қылмыс тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:40, реферат

Описание работы

Қолында портфель немесе дипломат, сөмке немесе барсетка ұстаған адам таңдап алынады. Оның жоқтығын пайдаланып, дөңгелектерінің біреуін тесіп қояды. 200-300 метр жүргеннен кейін жүргізуші көлікте ақаудың бар екенін байқап, тоқтауға мәжбүр болады. Қылмыскерлер жүргізушінің дөңгелекті ауыстыру үшін автокөліктен шығуын тосады. Жүк салғышты ашу кезінде орталықтандырылған құлып іске қосылады, нәтижесінде, автокөліктің барлық есіктері қоса ашылады.

Работа содержит 1 файл

Қылмыс тәсілдері.docx

— 18.50 Кб (Скачать)

Қылмыс тәсілдері:

 Қолында портфель немесе дипломат, сөмке немесе барсетка ұстаған адам таңдап алынады. Оның жоқтығын пайдаланып, дөңгелектерінің біреуін тесіп қояды. 200-300 метр жүргеннен кейін жүргізуші көлікте ақаудың бар екенін байқап, тоқтауға мәжбүр болады. Қылмыскерлер жүргізушінің дөңгелекті ауыстыру үшін автокөліктен шығуын тосады. Жүк салғышты ашу кезінде орталықтандырылған құлып іске қосылады, нәтижесінде, автокөліктің барлық есіктері қоса ашылады.

 Жәбірленуші дөңгелек ауыстыру кезінде жан-жағына мән беруге мүмкіндігі болмайды, осыны пайдаланған қылмыскерлер қарсы беттен келіп есікті ашып, автокөлік ішінен бағалы заттарды жымқырып үлгереді. Егер автокөлік ішінде жолаушы отырған болса, онда екінші қылмыскер оған «әр түрлі» сұрақтар қою арқылы көңілін аударады.

Көбінесе мұндай тәсіл жүргізуші ер адам болса қолданылады. Егер көлік жүргізушісі әйел адам болса, мұндай тәсіл өте сирек, жекелеген жағдайда қолданылады. Көбінесе әйел адамдар дөңгелектерінде ақау бар екенін аңғармайды. Мұндай жағдайда қылмыскер көмектескен сыңай танытып, ақауды көрсетіп береді. Әйел адам тоқтаған жағдайда осылардың біреуі жөндеу жұмысын жүргізуге өз көмегін ұсынады.

 Ыңғайлы жағдай туғанда қылмыскер өзіне көмектесуін өтінеді. Жәбірленуші алданған сәтте оның сыбайласы автокөлік ішінен ұрлық жасап үлгереді.

175-бап. Ұрлық

1. Ұрлық, яғни  бөтен мүлiктi жасырын ұрлау -  
      екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      2. Мынадай:  
      а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;  
      б) бiрнеше рет;  
      в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық -  
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      3. Мынадай:  
      а) ұйымдасқан топ жасаған;  
      б) iрi мөлшерде жасалған ұрлық – 
      в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      мүлкi тәркiленiп үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      Ескерту.  
      1. Осы Кодекстiң баптарында ұрлық деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады.  
      2. Осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарын қоспағанда, осы  тараудың баптарында iрi мөлшер немесе iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi танылады.  
      3. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      5. Меншiк құқығында ұйымға тиесiлi немесе оның қарамағындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, алаяқтық жасау, иемденiп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кiнәлi адам заңға сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүлiктiң құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады.  
      Ескерту. 175-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, өзгерту енгiзiлдi - 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу  
                немесе ысырап ету

1. Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау -  
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      2. Мынадай:  
      а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;  
      б) бiрнеше рет;  
      в) қызмет бабын пайдаланып жасалған нақ сол әрекеттер -  
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды:  
      а) ұйымдасқан топ;  
      б) iрi мөлшерде жасаған болса – 
      в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      г) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса -  
      мүлкi тәркiленiп және үш жылға дейiнгi, ал г) тармағында көзделген жағдайларда - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      Ескерту. 176-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2003.09.25 N 484, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Информация о работе қылмыс тәсілдері