Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:13, доклад

Описание работы

Құстардың терiсi бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты құрғақ және безсiз. Аяқтарында қабыршақты жабындары болады. Құстардың қауырсындары бауырымен жорғалаушылардың қабыршықтары сияқты мүйiздi заттан тұрады. Бауырымен жорғалаушылардiкiндей зәрағарлары мен көбею мүшелерi клоакаға ашылады. Әсiресе үлкен ұқсастық құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ұрықтарында байқалады. Қазiргi тропиктiк құстар огациндердiң балапандары ағаш бұтақтарына сақталып қалған, қанат саусақтарымен жармасады.

Работа содержит 1 файл

Асель.doc

— 159.50 Кб (Скачать)

Құстардың терiсi бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты құрғақ және безсiз. Аяқтарында қабыршақты  жабындары болады. Құстардың қауырсындары бауырымен жорғалаушылардың қабыршықтары сияқты мүйiздi заттан тұрады. Бауырымен  жорғалаушылардiкiндей зәрағарлары мен көбею мүшелерi клоакаға ашылады. Әсiресе  үлкен ұқсастық құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ұрықтарында байқалады. Қазiргi тропиктiк құстар огациндердiң балапандары ағаш бұтақтарына сақталып қалған, қанат саусақтарымен  жармасады. Бұл ұқсастық құстар мен бауырымен  жорғалаушылар — ортақ ата-тегi бар, жануарлардың туыс топтары деген ұйғарымға негiздеме бередi.

Алғашқы құстар. Құстардың көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы  туралы ой көне құстар дақтарының табылуымен расталады. Мұндай тастардағы дақтар 1661 және 1677 жылдары Германияда табылған. Дақтар негiзiнде ғалымдар бұл құстардың бейнесiн қайта қалпына келтiрiп, оларды алғашқы құстар деп атады. Алғашқы құстар қауырсындармен қапталған және үлкендiгi көгершiндей  болған. Оларды нағыз қанаттары, ұзарған жiлiншiгi, барлық құстарға тән аяқтағы саусақтарының орналасуы  және басқа құрылыс белгiлерi ерекшелендiрдi. Бiрақ көп омыртқалы ұзарған құйрығы, жақтарындағы майда тiстерi, ауаға толмаған сүйектерi  және басқа  белгiлерi, олардың  бауырмен  жорғалаушыларға  ұқсастығын көрсеттi. Қанаттың,  қыры жоқ төстiң  құйрықтыңқұрылысы,  алғашқы құстар  нашар  ұшып,  ағашта тiршiлiк еттi деп  тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы құстар шамамен 180 млн. жыл   бұрын,  ағаштарда  тiршiлiк етiп, бұтақтан  бұқтаққа секiре алатын ұсақ бауырымен  жорғалаушылардан  шыққан. Кейiннен  табиғатта  қазiргi құстардың белгiлерi  дамыған дарақтар  ғана сақталған.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ

ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ — тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.

САМЫРКЕШ

САМЫРКЕШ — ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді.

Самыркештің бір ерекшелігі- жазды  күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп  үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.

ҚОҚИҚАЗ.

ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс.  Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.

Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға  ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1-2 тәрбиеші  қоқиқаздардың мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай қоймайды.

АҚҚУ

АҚҚУ -қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.

ҮКІ.

ҮКІ — негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.

Қоян, тышқан секілді кемірушілерді  аулап пайда келтіреді.

Үкіні қазақ халқы қасиетті құс  санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.

ҚАРЛЫҒАШ.

ҚАРЛЫҒАШ -жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, аудандық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Сондай-ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп, әр қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.

Ұясы- балапандарын қолайсыз жағдайдан  және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық  жасайды. Халқымыз қарылғашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар.

ҰЛАР.

ҰЛАР- салмағы 3 кг-дай, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсаса, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен.

Егер қауіпті сезсе айрықша  үн шығарып, хабар беретін көрінеді.

Қыстың аязды күндерінде тас  қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.

ШҰБАР КҮЗЕН.

Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарында кең тараған бірақ барлық жерлерде саны өте аз. Кейбірі құрғақшылық жылдары саны күрт өзгеріске ұшырап, мүлдем азайып кеткен. Шөлді аймақта Бетпақдалада, Балқаш өңірі, Қызылқұм қорықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін бірнеше зоологиялық қорықшалар құры екен.

АЛТАЙ АРҚАРЫ

Тек Алтайда ғана кездеседі. Ол жерде  шамамен 80-дей арқар мекендейді. Яғни бұл түрше жойылып кету шегіне жақын тұр. Негізгі себеп-қасақалық  және арқарлар тіршілік мекенінде пәрмендә түрде мал жою. Мал жоюды шектеп Күршім жотасының оң жақ беткейінде марқакөл қорығының жеке бөлімшесін ашу керек.

ШҰБАР КЕСІРТ.

Таралу аймағы шағын, зерттелмеген түрі. Қазақстанда Зайсан ойпатындағы  айғыр құмның Оңтүстік шетіндегі  құмдардан 4 данасы ғана ұсталған. Саны өте аз. Бұл кесірттің биологиялық және сан мөлшеріне әсер ететін себептерін зерттеу керек.

 

Калашников автоматы Алматыда жасалған

АСТАНА . 8 шілде. ҚазАқпарат – 1942 жылы бақайшағына дейiн қаруланған немiс фашистерi ортақ Отанымыз Кеңес Одағының қаласы мен даласын түгел жайпап, елiмiзге тереңдей ентелеп кiрiп келе жатты.Кеңес әскерi амалсыз шегiнген үстiне шегiне бердi. Бұл олардың қоянжүрек табансыздығынан емес едi, немiс фашистерiнiң мұздай боп қаруланған жендеттерi бет қаратпады. Олардың қаруларының қасында бiздiң жауынгерлерiмiздiң қолдарына ұстағаны баланың ойыншығындай болып көрiндi. Соның салдарынан соғыста шейiт кеткендер көбейген үстiне көбейе берген. Ал, жараланып жатқандардың саны қисапсыз болатын. Олардың көпшiлiгi ауыр жарақат алып, тылдағы әскери госпитальдерге жөнелтiлiп жатты. Осындай әскери госпитальдердiң бiрiне бiр күнi сол жақ иығы мен кеудесiн дәкемен таңып тастаған қарапайым сержант келiп түскен.

Жиырмаға толмаған жас жiгiттiң жүзiнен әлi балалықтың табы кетпеген едi. Сондықтан болар, оның қолындағы шимай-шатпақ жазба-сызбаларына күлiп қарағандар аз болмады. Ал, бұл, шындығын айтқанда, кейiннен әлемнiң барлық түкпiрiне тарап кеткен Калашников автоматының қағазға түскен алғашқы сұлбасы едi. Иығынан жараланған жауынгер емделу мерзiмiнде өзi есейiп, ержеткен Қазақстандағы Жетiсу жерiнiң Матай стансасына келдi. Балалық уызы бетiнен тарай қоймаған Мишаның Матайдағы темiр жол депосында iстейтiн дос-жарандары әлi аз емес едi.

-Тапанша-пулеметке  ұқсайтын қолымдағы бұл жазба-сызбалар  әлi автоматтың ауылынан алыс  нәрсе болатын, қару жасаудың  алғашқы қадамдары едi. Оның қару-жарақ  құрастыруда өзiндiк маңызы болды.  Матай стансасындағы достарымның  ортасына келдiм, жап-жас кезiм. Достарым керемет едi. Жаралы болып оралғанда, бiр құшақ қылып өзiмнiң жазба-сызбаларымды ала келгенмiн. Қару жасауға қол беруiн өтiнiп бастыққа бардым. Бәлкiм, бақытыма қарай болар, депо бастығының тегi де менiң тегiммен бiрдей – Калашников болатын. Онымен сөйлесiп көрiп едiм: «Өзiң қарашы, қаншама паровоз қирап келiп жатыр, сен болсаң қайдағыны айтасың» дегендей болды. Бiрақ, шындығында да, темiр жол мен қару-жарақ жасаудың ортасы жер мен көктей едi. Байланыс зат жоқ болатын. Сондықтан, мұны тоқтата тұруға, ұмыта тұруға тура келдi, – дедi, өзiнiң Матайға келген кейiнгi сапарында генерал-лейтенант Михаил Калашников тебiрене.

Бұл кез кәдiмгi құсатар мылтықтан  айырмасы шамалы винтовка ұстаған кеңестiк  жауынгерлердiң қарудан қиналып  жүрген уақыты болатын. Немiс фашистерiнiң қолындағыдай оқ борап, сайрап тұрған қаруға қол жеткiзу бүкiл сарбаздың арманы болды. Өлiм мен өмiр бетпе-бет келген қанды қырғында жауынгерлердiң тағдырын қару күшi шешiп жатты. Ал, бiзде қару-жарақ жетiспейтiн, көп жердi, тiптi, екi адамға бiр қару едi.

Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында, тiптi, қолына қару ұстамай соғысқан да жауынгерлер болған. Солардың бiрi, мәселен, танкiшiлер едi. Жаяу әскердiң  өзiн қарумен қамтамасыз ете алмай  жатқанда, танкiшiлердiң арасында қолына жеке-жеке қару ұстағандары сирек болды.

-Бiздер  ол кезде қару жағынан көп  қиындық көрдiк. Басқасын айтпағанда, 1942 жылдың маусым айының айналасында,  төбемiзге ұшып келiп, айналып  тұрып алатын немiс фашистерiнiң  итальяндық барлау ұшағына жеткiзiп  тигiзетiн оқ пен қару болмады ғой, – дейдi бұл жайында әңгiме қозғалған тұста, соғыста танкiшiлер тобының командирi болған Ұлы Отан соғысының ардагерi, зейнеткер Мәулен Арыстанбеков.

Майдандағы  бүкiл жауынгердiң мұң-мүддесi жалғыз адамның жүрегiнен жай тапқандай  болды. Михаил Тимофеевич күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан қалды. Соғыстың қиын да ауыр күндерiн бастан өткерген ол қарудың жеткiлiксiздiгi мен әлсiздiгiне қатты күйзелдi. Бар ойы мен мақсаты қайткен күнде де жауынгерлердiң сенiмдi серiгi болатын қару жасап шығару болды. Серiппесiн бассаң, кез-келген уақытта сөйлеп қоя беретiн қару әрi от пен суға да төзiмдi болса деп ойлаған едi. Қысқасы, бiр оқпен екi қоян атқысы келдi.

Михаил  Тимофеевичке Матайдағы жерлестерi көп көмектестi. Күн сайын соғыстан қирап ағылып келiп жатқан паровоздарды қайта жөндеудiң қиындықтарына қарамай, олар үлкен ерлiк жасады. Бұл ерлiктiң аты – сенiм едi. Арнайы ешқандай бiлiмi жоқ, қарапайым сержанттың көкейiндегi арманнан бәрi де үмiт күттi. Соның арқасында Матайда алғашқы мылтық дүниеге келген едi. Мылтық дей салғанмен, ол қарабайырлау пулемет-тапанша болатын.

-Мен  емделу мерзiмiнде жүрген болатынмын. Қару-жарақ жасауға кiрiсiп кеткеннен  кейiн менiң уақытымды ұзартты.  Матайда бiз екi ай бойына қару  жасаумен айналыстық. Осы жерде,  тура депоның өзiнде атып көрiп, сыннан өткiзiп жүрдiк. Бөлменiң iшiне, терезенiң астына құм толтырылған қап қойып, соған атып байқап көрдiк. Бiрақ, оның даусы өте қатты шығатын едi, сондықтан кейiннен айдалаға барып ататын болдық. Онда ешкiм болмайтынын бiлемiз. Мұның бәрiн басқалардың жұмыс iстеуiне кедергi болмас үшiн түнде iстейтiнбiз. Себебi, бiз ата бастасақ, қызық көргiсi келген жұрт жұмысын тастап, келiп жататын болды. Сол үшiн бiз сынағымызды түнгi уақыттарда жасайтынбыз, – дейдi, сөз арасында өзi де қызыға еске алып Михаил Тимофеевич.

Калашников  автоматы қолға тигенде, жауынгерлер  жоғалтқанын тапқандай болды. Қорғаныс үшiн таптырмайтын ең үлкен бiр  берiк қамалдай болды. Олардың қуаныштарында  шек жоқ едi. Фашистерге өштенген олар сенiммен, қаймықпай қарсы тұра алатын болды.

-Бұл  автоматтың бiр кереметi – судың  iшiнен шықса да, тоқтап қалмай  атыла бередi. Соғыс кезiнде оның  көмегi өте көп тидi. Әсiресе, ең  алда жүретiн жаяу әскерлерге  ол үлкен, сенiмдi серiк болды.  Қыстың қақаған суығында да, жаңбырлы  күндерi де, батпақ пен суға малынып жатқан қолайсыз сәттерде де автомат сартылдап жұмыс iстей бередi. Тот басу, тоқтап қалу дегендi бiлмейдi, өте сәттi ойлап табылған, – дейдi соғыстағы танкiшiлер командирi Мәулен Арыстанбеков.

Алғашқы қарабайыр нұсқасы жасалып бiткен соң, Михаил Тимофеевич айналасындағылардың айтуымен әскери комиссариатқа алып барып көрсетедi. Iстiң байыбына барып үлгермей жатып, «заңсыз қаруды тығып ұстап жүрсiң» деп, олар бiрден қамап тастаған. Михаил Тимофеевич онда үш күндей жатып шығуға мәжбүр болған. Кейiннен барып жоғарыдағы басшылар көмек көрсете бастайды.

-Алдымен, қару-жарақ жасаудың бүкiл тарихы 1941-1942 жылдардағы қасiреттi дүмпулерден басталғанын айтқым келедi. Нағыз қанды қырғын соғыс жүрiп жатқан. Мiне, сондай жауапты шақта қолы таңылған жай ғана сержантқа сенiм артылды. Бiздiң өткенiмiздi, көбiне, жоққа шығарып жатады. Шындығын айтқанда, Алматыдағы Қорғаныс өнеркәсiбiнiң хатшысы көп көмектестi. Ол кезде сондай қызмет бар болатын. Қазақстан Орталық Комитетiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi хатшысы Ахметжан Қойшығұлұлы Қойшығұлов едi. Сол кiсiнiң қабылдауында болғанымда, Алматыға көшiп келген Мәскеу әуе жолдары институтының жанындағы шеберханада жақсы үлгiсiн жасап шығаруға болатынын айтты. Мiне, солай көмектескен адамдар болды, оны қалайша ұмытуға болады. Өзiмнiң кiтаптарымда мен оларды, сондықтан да, ерекше iлтипатпен атап өттiм, – дейдi Михаил Тимофеевич Калашников.

Информация о работе Адам ағзасындағы химиялық элементтер