Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:11, реферат

Описание работы

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3-5

І бөлім. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.
1.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары............................................................................................................6-11
1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары...................................................................................................11-13

ІІ бөлім. Ұлттық банктің ақша айналысын басқару.
2.1. Ақша – несие саясаттарының құралдары....................................14-23
2.2. Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық резервтерді басқару..................................................................... 24-27

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – «банктердің банкі».
3.1. Банктердің жұмысын бақылау және қадағалау ...........................28-30
3.2 Коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру және несиелеу............................................................................................................30-32

Қорытынды...................................................................................................... 33-34

Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 35

Работа содержит 1 файл

Аис.doc

— 198.50 Кб (Скачать)

                                                    Мазмұны:

 

Кіріспе.................................................................................................................  3-5

 

 І бөлім. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.

1.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары............................................................................................................6-11

1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары...................................................................................................11-13

 

ІІ бөлім. Ұлттық банктің ақша айналысын басқару.

2.1. Ақша – несие саясаттарының  құралдары....................................14-23

2.2. Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық  қызметі және алтын валюталық  резервтерді басқару..................................................................... 24-27

 

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – «банктердің банкі».

3.1. Банктердің жұмысын бақылау және қадағалау ...........................28-30

          3.2 Коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру және несиелеу............................................................................................................30-32

 

Қорытынды...................................................................................................... 33-34

 

Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Ұлттық банктің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, яғни пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады және де мемлекеттің Ұлттық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.

  Курстық жұмыстың мақсаты – Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі мақсаты мен міндеттерін, атқаратын қызметтерінің мәнін ашу.

Ұлттық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақшы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банктер бүкіл  елдің  несие жүйесін бақылаушы  әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Ұлттық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды.

 Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Ұлттық  банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әртүрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық  банк ақша айналымының құрылымын басқару арқылы реттейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне қосымша міндеттер  жүктеледі: Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға  интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру; ақша – несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу; банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің салымшылардың мүдделерін қорғау.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  Қазақстан  Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы  банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республиканың Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады  және олардың шаруашылық айналымға  түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын  толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы  төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды  қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің негізгі міндеті  – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                І – бөлім  Ұлттык Банк, оның максаты мен міндеттері, қызметінің

бағыттары, меншікті қаражаттары  мен пайдасы

 

    1. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары

 

Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд, теңге көлеміне мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі  құқықтық формалары бар:

- оның капиталының калыптасуы 100 % мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесiлі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам ;

- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);

- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

   АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады. 

Негізгі Ұлттық банк унитарлық  орган болып табылады. Мемлекет –  жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі  қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесiлі басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғалық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкісіне  мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру
  • ақша – несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу
  • банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттық банкі жұмысының  негізгі бағыттары:

  • елдегі несиелік ресурстардың және ақша айналысын басқару
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастырды.
  • банк ісін  лицензиялау, ақша – несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау.
  • банк ісін бақылау және қадағалау
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау
  • ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары
  • басқа банктермен тартылған және келісім шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар
  • мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.

Ұлттық банкінің басқару  құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады.

Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдылық бөлімшелері бар.Ұлттық банкінің 2009 жылғы құрылымы 1 – сызбада көрсетілген.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы  басқару органы Ұлттық банк төрағасымен  басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір – бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша – несиелік саясатын жасайды.
  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді.
  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық  құнын және әшекейлік пішінін бекітеді.
  • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді.
  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
  • сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді.
  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады.
  • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк депортаменттернінің директорларын тағайындайды.
  • банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.


 


 





 

 



 

 

 

 

 

1 – сызба.  ҚР Ұлттық банкінің басқару  құрылымы.

 

Басқарма мәжілісі қажет  кездерде немесе айына бір рет  өткізіледі.

Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің  ұсынуымен алты жылға сайланады.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз  мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы – бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім – шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттер кірмейді.

Информация о работе Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары