Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 16:53, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі - заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы орган.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

Работа содержит 1 файл

ҚР қаржы министрлігі.docx

— 25.75 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СОӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН:   Әбдікамал   Бұлбұл

ГРУППА:           ХОМИ 10-15

ТЕКСЕРГЕН:     Аязбаева Б.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013 ж

Қазақстан Республикасының  қаржы министрлігі - заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы орган.

Министрлік өз қызметін Қазақстан  Республикасының Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

Министрлік мемлекеттік мекеменің  ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды  тұлға болып табылады, мемлекеттік  тілде өз атауы бар мөрлері  мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда  көзделген жағдайларда өзге де шоттары  болады.

Министр


Министрлікті Қазақстан Республикасының  Президенті қызметке тағайындайтын  және қызметтен босататын Министр  басқарады.

Министрдің Қазақстан Республикасының  Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша  қызметке тағайындайтын және қызметтен  босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.

Министр Министрліктің басшылығын жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген  міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап  береді.

Министрдің міндеттері


  • өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
  • еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрліктің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
  • барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
  • Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының Президентіне Кеден органдарының қызметкерлеріне жоғары басшылық құрамының арнайы атағын беру туралы ұсыным енгізеді;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

Министрлік қабылдайтын шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.

Жауапты хатшы


Министрліктің аппаратын басқаруды  Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен  келісім бойынша қызметке тағайындайтын  және қызметтен босататын жауапты  хатшы жүзеге асырады.

Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі  жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.

Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының  Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге  есеп береді.

Жауапты хатшы міндеттері


  • Министр қалыптастыратын реттелетін мемлекеттік басқару салаларындағы саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді және өз тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
  • Министрлік қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
  • Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
  • Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
  • Министрліктің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
  • Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады;
  • Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің және басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • ведомстволар басшыларының тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
  • еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылғандарды қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, оларды көтермелеу, оларға сыйлық беру, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;
  • еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылғандарды қоспағанда, Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
  • Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Министрі бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
  • Министрліктің жыл сайынғы жоспарының және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептің әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрліктің басшысына бекітуге ұсынады;
  • Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін дайындауды және Министрмен келіскеннен кейін бекітуді қамтамасыз етеді;
  • регламенттерді және мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
  • Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
  • Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары жөніндегі қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
  • Жауапты хатшыға Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жауапты хатшының құқықтары


  • Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті орындалуға тиіс тапсырмалар беруге;
  • өзге де мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан Жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
  • жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.

Жауапты хатшы Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына  жауапты болады.


 

Министрліктің Министрдің жанындағы  консультациялық-кеңесші орган болып  табылатын алқасы болады. Алқаның  сандық және дербес құрамын Министрліктің  құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан Министр бекітеді.

Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды тұлғалардың  құқықтарын және міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің  құзыретін және өкілеттігін, жауапты  хатшы бекітетін Министрліктің  жұмыс регламенті және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді.

Министрліктің ведомстволары


  • Қазынашылық комитеті,
  • Кедендік бақылау комитеті,
  • Салық комитеті,
  • Қаржылық бақылау комитеті,
  • Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті,
  • Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті,
  • Қаржы мониторингі комитеті.

Тарихы


1920 ж. қазанда Қазақ КСР Қаржы халық комиссариаты ретінде құрылды,

1946 жылдан —Қазақ КСР Қаржы министрлігі. 

ҚР Республикасы Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы қаулысымен министрліктің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті құрылды. Комитет мемлекеттік сатып алулар үрдісін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылатындығы белгіленді. Министрлік ведомстволарының қатарына Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитеті енгізілді. Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай саясатын жүргізуді, оларды үйлестіруді және мемлекеттік сатып алулар үрдісі мониторингін ұйымдастыру міндеті жатқызылды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен министрлік ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді. ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі де ҚР Қаржы министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның мемлекеттік кірісті жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, кеден істері — ҚР кедендік бақылау агенттігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі қаулысымен  министрлік туралы жаңа ереже бекітілді, сондай-ақ министрліктің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті мен Салық комитеті құрылды.

Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік  бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдаланылуын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз  борышкерді таратуды соттан тыс рәсімінің  жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептілік  аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ҚР орталық  атқарушы органы болып табылды.

Министрліктің мынадай ведомстволары  болды: Қазынашылық комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржы бақылау комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: республикалық бюджеттің  атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді  қамтамасыз ету; салықтардың, алымдарды  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және өзге де бюджетке түсетін түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикізат секторы  ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің ҚР Үлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету; республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп, есептілік және аудит жөніндегі  әдіснамалық басшылық жасау; өз құзіреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатынвщ тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау; мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру; мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау; алкаголь өнімдері мен этиль спиртінің өндірілуін және оның айналымын мемлекеттік реттеу; өз құзіреті шегінде ҚР экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру; министрліктің құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Министрлік пен оның ведомстволары, олардың аумақтық органдарын қоса алғанда  ҚР Қаржы министрлігінің бірыңғай жүйесін  құрады.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес министрліктің Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитеті ҚР 2002 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен таратылды.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 қаңтардағы қаулысымен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнім ондірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетітаратылды, оның этиль спирті мен алкаголъ өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Қаржы министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2003 ж.30 қыркүйектегі қаулысымен министрліктің негізгі міндеттері мынадай болды: темекі өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу; өз құзіреті шегінде мүнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен

министрлік қайта ұйымдастырылды, оның Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру  комитетінің экономика секторларындағы  мемлекеттік активтерді басқару  өрісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігіне  берілді. ҚР Мемлекеттік сатып алу  жөніндегі және Кедендік бақылау  агенттіктері де оларды ҚР Қаржы министрлігіне  қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді.

Министрлік оның құзыретіне жатқызылған  қызмет саласында заңнамамен көзделген  шекте басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық  атқарушы органы болып табылады.


Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі