Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 17:34, монография

Описание работы

Жоғарыда келтірілген жағдайлар зерттеу жұмысының тақырыбын айқындауға мүмкіндік туғызды, себебі Қазақстан Республикасының балаларын шетелдіктермен асырап алу мәселесін теориялық және тәжірибелік жүзінде зерттеуді заңмен реттеу қазіргі заманғы ғылым мен құқық үшін маңызды болып табылады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3-6
Бала асырап алудың теориялық – ұғымдық аспектілері......................7-14
Халықаралық бала асырап алудың артықшылықтары мен кемшіліктері......................................................................................................15-18
Халықаралық бала асырап алудағы мемлекеттердің алатын орны
Қазақстан Республикасының халықаралық бала саудасына қатысуы...................................................................................................19-20
Балаларды қорғау және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясының орны............................................................21-23
Қазақстан Республикасындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғам өміріндегі алатын орны және оның алдын алу шаралары................................................................................................24-28

Қорытынды.............................................................................................29-30

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................31-32

Работа содержит 1 файл

Баяндама Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

    ҚР-ның азаматы болып табылатын ҚР-ның аумағынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алу тиісті шет мемлекеттің құзіретті органымен жүргізілуі мүмкін. «Неке және Отбасы туралы» ҚР-сы Заңының 209 бабының 3 тармағына сәйкес мұндай асырап алу ҚР-да мынадай шарттар сақталған жағдайларда танылады: Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi орган жүргiзген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейiн баланың тұратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан немесе оның ата-анасынан (олардың бiреуiнен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

    ҚР-ның  аумағында халықаралық бала асырап алу қазақстандық балаларды шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ  тұлғалар асырап алған жағдайларда  және ҚР-ның азаматтары шетелдің азаматы  болып табылатын балаларды асырап алған жағдайларда да орын алады. Мұндай жағдайда баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің заңдарына сәйкес талап етілетін болса, баланың да келісімін алу қажет.

    Мемлекет  баланы мемлекет ішінде орналастыруды  қамтамасыз етуге міндетті, сондықтан  халықаралық бала асырап алуға ерекше жағдайларда ғана рұқсат беретін  қосымша ережелерді заңды түрде  бекіту қажет. Осындай ережелердің  бірі ретінде «ата-ананың  қамқорлығынсыз қалған бала орталықтандырылған есепке алынған күннен алты ай өткен соң ғана шетелдік азаматтардың асырап алуына берілуі мүмкін» деген ережені бекіту керек. Бала ержеткен сайын асырап алынуға мүмкіндігі азайады деген тұжырым бұл жағдайда орынсыз деп айтсақ та болады. Алты ай мерзімнің өтуі асырап алынуға мүмкіндікті жоя қоймайды. Сондықтан «Неке және Отбасы туралы» ҚР-сы Заңының 76 бабының 2 тармағының редакциясын мынадай тәртіпте өзгертуді ұсынамыз: «Бала шетелдіктерге бала орталықтандырылған есепке қойылған күннен алты ай өткен соң асырап алуға берілуі мүмкін».

    Халықаралық бала асырап алуға қатысты заңнама  позициясына қарамастан ол жиі және баланың мүдделері мен заң  талаптарын бұза отырып жүзеге асырылуда. Тәжірибе бірқатар жағдайларда сот органдарының заңсыз асырап алуға жол бергенін, соның ішінде бала асырап алу туралы істердің соттылығының сақталмауын, баланың жақын туыстарының бар екенін анықталмағандығын, кейбір жағдайларда ата-ананың келісімінсіз баланы асырап алуға жол бергенін көрсетіп отыр.  Осыған байланысты халықаралық бала асырап алуды реттейтін заңнамалардағы кемшіліктердің көп жағдайларда баланың маңызды құқықтарының бұзылуына себеп болып отырғанын констатациялауға негіз болады. Кейбір жергілікті мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамамен және халықаралық бала асырап алуға байланысты стандарттарды ескермейді. Бұл қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілеттіктерін кеңейтудің орнына бала асырап алу бойынша тікелей көмек көрсететін, беделдері күмән тудыратын делдал-агенттіктердің ашылуына әкеп соқты.  Қазақстан аумағында «Гүлдер», «Жаңа жол», «Семейный очаг», «Фемилиз ферст» қоғамдық қорлары бала асырап алуда тек қана шетелдік азаматтарға көмек көрсетеді және өздерінің қызметтері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында есептерін жарияламайды. Бұл факт олардың қызметтерінің жабықтығын көретеді.            

    Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар туралы банк жұмыстарының заңмен реттелмеуі және бала асырап алуға көмек көрсету  бойынша заңсыз бизнес - қазақстандық азаматтардың бала асырап алу мүмкіндіктерін шектеуге ықпал етіп отыр десек қателеспейміз. Шетелдіктерге «арналған» балалар туралы мәліметтер сатып алу-сатудың объектісін құрап, қазақстандық азаматтардан барынша жасырылады. Сондықтанда болар 2004 жылдың бірінші жарты жылдығында бала асырап алу үшін есепке тұрған 44 қазақстандық азамттардан 12 азамат баланы таңдап ала алмаған.

    ҚР-ның  аумағында бекітілген халықаралық  бала асырап алудың негізгі шарты- кәмелетке  толмаған, асырап алынған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Егер бала асырап алудың нәтижесінде  баланың ҚР-ның заңдарында және ҚР-ның халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күші асырап алушының азаматтығына қарамастан соттық тәртіпте жойылуға тиіс. Алайда, бұл мәселеге қатысты сот органдары да жауап бере алмайтын бірқатар сұрақтар туындайды. Мысалыға, бала асырап алудың күшін жою туралы арызды шетелдік асырап алушыларға тапсырудың тәртібі, тиісті істің қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлау, бала асырап алудың күші жойылған жағдайда баланы қазақстанға қайтару мәселелері заңнамамен анықталмаған. Көрсетілген мәселелер ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын, кепілдіктерін және әлеуметтік қорғалуын реттейтін заңнаманың жетілдірілу қажет екенін бекітеді. Балалардың құқықтарын қорғаудың эффективті механизмін қалыптастыру үшін, мемлекетімізге бала асырап алу үрдісі мен қатар балаларды құқықтық қорғаудың барлық мәселелерін бақылайтын өкілетті орган қажет.

    Халықаралық бала асырап алу мәселесі көптеген қоғам мүшелерін алаңдатуда, себебі шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды асырап алуы негізінен криминалдық сипатта орын алып жүр: органдарын трансплантациялау, наркобизнес, жезөкшелікпен айналысуға итермелеу т.б.. Халықаралық бала асырап алудың үрдісіне ерекше назар аударылуы тиіс. Өйткені халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеудегі кемшіліктер баланың маңызды құқықтарының бұзылуына ықпал етіп отыр.

    Жұмыста  Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала ата-ана қамқорлығынан ажырағанынан бастап асырап алынғаннан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдары тарапынан баланың өмір жағдайын бақылауымен аяқталатын бала асырау тәртібі ашылған.

    Баланы  шет ел азаматтарымен, азаматтығы жоқ  тұлғалармен, үнемі шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарымен бала асырап алу немесе бала асырауды болдырмау процедурасына көңіл бөлінген.

    Бала  асырап алу мәселесімен толығырақ  таныстыру үшін ең алдымен  бала асырап алуды реттейтін заң шығарушы және нормативті актілерді атап шығайық.

    Бұл шетел азаматтары мен Қазақстан  азаматтарын – балаларын асырап алу Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 17 желтоқсандағы №321 «Неке және отбасы туралы» заңмен қарастырылған.

    Аталған заң енгізілгеннен бастап халықаралық  бала асырау мәселесі бойынша арнайы нормативті база құрастырылды. Олар:

      -   1989 жылғы 20 қарашадағы балалар  құқығы туралы конвенция  1994  жылы 8 маусымда ҚР-ның жоғарғы  кеңесімен ратификацияланған;

  • 2002 ж. 8 тамыздағы ҚР балалар құқығы туралы заң;
  • 1999 ж. 17 маусымдағы №665 «ҚР азаматы болып табылатын балаларды асырап алушы шетел азаматтарын есепке алу ережелерін бекіту туралы» ҚР-ның шетел істері министрлігінің бұйрығы. 2006 ж. Қаңтар айында сыртқы істер министрлігімен өзгерістер енгізілген. Енгізілген өзгерістер асырап алушылардың қосымша құжаттар тапсыру жөнінде атап айтқанда, асырап алушылардың соттылығы болуы жөнінде және Қазақстандық балалардың шетелдіктермен асырап алынған жағдайдағы консулдық мекемелермен қадағалап отыруы жөніндегі жағдайларға негізделген.  
  • 1999 ж. 24 маусымдағы №842 «Адамның бала асырап алуына болмайтын аурулардың тiзбесi»  Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы.
  • 1999 ж. 9 қыркүйектегі №1346, 2002 ж. 15 сәуірдегі №428 « Ата-анасының       қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған

    есепке алуды ұйымдастырудың  бекіту туралы» ҚР үкіметінің үкімі;

  • 2002 ж. 8 – 22 тамыздағы №123, №614, №537, №0832  «Асырап алынған балалар туралы мәліметтерді жедел алмасуды ұйымдастыру туралы» ҚР білім және ғылым министрлігінің, сыртқы істер министрлігінің, ішкі істер министрлігінің біріккен бұйрықтары.
  • 2002 ж. 12 қарашада №1197 бекiтiлген «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдіктepгe асырап алуға беру ережелерін бекіту  туралы » ҚР үкіметінің қаулысы;
  • 2003 ж. 12 мамыр №2264 «Шетел азаматтарымен ҚР азаматы болып табылатын асырап  алынған балаларды есепке алу туралы» ҚР үкіметінің қаулысы;
  • Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және       отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы       Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 нормативтік қаулысы;
  • 2010 жылдың мамыр айы «Халықаралық бала асырап алу төңірегіндегі ынтымақтасу мен балаларды қорғау туралы» Конвенцияны ратификациялады.
 

    Халықаралық бала асырап алудың артықшылықтары мен  кемшіліктері

    Шетел азаматтары асырап алған балалардың жағдайын білмейміз.

    Асыранды  балалар жайындағы ұлттық ақпараттық қызметтің (АҚШ) мәліметінше, соңғы  уақытта американдықтар 16396 шетел жетімдерін асырап алған. АҚШ азаматтары көбіне Қытай, Оңтүстік Корея, Гватемаладан, ТМД елдерінен – Ресей, Қазақстан, Украина мен Грузиядан бала асырауды әдетке айналдырған. АҚШ-тың өз ішінде жетімді асырап алу үшін әл-ауқаты жоғары отбасы болумен қатар, жергілікті полиция мен Федералдық тергеу қызметінің тексерісінен бастан-аяқ өту керек. Екінің біріне мұндай шарттар ұнамайды. Бұл орайда шетелден бала асырау әлдеқайда жеңіл.  
Бүгінде еліміздегі әрбір төртінші жетім шетелдік отбасылардың қамқорына беріледі екен. Соңғы уақытта бір ғана американдықтар 4 мыңнан аса қазақ баласын асырап алған. Бірақ АҚШ-та өмір сүріп жатқан кішкентай отандастарымыздың жай-күйін бақылап отыруға толыққанды мүмкіндік жоқ. Себебі Қазақстанның консулдық лауазымды тұлғалары тек қана Вашингтон мен Нью-Йоркте орналасқан. Сондықтан шетелдегі жетімдердің жағдайын бақылау қиын. Әсіресе, Африкаға жөнелтілген балалардың жағдайы алаңдатушылық тудырады. Осыдан екі-үш жыл бұрын бір ғана Оңтүстік Африка республикасына 16 қазақ баласы жеткізілген.

    Шет ел азаматтарымен асырап алынған  балалардың басына төнетін қауіптер тізімі:  
№1 қауіп. Өгей ата-аналардың қолынан қаза табу

    Статистика  көрсеткендей, шетелдік азаматтар асыранды балаларына қол жұмсауды әдетке айналдырғандай. Ресей мен АҚШ-тың құқық қорғау органдары Калифорнияда орналасқан «Юнона» (басшысы -  Иван Жердев) қайырымдылық қорының атын бүркеніп, бала сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Халықаралық деңгейдегі даулардан кейін етек-жеңін жия бастаған Ресейдің Бас прокуратурасы 1996 жылдан бері шетелде 13 асыранды орыс баласының өлтірілгенін жария етті. Оның 12-сі – АҚШ-та өгей әке-шешелерінің қолынан қаза тапқан. Қаза тапқан балалардың біреуі «Юнона» қоры арқылы асырап алыныпты. Иван Жердев басқарған «Юнона» қоры құқық қорғаушылардың көзіне 2003 жылдың желтоқсанында іліккен. Оған себеп болған жәйт, осы фирма арқылы асырап алынған 6 жасар Алеша Гейконың өгей анасы Ирма Павлистің қолынан қаза табуы еді. Осы қайғылы оқиғадан кейін Ресейдің құқық қорғау органдары Америкадағы әріптестерімен хабарласып, қылмыстық топтың ізіне түскен. Асыранды ата-аналарының қолынан қаза тапқан орыс балаларының ең үлкені – 11 жаста, ең кішкентайы – 1 жас 4 айлық нәресте болған. 2005 жылы орын алған екі бірдей сәбидің өлімі Ресейде халықаралық асырау ісіне мораторий қабылдануына әкеп соға жаздаған. Бүгінде Ресейде халықаралық бала асырау мәселесіне қарсылықтар ушығып тұр. Бұл мәселе Дума көлемінде талай рет көтерілді. Ресейліктер Америкада көбіне орыс балаларының жапа шегіп жатқанына алаңдаулы. Қазірше орыс жетімдеріне Америкаға жазғы демалысқа барып-келуге шектеу қойылды. Бұл ұйымның Қазақстанға да қатысы бар көрінеді. Ал, Қазақстаннан асырап алынған балалардың қаншасы аман-есен, қаншасы үйінде жапа шегіп жүргендігі жайлы мәліметтер жоқтың қасы. Шетел асқан балалардың бәрі тірі ме? Бұл туралы да толыққанды ақпар жоқ... қазірше. Бір өкініштісі, елімізбен өзара дипломатиялық келіссіздер жүргізбеген, соның салдарынан Қазақстанның консулдық қызметі ашылмаған елдерде де асыранды қазақ балалары тұрады екен.  

    №2 қауіп: Адам органдарын сататын қылмыстық топқа тап болу

    Қазір әлемде адам органдарынан қымбат зат  жоқ. Шетелдік миллионерлер мен миллиардерлер керекті орган үшін қыруар қаржы жұмсауға әрдайым дайын. Ресейдің ақпарат көздеріне сүйенсек, кішкентай орыс баласының сау органдарын шетелдік азаматқа сатқан қылмыстық топ та анықталған. Орган сату – өте пайдалы бизнеске айналғалы бері қылмыстық топтар киднеппингпен (бала алып-сатумен) білек сыбана айналысып келеді. Бұл – үлкен әлемдік проблема. Шетелде тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайын, аман-саулығын білу осы жағынан әсіресе маңызды. 

    №3 қауіп: Сектанттармен асырап алыну

    Санақ көрсеткендей, бала асыраушы елдердің көшбасында Америка тұр. Діни бостандыққа  шек келтірмейтін елді түрлі бағыттағы  ағым-секталардың мекені деуге де болады. Сондықтан Америкадан келіп  жатқан отбасылары әрқилы діндер мен  дін атын бүркенген ілімдерді  ұстанады. Алыстан арбаланып, елімізден бала асырауға құлықты отбасылардың әлемде тыйым салынған секта өкілдері болмасына кім кепіл? Дін таратушы миссионерлер өз қатарларын тегі бойынша мұсылман адамдармен толықтыруға аса ынталы. Бұл орайда олар мұсылман халықтарының басына түскен қайғы-қасіретті де өз пайдасына жаратып бағуда. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін шарпып өткен цунамиден кейін «Уорлд Хелп» миссионерлік ұйымы ата-аналарынан айрылған индонезиялық балаларды жинай бастаған. Негізінен Индонезияның заңдары мұсылман балаларын шетелдіктердің асырап алуына тыйым салады. Сондықтан Индонезиядағы Банда-Асех сияқты қалалардың бұрын-соңды Евангелие үшін есігі жабық болатын. Бірақ дүлей табиғат апатынан кейін есін жия алмай жатқан мемлекеттің қиын жағдайын пайдаланып, аталған ұйым 300 мұсылман баласын елден алып кеткісі келген. Мақсат – мұсылман балаларын христиандық рухта тәрбиелеу, ой-саналарына христиандық негіздерді салу. Бұл пиғылдарын әлгі миссионерлік ұйым жасырмайды да.  
Өкінішке қарай, Қазақстанда мұсылман дінін ұстанатын қазақ балалары мен православ дініндегі орыс балаларын американдық отбасылары жыл сайын көптеп асырап алады. Балалардың аттарын өзгертіп жатқан американдықтар олардың діни нанымдарын да өзгертіп жатқанына шүбә жоқ. Олар – таза «американдық өнім» боп шығады.

    №4 қауіп: Біржынысты отбасында тәрбиелену

    Күллі әлемді өз ығына жығып жатқан демократия азғындаған батыс қоғамының өмірлік  түсініктеріне де еркіндік беруде. Батыста біржынысты махаббат қалыпты  жағдай ретінде қабылданады. Тіпті, оларға ерлі-зайыптылар ретінде үйленуге де рұқсат берілген (таяуда әлемге әйгілі әнші Элтон Джонның жан досына үйленген тойы болып өтті). Ең сорақысы, күн өткен сайын біржынысты отбасыларына бала асырауға рұқсат беретін елдер қатары көбейіп келеді. Бүгінгі таңда Испания, Швеция, Канада мен Оңтүстік Африка республикасында екі еркектен, не екі әйелден тұратын отбасыларына бала асырауға рұқсат берілген. Таяуда Ұлыбританияда да біржынысты отбасылардың бала асырауына заңды негізде рұқсат етілді.  
Батыс елдерінде орын алып жатқан осы тектес жәйттер Шығыс ұстанымдарына мүлдем кереғар. Жағдай осылай өрши берсе, күндердің бір күні қазақстандық балаларды асырауға ағым-секталардың өкілдерімен қатар, біржынысты отбасылардың да келуі әбден мүмкін.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы