Қаржыландыру мен несиелендірудің әдістері. ҚҚаржылық қызметті ағымды және стратегиялық реттеу

Дата добавления: 06 Ноября 2011 в 15:31
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: контрольная работа
Скачать полностью (22.07 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Қаржыландыру ,несиелендіру әдістері.doc

  —  83.50 Кб
 
 
   

             

          Қаржыландыру  мен несиелендірудің әдістері. Қаржылық  қызметті

                                    ағымды  және  стратегиялық реттеу.

        Жоспары:

  1. Кәсіпорынның  табысы, оның  мәні  мен  маңызы.
  2. Пайда – кәсіпорын қызметі  тиімділігінің  басты  шарасы.
  3. Кәсіпорын  пайдасының  бөлінуі  және  пайдалануы.
  4. Кәсіпорын  қызметінің  пайдалылығы.
 
 

        1. Табыс – төтенше  таралған, кең  түрде  қабылданатын, сонымен  қатар  түрліше  маңызды  қолданылатын  көп  мағыналы  ұғым. Сөздің  кең мағынасында ақшалай  құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. 
 

                         Кәсіпорынның  табыстарын  қалыптастыру 

                     

                      =                 +     +                          –                  
 

                   

                  =                          +                +               + 
 

                                      =  
 

                    =                           +                          +   
 

        Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

        Кәсіпорынның жалпы табысына  ақшалай түсім тауарларды сату  және қызмет көрсетуден түсетін  ақшалай түсім, атқарылған қызметтен,  мүліктік бағалылықты сатудан,  несие берілгендегі алынатын  тиісті проценттер және басқа  да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

        Жиі қолданылатын «таза табыс»  ұғымы жалпы табыс және материалдық  ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.

        Экономикалық теорияда табыс  деп тұрақты және нарықтық  субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:

        –   Жалпы табыс (ЖТ) – бұл  тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен

   ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын  тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

  • Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне

бөлу (К) 
 

                                              

            

  • Шекті табыс (ШТ) – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы

табыстың үстелуі.      
 

                                   

        Шекті табыс шығарған әрбір  қосымша өнім өлшемінің өтемділігін  бағалауға мүмкіндік береді. Және  де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді. 
 

        2. Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс санасының таза пайдасын қамтиды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                  Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру 

                                                                            – 
 

 

                                     +                                       +    

 
 

 

  Х    =    
 

                             –    
 
 
 
 
 

        Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші  пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?

        Шынында да, кәсіпорын қорлануының  мөлшері неге байланысты? Егер  белгілі бір кезеңде ұжым қажет  болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.

        Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:

  • тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
  • тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
  • сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

        Есептеулік пайда – бұл негізгі  өндірістік және айналмалы нормативтік  қорларды және банктерден алған  несиелерді шегергендегі бюджетке  түсетін жалпы баланстық пайда.

        Пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

        Пайда белгілі бір нысандарды  орындайды.

        Біріншіден, кәсіпорын қызметінің  нәтижесіне жетуде экономикалық  тиімділікті сипаттайды.

        Екіншіден, пайда ынталандыру  нысанына ие болады. Оның мазмұны,  ол бір жолғы қаржы нәтижесі  және кәсіпорынның қаржы ресурстарының  негізгі элементтері болып табылады.

        Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

        Нарықтық экономика жағдайында  пайданың маңызы орасан зор.  Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.

        Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі  қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі  – кәсіпорынның жалпы пайдасы.  Жалпы пайданың негізгі жиынтық  элементтері болатындар:

  • өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
  • негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
  • өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.

        Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы – сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңның әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

                      Пайданың түрлері және оны есептеудің әдістері
Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
Экономикалық  пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық

                                                                   Шығындары

Бухгалтерлік  пайда = жалпы табыс – оның шығындары 
Таза  экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда - өндірістің анық шығындары
Таза  пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер
 
Қалыпты пайда = капиталға нормативті қайтарым – кәсіпкерлік табыстың

                                                                                         мөлшері

Шаруашылық  пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда
Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар
 
                                                            Пайда
  • өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады
  • ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын сипаттайды
  • инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру
 
 

        3. Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджтке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қалауында қалатын, құрылым стастъямын пайдалану кәсіпорынның құзыретіне жатады.

        Пайданы үлестірудің принциптері:

  • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
  • мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменеің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
  • салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
  • кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

        Кәсіпорынның қарауында қалатын  барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін  көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі – тұтынуға пайдалатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залаладарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.

Страницы:12следующая →
Описание работы
Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Содержание
содержание отсутствует