Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 21:47, реферат

Описание работы

Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды.

Работа содержит 1 файл

Сыртқы экономикалық саясатты.doc

— 64.00 Кб (Скачать)


Сыртқы экономикалық саясаттың мәні,                                                          принциптері және мақсаттары

 

Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі.

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады.                                                                                                              Сыртқы экономикалық саясаттың қазіргі таңда мәні өте ерекше. Өйткені біз сыртқы экономикалық саясат арқылы елімізді таныта аламыз, яғни еліміздің экономикалық потенциалын әлемдік аренада алатын орнын көрсете аламыз. Еліміз егемендік алғалы нарықтық заңдарға бейімделе бастадық. Нарықта бәсекесіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан да бәсекелестердің арасында үздік болу қажет. Елдің сыртқы экономикалық саясаты, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын, саясатын танытады. КСРО ыдыраған соң Қазақстанды көптеген ел дербес тәуелсіз мемлекет ретінде тани бастады. (Соның ішінде алғашқылардың бірі Түрік мемлекеті) Енді жас мемлекетке ішкі мәселелермен қатар сыртқы саясатты айқындаудың мәні зор болатын. Қазақстан Республикасы өзінің экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешуде әлем мемлекеттерімен дербес экономикалық саясат жүргізе бастады.

Мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Э. с-тың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықар. жағдайларымен айқындалады. Э. с. құрылымдық, инвестиц., қаржы-несие, әлеум., сыртқы экон., ғыл.-тех., салық, бюджет саясатын қамтиды. Э. с-тың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Э. с. әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Э. с-қа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экон. рөлінің күшеюі сияқты Э. с. белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықар. монополистік ұйымдардың сыртқы экон. қызметін реттейді. Э. с-тың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемл. реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экон. өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеум. әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды. 1929 – 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Э. с. жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 – 60-жылдардан бастап Э. с-та неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі Э. с. шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені “теңдестіруші” нарықтық тетіктердің әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің Э. с-ның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді реттеумен шектелуге тиіс. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген Э. с-та көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде Э. с-тың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Э. с-ы нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экон. реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемл. реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның Э. с. ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады.

Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.

Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі – бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.

Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:

1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа   сәйкес   елдің   сыртқы   экономикалық   саясаты   да кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;

2)  ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

3) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;

4) сыртқы экономикалық саясат – кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.

Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау – ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.

Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.

Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.

Сытқы экономикалық саясат (СЭС)- бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.

Сытқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:

- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттқы саясат кіреді.

- шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;

-  валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат- сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;

- материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең  ауқымды жиынтығының болуы-өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сытқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.   Сытқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.

Сытқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері. Тиімді сыртқы экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап лау керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын-сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық- құқықтық реттеуге берілген.              Оның себебі- бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.

Сыртқы экономикалық саясаттың  негізгі  4 принципі:

1)                 Мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да (кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;

2)                 Ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

3)                 Үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъекттілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;

4)                 Сыртқы экономикалық саясат- кез-келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.

  Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта Қазақстандық экспортерлер үшін қолайлы жағдайлар жасау- Қазақстанның сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.

              Сыртқы экономикалық саясат – cыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалыстарын реттейді.

Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне:-сыртқы сауда саясаты; өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы - несиелік; -шетел инвестициялары саласындағы –технологиялар мен айырбас жасау саласындағы –жұмысшы күші; миграция саласы және т.б.

Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласындағы: валюталарды сатып алу-сатуоперациялары, коммерциялық және басқа да мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бірі салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.

Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы күшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім шарттармен келісімге бекітіледі.

Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кездегі кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экокномикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасына белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Кез- келген мемлекеттің қызмет етуі ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та кез-келген қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәннің әр түрлі көзқараста түсіндіріледі.

Бұл түсініктің мазмұндылығы – ұзақ мерзімдік мақсаттар жүйесімен түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.

Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы жыл ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кіреді.

3

 



Информация о работе Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары