«Құрылыс» саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Дата добавления: 21 Декабря 2012 в 10:37
Автор: o******@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (30.65 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

№09.09 от 22.09.09_вал выпуск каз.DOC

  —  109.50 Кб

Бекітемін

ҚР  Статистика агенттігінің

жауапты хатшысы

 

Ю.Шоқаманов ____________

 

2009ж. «22» қыркүйектегі №09.09

 

 

 

«Құрылыс» саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар

 

1. Кіріспе

 

Ұсынылған әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі – Ұсыныстар) жасырын және бейресми қызметті ескерумен, құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібінен тұрады, тиісті халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесіне (ҰШЖ-93) негізделеді және бақыланбайтын экономиканы өлшеу бойынша (БЭ) Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) ұсыныстарына сәйкес дайындалған. Ұсыныстар республикалық және аймақтық деңгейде қолдануға арналған.

Құрылыс ел экономикасының дербес саласы болып табылады, ол жаңа құрылысты, жөндеу жұмыстарын, қосымша және түзету бойынша жұмыстарды, жұмыс жүріп жатқан жерде құрама конструкциялардан ғимараттар салу, сондай-ақ уақытша имараттар құрылысын қоса алғанда, ғимараттар және имараттар құрылысы бойынша жалпықұрылыстық және арнайы жұмыстарды білдіреді.

Құрылыстың  ерекшелігі бұл сала ұзақ кезеңді өндіріс болып табылатындығында. Осы көрсетілген ерекшелікке байланысты шығарылымға және аралық шығындарды келісу үшін және қосылған құнның нақты шамасын алу үшін шығарылым аяқталуына емес өндіру шамасына қарай есептеледі

Құрылыста өнімінің жалпы шығарылым мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүргізілген, ғимараттар мен имараттардың құрылысы және қалпына келтіруі бойынша жұмыстардың, сондай-ақ жеке құрылыс салушылармен орындалған құрылыс жұмыстарының құны болып табылады. Сала шығарылымы жасырын және бейресми экономика көлемдерін есепке алумен, жаңа құрылыстағы құрылыс-монтаж жұмыстарының, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеудің көлемдерін қамтиды. Объектінің құнын өсірмейтін жөндеу жұмыстары, яғни ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері, ұлттық шоттар жүйесінің анықтамаларына сәйкес құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткішінің құрамына қосуға жатпайды.

Жабдық  та, мүкәммал да құрылыс өндірісі үдерісінде қайта өңдеуге ұшырамайтындықтан, және сондықтан құрылыс өнімін сипаттай алмайды, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына сияқты құрылыстың жалпы өніміне құрылыс материалдарының шығындары қосылып, ал жабдықтарға жұмсалған шығындар қосылмайды.

Қосалқы мердігер бас мердігер үшін орындаған жұмыстар құны құрылыс өнімінің жалпы шығарылымына қосылмайды, бірақ бас мердігер орындаған жұмыстардың жалпы құнының бөлігі болып табылады.

Жүргізілетін есептеулерге арналған ақпараттық база құрылыс және инвестиция салалары бойынша кезеңділігі айлық және жылдық статистикалық байқаулардың нысандары, үй шаруашылықтарын іріктеме статистикалық байқаулар, сондай-ақ шығындар мен шығарылымдар және кедендік статистика кестелерінің деректері болып табылады.

Көрсетілген статистикалық есептілікті заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері тапсырады. Егер құрылымдық бөлімшеге бас кәсіпорын есеп тапсыру бойынша өкілеттік берген болса, онда ол есептілікті өзінің орналасқан жері бойынша тапсырады. Басқа жағдайда (құрылымдық бөлімшенің өкілеттілігі жоқ болса) бас кәсіпорын құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде олардың орналасқан жерін көрсетіп есеп тапсырады.

Осы берілген әдістемелік ұсыныстарда қарастырылған барлық есептеулер республикалық деңгейде жүзеге асырылады.

Құрылыс саласы бойынша жалпы шығарылымды есептеу  кезінде қолданылатын статистикалық нысандар және басқа да дереккөздердің толық тізбесі осы әдістемелік нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген.

 

2. Негізгі қолданылатын терминдер мен анықтамалар

 

Өнім шығарылымы – бұл экономикадағы белгілі бір кезеңде рыноктық және рыноктық емес сипаттағы барлық өндірілген  тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жиынтық құны.

Бас мердігер – иерархиялық төменірек деңгейдегі орындаушылар – қосалқы мердігерлердің құрамын қалыптастыратын, олармен ақшалай есеп жүргізетін, олардан аяқталған жұмыстарды қабылдайтын құрылыс жұмыстарының басты орындаушысы.

Тапсырыс  берушi (құрылыс салушы) - күрделi құрылысты жүзеге асыруға қаражат бөлінетін немесе осы мақсатқа меншiктi қаражаты бар және мердiгерлiк ұйыммен күрделi құрылысты жүзеге асыруға мердiгерлiк шарт жасасатын ұйым, кәсiпорын немесе мекеме.

Инвестициялық ресурстар –құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланатын құрылыстық және басқа да материалдар, сондай-ақ машина жасау өнімі (негізінен азаматтардың жеке пайдаланатын заттары ретінде тұтынылатын оның жеке түрлерінсіз, мысалы: мотоциклдер, велосипедтер, жеңіл автокөліктер және с.с.).

Құрылыстағы баға индексі – құрылыс жұмыстарына бағалар деңгейінің сол уақыттағы өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Құрылысқа жұмсалған инвестициялардың технологиялық құрылым элементтері бойынша (құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтар, күрделі жұмыстар мен шығындар) жалпы көлеміндегі үлесі бойынша салмақталған баға индекстерін біріктіру жолымен есептеледі.

Ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу – ғимараттың (құрылыстың) кейбір бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді немесе инженерлік-техникалық жабдықты тозуына және бұзылуына байланысты қайта қалпына келтіру және ұзақ қызмет ететін, үнемді, олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатындарға ауыстыру бойынша жұмыстар.

Құрылыс жұмыстарының көлемі – ғимараттар мен имараттарды салу, қайта құру, кеңейту, күрделі және ағымдағы жөндеу және жабдықты монтаждау бойынша орындалған жұмыстардың құны.

Мердігер – мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлға.

Құрылыстың  мердігерлік әдісі – құрылыс мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын әдіс. Тапсырыс беруші және мердігер арасындағы арақатынас екеуара тұжырымдасқан келісім шарт арқылы реттеледі.

Құрылыс объектілерімен байланысты өзге де күрделі  шығындар – құрылыс сметасына кіретін және оған кірмейтін, бірақ құрылыспен байланысы бар өзге де шығындар (салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясын, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бөлімшелерінің аппараттарын ұстауға жұмсалған шығындар, техникалық қадағалау, құрылыспен байланысты жер учаскелерін кесіп беру және аудару шығындары, құрылыс-монтаж  ұйымдарының инфрақұрылымымен байланысты шығындар, ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асыратын жұмыс малын сатып алуға шығындар, салынып жатқан кәсіпорындар үшін қажет кадрлар дайындауға шығындар).

Жобалау-іздестіру жұмыстары – инженерлік іздестіруді жүргізу, құрылыстың технико-экономикалық негіздерді әзірлеу, жобаларды дайындау, жұмыс құжаттамалары, объектілер, ғимараттар, имараттар құрылысын жүзеге асыру үшін сметалық құжаттама құрастыру бойынша жұмыстар.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ұлғайту – қосымша немесе жаңа өндірістік қуаттарды құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың аумағында немесе оларға жалғас алаңдарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың (ғимараттардың) жанында қосымша өндірістер салу, сондай-ақ негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатымен жаңа цехтар мен объектілерді салу және жұмыс істеп тұрған кейбіреулерін кеңейту.

 

 

 

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрылымдау – қазір жұмыс істеп тұрған цехтар мен негізгі, қосалқы және қызмет көрсететін объектілерді қайта құру, бұл әдетте, негізгі мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды кеңейтусіз, оның өндірісін жетілдіру мен техникалық-экономикалық деңгейін көтеруге байланысты және өндірістік қуаттылықты арттыру, сапасын жақсарту, әрі негізінен жұмыс істеушілер санын көбейтпей еңбек ету мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты жағдайларды жақсарта отырып, өнім номенклатурасын өзгерту мақсатында кәсіпорынды тұтастай қайта құрып, жан-жақты жобалау бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ қайта құруға белгілі бір мақсаттағы бөлек ғимараттар басқа мақсаты болуына байланысты қайта құру жұмыстары жатады.

Құрылыс қызметі – жаңа объектілерді салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендері, коммуникациялары) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), солармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау арқылы негізгі құралдарды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурстарын толықтай пайдаланған объектілерді пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша қызмет.

Құрылыс өнімі - «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын шаруашылық жүргізетін субъектілердің негізгі экономикалық қызмет түрінің нәтижесі. Құрылыс өндірісі негізінен заттай түр (ғимараттар, имараттар), сондай-ақ қызмет нысаны (құралдарды монтаждау, күрделі жөндеу) қабылдайды.

Қосалқы мердігер – бас мердігер арнайы жұмыс түрлерін орындау үшін жұмысқа тартатын құрылыс ұйымы. Мысалы, жер, электромонтаждық, сантехникалық, өңдеу және с.с. жұмыстар.

Құрылыс-монтаж жұмыстары – жер жұмыстары және топырақтағы арнайы жұмыстарды;

үйлер мен ғимараттардың (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, тоннельдер және метрополитендер, жол өтпелер, құбырлар, өзге де жасанды құрылыстар) көтеретін және (немесе) қоршайтын конструкцияларын салуды;

желілік ғимараттарды төсеу бойынша арнайы құрылыстық және монтаждық жұмыстар;

сыртқы инженерлік желілерді және ғимараттарды, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерді орнату;

конструкциялар  мен жабдықтарды өңдеу және қорғау бойынша жұмыстар;

автомобиль және темір жол құрылысы;

технологиялық жабдықтарды  монтаждау (бұзу) іске қосу жұмыстарын қамтитын құрылыс қызметі.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру – жекелеген өндірістердің, цехтар мен учаскелердің техникалық-экономикалық деңгейіне озық техника мен технологияны енгізу және өндірісті автоматтандыру, ескірген және тозған жабдықтарды жаңа, бұрынғыдан өнімдірегімен айырбастау негізінде арттыру, сондай-ақ жалпы зауыттық шаруашылық пен қосалқы қызметтерді жетілдіру жөніндегі шаралар кешені.

Жаңа құрылыс – негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы қайта құрылған кәсіпорындар, ғимараттар және имараттар, сондай-ақ пайдалануға берілгеннен кейін өз бетінше баланста болатын филиалдар және жекелеген өндірістер объектілерінің кешенін тұрғызу.

Негізгі қорларды жоюдан болатын шығындар – ғимараттар мен имараттарды, жабдықтарды және т.б. бұзу бойынша шығындар.

Құрылыстың шаруашылық әдісі– құрылыс салушы немесе инвестордың өз күшімен жүзеге асыратын құрылыс салу әдісі. Құрылыс салуға қаражаты бар ұйым, кәсіпорын немесе мекеме, өзінің мұқтажына қажет құрылыс-монтаж жұмысын мердігерлік ұйымның қатысынсыз өз күшімен орындайды.

 

3. Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі

 

Өнімнің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

- формалдық экономикадағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;

- жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;

- тұрғын және тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар және имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін анықтау;

- бейресми және жасырын қызметі құрылыс жұмыстары көлемін анықтау.

3.1 Жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау

 

Жаңа  құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі ғимараттар мен имараттарды салу бойынша мердігерлік және шаруашылық әдіспен және жеке салушылармен өндірілетін құрылыс-монтаж жұмыстары, жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, ұлғайту сондай-ақ құрылыс объектілерімен байланысты өзге де шығындар көлемін жиынтықтау арқылы анықталады.

Жаңа  құрылыстағы (Vн) құрылыс жұмыстарының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

 

Vн = Vп + Vх  + Vи + Зп,       (1)

мұнда

Vп - мердігерлік әдіспен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

Vх - шаруашылық әдіспен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

Vи - жеке құрылысшылармен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

Зп - құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындар көлемі;

Жаңа құрылыстағы  құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі (Vп) келесі формула бойынша есептеледі:

 

Vп  = v1 + v2,         (2)

мұнда

v1 - ірі және орта кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

v2 - шағын кәсіпорындар мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;

 

Жұмыстарды  мердігерлік шарт бойынша жүзеге асыратын құрылыс ұйымдарының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі мердігерлік жұмыстардың көлемі болып табылады. Бұл көрсеткіш құрылыс-монтаж жұмыстарының (жаңа құрылыс, жаңарту, ұлғайту, техникалық қайта құру және басқалар) құны қосылатын мердігерлік жұмыстар құнын көрсетеді.

Ірі және орта кәсіпорындар (v1) мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі бойынша деректер құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы айлық сайынғы статистикалық байқаулар деректерінің негізінде қалыптасады.

Шағын кәсіпорындар (v2) мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің ақпараттық негізі қызметкерлерінің саны                   50 адамға дейін құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы тоқсан сайынғы статистикалық байқаудың деректері болып табылады.

Страницы:12следующая →
Описание работы
Ұсынылған әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі – Ұсыныстар) жасырын және бейресми қызметті ескерумен, құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібінен тұрады, тиісті халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесіне (ҰШЖ-93) негізделеді және бақыланбайтын экономиканы өлшеу бойынша (БЭ) Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) ұсыныстарына сәйкес дайындалған. Ұсыныстар республикалық және аймақтық деңгейде қолдануға арналған.
Содержание
содержание отсутствует