Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 13:20, курсовая работа

Описание работы

Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр.
Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының Жобасы.doc

— 2.11 Мб (Скачать)

Одан  басқа, өзара тиімділік қағидатын  негізделген мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бизнес-қауымдастықтарды тарту қарастырылады.

3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге  асыруды болжайтын нормативті  құқықтық актілердің тізімі

Осы Тұжырымдама  Ережесі келесідегідей нормативтің  құқықтық актілер арқылы жүзеге асады:

1) 2004 жылғы  7 шілдедегі №581-ІІ «Мемлекеттік  жастар саясаты туралы» Заңы;

2) Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық  даму жоспары;

3) Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

4) Денсаулық  сақтауды дамытудың «Саламатты  Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы;

5) Қазақстан  Республикасында дене тәрбиесі  мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы;

6) Еңбекпен  қамту 2020 бағдарламасы;

7) Бизнестің  жол картасы - 2020;

8) Аумақтарды  дамыту бағдарламасы;

9) «Қол  жетімді баспана – 2020» бағдарламасы;

10) Орталық  және жергілікті атқарушы органдардың  стартегиялық жоспарлары. 

 

ИНТЕРНЕТ КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Құрметті мырзалар!

Қош келдіңіздер 
Атырау облысының веб-сайтына.

Е-ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ

Үстіге

Махамбет селосы  
Абай көшесі №16 

телефон - факс: 8(71236) 2-22-56  
e-mail: apparat-maham

Ел болашағы - жастар. Көп кешікпей жастардың қоғамдағы орнын айшықтайтын маңызды құжат қабылданады. Бүгін «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері жастар саясаты туралы тұжырымдама жобасын құзырлы орган өкілдеріне тапсырды. Жасотандықтар құжатты дайындау барысында, ел жастарының барлық талап-тілегін қамтыған. 

 

Жастарды әсіресе, жұмыссыздық пен баспана мәселесі алаңдатады. Айтуларынша, кез келген жұмыс беруші жұмыс іздеп келген адамнан кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуын талап етеді. Ал, оқу орнын енді ғана тәмамдаған түлекте қандай өтіл болсын?! «Сондықтан, ұйымдар мен кәсіпорындарда жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдар беретін жүйе болуы керек», дейді жастар. Баспана мәселесі де солай. Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер құжат бойынша қолжетімді көрінгенімен, түптеп келгенде, ол арман күйінде қалып келеді. Себебі, ол үйді алу үшін белгілі бір банкпен келісімге отыруың керек. Ал, банктердің қаржылық талабын кез келгеннің қалтасы көтермейді. Тұжырымдамада жас отбасыларға жеңілдетілген несиемен тұрғын үй берілсе, деген жастардың талап-тілегі де бар. Құжатта осы секілді 11 бағыт көрсетілген.   

 

Нұрлан Сыдықов, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:

Жастарды тіл мәселесі алаңдатады. Еріктілер мәселесін де қозғадық. Мұны заңдық тұрғыда еңбек өтіліне кіргізуді ұсындық. 

Білім және ғылым министрлігі 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындап бітті. «Болашаққа айқын жол» деп аталатын бұл құжатты бүгін Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешов таныстырды. Тұжырымдаманың басты мақсаты - жастардың әлеуметтік мәселелерін жақсарту. Құжат 2013-2015 жылдары және 2015-2020 жылдары екі кезеңде жүзеге асады, деп жоспарлануда. Осылайша,   алдағы 5-6 жылда жастар саясаты тек ағарту саласын ғана емес спорт, ауылшаруашылығы және ғарыш технологиясы саласын да қамтымақ. Жалпы, билік елдің ертеңі жастарға мықтап ден қойып келеді. Тек өткен жылдың өзінде жастар саясатына 900 миллион теңге қаржы бөлінді. 

 

Нұрлан Өтешов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Жастар ісікомитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Тұжырымдаманың мақсаттарына жету үшін бірқатар тапсырмаларды, соның ішінде басты «Қазақстан-2050» стратегиясын және Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруіне жастарды тарту барысында іске асырылады.

2020 жылға дейінгі  мемлекеттік жастар саясатының  тұжырымдамасы

  • 0
  • /
  • 619
  • /
  • Мақалалар және ұсыныстар
  • /
  • 28.02.2013, 9:40

2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының

тұжырымдамасы 

 

1 тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының даму көрінісі мен қазіргі жағдайын талдау 

 

Жастар –  келешектің негізі ретінде жеке білімділігімен, жасампаз еңбегімен,  күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Олар ХХІ ғасырда дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі абыройы биік мемлекет - жаңа Қазақстанның қалыптасуын белсенді түрде жалғастырушы буын болуы тиіс. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осы.

Тұжырымдама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға  дейінгі дамуының стратегиялық жоспары  мен Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне сай келеді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында берген тапсырмаларына, сондай-ақ Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес жасалған. 

 

1.1.Қазіргі жағдайды талдау

Мемлекеттік жастар саясаты Тәуелсіздіктің 20 жылында  алғашқы қалыптасу кезеңінен  өтті. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 28 тамыздағы №73 өкімімен бекітілген Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында қалыптасқан.

2004 жылы қабылданған  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясаты туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы жастарды жеке әлеуметтік-демографиялық топ етіп бөліп шығаруға, оған белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер беруге мүмкіндік жасады.

Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «2003-2004 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасы», «2005-2007 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасы», сонымен қатар «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасы» атты салалық бағдарламалары іске асырылды.

Жастар саясаты  саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған құжаттары өз міндеттерін іске асырды және жастар саясатының келесі кезеңін бастау үшін негіз дайындады.

Халық санағының  қорытындысына сәйкес, соңғы 10 жылда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 623 377 адамға өскен (1999 жылы – 3,9 млн. адам, 2012 жылы – 4,5 млн. адам). Соның ішінде қалалық жастар санының өскендігі байқалады (1999 жылы – 2,1 млн. адам, 2012 жылы – 2,4 млн. адам). Аталған уақыт аралығында оң сальдо (кіріс пен шығыс арасындағы айырма) ауылдық жастар ішінде де байқалады (1999 жылы – 1,6 млн. адам, 2012 жылы – 1,9 млн. адам).

Гендерлік тұрғыдан алғанда республикада жас азаматтардың арасында ер адамдардың саны 2012 жылы көбірек  екендігі байқалады: 2 245 249 (әйелдер 2 238 036), (1999 жылы – 1 947 036: 1 925 530).

Қазіргі кезде  жастар үшін негізгі «әлеуметтік  лифті» - сапалы білім болып табылады. Жалпы, жастардың білім деңгейі  мынандай: 718 мыңы -  жоғары білімді (15,9%), 306 мыңы – аяқталмаған жоғары (6,8%), 728 мыңы – арнаулы орта (16,2%) білімді.

Соңғы 10 жылда  жоғары білімді жастардың саны орташа есеппен 4 есе, арнаулы орта білімді  жастар 2 есе, ауылдық жоғары білімді  жастар – 6 есе, қалалық жастар – 4 есеге  өсті.

Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі»  және т.б. ірі жобалар іске асырылуда.

Нәтижесінде, жастардың  жұмыссыздық деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайған әрі ТМД мен  Еуропа елдеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда  едәуір төмендеген. 2011 жылы жастардың  жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Оның ішінде қаладағы жұмыссыз жастар ауылдағы жұмыссыз жастардан (3,8%) 1,5 есе (5,0%) көп.

Соңғы 11 жылда  жастар ұйымдары 7 есеге өскен (2000 жылы – 150 ұйым, 2011 жылы – 1043 ұйым), ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жылда 10 есеге  ұлғайған. Соңғы сайлау науқандарында  жастардың жоғары белсенділіктері байқалды.

Осылайша, Қазақстан  Тәуелсіздігінің 20 жылдығында жастардың  өз мүдделері, бейімділіктері, тәни мүмкіншіліктеріне  сай еркін әлеуметтік даму құқықтарын жүзеге асыруына, шығармашылық бастамашылықтарына барлық жағдай жасалған.

Жастардың білім  саласында тегін орта және жоғары білім алуларына, шет мемлекеттерде  оқып білім алуларына, денсаулық  сақтау саласында тең дәрежеде тегін  медициналық көмек алуларына  мүмкіндіктері бар.

Қазақстан жастары  халықаралық спорттық және мәдени ареналарда жоғары көрсеткіштер көрсетуде (Алматы, Астана қалаларындағы Азиада, Лондон қаласындағы Олимпиадалық ойындар және т.б.).

«100 мектеп, 100 аурухана», «Мәдени мұра», «Болашақ»» «Балапан», «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол  картасы – 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары іске асуда.

Жастар саясатының инфрақұрылымы құрылған (ҚР Президенті мен барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы  кеңестер, Жастар істері жөніндегі  комитет, мемлекеттік бағдарламалар, жастардың үкіметтік емес ұйымдары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар және т.б.). Жастардың мемлекеттік қызметке келуіне және қызметтік өсуіне, жеке істерін ашып, оны жүзеге асыруларына мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар  ел жастарының бүгінгі таңдағы әлеуметтік хал-ахуалын зерттеу бірқатар басты  мәселелердің барын аңғартты.

Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың  бүгінгі күннің қауіп-қатерлері  мен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси  өмірдегі өзгерістерге айтарлықтай  дайын еместігін көрсетті.

Жастар білім алу үшін көп алаңдамайды, өйткені жастарда бар болғаны 4,4%-нда ғана бұл мәселе шешімін таппаған. Медициналық қызмет көрсету мәселелері 25,3% жастарда ішінара шешілген, сұралғандардың 6%-да  шешілмеген.

Респонденттердің 20% тұрғын үй мен жұмысқа тұру, әлеуметтік қызмет мәселелері бойынша жауап беруге қиналды. Демек, бұл мәселелер көкейкесті, себебі әрбір аталған сала бойынша мәселелер ішінара 15% респонденттерде шешімін тапқан.

Сонымен қатар респонденттердің 20,6% мемлекеттің жас кәсіпкерлерге  көмек көрсетпейтіндігін атап көрсетті.

Жалпы алғанда, өздерінің  материалдық жағдайын төмен деп  есептейтіндер – 18,5%, жауап беруге қиналатындар – 18,7%, жоғары деп санайтындар  – 8,3%.

Респонденттердің 16% жастар арасында мәдениеттілік деңгейінің  құлдырап кеткенін атап өтуде.

Өзекті мәселелер: жастар арасында есірткінің таралуы – 15%, діни экстремизм мен терроризм қаупі бойынша – 12%.

Сондай-ақ, соңғы 10 жылдағы  жастар санының өсуіне қарамастан, болжамдық көрсеткіштер: 2015 жылы олардың  саны 4,52 миллионды, 2020 жылы 4,13 млн. адамды  құрайтындығын айтуда.

Ал, жастар санының азаюы  еңбек қоры тапшылығының пайда болуына, түрлі экономикалық салада білікті  кадрлар санының азаюына әкеліп соқтырады.

Көптеген жастар үшін негізгі  мәселе тұрғын үйге қолжетімділік болып  қала береді. Жұмысқа орналасуда бәріне бірдей тең қол жетімділіктің болмауы  жастар арасындағы жұмыссыздыққа әкелуде, бұл олардың материалдық жағдайына теріс әсерін тигізуде.

Ауылды жерлерде спорттық және мәдени инфрақұрылымдар дұрыс  дамымаған.

Жастардың сана-сезімінде  «Көкелерге сену» атты дәстүрлі идеологема қалыптасқан. 

 

1.2. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері

Тұжырымдаманың мақсаты  бәсекеге қабілетті және елжанды  жастарды тәрбиелеуге бағытталған   мемлекеттік саясаттың әрі қарайғы қадамдарын айқындау болып табылады. 

 

 

 

Тұжырымдаманың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделеді:

  1. Адамның тууы мен дамуына арналған тұтас инфрақұрылым  құру;
  2. Жас адам бойында адамгершілік құндылықтар мен патриотизмді тәрбиелеуде үздіксіз жүйе қалыптастыру;
  3. Мемлекеттік жастар саясаты институттарын нығайту.

 

 

Осы Тұжырымдама  жастар саясатының жаңа үлгісін құруға әрі оны дамытуға бағытталған  заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болады.  

 

1.3. Тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері және одан күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік жастар саясатының бұдан әрі дамуы төмендегідей кезеңдерде жүзеге асырылады:

1)     2013 жылдан 2016 жылға дейінгі кезең;

2)     2017 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең. 

 

Бірінші кезең.

Бірінші міндетті шешу нәтижелері:

  • жастар еңбек биржасының жаппай құрылуы;
  • «Еңбек биржасы» ұлттық веб-порталының іске қосылуы;
  • enbek.gov.kz сайтында келешекте жұмысқа қабылдау үшін, ТиПО оқу орындарын бітірушілердің, соның ішінде сертификат алғандарының деректер базасының құрылуы;
  • «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастардың кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға!» және т.б. жастар бастамашылықтары жалғастырылады;
  • еңбек құндылығын жастар сана-сезіміне сіңіру үшін «Еңбекқор» жобасы жүзеге асырыла бастайды;
  • бос орындар деректер базасына бірыңғай ақпараттық қолжетімділік жасалады;
  • жас азаматтардың жұмыс іздеу уақытының орташа ұзақтығы 6 айдан 4 айға дейін қысқарады;
  • уәкілетті органдардың жұмыспен қамту орындарына жұмыс іздеп келген жастарды жұмысқа тұрғызудағы үлес салмағы 10%-дан астам көрсеткішке ұлғаяды;
  • жастардың мекен-жайы, оқу орны, жұмыс орны бойынша атаулы (мақсатты қолдау) инфрақұрылым құрылады. Барлық елді мекендерде жастар бастамашылығын қолдайтын қор орталықтары жұмыс атқарады және онда ақпараттық қызмет көрсетіледі. Орта және ірі бизнес кәсіпорындарында келешек кадрлық әлеуетті дамыту мен қолдау үшін ұзақ мерзімді бағдарламалар, соның ішінде  тұрғын үй, білім беру және сауықтыру жобалары жүзеге асырылады;
  • бизнесті әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан ынталандыруға, еңбек ұжымдарында әлеуметтік көңіл-күйді нығайтуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыратын пакеттер енгізіледі;
  • «Іске сәт!» атты жас кәсіпкерлерді қолдайтын арнаулы жоба іске асырылады;
  • Жастар арасында ғылым мәртебесін көтеру мен оларды инновациялық жобаларға тартуға бағытталған «Қарқын KZ» атты жоба басталады;
  • Жастарға «Жас отбасы» санатында, сондай-ақ «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй алуға (2014 жылдан 2020 жылға дейін  жыл сайын 3000 пәтерден) жағдай жасалады;
  • жастардың тұрғын үй алуына байланысты жеңілдетілген ипотекалық несиелеу енгізіледі.

Информация о работе Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы