Бүкіләлемдік банк тобы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 06:50, реферат

Описание работы

Ауылшаруашылығында жер негізгі өндіріс құралы болып табылады, сондықтан да шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін ұйымдастыру саласында жер құқық қатынасын реттеуі үлкен маңызды мәселе оған себеп шаруа (фермер) қожалығының дамуына жер құқық қатынастарының тұрақты жағдайы үлкен әсер етеді.
Аграрлық реформаны жүзеге асырудың бір бағыты жер қатынастарын қайта құру болды.

Содержание

І Кіріспе
1.1. Жалпы шаруа (фермер) қожалығына түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1.2. Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың қалыптасуы
1.3. Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығының даму тарихы
ІІІ Қорытынды

ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

шаруа қожалығы.doc

— 76.00 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығы

           туралы заңдардың қалыптасу және дамы тарихы 
 
 

                                                Жоспар: 
 

І Кіріспе 

1.1. Жалпы  шаруа (фермер) қожалығына түсінік 

ІІ  Негізгі бөлім

1.2. Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың қалыптасуы

1.3. Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығының даму тарихы 

ІІІ Қорытынды 
 

ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                  Кіріспе  

      Ауылшаруашылығында жер негізгі өндіріс құралы болып табылады, сондықтан да шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін ұйымдастыру саласында жер құқық қатынасын реттеуі үлкен маңызды мәселе оған себеп шаруа (фермер) қожалығының дамуына жер құқық қатынастарының тұрақты жағдайы үлкен әсер етеді.

      Аграрлық реформаны жүзеге асырудың бір бағыты жер қатынастарын қайта құру болды.

      1991 жылдан бастап Қазақстанда жер реформасы жүзеге асырылуда. Мұның негізгі мақсаты жерде әр түрлі шаруашылықтарын дамыту нәтижесінде ауылшаруашылығының өнімдерін өндірушілер арасында жерді қайта бөлу. Жер реформасын жүзеге асыру үрдесіндегі 1991-1995 ж.ж. кезеңінде жер қатынастарын өзгерту негізінде ауылшаруашылығын реформалаудың негізгі сұрақтары белгіленді және елеулі түрде шешімін тапты және олар ауылшаруашылығы өндірісінің нарықтық жағдайларына өту кезеңінің талаптарына жауап беретін еді.

     1991-1996 жылдар арасында арнайы жер қорына 1,5 млн.га жыртылатын жерлер енгізілді. Олар бірінші кезекте азаматтарға шаруа қожалығын және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілді, бұл республика тұрғындарының жеке шаруашылығы үшін жер учаскелеріне сұранысын елеулі түрде қанағаттандыруға мүмкіндік берді.

     Аграрлық реформаның келесі бағыты колхоздарды қайта құру, мемлекеттік ауылшаруашылық ұйымдарды мемлекет меншігінен шығару және жекешелендіру, осылардың негізінде акционерлік қоғамдар, ауылшаруашылық кооперативтер, шаруа қожалықтарын құру болды. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 1996 жылдың басында республикасындағы 1992 жылғы – қаңтардағы совхоздардың 90-і немесе 1850 совхоз жекешелендірілді және мемлекеттің иелігінен шығарылды. Жекешелендірілген кәсіпорындардың жұмыскерлері жерде шаруашылық жүргізудің нысанын таңдап алуға құқылы болды, осының нәтижесінде 1996 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 31 мың шаруа қожалығы ал, 1997 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 44317 шаруа (фермер) қожалықтары саналды.

     Қазіргі кезде Қазақстанда нарық  қатынастары дамуы кезінде болашақ  шаруа (фермер) қожалықтарының артында. Себебі бұлар жер реформасын негізгі және маңызды элементтерінің бірі. 
 
 
 
 
 
 

1.2. Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың қалыптасуы     

      Шаруа (фермер) қожалығының пайда болуы салыстырмалы түрде мемлекеттік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жаңа құбылыс. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың өздерінің пайда болу, даму кезеңдері бар. Ең алғаш, шаруа қожалығын ауылшаруашылық өндірісінің жаңа ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде, 1990 жылы 28 ақпанда шыққан Кеңес Одағы мен одақтас республикалардың жер туралы заңында айтылып кеткен еді.

     Шаруа (фермер) қожалығын агроөнеркәсіп секторында, жеке ауылшаруашылық тауар өндірушісі ретінде жерге ерекше құқығы болған жағдайда ғана, тануға болады.

    20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басына қарай жерді жалға беруге байланысты тыйым салынғаннан кейін, жерді жалға беру тек 7 сәуірде 1989 жылы қабылданған Совет Одағының Жоғары Кеңесінің Президиумының «Жалдау және жалдау қатынастары» туралы қаулысынан кейін қайта жандандырылды. Совет Одағының және одақтас республикаларының жер туралы заңдарында жерді жалға беру негіздерімен қатар, жерді өмірлік мұрагерлік иелену қарастырылады.

      Одақтың құлауы, республикамыздың заң шығарушыларына шаруа (фермер) қожалығының құқықытық жағдайына, белгілі бір анықтама жасауға мүмкіндік берді.

      Республикамызда шаруа (фермер) қожалығы туралы  заң жобасын дайындау барысында шаруа қожалығының  ауылшаруашылық өндірісін дамытудағы орны, құқықытық жағдайды, жерге меншік құқығы, шаруа (фермер) қожалығының жалдамалы жзұмыс күшін пайдалануы, колхоздар және совхоздардың  тағдыры туралы үлкен дау туған еді.

     Осы пікірталастың  нәтижесінде, шаруа (фермер) қожалығының құрылу негіздерін, ұйымдастыру қызметін, тоқтату қызметінің шарттарын көрсететін «Шаруа қожалығы туралы» 21-ші мамырда 1990 жылғы Қазақстан Республикасының заңы дүниеге келді. Заңда шаруа (фермер) қожалығының дамуының негізгі қағидалары және оның қызметінің құқықтық негіздері айқындалған.

     Сондайақ заңда шаруа қожалығының қызметін жүзеге асыру үшін жер беру жағдайлары мен тәртібін нақты анықтап, өмір бойы жер иелену құқығын бекіткен.

     Мұрагерлікпен өмір бойы жер жер иелену институтын енгізудің басты себебі, жердің тек мемлекеттік меншік объектісі болуына байланысты болды.

16 қарашада 1990 жылы қабылданған ҚР «Жер  туралы» кодексі азаматтарға  жер беру мәселесін одан әрі  дамытты, сондай-ақ бұл кодексте  ҚР территориясында 5 жыл тұрақты  тұрған азаматтарға өмірбойы мұрагерлік тәртіппен жер иелену құқығын беру және жер қатынастарын реттейтін мемлекеттік органдардың құзіретін анықтап,  жерді иелену және пайдалануға беру тәртібін белгілеп, сондай-ақ жерді иелену және пайдалану құқығын тоқтату негіздерін көрсетті.

      ҚР «Жер кодексінің қабылдануы, еліміздегі жер заңдарын ретке келтіріп, жер құүқығы институттарын бір қалыпқа жүйелуге мүмкіндік берді».

     1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚР «Меншік туралы» заңында, табиғи ресурстардың тек мемлекет меншігі  екендігі нақты көрсетілді.

     Заңның 8 бабына сәйкес, шаруа (фермер) қожалығының меншігі ретінде, оның жеке шаруашылық жүргізуіне қажетті, сондай-ақ өндіріске қажетті, кез келген меншік обдъектісі оның меншігі болып табыла алатынболды.

     Сонымен қатар, меншік иесіне азаматтармен олардың еңбегін пайдалану туралы шарт жасасуға құқық берілді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің барлығының заң алдында бірдей құқықтарға ие болатындығы көптеген нормативтік актілерде көрсетілді.

     ҚР Конституциясының 10 бабына сәйкес, мемлекет барлық меншік нысанының заң алдындағы теңдігін қамтамасыз метеді.

    «Ауылды, селоны, агроөндірістік кешенді басым дамыту туралы» ҚР заңының 8-ші бабында меншік түріне қарамастан, барлық агроөндірістік кешеніндегі тауар өндірушілерге бірдей экономикалық, құқықтық және әлеуметтік  жағдай   жасауға   кепілдік   берілген.  Бұл    ереже    ҚР «Жер реформасы туралоы» заңында одан әрі жетілдірілді.

      
 

1.3. Қазақстан Республикасында шаруа (фермер) қожалығының даму тарихы 

        Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне шаруа (фермер) қожалығы деген ұғым енгізді және оны заңды тұлға құрмайақ жүргізілетін жеке кәсіпкерлік түрі ретінде таныды.

       1990 жылы 20 мамырда ҚазССР заңына  сәйкес келесі түсінік берілген: «Шаруа шаруашылығы дегеніміз  – ауылшаруашылығын бірлесіп  жүргізетін адамдардың семьялық, еңбек бірлестігі болып танылады. Шаруа шаруашылығының қызметі шаруалардың өзінің жеке еңбегімен атқарылады.»

        Шаруа (фермер) қожалығы дегеніміз – азаматтардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауылшаруашылығына арналған жерлерді, ауылшаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық еңбек бірлестігі болып табылады.

        Шаруа (фермер) қожалығы – жеке кәсіпкерліктің бір түрі ретінде қарастырылады.

        Шаруа (фермер) қожалығына заңды тұлға деген мәртебе берілмеген, ал бұрынғы заңда ол мәселеге тиым салынбаған.

         Шаруа қожалықтарының жұмысын ұйымдастыру, және одан әрі дамыту мақсатымен 1991 жылы 3 желтоқсанда республикамыздың Министрлер кабинеті 478 қаулысымен бекітілген, «Шаруа (фермер) қожалықтарын қолдау және дамыту туралы» бағдарламасы өмірге келді. Бұл бағдарламада шаруа қожалықтарына жер бөліп беру, қаржыландыру, несие беру, материалдық- техникалық және өндірістік тұрғыдан жасау мәселелері қарастырылған.

         1991 жылдың маусым айында қабылданған ҚР «Жекешелендіру туралы» заңы, елімізде әртүрлі меншік нысандарын құруға жағдай жасауға, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту мен кәсіпкерлікті жандандыруға, нарықтық экономиканы тиімді түрде реттеуге бағытталған.

        14 қаңтарда 1992 жылы қапбылданған ҚР «Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарының мүлкін жекешелендіру ерекшеліктері туралы» заң ауылшаруашылығында әртүрлі меншік нысандарындағы шаруашылық субъектілерін құру арқылы монополияға жол бермеуге, селоның нарықтық экономика кезеңдерінен сүрінбей өтуіне жағдай жасауға бағытталған.  

         Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру нәтижесінде, елімізде көптеген мемлекеттік емес нысанындағы шаруашылықтарының, соның ішінде шаруа қожалықтарының құрылуына мүмкіндік берді.

         5 наурызда 1993 жылғы ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген 1993-1995 жылға арналған ҚР-дағы «Жекешелендіру туралы Ұлттық бағдарламада» жекешелендірудің басты бағыттарының бірі ретінде агроөндірістік кешенінде мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру арқылы, әртүрлі мемлекеттік емес шаруашылық жүргізуші субъектілерін, соның ішінде шаруа қожалықтарын құру көзделген.

          Сонымен қатар, тек мемлекет меншігі болып саналатын жердің жекешелендіруге жатпайтындығы көрсетіліп, жерді жалға берудің қысқа мерзімі 5 жылға және ұзақ мерзімі 9 жылға өзгертілді.

        Республикамызда жер реформасын жүргізудің жаңа бағыттары 24 қаңтарда 1994 жылы қабылданған «Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығында және 1994 жылғы 9 сәуірдегі «Жер қатынастарын одан әрі дамыту туралы» Жарлығында көрсетілген болатын. Осы Жарлықтарға сәйкес, Республика аумағында тұрақты тұрған мерзіміне қарамастан, ҚР азаматтарына мұрагерлікпен өмір бойы жер иелену құқығын тегін алу құқығы бекітілді.

         ҚР «Шаруа шаруашылығы туралы» заңына сәйкес, шаруа шаруашылығы деп ауыл шаруашылығында бірлесіп шаруашылық жүргізетін адамдардың отбасылық еңбек бірлестігі болып табылатын және оның қызметі ортақ бірлескен меншікке және шаруашылық жүргізу басым түрде шаруа қожалығы мүшелерінің еңбектеріне негізделетін ұйымды көрсетті.

          Басқа шаруашылық жүргізу субъектілерінен шаруа қожалығының айырмашылығы, шаруа қожалығы азаматтардың жақын туыстық қатынастарының негізінде құрылатындығы және оларға қандай мүшелер кіретіндігі заңда нақты айтылған Алғашқы заң редакциясында шаруа қожалығының мүшелері болып: ерлі-зайыптылар, балалары, асырап алған балалары, ата-аналары, басқа туыстары және шаруашылықты бірлесіп жүргізуші басқа да тұлғалар саналды.

        1993 жылдың 8 сәуірінде қабылданған ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілген, ҚР Жер кодексіне, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және «Шаруа шаруашылығы туралы» заңның 1 бабының 2-ші бөліміне сәйкес «Басқа да тұлғалар» деген термин алынып тасталды.

        Біздің пікірімізше, шаруа қожалығы мүшелерінің  құрамына басқа тұлғаларды енгізу, заңда көрсетілген жеңілдіктерге, мүлікке ие болу мақсатымен құрылатын жалған түрде шаруа (фермер) қожалықтарын құруға әкеп соқтырады. Былайша айтқанда, шаруа қожалығы мүшелері арасында жақын туыстық қатынастың болуы, өз кезегінде, отбасылық, тұрмыстық ортақ мүддеге бағытталып қызмет істеуге, бір-біріне толық түрде сенімді болуына мүмкіндік тудыратын сияқты.

        Шаруа қожалығының мүшесі деп тану үшін туыстық қатынастың болуы ғана емес, сонымен қатар міндетті түрде шаруа қожалығының қызметіне жеке еңбегімен қатысуы қажет.

       Шаруа қожалығы анықтаманың негізі белгісі осы қызметтің жерге қатысты жүргізілуі, өйткені ол ауылшаруашылығында өндірістік құралдың қызметін атқарады.

       Ең алғашқы егеменді Қазақстанның заңдарында жалдамалы жұмыс күшін тартуға болатындығы көрсетілді. Осыған сәйкес, жалдамалы жұмысшылар еңбек шарты арқылы шаруа қожалығында жұмыс істей алатындығы заңды түрде қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, шаруа қожалығының мүлкіне ақшалай немесе басқа түрде үлес қоса отырып, осы енгізген мүліктің құнына, мөлшеріне сәйкес, қожалық қызметінен түскен пайдадан үлес алуға құқылы.

       Тағы бір айта кететін жай, шаруа қожалығының құқықытық мәртебесіне байланысты оның заңды тұлғаға тән белгілері болғанменен, заңды тұлға болып табылмайды. 

Информация о работе Бүкіләлемдік банк тобы