Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 17:59, доклад

Описание работы

Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді тағы басқа анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғағанда және оны сот іске асырғанда қылмыстық квалификациялау туралы мәселе орын алады.

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы.doc

— 96.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық  құқықтағы орны 

    Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің  бірі қылмыс болып табылатын қоғамға  қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік  дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді тағы басқа анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғағанда және оны сот іске асырғанда қылмыстық квалификациялау туралы мәселе орын алады.

    Қылмыстық заң нормаларын іс жүзінде қолдану немесе қылмыстық іс әрекеттерді бағалау, ол қылмыстық заңның міндеттерінен туындайды деп түсіну керек. ҚР ҚК 2 бабының мағынасы екі қызметті іске асыруға бағыттылған.Біріншісі, қауіптілігі жоғары деп танылған іс-әрекеттерді заңда қылмысты деп жариялау арқылы азаматтардың мұндай әрекеттерді алдағы уақытта жасауына немесе заң нормаларында міндеттер белгіленгенде әрекетсіздік танытуға шектеу қою, тиым салу болып табылады.Екіншісі, қылмыстық заңның тиым салуына қарамай, қылмысты іс-әрекеттерді жасаған жағдайда оларға жауаптылықты белгілеу үшін заң нормаларын қолдану болып табылады.Қылмысты квалификациялау мәселесі осы екінші міндетті дұрыс,әрі қылмыстық құқықта белгіленген ережелерге сәйкес іске асыруға арналған.Квалификациялау ұғымы латын тілінің gualis деген сөзінен шығады және мағынасы сапа деген сөзді білдіреді.

    Қылмысты  квалификациялау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің белгілерімен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған  қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік  анықталады.

    Сонымен, қылмысты квалификациялау дегеніміз, жасалған қылмысты іс-әрекеттердің белгілерімен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.

          Бұл анықтамаларға  ұқсас анықтаманы В.А. Сергиевский  және С.М.Рахметов «Квалификация-бұл жасалған іс-әрекеттің нақты белгілерімен Қылмыстық кодекстің Ерекшебөлімінде қарастырылған қылмыс құрамдарының белгілерімен дәл және толық сәйкестігін анықтау және ресми түрде бекіту» дейді. Олар қылмыстық квалификациялауды процесс және нәтиже мағыналарында анықтап, процесс ретінде адамның әрекеттерінен белгілі бір қылмыстың белгілерін табуды және Қ.К Ерекше бөлімінің нормаларын өолдануды, сонымен қатар қылмысты квалификациялау субьектілерінің ой жұмысы түрінде анықтайды. 

          Заң қызметі туралы құжаттарда қылмысты квалификациялау  жұмысының барлық қолданылатын жерін  білдіре бермейді. Қылмысты әрекеттерге  құқықтық баға беру немесе квалификация жүргізу тергеу , сот қызметтерін  іске асыруда ғана емес, басқа салаларда , қылмыс туралы және қылмысты әрекеттер бойынша заң баптарын  қолдану туралы ой , ұсыныс келтіретін заң ғылымы саласында  да кездеседі.

          Жасалған іс-әрекеттерге  қылмыстық заң нормаларын қолданып баға беруге тек қылмысты квалификациялау  ғана жүргізілмейді, сонымен бірге қылмыстық құқықтық  квалификацияда жүргізіледі. Қылмыстық құқықтық квалификациялау ұғымына тек қылмысты деп танылған іс -әрекеттерге қылмыстық заң нормаларын қолданып баға беру емес қылмыс құрамы жоқ деп танылатын жағдайларға баға беруде жатады.Сондықтан іс әрекетке квалификация бергенде немесе қылмыстық құқықтық квалификацияда барысында, қылмыстық кодекстің Еркеше бөлімінің нормаларына сілтеме жасау міндетті емес.

          Қылмыстық квалификациялау  кезінде жасалған қылмысты іс-әрекеттің  белгілерімен Қ.К Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдары элементтерінің сәйкестігі ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге қылмысты квалификациялауда ҚКЖалпы бөлімінің де баптары қолданылатын кездер болады.Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде тек қылмысты орындаушының әрекеттері және аяқталған қылмыстардың белгілері бейнеленген.

          Жалпы бөлімнің басқа  нормалары қылмысты квалификациялауда  мүлдем қолданылмайды деп айтуға болмайды, оларға тікелей сілтеме  жасалынбаса да  іс әрекетте де  қылмыстың құрамы бар немес е  жоқ екендігін анықтау кезінде атқаратын ролі бар. Сонымен бірге квалификациялау кезінде қылмыстық заңға жатпайтын өзге де  ведомствалық заңдар , жарғылар, ережелер, инструкциялар ескеріледі.

          Қылмыстық квалификациялаудың екі түрі бар: ресми және ғылыми . Ресми квалификация –қылмыстық заңның іс жүзінде қолданылуын білдіреді және көрінісі бойынша міндетті түрде ҚК  Ерекше  бөлімнің баптарына сілтеме жасау түрінде іске асырылады. Ресми квалификациялау қылмыстық істі жүргізу қызметін атқаратын органдардың , яғни сот , тергеу, прокуртура қызметкерлерінің шығарған сот –тергеу құжаттарында көрініс табады. Сонымен бірге квалификацияның бұл түрінің тергеуде және сотта қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады.

          Ал ғылыми квалификация –қылмысиық істер немесе қылмыстық  құқық ғылымына жататын кейбір мәселелер бойынша квалификация жүргізу туралы ғалымдардың оқулықтарда немесе басқа да басылымдарда ұсынған   пікіплері болып табылады . Ғылыми квалификациялау ұғымына қылмыстық істер бойынша жұмыс істемейтін немесе оның ғылымына қатысы жоқ жекелеген азаматтардың жасаған квалификациялауы жатпайды. Себебі, жекеелеген азаматтардың өз бетінше жасаған қылмыстық іс әрекетке бағалауы қылмыстық құқық ғылымының дәрежесінде бола алмайды .

    Бұл екі квалификациялау түрінің  бір-бірінен айырмашылығы  ол біріншіден, қолданылу орынына және міндеттілігіне байланысты , яғни ресми квалификациялаудың қылмыстық істер бойынша міндетті күш болады және тек құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жүргізіледі. Екіншіден, ресми квалификациялау ғылыми квалификацияға негізделген болуы керек. Яғни ғылыми тұрғыда қылмысты квалификациялауда қылмыстық құқықтың қағидалары, ережелері ескеріле отырып талданған, жан –жақты зерттелген, квалификациялау тәртібі ұсынылады. Сондықтан ғылыми квалификацияда қателіктер аз кездеседі. Практикақызметкерлерінің қылмысты әрекеттерге квалификация жүргізуінің моделі, қылмыстық құқық ғылымының дұрыс шешімдерін қолдану болып табылады.      

     

    Қылмыстық квалификациялаудың маңызы 

    Қылмысты  дұрыс квалификациялауда немесе қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданғанда заңдылық қағидасы сақталады. Демократиялық және құқықтық бағыттағы дамушы мемлекеттер үшін  заңды дұрыс, әрі дәл қолдану Конституциялық қағида болып табылады.Демек, жасалған қылмысты дұрыс квалификациялау , ол кінәлінің әрекеттеріне дұрыс баға беретін  және қоғамның , жеке адамдардың мүддесі  мен құқықтарын қорғайтын заң бабын қолдануды білдіреді. Мұндай талапты сақтаудың маңызы зор, себебі қылмысты іс әрекетке дұрыс құқықтық бағалау бергенде әділ сот іске асырылып, қылмыскер  басқа қылмыс үшін емес, өзі жасаған қылмыс түрі бойынша жауапты болады. Нәтижесінде қылмыс жасаған адамның қоғамға қауіптілігі дәрежесіне сай келетін жауаптылықтың түрі мен көлемі белгіленеді, себебі әр қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесіне қарай қылмыстық заңның Ерекше бөлімнің бабтарында жазалар келтірілген. Қылмысқа дұрыс , әрі толық квалификация жауаптылықтың салдары да дұрыс шешіледі,  яғни жаза өтеу мекемесінің түрі, жазадан шартты түрде ерте босату, сотталған адамға түзеуқұралдарының түрлерін қолдану, соттылық мерзімінің аяқталуы дұрыс қолданылады.

          Қылмысты дұрыс  увалификациялаудың келесі маңыздылығы  – мемлекеттің қылмыстылықпен күрес  шараларын жүргізуіне байланысты болып  табылады. Сот –тергеу практикасының  материалдарына назар аударсақ , өтінішке орай қылмысты квалификациялау субьектіліріңнің қате жұмыс істеуі жиі кездеседі. Құқық қорғау органдарының жұмысына баға бергенде, «құқықтық нигилизм» деген ұғым кейде қолданылады. Құқықтық нигилистік әрекеттер сот-тергеу органдары қызметкерлерінің құқықтық сауатсыздығына жеткілікті деңгейде білімінің болмауына байланысты абайсыздықта қате жіберуіне немесе өздері қылмыстық іске мүдделі болғанда қасақанада құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты кездеседі.

          Заңды қолдануда  қателіктер жіберу әділсоттың іске асырылуына кедергі жасап ғана қоймайды, ол сонымен бірге халықтың арасында құқық қорғау органдары қызметі туралы теріс пікір қалыптасуына және сенімсіздік танытуына әкеле алады. Ал жеңіл қылмыс жасаған адамның әрекетін ауыр қылмыс  деп белгілегенде , ол қылмыскер өзінің қауіптілік деңгейіне сәйкес келмейтін құқықтық жазаға тартылады және жаза керісінше, яғни адамды түзеу мағынасында емес, бұзу мағынасында көрініс беруі мүмкін. Осындай нигилистік әрекеттердің алдын-алу үшін қылмыстық заң 52 баптың барлық бөлімдерінде соттарға жаза тағайындау кезінде ескерілуге тиісті талаптарды келтіреді.

          Жаза тағайындау кезіндегі бұл талаптардың сақталуын  ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы19 қазандағы  «Бас бостандығынан айыру жазасын  тағайындаудың кейбір мәселелері туралы»  нормативтік қаулысы талап етеді.

          Тергеу органдары  қызметкерлерінің қылмыстық заңның барынша ауыр қылмыс түрімен квалификация жасайтындығын кездестіруге болады. Тергеушілердің , соттардың өз квалификациясын  негіздеп келтіруін, яғни неге осы бапты  қолданып отырғанын түсіндіре кетуін Жоғарғы Сот Пленумдарының қаулылары ертеден талап етіледі.

          Сол сияқты 2001 жылғы 19 қазандағы «Бас бостандығынан  фйыру түріндегі жазаны тағайындаудың  кейбір мәселесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік  қаулысы 5пункте Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстық іс жүргізу кезеңінің 379 бабының 2бөліміне сәйкес , қылмыс жасағандағы  үшін кінәлі деп танылған адамға үнім шығарғанда жазаның жүрін , көлемін немесе мерзімін белгілеу себебін көрсетуге міндетті. Қылмысты дұрыс квалификациялау үшін заң талаптарын дұрыс түсінетін , біліктілігі жоғары, сауатты тергеушілер , соттар, прокуротуралар жұмыс істеуі керек және олар заңды тек құқықтық мағынада түсініп ғана қоймай ,оның әлеуметтік мағынасын да түсіне алатын деңгейде болуы керек.Яғни қылмысты квалификациялауда қолданылатын қағидалар мен ережелерді ескере отырып, тергеуші квалификация жүргізгенде ,қылмысты іс -әрекеттің заң баптарымен толық қамтылуын, заңмен қорғалатын қоғамдық қатынасқа сәйкес келуін, қолданған заң нормасы куәлінің қауіптілік деңгейіне сәйкес келуін, бір әрекет үшін бірнеше қылмыс ретінде құқықтық шараға тартылмауын, тағы басқа талаптарды сақтауы қажет.Қылмыстық заң және оны түсіндіру мақсатында шығарылатын өзге нормативтік актілер жауаптылық шарасын дұрыс, әрі мемлекет аумағында бір келкі қолдану үшін шығарылады.Қазақстан Республикасы құқықтық  мемлекетті қалыптастыруды көздейді.Бұл ұзақ процессті қамтитын мақсат, себебі қоғамда заңның бірінші кезекте қолданылуын, оның беделін көтеріп  ғана қоймай , сонымен бірге әлеуметтік –экономикалық елеулі қатынастардың барлығын анықтауды, оларды бір тұтас үлгіде шешу үшін арнайы заңдар қабылдануды талап етеді.

          Құқықтық мемлекеттің  қылмыстық заңы бірненше міндеттерге  сай болуы керек. Бірінші кезекте  қылмыстық заң құқық дамуының ең жоғарғы деңгейін көрсетуі қажет. Ол үшін қылмыстық іс-әрекеттерден қорғалуға жататын мемлекетпен қоғамның барлық мүдделері, құндылықтары қаншалықты деңгейде бағаланғаны анық болуы қажет.Келесі кезекте қылмысты  әрекеттерге белгіленетін жазалау шараларының сәйкестігімен толықтылығы заңда көрініс табу керек.

          Қылмысқа дұрыс  квалификация жасалғанда қылмысты іс-әрекет дәл анықталып қана қоймай, заңмен қорғалатын қатынас, зардап тағы басқа  құрам элементтерінің белгілері, яғни әрекеттің  сипатымен бағыты, кінә нысаны дұрыс анықталады. Сондықтан қылмысты дұрыс квалификациялау бірнеше талаптарға жауап беріп, мынандай мағыналарда анықталады: 1) әділ сотты іске асыруда заңдылық қағидасының сақталуын білдіреді

    2) қылмысқа берілген әлеуметтік-саяси және құқықтық бағаны бұзбай іс жүзінде көрсетеді

    3)кінәлінің  жазасы мен жауапкершілігін дұрыс  белгілеуге , яғни ҚК Ерекше бөлімінің  бабтары  бойынша айыпталып  сол бабтар көлемінде  жаза  тағайындауға әкеледі 

    4) қылмыстық іс жүргізу заныңда  қарастырылған істі тергеу тәртібін белгілеуге  жағдай жасайды

    5) қылмыстылықтың көрсеткіштері дұрыс  келтіріледі.

          Сонымен  қылмысты іс -әрекеттерге дұрыс баға беру құқықтық құбылыс ретінде ққықтық  маңызға ие болмай , әлеуметтік –саяси маңызға да ие болып, құқық қорғау органдары қызметінде көрініс  табады және олардың жұиысының сапасын анықтаудың басты құралы болып табылады. Сондықтан қылмысқа дұрыс квалификация жүргізу –қылмыстық заңды сот-тергеу қызметінде дұрыс қолдану арқылы көрініс беріп, ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әлеуметтік –қоғамдық ортаның да ортақ тілегін іске асыратын қызмет түрі болып табылады.   
 
 

    Қылмысты  квалификациялаудың қылмыстық құқықтағы  орны 

          Қылмысты квалификациялау  мәселесі қылмыстық құқытың негізгі  арналуын , яғни оның іс жүзінде қолданылуы практикасын білдіреді. Қылмыстық құқықтың бүкіл болмысы , оның Жалпы және Ерекше бөлімдерінің құрылымы заңды іс жүзінде қолдану мақсатына арналған.Бұл мақсатқа қылмыстық құқықтың бір ғана мәселесі жатпайды. Ол қылмыс  деп танылған  іс -әрекетерді қылмыстық заңда көрсету арқылы халықтың қылмыс жасауының алдын алу.

Информация о работе Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны