Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың өзектілігі



Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.

Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3





1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6



1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6

1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9

1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13

1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15





2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51



2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51

2.2. Айып тағу........................................................................................................53

2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56





ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар.doc

— 425.00 Кб (Скачать)


 

                                               

                                                        Жоспар

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

 

1-ТАРАУ.    ҚЫЛМЫСТЫҚ    ҚУДАЛАУДЫ    ЖҮЗЕГЕ    АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6

 

1.1   Қылмыстық    ізге    түсу    жеке    түрде    жүзеге    асырылуы    мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6

1.2   Қылмыстық  ізге  түсуді  жеке-жариялы  және  жариялы  түрде  жүзеге асыру........................................................................................................................9

1.3   Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13

1.4   Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15

 

 

2-ТАРАУ.     АЙЫПТАЛУШЫ     РЕТІНДЕ     ЖАУАПҚА     ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51

 

2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51

2.2. Айып тағу........................................................................................................53

2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН    НОРМАТИВТІК    ҚҰҚЫҚТЫҚ    АКТІЛЕР    МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................................................62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

         Дипломдық жұмыстың өзектілігі

       

       Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.

        Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.

        Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.

          Қылмыстық іс жүргізу заңнамасынан ауытқуларға жол берілмейді және олардың белгілі бір құқықтық салдары көзделген. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы органдар тек қана осы нормаларды біліп қоймай, оларды сақтауы, дұрыс қолдануы, кәсіби деңгейде қолдануы қажет.

         Алдын ала тергеу барысында істің фактілік мән-жайлары анықталады. Бұл жерде қылмыстық оқиға орын алдыма жоқпа, сезікті немесе айыпталушы адамның сол қылмысты істеуде кінәсі анықталды ма деген сұрақтарға жауап алынады. Осылардың барлығы тергеуші арнайы құжат - айыптау қортындысымен рәсімдейді. Айыптау қорытындысын шығарып болған соң тергеуші оны айыпталушыға жариялайды және қылмыстық істі әрі қарай шешу үшін сот органдарына жібереді.

         Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының әрекет етуші қылмыстық іс жүргізу заңдары мен арнайы қазақстандық және ресейлік әдебиеттерге талдау жасау арқылы қылмыстық қудалау мен айып тағудың проблемаларын айқындау, маңызын ашу.

       Дипломдық жұмыстың міндеттері:

        1)     Қазақстан      Республикасының   әрекет   етуші   қылмыстық   іс   жүргізу заңдарын зерттеу, оларға талдау жасау, талқылау;

       2)  Қазақстандық және ресейлік әдебиеттерді зерттеу;

       3)  Зерттеліп отырған мәселе бойынша өзіндік пікірді қалыптастыру;

       4)  Тақырып бойынша түсініктемелік негізді қалыптастыру.

       Дипломдық жұмыстың теориялық  практикалық құндылығы:

Дипломдық жұмысты жазу барысында алынған материалдарды заң оқу орындарында сабақ берген кезде оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

      Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы. Дипломдық жұмысты жазу барысында алынған нәтижелерді автор өзінің құқық қорғау органдарында жұмыс істеу барысында қолданады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі.

       Дипломдық жұмысты жазу барысында талдау, хронологиялық және салыстырмалы әдістер қолданылады.

      Зерттеу аумағы. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін қылмыстық іс жүргізу заңнамасы зерттелеп зерделенді.

      Дипломдық жұмыстың құрлымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды, негізгі мазмұндағы екі тараудан және пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.

      Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы, қолданылытын әдістері, мақсаты мен міндеттері, дипломдық жұмысқа шолу көрсетіліп кетеді.

      Бірінші тарау қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға арналған. Онда қылмыстық қудалауды жүзеге асыру ережелері,     қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән- жайлар   қарастырылады. Сонымен қатар, қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы органдардың    құқықтық жағдайына да көңіл бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАРАУ 1    ҚЫЛМЫСТЫҚ    ҚУДАЛАУДЫ    ЖҮЗЕГЕ    АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Қылмыстық  ізге  түсу  жеке  түрде  жүзеге  асырылуы  мүмкін қылмыстар

 

        Заңға сәйкес қылмыстық ізге түсу(айыптау)-«қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі» деп түсіну қажет (  ҚР ҚІЖК 7-бабының 13-тармағы). Қылмыстық ізге түсу органдары- «прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы» (ҚР ҚІЖК 7-бабының 14-тармағы). Прокурор сотқа дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» Заң күші бар Жарлығының 46-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді сотқа дейінгі кезеңдерде жүзеге асырушы прокурор:

-оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қажетті басқа да іс-әрекеттер жасауға хақылы;

-қылмыстық іс қозғайды немесе қылмыстық іс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;

-анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті органға прокуратура қозғаған қылмыстық істерді береді;

-заңда көзделген жағдайларда тергеу, анықтама, сондай-ақ жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне санкция береді;

-жекелеген тергеу әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысады;

-қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізеді;

-істі сотқа жібереді;

      Прокурор істі сотқа жіберген кезде қылмыстық ізге түсу функциясы өзгешелеу жүзеге асырылады. Сотта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы мемлекеттік айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық жағдайларда прокурор заңдылықты қадағалайды.

      Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туады. Олардың ішінде ең маңыздысы — өкімет органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас. Бұл қатынасты қылмыстық процессуалдық қатынас деп атайды.

     Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ал процессуалдық қарым-қатынас қылмыстық іс жүргізетін орган мен қылмыскердің арасында туады, қылмыстық заң қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігінің негізі мен шегін анықтайды, ал  қылмыстық іс жүргізу  заңы айыпкерді жауапқа тарту негізі мен тәртібін анықтайды.

       Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қылмыс жасаған адам дәлелсіз тағылған айыптан, орынсыз сотталудан және әділетсіз жазадан заңды түрде қорғануға құқылы. Алайда тергеуші, не болмаса прокурор қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүргізбесе, процессуалдық қарым-қатынас тумайды, себебі қылмыстық іс қозғауға құқылы мемлекет органдары мен  лауазымды адамдар қылмыс болғанын білмейді. Басқаша айтқанда, ең бірінші қылмыстық құқықтық қарым-қатынас пайда болады, содан кейін құқықтық процессуалдық қарым-қатынас туады (арыз, шағым не болмаса хабарлама түскеннен соң), өйткені материалдық заңының өмір сүру жолы іс жүргізу болып саналады. Қылмыстық құқықтық қарым-қатынас қылмыстық процессуалдық қарым-қатынассыз жүзеге аса алмайды.

      Қылмыстық құқық нормаларын процессуалдық тәртіптен тыс қолдану тергеудің, соттың немесе өкіметтің зорлығына әкеп соғады. Әр уақытта қылмыс жасаған азамат қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіппен жауапқа тартылу қажет, қылмыстық жауапқа тартудың зорлық сияқты басқа түрлеріне үзілді-кесілді тиым салынуы керек. Процессуалдық қарым-қатынас қылмыс туралы арыз түскеннен кейін пайда болады, яғни қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысынан басталады.

      Осыдан бастап қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың нақтылы процессуаддық әрекеттері жүзеге асады. Процессуалдық қарым-қатынас іс жүргізудің әр кезеңінде әртүрлі болады және тергеу әрекеттерінің мәні мен мақсатына байланысты. Мысалы, алдын ала тергеу кезіндегі құқықтық қарым-қатынас болған қылмысты  тез және толық ашу, қылмыскерді әшкерлеу мақсатына бағынады. Қылмыстық істі тексеру нәтижесінде іске қатысушылардың, біріншіден құқықтары мен міндеттері жүзеге асады, екіншіден, процессуалдық қарым-қатынас өзгереді  (кей уақытта қысқартылады). Сондықтанда процессуалдық қарым-қатынас, қылмыстық іс сияқты, пайда болады, дамиды, өзгертіледі, қысқартылады. Тергеу және сот  органдарының табысты жұмыс жасаулары үшін, олар тек қана өздерінің құқықтарын қолданып қана қоймай, басқа да қатысушылардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы тиіс.

       Қылмыстық іс жүргізуге  қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға белсенді қатысатын, процессуалдық құқықтарымен кеңінен қамтамасыз етілген, өзінің немесе өзіне өкілдік ретінде берілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай ақ көмекші қызмет атқаратын  адамдар мен органдарды айтады.

       Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А.Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субъектісі ретінде онда ерекше орын алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жузеге асырылатынын өте орынды атап көрсетті.

      Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады.

 

      Жоғарыда қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың   сот және  қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар болып бөлінетіндігін айтқан болатынбыз. Соттың қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік орган ретіндегі мәселелері жан-жақты  келесі тарауда қарастырылады. Бұл бөлімде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын  прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушыларға жеке-жеке тоқталғанды жөн көрдім.

     Мемлекеттік   органдар,   лауазымды   тұлғалар,   азаматтар,   процеске қатысушы заңды тұлғалар қылмыстық процестің субъектілері болып табылады.  Іске қатысудағы рольдері алуан түрлі, сонымен бірге олар процесс субъектілері  ретінде топтарға бөлінеді.

     Оның біріншісіне мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар - сот (судья), прокурор, тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы, анықтауды жүргізуші (анықтаушы). Тек аталған тұлғалар ғана құқық  нормасын, сол немесе басқа тұлғаға процессуалдық мәжбірлеу шарасын қолдана алады, іс өндірісінің бастапқы шешімін шығарады, оның бағытын және істің мәнін  шешеді.

       Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады.

        Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабында аталған қылмыстар туралы істер жеке айыптау істері болып саналады, жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушының бітісуіне орай қысқартылуға тиіс.

         Қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 111 (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру), 112- баптарында (Қорқыту), 123 (Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен эйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де мәжбүр етулер), 129 (Жала жабу), 130 (Қорлау), 136 (Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата- аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару), 140 (Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару), 142- баптарында (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу), 144- бабында (Бірінші және екінші бәліктерінде) (Дәрігерлік құпияны жария ету), 145-бабында (бірінші бөлігінде) (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу), 188-бабында (бірінші бөлігінде) (Бетен адамның мүлкі абайсызда жою немесе бүлдіру), 300-бабында (бірінші бөлігінде) (Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін [1; 26].

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар