Механизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 18:15, реферат

Описание работы

Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері. Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажыра-татын төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің бас-қару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.

Содержание

1. Кіріспе:
1.1 Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері.
1.2 Мемлекеттің мəні.
1.3 1. Мемлекет механизмінің түсінігі.


2. Негізгі бөлім:
2.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері.
2.2 Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.
2.3 Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.

3. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

30-бет.docx

— 32.09 Кб (Скачать)

Жоспар

1. Кіріспе:

1.1 Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері.

1.2 Мемлекеттің мəні.

1.3 1. Мемлекет механизмінің түсінігі.

 

 

2. Негізгі бөлім:

2.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары

4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері.

2.2 Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.

2.3 Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.

 

3. Қорытынды

 

КІРІСПЕ

1. Мемлекеттің  түсінігі жəне белгілері. Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажыра-татын төмендегідей белгілері болады:

1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің бас-қару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.

2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.

3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.

5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

3. Мемлекеттің  мəні. Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табы-лады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынада мемлекеттің  əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұ-тастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынас-тарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар не-гізінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің  əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анық-тайды.

Жоғарыда аталғандардың  негізінде, мемлекеттің мəнін қарас-тыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;

2) мазмұнды – осы ұйымның  кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің мəнін анықтауда  келесі бағыттарды атап өтуге болады:

- класстық, бұған сəйкес  мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;

- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстар мен əлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасай-тын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көме-гімен қоғамның тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамта-масыз етуден көрінеді.

Мемлекетті түсінудің əртүрлілігі

Мемлекет – басқару мен мəжбүрлеуді жүзеге асыратын арнайы аппараты бар. Жария биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы. Бұл ұйым қоғамды білдіре отырып, заңдардың көмегімен осы қоғамды басқарады жəне оның интеграциясын қамтамасыз етеді.

Мемлекет белгілері:

1) жария биліктін болуы;

2) тұрғындардың аумақтық бөлінуі;

3) салық жүйесі;

4) егемендік;

5) құқық. 

Аристотель  – азаматтардың барлық ой жəне адамгершілік мүдделерін топтастыру

Цицерон – ортақ құқық бастамаларымен жəне ортақ пайдамен біріккен адамдар одағы

Коркунов, Шершеневич, Трубецкой – белгілі бір аумақ шегінде ерікті адамдарға жеке дара мəжбүрлі билік етуді білдіретін қоғамдық одақ

Гумплович – белгілі бір тəртіпті қорғауға арналған табиғи жолмен пайда болған билік ету ұйымы

Еллинек – заңды субъект болып табылатын жəне құқықтарды иеленетін тұлғалардың мақсатты біртұтастығы

 

Мемлекеттің əлеуметтік мақсаты:

  • Құқықтық тəртіпті, адам бостандықтары мен құқықтарын қорғау
  • Қоғамның əртүрлі таптары тарапынан қолдау тапқан шешімдерді жүзеге асыру
  • Əлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою
  • Бейбітшілікті сақтау, қарулы қақтығыстардың алдын алу
  • Əлеуметтік тіл табысушылыққа қол жеткізу, халықтың əртүрлі топ тарының мүдделерін ескеру мен үйлестіру

 Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады.

Мемлекет механизмінің құрылымы. Бұл құрылымға мына-лар кіреді:

1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы жəне өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мəдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы əлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындар;

3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық,қаржылық жəне күштеу құралдары.

Барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.

 Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

 Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.

 Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.

 Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.

 Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:

1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:

1) Жоғары өкілдік орган – Парламент. Парламент – бірден –бір заң шығаратын орган.

2) Жергілікті өкілдік органдар – оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.

2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы – Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.

3. Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган – Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.

4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.

5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.

6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.

7. Әскер. Оған мемлекеттің  әр саладағы қарулы күштері жатады.

8. Барлау, қарсы барлау органдары.

9. Абақты, бас бостандығынан  айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.

 Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның міндеті.

 Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:

- атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;

- мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.

Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:

1. Туынды тәсілдер бойынша:

а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;

б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.

2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:

а) Ең жоғары (үкімет);

б) Жергілікті (әкімшілік);

3. Құзырларының ауқымдылығы  бойынша:

а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);

б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).

4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:

а) Заң шығару органдары (Парламент);

б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);

в) Сот органдары (соттар);

5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:

а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент,Үкімет және т.б.)

б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).

 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.

 Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері.

Принцип түрлері:

1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты – адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.

2. Демократиялық қағидат – азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.

3. Билік бөлінісі қағидаты – үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.

4. Заңдылық қағидаты – Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын қажет екендігін білдіреді.

5. Жариялық қағидаты –  құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.

6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты – мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі.

7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты – мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамассыз етудің алғышартының міндеттік негізі.

8. Сайланбалылдық пен  тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты – мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.

9. Иерархиялық (сатылық)  қағидаты – мемлекеттік аппартта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.

 Мемлекеттің саяси режимі:

 Саяси режим дегеніміз – мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.

 Саяси режімдердің түрлері:

 а) демократиялық;

 б) антидемократиялық;

 Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:

 а) авторитарлық;

 б) тоталитарлық;

Информация о работе Механизм