Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:38, реферат

Описание работы

Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель

Работа содержит 1 файл

Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет.docx

— 14.37 Кб (Скачать)

Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель

 

Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары — азаматтық қоғамның элементтері. 
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:

  Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:

- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен     құқықтарының қамтамасыз етілуі; 
- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық кұқықтарының болуы; 
- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға  және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға кұқықтарының болуы; 
- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы; 
- азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық   мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

 

Құқықтық мемлекет

Құқықтык мемлекет дегеніміз - жеке адам және коғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді. 
Құқықтық мемлекеттің негізі: 
-    Құқықтық мәдениет; 
-    Азаматтық қоғам; 
-    Заңдылық және құқықтық тәртіп;

 

Құқықтық мемлекеттің  белгі-нышандары

1. Заңның үстемдік етуі. 
2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі. 
3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы. 
4.  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.                                                              
5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы. 
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы. 
7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі

 

Қазақстан жағдайында азаматтық  қоғам және құқықтық мемлекеттің  қалыптасуы

Заңның рөлі туралы Абай былай деп жазды: «бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті жарғысын» білу қажет». Демократияның маңызды бір буыны, Абайдың пікірі бойынша, заңның салтанат құруы болып табылады. Соттық биліктің тәуелсіздігі туралы Абай идеялары Қазақстан Республикасы және дамыған елдер Конституцияларының сот туралы ережелерімен астасып жатыр

Құқықтық мемлекеттің  қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.

 

Көңіл бөлгендеріңізге рахмет


Информация о работе Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет