Жеке меншік құқығы және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:54, реферат

Описание работы

Жеке меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Жеке женшiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.
Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Содержание

Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi
Меншiк құқығына ие болу негiздерi

Работа содержит 1 файл

Baiorazov A.docx

— 32.56 Кб (Скачать)

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық  сауда университеті 
 
 
 
 
 
 

Реферат 

Тақырыбы: Жеке меншік құқығы және түрлері 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған:Байоразов  А.А.

Тексерген: Идрисов А.А. 
 
 
 

         Жоспары

    1. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
    2. Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi
    3. Меншiк құқығына ие болу негiздерi
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жеке  меншік құқығы және түрлері

  1. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
 

      Жеке меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.  
      Жеке женшiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.  
       Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.  
      Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.  
      Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.  
      Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.  
      Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.  
      Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.  
      Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.  
      Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.  
      Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi. 

     ҚР  Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк  пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен  құқықтық режим оларды бөлiп алуға  негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк құқығы формалары сәйкес келедi. Өз кезегiнде формалар да түрлерге бөлiнедi. Форма мешлiктiң арналған мақсаты мен әлеуметтiк бағыттылығына қарай оның салалық ерекшелiгін бейнелейдi, ал түр - меншiк формалары iшiндегi субъективтiк айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншiк құқығының субъектісi бола алады. Азаматтық әрекет қабiлетi шектеулi болған немесе, тiптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесiн заң немесе шарт бойынша өкiл қорғайд. Мемлекеттiң меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi сол - оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе мемлекеттiк заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда - мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.

     Конститутцияға  бағдар алып Азаматтық кодекс меншiк  формасы ретiнде жеке (191-бап) және мемлекеттiк (192-бап) меншiктi бөлiп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң  шығарушы, ресейлiкке қарағанда, топтастыру кезiнде “форма” терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебi “форма”  жене “түр” ұғымдары өз мәндерi жағынан  көп мағыналы және меншiк құқығына қатысты қолдануға онша келмейдi. Бұл ұстаным дұрыс та шығар, дегенмен, бұл мәселеге қатысты екi көзқараст  атап өткен жөн. Бiрiншiсi бойынша  меншiк құқығы бiр тұтас және бiртектi. Ол нарқтық экономиканың жалпы ережесiне бағындырылған. Бiрақ мемлекеттiк  меншiк құқығын бұған жатқызуға  болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншiк құқығының қалыпты  жұмысын қамтамасыз етуде шектеулi ауқымда болады. Яғни, жеке мешнiк  түрлiк емес, меншiк ұғымына келетiн  тектiк ұғым.

     Екiншi көзқараста меншік құқығы тектiк ұғым, ал жеке және мемлекеттiк меншiк құқығы - түрлiк ұғым. Мүлiктің жеке және мемлекеттiк  меншiк үшiн заңнамада белгiленген әртүрлi құқықтық режимi оған негіздеме  болады. Бұл мемлекет функциясың айрықша  сипатынан туындайды және субъектісінің  ерекшелiгiне байланысты.

     Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардығы сияқты мемлекет өкiлдерi қатысатын  қатынастарда абстрактілі субъектiлердiң - Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөлiністердiң бар  екендiгі ескерiледi. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берiлген тұлғалар - заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесi берiлген мемлекеттiк органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттiк мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлекет немесе әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiс атынан мүдде қорғайтыннын бiлген дұрыс. Қай жағдайда болса  да мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық белiнiстiң  мемлекеттiк заңды тұлға балансында бекітiлмеген мемлекеттiк мүлiкке  тiкелей билiк жасайтынын ескеру керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттiк меншiкке құқықтың мемлекеттiк заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен мекемелер) өздерiнің шаруашылық жүргiзуiндегi немесе оралымды басқаруындағы мүлiкке қатысты жүзеге асырады.

     АК-ның 191-бабында жеке меншiктiң екi түрi белгiленген, олар - азаматтар меншiгi және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi. Өз кезегiнде АК-ның 192-бабы мемлекеттiк  меншiктiң екi түрiн белгiлейдi, олар - республикалық және коммуналдық  меншiктер. Қазақстан Реслубликасына қарағанда Ресей Федератицясында  муниципалдық (коммунналдық) меншiк  мемлекеттiк болып табылмайды, сондықтан  ол оның құрамына кiрмейдi.

     Мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк  құқығы қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлiкке  деген меншiк құқығы осы мүлiк  турған елдiң құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, Қазақстан Реслубликасының  аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк  құқығы туралы заңнама қолданылады. 

Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы     

 Меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды.  
      Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесi өтеуге тиiс.  
     
 
 
 
 
 
 
 

2. Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi     

1. Жеке меншiк  азаматтардың және мемлекеттiк  емес заңды тұлғалар мен олардың  бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде  көрiнедi. 
      2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. 
      Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi. 
      

Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк      

 Жер, оның  қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар  дүниесi, басқа да табиғи ресурстар  мемлекеттiк меншiкте болады. Жер  заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке  меншiкте болуы да мүмкiн. 

Тұрғын  үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар     

 Тұрғын үйге  меншiк құқығы мен өзге де  заттық құқықтарды жүзеге асыру  ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен  реттеледi.

Меншiк иесi болып  табылмайтын адамдардың заттық құқықтары      

1. Меншiк құқығымен  қатар заттық құқықтарға: 
      1) жердi пайдалану құқығы; 
      2) шаруашылық жүргiзу құқығы; 
      3) оралымды басқару құқығы; 
      4) осы Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар. 
      2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады. 

Жалпы меншiк  құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң  құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша  иелену, пайдалану және оған билiк  ету құқығы. 
 
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады 
 
Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.  
 
Азамат өлген жағдайда оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді. 
 
Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді.  
 
Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады. 
 
Мүлік иегерінің қалауынсыз, иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АК)  
 
Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Меншiк құқығына ие болу негiздерi     

 1. Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншiк құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиедi.  
      Мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған жемiстерге, өнiмге, табысқа меншiк құқығы осы Кодекстiң 123-бабына сәйкес алынады.  
      2. Меншiк иесi бар мүлiкке меншiк құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлiктi иелiктен айыру туралы өзге мәмiленiң негiзiнде ие болуы мүмкiн.  
      Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдарға көшедi.  
      Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына - заңды тұлғаларға көшедi (осы Кодекстiң 46-бабы).  
      Меншiк иесiнiң мүлкiн меншiк иесiнiң еркiнен тыс басқа тұлғаға беруге осы Кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берiлмейдi.  
      3. Осы Кодексте көзделген реттер мен тәртiп бойынша тұлға меншiк иесi жоқ мүлiкке, меншiк иесi белгiсiз мүлiкке, не меншiк иесi бас тартқан немесе өзге негiздер бойынша ол меншiк құқығын жоғалтқан мүлiкке меншiк құқығын алуы мүмкiн.  
      4. Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшiн өзiнiң үлестiк жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.

Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi     

1. Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.  
      2. Мүлiктi меншiк иесiнен ықтиярсыз алып қоюға жол берiлмейдi, бұған мына реттер: 
      - меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен; 
      - заң құжаттарына сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған; 
      -реквизицияланған; 
      - тәркiлеген; 
      - жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айырған; 
      - күтiмсiз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер; 
      - осы Кодексте көзделген өзге де реттер кiрмейдi.  
      3. Жекешелендiру туралы заң құжаттарында көзделген реттер, жағдайлар мен тәртiп бойынша мемлекеттiк меншiктегi мүлiк азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiне берiледi.  
      4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi. 

Информация о работе Жеке меншік құқығы және түрлері