Қаржы теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 10:44, курсовая работа

Описание работы

қаржының мәні, мазмұны

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

І. ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................5

1.1 Қаржының мәні, мазмұны....................................................................................5

1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі........................................................7

1.3 Қаржы жүйесін басқару және оның қағидалары................................................8

1.4 Халықаралық қаржы жүйесі..............................................................................12

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН
ТАЛДАУ....................................................................................................................17
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы......................17

2.2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ахуалы.........................................................................................................................19

2.3. Қаржы нарығының экономиканың дамуына жасаған ықпалы.....................24

2.4 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың жолдары......................................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................34

Работа содержит 1 файл

Каржы теориясы-курс.doc

— 260.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

  КІРІСПЕ.....................................................................................................................3 

І. ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................5

1.1 Қаржының мәні, мазмұны....................................................................................5

1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі........................................................7

1.3 Қаржы  жүйесін басқару және оның  қағидалары................................................8

1.4  Халықаралық қаржы жүйесі..............................................................................12 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН

ТАЛДАУ....................................................................................................................17                                                                                                                                                       

2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің қалыптасуы......................17

2.2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ахуалы.........................................................................................................................19

2.3. Қаржы нарығының экономиканың дамуына жасаған ықпалы.....................24

2.4 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың жолдары......................................................................................................................27 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................32

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................34 
 
 
 

КІРІСПЕ

    Курстық жұмыстың өзектілігі:

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локамативі» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға,сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Мұның бәрі де Қазақстанның 2015 жылға дейінгі даму стратегиясында бейнеленуге тиіс», - деп атап көрсетті.

    Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап нарықтық экономикаға көшуге бейімделді.Қазіргі  таңда Қазақстан ойдағыдай істеп  жатқан нарық экономикасын құрды.Нарықта Қазақстан экономикасын тұрақтандыру үшін қаржы ресурстарын  неғұрлым толық және ұтымды пайдалануды қарастыру, оның шешу жолдарын табу болып табылады. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің, Оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың,Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

    Курстық жұмыстың мақсаты:

    Қаржының теориялық негіздерін қарастырып, Қазақстандағы қаржы жүйесінің дамуына талдау жасау және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыта түсудің жолдарын қарастыру.

    Курстық жұмыстың міндеттері:

    -      қаржының мәні мен мазмұнын анықтау;

    -      қаржының атқаратын қызметтері мен рөліне тоқталу;

    -      халықаралық қаржы жүйесін қарастыру;

    - Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің пайда болып, қалыптасуын зерттеу;

    -      қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау;

    -     қаржы нарығының экономиканың дамуына жасаған ықпалына талдау жасау;

    -   Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың жолдарын қарастыру;

    Курстық жұмыстың зерттеу  объектісі:

    Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі  Қазақстан Республикасы болып табылады.

    Курстық жұмыстың құрлымын негіздеу:

    Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржының теориялық сұрақтары қарастырылған.

    Екінші  бөлімінде Қазақстан бойынша  қаржы жүйесіне ғылыми негізде талдау жасалған.

    Үшінші  бөлімінде қаржы жүйесін дамытудың тиімді әрі қарқынды перспективалары қарастырылған.

    Қортынды  бөлімінде барлық курстық жұмыс  ішінде жазылғандарға  қысқаша  және мазмұнды етіп баяндау берілген.

    Ең  соңында қосымшалар мен әдебиеттер тізімі  ұсынылған.

    Кысқаша мәліметтер мен әдебиеттер:

    Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2005-2009 жылдардағы халқына Жолдауы, «Қазақстан 2030» стратегиясынан, «Экономикалық теория», А.Есентүгеловтің «Қазақстан Республикасының  индустриалдық-инновациялық дамуының стратегиясы нақты және болашақ» атты статистикалық жинақтар және т.б. кітаптарынан алынған материалдар ұсынылған. 
 
 

І. ҚАРЖЫНЫҢ  ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ   НЕГІЗДЕРІ 

1.1 Қаржының мәні, қаржы жүйесінің құрылымы 

    Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын  тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanse сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады.

    "Қаржы"  ұғымы мемлекетпен бірге бір  уақытта қоғамның таптарға жіктелуі  кезінде, мемлекеттің дамуы мен  оның ресурстарға деген қажеттіліктерін  қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

    Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда  болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

    Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл  терминнің авторлығын 1577 жылы " Республика туралы алты кітап" деген жұмысын  бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады. Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

    Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы  көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік  құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

    Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады./7, 6 б./

    Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез келген мемлекетте коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және  тұрғындардың қаржысы енеді.

    Мемлекеттің қаржысы — ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен  құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік  болжам, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

    Шаруашылық  жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік  және мемлекеттік емес) — компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассодиация, трест, бірлестіктердің  ақшалай қаржысын құрайды.

    Кәсіпорынның  қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік  емес) — меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты,

әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталантыру  қоры,

амортизаииялық  қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

    Тұрғындардың  қаржысы —шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.

    Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл  құрылымның қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқада қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады. 
 

    1.2 Қаржының атқаратын  қызметтері мен  рөлі 

      Рыноктық қатынастар жайғдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады: бөлу, реттеу, ынталандыру, бақылау.

    Мемлекет  ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен  қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.

    Қаржының  реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен  жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

    Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.

    Қаржының  бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың  мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

    Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады;

    аржылық-бюджеттік  әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

    кредиттік-банктік  әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.

    Қоғамдық  өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының —  нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.т. көмегімен  жүзеге асырылуы мүмкін [7, 34 б.]

    Ұлттық  табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

    өндірістік  емес саланы қаржы ресурстарымен  қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс  жасалмайтыны белгілі;

    елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;аржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;

    қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі  рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.

    Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен  бөлу және қайта бөлу қоғам мен  кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өңдірістегі  қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді. 
 

    1.3  Қаржы жүйесін  басқару және оның қағидалары 

    Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет, бұл басқару шешімдерін әзірлегенде экономикалық заңдардың талаптары, экономикалық талдау нәтижелері, экономикалық - математикалық әдістер және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйелері ескеріледі, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері ұтымды үйлеседі деген сез. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.

Информация о работе Қаржы теориясы