Құрастырмалы құрылыс құралымдарын құрастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 18:47, курсовая работа

Описание работы

Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттер халық шаруашылығының әр саласындағы кең тараған инженерлік құрылыстардың ерекше түрі болып табылады.
Салынатын өндіріс орындарының ерекшелігіне қарай құрастыру жұмыстарының көлемін, орындау тәсілдерін және жұмыс кезеңінде қолданылатын құрастырушы механизмдері мен құралдарды анықтап отыратын жан-жақты көлемдік-жоспарлы және құралымдық шешімдері болады.
Өнеркәсіптік бірқабатты үймереттердің қаңқалары құрамалы темірбетоннан немесе аралас темірбетонды бағаналар мен жабын тақталарынан, кранастылық арқалықтардан, металды итарқалардан және байланыс жаппаларынан тұрғызылады.

Содержание

Кіріспе
Құрастырылатын үймереттердің сипаттамасы...............................................4
1.1 Үймереттің көлемдік-жоспарлық шешімі.................................................4
1.2 Үймереттің құрылымдық шешімі..............................................................4
Құрастыру жұмысының еңбек сыйымдылығы мен көлемін анықтау..........8
Алымдардың өлшемін және құрастыру әдісін таңдау.................................11
Құрастыру аспаптары мен еңбек құралдарын таңдау..................................12
Көтергіш крандардың қажетті жұмыстық параметрлерін анықтау, маркасын, типтерін және құрастыратын крандардың құралын таңдау...............................................................................................................14
Техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып құрастыру, кранның тиімді құрамын таңдау....................................................................21
6.1 Құрастыру жұмыстарының ұзақтығын анықтау....................................21
6.2 Құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығын анықтау................27
6.3 Құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын анықтау..............................28
Құрама құралымдарды құрастыру үшін таңдап алынған крандардың жүріс үлгісін дәлелдеу...............................................................................................32
Кешенді бригада құрамының есебі................................................................33
Тасымалдау құралының қажетті санының есебі..........................................34
Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар........................35
Құрастыру жұмысының мерзімдік жоспарын және жұмысшылардың ауысу графигін жасау......................................................................................36
Құрастыру жұмыстарын қысқы мерзімде жүргізу шаралары.....................38
Құрастыру жұмыстарын өндіру кезіндегі қауіпсіздік сақтау шаралары..........................................................................................................39
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курсовая ТСП-2.doc

— 912.50 Кб (Скачать)

     Кешенді бригада құрамына 7 жұмысшы қабылдаймыз.

жинақтаушы VI разрядты – 2,

жинақтаушы-дәнекерлеуші V разрядты – 1,  

жинақтаушы-бетоншы III разрядты – 2,

ұста-бетоншы IV разрядты – 1,

жинақтаушы-ұста IV разрядты – 1. 
 
 
 
 
 

9 Тасымалдау құралының қажетті санының есебі 

      Құрама  құралымдарды құрастыру қабылданған әдіс бойынша алдын-ала жайып қойып және көлік үстінен ұйымдастыруға болады.

      Құрама  құралымдардың элементтерін тасымалдау үшін жүк көтергіштігі бойынша келесі тасымалдау құралдарын таңдаймыз:

а) ұстындар мен кранасты арқалықтарын тасымалдау үшін:

- жүк  көтергіштігі 29 т 993250 (УПЛ-2918) сериялы  тіркемесі бар МАЗ-501В маркалы  автокөлік-тартқыш;

б) итарқаларды тасымалдау үшін:

- жүк  көтергіштігі 23,7 т 993620 (УПФ-18(24)20) сериялы  тіркемесі бар МАЗ-504 маркалы автокөлік-тартқыш;

в) жабын  плиталарын тасымалдау үшін:

- жүк  көтергіштігі 15 т тіркемесі бар  МАЗ-501В маркалы автокөлік-тартқыш;

г) қабырға  панельдерін тасымалдау үшін:

- жүк көтергіштігі 13 т 65:ПП1307д6 (ПП1307А) сериялы тіркемесі бар МАЗ-5430 маркалы автокөлік-тартқыш.

      Бірінші жағдайда қажетті тасымалдау құралы мына формуламен анықталады:

                                                                                                                (9.1)

мұндағы: Р – құрастыру жұмысының көлемі, т;

ӨП – тасымалдау құралдың алмасулық пайдалану өнімділігі, т;

А –  тәуліктен көлік жұмысының алмасу саны;

Т –  құрастыру циклінің ұзақтығы әлде тасымалдау мезгілі, күндер.

МАЗ-501В 

(дана)

МАЗ-504   

(дана)

МАЗ-501В 

(дана)

МАЗ-5430

(дана)

      Бір автокөліктің пайдалану өнімділігі мына формуламен анықталады:

                                                                                                                     (9.2)

мұндағы: Q – автокөліктің жүк көтергіштігі, т;

С –  алмасудағы сағат саны;

ТТ – толық тасымалдау циклінің уақыты, сағ.

МАЗ-501В 

т

МАЗ-504 

т

МАЗ-501В 

т

МАЗ-5430

т

      Толық тасымалдау циклінің уақыты келесі формуламен анықталады:  

                                                                                                     (9.3)

мұндағы: Та – кешенді элементтерді арту ұзақтығы, сағ;

Ттүс – оларды түсіру ұзақтығы, сағ;

l – зауыттардың қоймадан құрылыс алаңына дейінгі орташа қашықтығы, км;

Vор – жолдың сапасына байланысты тасымалдау құралының орташа жылдамдығы, км/сағ.

МАЗ-501В 

сағ

МАЗ-504 

сағ

МАЗ-501В 

сағ

МАЗ-5430

сағ  
 

10 Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар 

      Құрастыру әдістері құрастыру жұмыстарының технологиясын  анықтайтын фактор болып табылады, оларды жүзеге асыру үшін жұмыс жүргізудің жобасы, жекелеген құралымдық элементтерді құрастырудың технологиялық үлгісі және технологиялық картасы жасалады.

      Ұстындар  іргетас стаканының түбін дайындағаннан  кейін және жобадағы талаптарға сай  тікелей жоспарда көрсетілгендей, инструменталды тексерістен өткізілгеннен кейін  ғана құрастырылады.

      Ұстындар  құрылыс алаңына автокөліктермен жеткізіледі, мұндай жағдайда жеңіл ұстындар (салмағы 8 тоннаға дейін) құрастыру орнына кран тұрған орынға жақын алдын-ала жеткізіледі, ал ауырлары құрастырушы кранына сағаттық график бойынша жеткізіліп, көлік үстінен тікелей құрастырылады.

      Ұстындарды  дәлдеу мен уақытша бекіту аспаптық сыналар немесе кондукторлар арқылы жүзеге асырылады және салмағы 8 тонналық ұстындарға арналған кондукторлар ұстындарға алдын-ала бекітіледі. Аса ауыр салмақты ұстындарға арналған кондукторлар іргетасқа ұстындар орнатылмастан бұрын тексеріліп бекітіледі.

      Ұстындар  қатары орналасқаннан кейін оның жобасы түпкілікті тексерістен өткізіледі де, іргетас пен ұстындардың арасына  бетон жіп құйылып бекітіледі. Ұстындар тұтас бетонмен құйылуға топтап, партиямен беріледі. 

      Кранасты  арқалықтар тікелей көлік үстінен  бірден орнатылады. Арқалықтарды жобадағы жағдайға сәйкес орналастыру арқалықтардың кіндігі мен ұстындардың консольдері арқылы біріктіріледі. Арқалықтар анкерлі бұрандалардың көмегімен тіреулерге уақытша бекітіледі. Кранасты арқалықтарын түпкілікті тексерістен өткізу жинақтық қамтылу шеңберінде немесе температуралық секцияларды орналастыру барысында геодезиялық аспаптардың көмегімен жүзеге асырылады, бұдан кейін арқалықтардың бекіткіш бөлшектері ұстындардың төсеніш бөлшектеріне пісіріледі.

      Жабындарды  құрастыру (тіреуіш асты және тіреуіштік итарқалар және арқалықтар, жабын тақталары) кешенді әдіспен және жеке тасқынмен орындалады.

      Итарқаларды және арқалықтарды, сол сияқты 12 метрлік  жабын плиталарды бірден тасымал  құралдары үстінен құрастыру ұсынылады. 6 метрлік тақталар құрастырушы краны аймағына алдын-ала жайылып қойылуы керек. Құрастырылатын жабындардың барлық бөліктерін алдын-ала жайып қою тәсілін де қолдануға болады.

      Стропты итарқалар мен арқалықтар жобадағы жағдайға осьтік белгілерімен төменгі құрастырмалардың жоғарғы бетімен біріктірілуі негізінде орнатылады (ұстындар, тіреуіш асты итарқалары), осыдан кейін олар осы құрамалардың төсеуіш бөлшектеріне пісіру арқылы бекітіледі.

      Алғашқы екі тіреуіш құрамалардың беріктігі ұстындар іргетас стаканына тұтас бетонмен құйылған кезде және жылжымалы инвентарлық зәкірлерге бекітілу арқылы қамтамасыз етіледі. Келесі итарқалардың беріктігі ұстындардың қашықтығы 6 метрден 12 метрге дейін жеткенде алдын-ала орнатылған итарқаларға бекітілген инвентарлық кергіштердің көмегімен қалыпқа келтіріледі.

      Жобада  қарастырылған тұрақты байланыстар  мен кергіштер, жобада көрсетілгеніндей, итарқаларды құрастырумен бірге орнатылады. Уақытша кергіштерде әр тартқыштар құрастыру мөлшеріне және жабын тақталарын пісіру жағдайына қарап алынады.

      Күнтартарлардың құралымдарын құрастыру строптық итарқаларды  немесе арқалықтарды бекітіп, орналастырғаннан кейін жүзеге асырылады, содан кейін  фонарьлардың жақтаулық тақталары  және байланыстары орнатылады.

      Күнтартарсыз төсеу тақталары алдын-ала құрастырылған бөлшектен бастап итарқаның бір шетінен екінші шетіне дейін жинақталады, ал күнтартарлы жабын итарқаның шетінен күнтартарға дейін жинақталады, одан кейін оның жақтау тақталарын құрастырады.  

      Қоршау  құралымдарын құрастыру үймерет қаңқасының жабуларын толық немесе оның бір бөлігін құрастыруды біткеннен кейін жүзеге асырылады. Екі ұстынның аралығындағы әрбір ұяшықтағы қабырға панельдері үймереттің барлық биіктігін немесе қабаттар (ярус) бойынша орнатылып, биіктік жұмысты жүргізудің нақтылы жағдайына қарай белгілі болады.  
 

11 Құрастыру жұмысының мерзімдік жоспарын және жұмысшылардың ауысу графигін жасау 

      Мерзімдік жоспар жұмыс өндірісінің кезектігін, әр түрлі жұмыстың технологиялық ретімен істейтін мезгілін анықтайды. Мерзімдік жоспарда жұмыс көлемінің мөлшерленген мезгілде орындалуы қаралады. Мерзімдік жоспарда жұмыстардың ұзақтығы негізгі машиналарды толық пайдаланып, оның жұмыс өнімділігін артық орындауын ескере отырып қабылданады. Жұмыстарды жүргізу кезектілігі және олардың технологиясын өзара байланыстыру реті таңдалған құрастыру әдісіне сәйкес анықталады. Құрылысты жылдамдату үшін жұмыстар кемінде екі алмасумен атқарылады. Жұмыс кестесіне тек қана объектідегі жұмыстар және құралымдарды ірілендіру жұмыстары енеді. Дайындық жұмыстары бұл тізімге кірмейді. Мерзімдік жоспар жұмысшыларға бірқалыпты және жұмысты үздіксіз орындау талабын қоюға тиісті.    

      Әр  элементті құрастыру ұзақтығын  есептейміз:

смена

т/см

смена

т/см

смена

т/см

смена

т/см

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

11.1 кесте  – Құрылыс-құрастыру жұмыс өндірісінің  мерзімдік жоспары 

 
 
 
Жұмыс атауы
Жұмыс көлемі Еңбек сыйымды-лығы, адам/күн Қажетті машина-лар Жұмыс ұзақтығы (күн) Тәуліктегі  смена саны Сменадағы жұ-мысшылар саны Жұмыс графигі
Жұмыс күндері
алымдар
Өлшем бірлігі саны атауы маш/сме-на саны
 
І
 
ІІ
1.Ұстындарды  құрастыру және жапсарларын бітеу дана  
 
41
 
 
42
МКТ-6-45  
 
6
 
 
3
 
 
2
 
 
7
 
 
1-2/V
 
 
11-12/V
 

11.1 кестенің жалғасы

 

2.Кранасты  ар-қалықтарды құрастыру және  жапсарларды бітеу мен электр-дәнекерлеу  дана  
 
40
 
 
7
МКТ-6-45  
 
1
 
 
1
 
 
2
 
 
7
 
 
2-3/V
 
 
12-13/V
3.Итарқаларды  және жабын пли-таларын құрас-тыру  және жап-сарларды бітеу мен  электрдәне-керлеу дана  
22 

120

 
 
42
МКТ-6-45  
 
6
 
 
3
 
 
2
 
 
7
 
 
4-6/V
 
 
14-16/V
4.Бөлгіш  конс-трукцияларды құрастыру және  жапсарларды бітеу мен электр-дәнекерлеу  дана  
 
134
 
 
161
МКТ-6-45  
 
23
 
 
11
 
 
2
 
 
7
 
 
6-11/V
 
 
16-21/V

Информация о работе Құрастырмалы құрылыс құралымдарын құрастыру