Шаруашылық серіктестік

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуЗаң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушы мен таратылуын белгілейді.

Содержание

І-ТАРАУ Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері………………………………………………………………………..............5
1.1. Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері……………...…..........................................................................................5
1.2.Толық серіктестік …………………………………………………...................11
1.3. Сенім (коммандиттік) серіктестігі………………………………....................14

ІІ-ТАРАУ Жауапкершілігі шектеулі серіктестік…………………...…................17

2.1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті...…...................17
2.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері…………………………………………………………….......................22
2.3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату…………..……………………………,……………………….......................22
2.4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік…………………………................48

ІІІ-ТАРАУ Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)…….....…............49
3.1.Жай серіктестік ұғымы……...………………………………………................49
3.2. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны……………...………...............51

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………….............…...........54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...……………………...............................56

Работа содержит 1 файл

Дип.-Шаруашылық-серіктестіктердің-қызметін-құқықтық-реттеу.doc

— 465.50 Кб (Скачать)

— егер олар құрылтайшьшардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;

— егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс (АК-ның 41-бабының 6-тармағы).

Жарғылық капиталға  салым салу. Қатысушының үлесі. Шаруашылық серіктестіктің бастапқы мүлкі қүрылтайшылардың салымдарынан құралатын жарғылық капиталдан тұрады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, интеллектуаддық қызметтің нәтижелеріне құқықты қоса алғанда, мүліктік құқықтар және өзге де мүлік жарғылық капиталға салатын салым бола алады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай немесе мүліктік құқықтар түріңде салатын салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушыларьшың жалпы жиналысының шешімімен ақшамен бағаланады. Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомадан асатьш болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Шаруашылық серіктестікгі қайта тіркеуде оиың қатысушысының ақшалай салымьш серіктестікгің бухгалтерлік құжаттары не аудиторлық қорытьшды растай алады. Жалпы ереже бойынша, заңцы түлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауап береді. Алайда шаруашылық серіктестіктер үшін бүл ережеден ерекшеліктер бар. Мысалы, серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері аддында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді (АК-ның 59-бабьшың 1-тармағының 1—4-бөліктері).

Салым ретінде мүлікгік құқық, мысалы, мүлікгі пайдалану қүқығы берілуі мүмкін. Мұндай салымның көлемі құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзім үшін есептелген осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақымен анықталады. Салымдарды мүліктік емес өзіндік құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді (АК-ның 59-бабы). Соңғы ереже айтарлықтай пікірталас туғызады және мамандар арасында оның жақтастары да, қарсыластары да жеткілікгі. Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, соңдай-ақ жарғылық капиталды қүру жөніңдегі міңцетгемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң құжаттарында және (немесе) құрылтай құжаттарында белгіленеді (АК-ның 59-бабының 3-тармаіы)5.

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы  барлық қатысушылардың үлестері жөне тиісінше олардьщ шаруашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі  үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына  барабар болады. Алайда құрыл-тайшылар құрылтай құжаттарында өзгеше мақсатгы көздеуі мүмкін. Шаруашылық серіктесгікке қатысушы серіктестік мүлкіңцегі өз үлесін, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарыңца өзгеше көздел-месе, салып қоюға және сатуға қүқылы (АК-ның 59-бабының 2-тармағы).

Жарғылық капиталды  өзгерту — іскерлік тәжірибеде жиі  кездесетін әдеттегі іс және ол өрбір  серіктестікте дерлік байқалады. Жарғьшық капитадды арттыру коммерциялық ұйымның қызметіндегі игі сет больш табылады, несие берушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмейді. Сондықтан оның құқықтық реттелуі айтарлықтай шартты реттеуші сипатта болады. Ал жарғылық капиталды азайту қажетсіз шара болып саналады,ол ең алдымен серіктестіктің несие берушілерінің мүдделеріне жағымсыз есер етеді. Сондықтан шаруашылық серікестшнің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннанкейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда серіктестіктің мерзімінен бұрьш тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орыңдауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы (АК-ның 59-бабының 4-тармағы).

Шаруашылық серіктестіктері  қатысушьшарьшың жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) серіктестіктің жоғары органы болып табылады. Бір  тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілетгігі оның бірден-бір  қатысушысьша тиесілі болады (АК-ның 60-бабының 1-тармағы).

Шаруашылық серіктестікте  оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларьшың  жалпы жиналысына (өкідцер жиналысына) есеп беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе, жеке-дара) құрылады. Басқару оргавдарының мүшелері оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктесгіктің алқалы органдары ретінде басқарма (дирекция) және бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының (өкілдер жиналысының) шешімінде көзделген жағдайларда басқа да алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін (АК-ның 60-бабының 2-тармағы).

Шаруашылық серіктестік  органдарының құзіреті, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың  шешімдер қабылдау тәртібі АК-ға, заң құжаттарына және құрылтай құжатгарына сәйкес белгіленеді (АК-ның 60-бабының 3-тармағы).

Шаруашылық серіктестіктердің  акциялар шығару құқығы жоқ. Мұны өздеріне белгіленген тәртіп бойынша акционерлік  қоғамдар ғана істей алады. Акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық ұйым капиталды барынша мол жинақтай алатындықтан, заң акционерлік қоғамдар үшін ғана қаржы есебін жүргізуді көздеген. Алайда, заң актілері мен құрылтай құжаттары бойынша мұндай жағдайлар кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктесіікгер үшін көзделуі мүмкін (ЖШС туралы заңның 60-бабы). Шаруашылық серіктестіктің қызметін мемлекеттік органдар тексере алады. Олардың бұл саладағы қүзіретін заң актілері белгілейді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есеп-қисабының дұрыстығына көз жеткізу үшін серіктестіктің немесе оның қатысушыларының мүдделерімен байланысы жоқ кәсіби аудиторды шақыра алады (мүны сыртқы аудит деп атайды). Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушының талап етуі бойынша соның (солардың) есебінен кез келген уақытта жүргізілуге тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу тәртібі зандармен және серіктестіктің құрылтай құжатгарымен белгіленеді (АК-ның 60-бабының 4-тармағы).

Шаруашылық серіктестікке  қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:

—  құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға  қатысуға;

— шаруашылық серіктестікгің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәргіппен оның құжатгамаларымен танысуға;

— таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны пайданы  бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін ержелері жарамсыз болып табылады;

— шаруашылық серіктестік таратылғаи жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктесгік мүлкіңдегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар:

Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін (АК-ның 61-бабының 1-тармағы).

Шаруашылық серіктестікке  қатысушылар:

1) құрылтай құжаттарының  талаптарын сақтауға;

2) салымдарды құрылтай құжатгарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер жөне мерзімдер бойынша салып отыруға;

3) шаруашылық серіктестік  коммерциялық құпия деп жариялаған  мәліметгерді жария етпеуге міндетгі.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міңдеттерді атқаруы мүмкін (АК-ның 61-бабының 2-тармағы)6.

Серіктестіктерді қайта  құру және тарату. Шаруашылық серіктестік  оның қагысушыларының шешімімен  ерікті түрде қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Оларды қайта құру мен таратудың өзге негіздерін АК, Шаруашьшық серіктестік туралы жарлық, ЖШС туралы заң және басқа заң құжаттары анықтайды. Мысалы, несие берушілерге жарғылық капиталды азайту туралы хабарламау шаруашылық серіктестіктер үшін осындай негіз болып табылады (АК-ның 59-бабының 4-тармағы).

Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен  шауашылық серіктестіктің бір түрінен  екінші түріне акционерлік қоғамдар немесе өңдірісгік кооперативтер болып  қайга құрылуы мүмкін. Толық серіктестік немесе сенім серіктестігі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып қайта құрылған жағдайда акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктес толық серіктестіктен немесе сенім серіктестігінен акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке көшкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық мүлкімен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серіктестіктің өзіне тиесілі акцияларды (үлестерді) иеліктен шығаруы оны мұндай жауаптылықтан босатпайды (АК-ның 62-бабы).

 

1.2.Толық серіктестік

 

Толық серіктестіктің мүлкі  жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы). Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты ҚР-дың кәсіпкерлік практикасьшда толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе клиентті таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатыңда азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы).

Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғары органы — қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің, ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысының бір даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі жөне олардың құзіреті құрылтай құжаттарында белгіленеді. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестікгің органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті (АК-ның 65-бабының 1, 2, 4-тармақтары).

Серіктестіктің қалған түрлерінен өзгеше, толық серіктестікте  тұлғалық жағдай барынша маңызды  болады. Бұл серіктестердің толық жеке жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) оның басқа қатысу-шыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруіне болады. Үлес (үлестің бір бөлігі) үшінші жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі қүқықтар мен міңдетгердің бүкіл жиынтығы соған ауысады. Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісуімен қүқықты мирасқор (мұрагер) серіктестікке кіре алады. Құқық мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серік-тестіктің үшінші жақтары аддындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқық мирасқор (мұрагер) толық серіктестікке кіруден бас тартқан немесе құқық мирасқорды (мұрагерді) қабылдаудан серіктестік бас тартқан жағдайда, оған қатысушы қайтыс болған күні белгіленген серіктестік мүлкіндегі үлестің құқық мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі қүны төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында (жарғысьшда) көзделген мерзімде құрылтай шартыңда аталған серіктестік мүлкінің мөлшері азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс (АК-ның 66-бабы).

Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен кез келген уақытта  шыға алады, ол бұл жөнінде қалған қатысушыларға іс жүзіңде шығатын мерзімінен кемінде 6 ай бұрын ескертеді. Бес жылға дейінгі мерзімге құрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын бас тартуға дәлелді себептер болғанда ғана жол беріледі. Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың серіктестіктен шығуы туралы өтініш беруінің өзгеше мерзімі көзделуі мүмкін. Серіктестіктің қатысушылары арасында серіктестіктен шығу құқығынан бас тартуға келісім жасау жарамсыз деп танылады (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 16-бабы).

Толық серіктестікке қатысушылар қалатын қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша және оған дәлелді себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның (олардың) өз міңдетгерін дөрекі бұзуы немесе іс жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда қатысушылардың біреуін немесе бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы. Толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға шығатын кездегі балансқа сәйкес салған салымына қарай оның серіктес мүлкіндегі үлесінің құны төленеді (АК-ның 68-бабы).

Толық серіктестікке қатысушының жеке борыштары пайда болуы мүмкін. Қатысушының толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өз үлесін өндіріп алуға өтініш жасауына борыштарды өтеу үшін оның басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен серіктестік мүлкінен ақы өндіріп алу мақсатымен борышқордың жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп берілуге жататын бөлігі немесе оның қүны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады. Қатысушының толық серіктестік мүлкіндегі үлесінен ақы өндіріп алу оның серіктестікке қатысуын тоқтатады (АК-ның 69-бабы).

Толық серіктестіктің занды тұлғалардың басқа түрлерінен мәнді айырмашылықтары бар. Тарихи тұрғыдан қарағанда, занды тұлғалар жеке тұлға-кәсіпкердің кәсіпкерлік тәуекелде тұрған мүлкін өзге мүліктен айыруға мүмкіңдік беретін құқықтық нысан ретінде пайда болған. Серіктестіктің біз қарастырып отырған нысанында жағдай өзгеше. Егер толық серіктестік таратылған жағдайда, оның барлық борыштарын өтеу үшін нақтылы мүлкі жетпейтін болса, серіктестік үшін жетпейтін бөлігі жөнінен оған қатысушылар ортақ жауапкершілікті өздерінің заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алынатын барлық мүлкімен өз мойнына алады. Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің борышы бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді. Алайда заң құжаттарында бүл ережеден ауыткушылық та көзделген. Серіктесіік мүлкіңдегі өз үлесінен астам бөлігіндегі толық серіктестіктің борыштарын өтеген қатысушы өзінің алдында серіктестік мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне тең үлестік жауапкершілікті мойньша алатьш өзге де қатысушыларға таісті бөлігінде кері талап қоюға құқылы (АК-ның 70-бабының 1, 2-тармақтары).

Информация о работе Шаруашылық серіктестік