Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ................................................. 4
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы.......................7

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
2.1 Мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу.....................17

Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.................................24

Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру.............25

2.4 Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу........27

Қорытынды...........................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................32

Работа содержит 1 файл

Ұлттық банк1 Банк ісі курстық жұмыс.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

 

Жоспар

 

Кіріспе .....................................................................................................................3

   

    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны

    1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ................................................. 4

    1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы.......................7

 

    2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны

    2.1 Мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу.....................17

 

    1. Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.................................24

 

    1.  Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру.............25

   

   2.4 Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу........27

 

Қорытынды...........................................................................................................30

 

Қолданылған әдебиеттер  ...................................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.

      Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.

      Әлемдiк  тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң  Орталық банкке кең өкiлеттiк  беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң  тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз  етедi. Орталық банк мемлекет берген  эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.

      “Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкi туралы”  Заңы бойынша Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының  Орталық банкi және республикамыздағы  банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің еліміздің орталық банкі ретіндегі қызметінің құқықтық негізін толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты болып табылады.

      Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк елміздің несие және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық құрылғы болып табылады.

      Бүгінгі таңда ҚР-ның Ұлттық банкі өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады. Яғни, ТМД елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны

 

1.1 Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің  – ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі  қалыптасуы және құқықтық негіздері

 

      Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикасында  банк жүйесi болған жоқ. Елде КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.  Сондықтан да Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы Қазан төңкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО-ның банк жүйесiмен тығыз байланысты.

      Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор.

      Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi;  екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.

      Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған  “Банктер  және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды:  жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық банктер жүйесi. 

      Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.

      Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп (Орталық – Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi.

      1991 – 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен байланысты инфляция қарқыны өте жоғары болды. Банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп кеткен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Көптеген кәсiпорындар өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр болды.

      Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi. Осыдан бастап ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым – қатынаста классикалық қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты толық жауапкершiлiк жүктелдi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады. 

      Қазақстан Ұлттық Банкi – заңды тұлға. Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы кеңестер алысып отыруға мiндеттi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-несие саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.

      Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

       Қазақстан Ұлттық Банкi – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысын орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.

 

1.2 Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы

 

       Ұлттық  Банктің құрылымына мынылар кіреді: 
־ департаменттерден, басқармалардан (1 басқарма Астана қаласында) жеке бөлімдерден тұратын орталық аппарат; 
16 аумақтық филиал;  
־ Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы; 
־ Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі; 
6 есеп беретін ұйым (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар): 
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы»; 
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы»; 
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы»; 
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Автобазасы»;  
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы ғимараттарды пайдалану орталығы»; 
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы». 
      Ұлттық Банк: 
־ «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры», 
־«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы», 
־ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры», 
־ «Қазақстан ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры», 
־ «Қазақстан Актуарлық орталығы» жабық акционерлік қоғамдарының 100%-ті құрылтайшысы және 
־ «Процессинг орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі (Ұлттық Банктің үлесі - 80,6%) болып табылады.

       Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі өз жұмысын Конституцияға, ағымдағы Қаулыға, сонымен қатар, заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысына (ҚР банктер және банктік іс-әрекеттер туралы), басқа да заңдық актілер мен халықаралық дәрежеде бекітілген келісім шарттарға сүйене отырып атқарады.   
       Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Президентке қаратылған.  
Оның мәнісі мынада:  
- Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің төрағасын тағайындайды;  
-  Қазақстан Ұлттық банкісінің төрағасының ұсынысымен Қазақстан Республикасының Президентінің Ұлттық банк төрағасы орынбасарларын алып тастау;  
- Қазақстан Республикасының Президентімен ұлттық валюта – қазақстандық теңге дизайнын өзгерте алуы;  
- Қазақстан Республикасы Президентімен Қазақстан Ұлттық банкісінің жылдық қаражатын бекіту. 
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы негізінде банктік операциялар жүргізетін (шетел валютасын сатып алу және т.б.) барлық банктер, мекемелерге орындалуға міндетті нормативтік актілерді құрастырады.   
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның барлық бөлімшелері салықтың барлық түрін, соның ішінде кедендік баж салығын да төлеуден босатылған.  
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі заңды тұлға болып табылады, оның өзіндік балансы бар. Ұлттық банк және оған тәуелді бөлімшелер жоғары деңгейлі банктің біріңғай құрылымын құрайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны