«Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:23, реферат

Описание работы

«Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар» беру мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс iстеу кестесi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) арқылы көрсетiледi.

Работа содержит 1 файл

«Жобалау-iздестiру -ызметiне лицензиялар беру» мемлекеттiк -ызме.docx

— 42.91 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасы 
                        Үкiметiнiң       
2010 жылғы 7 қазандағы 
№ 1036 қаулысымен   
бекiтiлген    

 

«Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты

 

1. Жалпы ережелер     

   1. «Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар» беру мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс iстеу кестесi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) арқылы көрсетiледi. 
      2.Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттiк қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 32-бабы негiзiнде көрсетiледi.     

  4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат уәкiлеттi органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкiлеттi органның үй-жайларында орналасқан стендтерде, сондай-ақ тегiн телефон

анықтамалық қызметiмен ұсынылады.    

  5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi жобалау-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға лицензия беру немесе оны қағаз жеткiзгiштерде беруден бас тарту болып табылады.     

  6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi. 
       7.Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:   

  1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi: 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он жұмыс күнiн;     

орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - отыз жұмыс күнiн құрайды;  

2) құжаттарды тапсыру кезiнде  кезек күтудiң ең көп рұқсат  берiлген уақыты - 30 минуттан аспайды;     

  3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 30 минуттан аспайды.   

  8. Мемлекеттiк қызмет Орталыққа жобалау-iздестiру қызметiмен айналысу құқығы үшiн 10 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК) мөлшерiндегi алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат (түбiртек) ұсына отырып, ақылы негiзде көрсетiледi. 
       9. Орталықтарда мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн көрсетiледi.      

  Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.     

Уәкiлеттi органда оның жұмысын  жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн  қамтамасыз ететiн, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен жұмыс кестесi белгiленедi. 
       Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.  

10. Мемлекеттiк қызмет Орталықтың  немесе уәкiлеттi органның ғимараттарында  көрсетiледi.    

  Орталықтың залында анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады. Мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген.    

  Уәкiлеттi органның үй-жайларында жеке кiретiн есiгi болады, күту және құжаттарды дайындау залы, анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер бар. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген.

 

2. Мемлекеттiк қызметтi  көрсету тәртiбi

 

 

       11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар Орталыққа немесе уәкiлеттi органға: 
        1) заңды және жеке тұлға үшiн осы стандарттың 12 және 13-қосымшаларына сәйкес белгiленген нысанда өтiнiш; 

      2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлға ретiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi мен Жарғысының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;   

   3) жеке тұлға үшiн - жеке тұлғаны куәландыратын құжатының көшiрмесi; 
         4) жеке кәсiпкер үшiн - жеке кәсiпкер ретiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;    

  5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;     

   6) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжатты - 10 АЕК, тұтынушының тұратын жерi бойынша төленедi;     

  7) 3-қосымша бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттарды ұсынады.    

  12. Жобалау-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға лицензия алуға арналған өтiнiштiң нысандары осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында, сондай-ақ Орталық пен уәкiлеттi органның күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.

       13. Орталықта құжатты қабылдау осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен уақыт бойынша «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi. 
      Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдау осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен уақыт бойынша уәкiлеттi органның кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.      

 14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша қызметтiң iшкi тәртiбi:  

  1) Орталықтың инспекторы құжаттарды журналға тiркеп, оларды Орталықтың жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына берудi жүзеге асырады.      

  Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы уәкiлеттi органға жiберiлетiн құжаттар тiзiмдемесiнiң тiзiлiмiн құруды жүзеге асырады.   

  Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен бiрге уәкiлеттi органның кеңсесiне жеткiзудi және одан керi алуды осы өтiнiштер қабылданған күнi кемiнде бiр рет жүзеге асырады.    

   2) Уәкiлеттi органның кеңсесi қабылдаған құжаттар тiркелiп, бақылауға алынады, уәкiлеттi орган басшылығы мен оның құрылымдық бөлiмшелерi арасында бөлiнiп, кейiн бiр жұмыс күнiнiң iшiнде жауапты орындаушыға берiледi.    

   Құжаттарды қарау кезiнде құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда жауапты орындаушы жобалау-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға лицензия ресiмдейдi, оған уәкiлеттi органның басшысы (уәкiлеттi тұлға) қол қояды және лицензиялар тiзiлiмiне ресiмделген лицензиялар туралы деректердi енгiзедi. 
         Жобалау-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартқан жағдайда, тұтынушының құжаттары сәйкес келмейтiн нақты нормативтiк құқықтық құжаттарға және/немесе нормативтiк-техникалық құжаттарға сiлтеме жасап, жазбаша түрде дәлелденген бас тарту дайындалады.     

  Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелерi уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнен бiр күн бұрын түсуi тиiс.     

     3) Тұтынушы тiкелей уәкiлеттi органға өтiнiш берген кезде құжаттардың өту тәртiбi осы тармақтың 2) тармақшасына ұқсас.   

   15. Осы стандарттың 11-тармағына  сәйкес құжаттарды Орталыққа  немесе уәкiлеттi органға тапсырғаннан  кейiн тұтынушыға тиiстi құжаттардың  қабылданғаны туралы қолхат берiледi,

онда:

сұраудың нөмiрi және қабылданған  күнi; сұралынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күнi, уақыты мен  орны; 

құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған Орталық инспекторының не уәкiлеттi орган қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң  аты мен лауазымы көрсетiледi.  

  16. Орталықта тұтынушыға (жеке келуi немесе сенiмхат бойынша өкiлiне) дайын құжаттарды (лицензия және лицензияға қосымша не қағаз жеткiзгiштердегi бас тарту) берудi күн сайын «терезелер» арқылы қолхатта көрсетiлген мерзiм негiзiнде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады.      

    Уәкiлеттi органда тұтынушыға (жеке келуi немесе сенiмхат бойынша өкiлiне)

дайын құжаттарды (лицензия және лицензияға қосымша не қағаз жеткiзгiштердегi

бас тарту) кеңсе қызметкерi күн  сайын қолхатта көрсетiлген мерзiм  негiзiнде тiркеу

журналына қол қойғызып, қолма-қол  бередi.    

17.Егер: 
      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар тапсырылмаса.

         Өтiнiш берушi аталған кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiзде қаралады;    

  2) жобалау-iздестiру қызметiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмесе; 
         3)өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;

          4) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары     

  18. Орталықтың және уәкiлеттi органның қызметi адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қызметтiк борышты атқару кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

 

4. Жұмыс нәтижелерi     

   19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.   

   20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Орталықтың және уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын, осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi    

    21. Орталық немесе уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсету осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүзеге асырылады.      

   22. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда осы стандарттың 14-қосымшасында көрсетiлген байланыс деректерi (ресми сайт, мекенжайлар мен телефондар), облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгi басшысының

атына шағым берiледi.     

  23. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде тұтынушыларға лайықсыз қызмет көрсеткен Орталық немесе уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң әрекетiне шағым осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген мекенжайлар бойынша олардың

басшыларының атына берiледi.

      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы не Орталықтың немесе уәкiлеттi органның кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.    

   Шағымда жеке тұлға үшiн - тегi, есiмi, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлға үшiн - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке тұтынушы қол қоюы тиiс.   

    Шағым берген кезде iс-әрекетiне шағым берiп отырған лауазымды адамдардың лауазымы, аты-жөнi, өтiнiш беру негiзi мен талаптары көрсетiледi.    

    Шағымға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi қоса берiледi.   

    25. Орналасқан жерi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Орталық немесе уәкiлеттi органның кеңсесiндегi тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады.   

  Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.   

     Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде тапсырыс тәртiбiмен пошта арқылы не қол қойғызып қолма-қол берiледi.     

  Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Орталықтың немесе уәкiлеттi органның орналасқан жерi бойынша алуға болады.     

  26. Қосымша ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң

58-00-58 телефоны арқылы және осы  стандарттың 14-қосымшасына сәйкес  уәкiлеттi органның интернет-ресурсынан  алуға болады.

 

 

«Жобалау-iздестiру қызметiне  
лицензия беру» мемлекеттiк   
қызметтер көрсету стандартына 
1-қосымша           

 

Р/с №

Орталықтың атауы

Орталықтың мекенжайы

Жұмыс кестесi

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

6

1

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

9.00-ден 20.00-ге дейiн жұмыс күндерi

43-84-15

43-84-14 қабылдау бөлмесi


 

 

«Жобалау-iздестiру қызметiне  
лицензия беру» мемлекеттiк   
қызметтер көрсету стандартына 
2-қосымша           

 

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Ресми сайт

Жұмыс кестесi

Телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

6

7

1

«Жамбыл облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесi, 22-үй, 6 қабат

www.zhambyl.kz

9.00-ден 18.00-ге дейiн 
түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн жұмыс күндерi

8(7262) 43-67-43

43-74-57 қабылдау бөлмесi

Информация о работе «Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты