйесі тарапынан атқарып отырады.

Бұл жұмыстың құрылымына келетін болсақ, ол екі тараудан тұрады. Бұл тараулардың әр қайсысы өте маңызды,әрі ерекше. Курстық жұмысым тек қана екі тараудан тұрып қоймай, ол бірнеше бөлімдерден, әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда, банк ұғымы және қызметтері зерттеледі. Мұнда банк ұғымының пайда болу тарихы, оның түрлері және қызмет ету ерекшеліктері қарастырылған.

Екінші  тарауда, толығымен банк жүйесі зерттеледі.Мұнда ұлттық және коммерциялық банктың негізгі операциялары, экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары қарастырылады.

 

        Бұл жұмысты орындау барысында  алға қойған негізгі мақсаттар мен міндеттер келесідей:

  • Банктердің экономиканың тиімді қызмет етуіндегі мәнін, маңызын және рөлін ашып көрсету;
  • Банктердің негізгі қызметтерін және олардың қоғамдық дамудағы маңызын атап өту;
  • Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен саясаттарын талдау;
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерін активтері бойынша салыстырмалы түрде талдау, жіктеу;
  • Ұлттық банктің 2003-2006 жылдардағы іске асырып отырған ақша-несие саясатының жүргізілуін қарастыру;
  • Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі атқаратын қызметтері мен негізгі операцияларына тоқталып өту.    

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

    1. Банк ұғымы және пайда болу тарихы

 

     Банк  жүйесінің маңызды элементі –  банктер болып табылады.

Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы  туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.

Кейбір ғалымдардың  пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің  мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генус) XIV – XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI – XVII ғғ. Венецияда,  Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырылысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде – феодализм  тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болатындығы тілге тиек етеді.

Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі...” (40; 348)

         Өкінішке орай, «банк» сөзінің  өзі бізге оның мәнін ғана  белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.

«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен  аударғанда «айырбас столы» дегенді  білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен  сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының  болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол  уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.

Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.

Сонымен, бұл  алғашқы банктік операцияларды  орындаған кімдер? Деген сұрақ  туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

Алғашқы банктер  жинақталған зор ақша байлықтарының  қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Ежелгі банктер  несиелік операциялар жүргізумен қатар  салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу  қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің  бір шотынан басқа бір шотқа  аудару арқылы жүргізіледі.

Банктер қызметтерінің  қолайлылығы іскер адамдардың назарынан  тыс қалмады. Банктің клиенттер  қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер  өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта дедал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға шығаруға құқық алады.

Әрине, мұның  бәрі алғашқы банктердің капитализмнің  мануфактура жағдайында, банкирлер  үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз  алушылардың болуы банктердің пайда  болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.

Ендеше, осы  жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң  қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе –  бұл несиенің жеке формасы мен  банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктікнесие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.

Бұл сұраққа  жауап беру үшін қазіргі кездегі  сөздіктердегі банк ұғымына мән  берелік. Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады.Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.

Ежелгі Римде  банк және несие құқының нормалары  болған. Осы нормаларға сәйкес, б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп  атады. Оларға несиелік операцияларды  жүргізуге рұқсат етілмеген. Трихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату және басқа да операцияларды орындаған.

Банктің пайда  болуы туралы қарастырғандар оның мәнін  ашуға жақындайды, бірақ та банктің  толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.

         Монополиялық капитализм дәуірінде  банктердің жаңа рөлін сипаттай  отырып, В. И. Ленин былай деп  жазды: “Банк жұмысы өркендеп  және оның азғана мекемелердің  қолына шоғырлануына қарай банктер  жай делдалдық рөлінен асып, барлық  капиталистердің және ұсақ қожайындардың барлық дерлік ақша капиталын, сонымен қатар белгілі бір елдегі және бірқатар елдегі өндіріс құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратан құдіретті күшті монополистерге айналады” [Шығ, 22-т., 219-б.]   

К. Маркс пен Ф. Энгельс  социалистік құрылысты жан-жақты өрістетуде банктердің маңызды роль атқаратындығын атап көрсеткен болатын: “Жеке меншіктегі банктердің орнына мемлекеттік банк құрылады, оның қағаздарының заңмен белгіленген күші болады. Бұл шара қаржыландыру ісін бүкіл халақтың мүддесі үшін реттеуге мүмкіндік береді” (Маркс К. И Энгельс Ф., Соч., т. 5, с. 2)

Информация о работе Қолданылған әдебиеттер