Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық саясаттарының экономиканы реттеудегі маңызы мен жүргізілу механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 06:15, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Содержание

КІРІСПЕ ..............................................................................................................3

I-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ...............................................................................................4
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары ..............................................................................7

II-тарау. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ
2.1 Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық саясаттарының экономиканы реттеудегі маңызы мен жүргізілу механизмі .................15
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының жаңа бағдарының маңызы мен қызмет ету механизмі ..........................19

Қорытынды .........................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................27

Работа содержит 1 файл

ұлттық банк.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

1) өз  функцияларын жүзеге асыру мақсатында  банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк  органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;

2) Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық  актiлерiне сәйкес вексельдердi  қайта есептеудi жүзеге асырады; 

3) Қазақстанның  Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының  Үкiметi арасында жасалатын және  ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;

5) банк  шоттарының режимiн белгiлейдi;

6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

7) банктер  операциялары мен мәмiлелерiнiң  жекелеген түрлерi бойынша сандық  шектеулердi белгiлейдi;

8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;

10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңдарда белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;

11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi;

12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен  операциялары және мәмiлелерi

Қазақстанның  Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

  1. осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
  2. өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
  3. мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  4. Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  5. депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  6. туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
  7. қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  8. чек жазып бередi және вексельдер бередi;
  9. егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

Валюталық реттеу және валюталық  бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:

    1. Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
    2. Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
    3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
    4. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
    5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
    6. Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
    7. Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
    8. Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
    9. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
    10. Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
    11. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
    12. Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын  басқа да қызметтердi атқарады.

ҚР-ның  Ұлттық банкi  “банктердiң банкi”  ретiнде ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып  табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi  “банктердiң банкi” деп атайды.

Ұлттық  банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:

  • коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
  • коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
  • жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
  • банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.

Ұлттық  банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк  мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.

“Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңында былай жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi.  /9/

Қорытындылай  келе, ҚР-ның Ұлттық банкi ҚР-ның орталық  банкi ретiнде басқа елдердiң орталық банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие, “банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ ақша – несие және валюта саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II-тарау.  ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ 
 

2.1  Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық саясаттарының экономиканы реттеудегі маңызы мен жүргізілу механизмі 

   Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының  Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

      Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

  1. рекстрикциялық  ақша-несие саясаты;
  2. экспанциялық ақша-несие саясаты. 

Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты -  екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету.   /1, 79-80 б./

      Ақша  саясатының құралдарын төмендегiдей  топтастыруға болады:

Ақырғы  мақсат:

      а) экономиканың өсуi;

      ә) толық жұмысбастылық;

      б) бағаны тұрақтандыру;

      в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық  мақсат:

      а) ақша жиыны;

      ә) пайыз мөлшерлемесi;

      б) айырбас курсы.

Құралдары:

      а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн  тiкелей реттеу;

      ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;

      б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;

      в) ашық нарықтағы операциялар.

      Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң  дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

      Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа  да саясаттарды скере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.

      Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей  орталық банктiң жанама құралдары  арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл мақсаттарға жетуге Ұлттық банк ақша-несие  саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi:  /4, 144 б./

  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
  • Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
  • мемлекеттiң бағалы қағаздарын  сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;
  • банктерге және үкiметке несие беру;
  • валюталық нарықтағы басқыншылық;
  • кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
  • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi. 

      Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

      Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты  мақсаты – айналыстағы теңге  деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде  пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек,  жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.

Қазақстандағы инфляциямен күресуiң тағы да маңызды  факторы – шетел валютасына деген  артық сұранысты төмендету болып  табылады.

     Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етедi. 

     Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi  және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды.  Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.

Информация о работе Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық саясаттарының экономиканы реттеудегі маңызы мен жүргізілу механизмі